Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 17:26, курсовая работа
Бүгінге дейін мектеп балаларындағы зейін психологиясының теориялық негіздері толық ашылмай, әсіресе эксперименталды зерттеулер қолданбалы дәрежеде жеткілікті қалыптаспаған. Сонымен қатар зейін психологиясында көптеген жетістіктерге қарамастан қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар баршылық. Зейін психологиясына қатысты көптеген шешімін таппаған күрделі мәселелер де жеткілікті. Педагогикалық психология ғылымының басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, әлеуметке міндетті түрде пайдалы болу және тұлғаның мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталуы тиіс.
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1-ТАРАУ. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Зейін түрлеріне сипаттама...........................................................................6
Зейіннің қасиеттеріне шолу жасау ............................................................9
Зейін ұғымын зерттеуші ғалымдар...........................................................12
Зейіннің адам өмірінде алатын орны.......................................................14
2-ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Мектепке дейінгі балалардың зейіндерінің дамуы және оны тәрбиелеудің маңызы............................................................................................17
2.2. Баланың зейінін дамытудың бір топ тәсілдері.........................................18
А) Психологиялық сабақ арқылы........................................................................19
Ә) Жаттығулар арқылы.........................................................................................21
Б) Ойындар арқылы...............................................................................................23
В) Ертеңгілік сергіту сәттері арқылы..................................................................24
3-ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
3.1. Зейінді зерттеу әдістемелеріне үлес қосушы ғалымдар.........................26
3.2. Зейінді зерттеу әдістері..................................................................................27
А) «Бурдон кестесі» әдістемесі............................................................................27
Ә) «Мюнстерберг» әдістемесі..............................................................................28
Б) «Ландольт сақиналары» әдістемесі.................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................33
ҚОСЫМШАЛАР
Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға болмас еді. Адамның күнделікті тұрмысында да, еңбекте де зейін үлкен орын алады.
Зейін психикалық
әрекеттің айрықша бір жағы, сананың
ерекше сипаты болып табылады. Зейіннің
физиологиялық негіздерін И.П.Павлов
ашқан жүйке процестерінің
Сонымен бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейіпінен де (дененің, бастың, көздің, түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу , т.б.) жақсы көрінеді.
Зейінді дамытуға арналған психологиялық сабақ
Сабақтың мақсаты:
Сәбилердің
қызығушылығын қарым-қатынас
Көрнекіліктері: қалам, А4 парағы.
І. Ұйымдастыру кезеңі сабаққа психологиялық дайындық: Балалар шаттық шеңберіне жиналып, жылы шырайменсәлемдесіп, мына өлең жолдарын бәрі біргелікті айтады.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз жүрегіміз,
Көру зейінін дамыту
Шарты: Шағын өлшемдегі әртүрлі фигурлар тақтаға салынып беті жабылып қойылады. Балалар дәптерлері мен қаламсаптарын дайындайды.
Психолог: Мен қазір фигураларды тақтаға саламын. 1,2,3, деп санап мен сендерге тақтадағы фигураларды көрсетемін. Мен беске дейін санап бұл фигураларды қайта жауып қоямын. Сіздердің міндеттеріңіз – фигураларға зейін салып қарап есте сақтау.
Дыбыстық тапсырма
Мақсаты: Дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.
Дыбыстық тапсырманы бастамас бұрын, өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты, әрі қуатты етіп шығарамыз.
Келесі дыбыстарды «әндетіп» айтамыз:
«А» – барлық ағзаға жайлы әсер береді;
«Е» – қалқанша безге әсер етеді;
«И» – миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;
«О» – жүрекке өкпеге әсер етеді;
«У» – асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;
«Я» – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
«М» – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
«Х» – көңіл-күйді көтеруге әсер етеді.
Сабақты бекіту:
Қазір біз түрі ғажайыптар болатын ғажайыпорманға айналамыз, онда әрқашан да жақсы және жағымды. Ұстаным бойынша 2 топқа бөлінеміз:
«Орман» – «Бау» деген 2 қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз бұтақтар, бұл бұтақтар орманнан өткен адамның басынан, қолынан, арқасынан сипап аялайды. Ал енді әрқайсысыңыз осы ғажайып орманнан өтіңіздер.
Талдау сұрақтары:
1.Орманнан өткенде қандай сезіндіңіз, топ қатысушылары сізге әсер етті ме?
2.Ағаш болған кездегі, сіздің сезіміңіз?
3.Жаттығуға
дейінгі және кейінгі
«Ауа, жер, су» тапсырмасы
Нұсқау: жеткіншек қолындағы допты кез-келген қатысушыға лақтырып, «СУ,ЖЕР, АУА» стихияларының бірін айтады. Допты қағып алған қатысушы аталған стихияда тіршілік ететін жануарды атап, допты келесі қатысушыға басқа стихияны атап лақтырады.
Сабақты қорытындылау.
Ә) Жаттығулар арқылы
«Шыбын» жаттығуы.
«Шыбын» жаттығуы топ бойынша орыңдалады. 3x3 мөлшерлі у торды ойша. Сызу керек. Шыбын ортаңғы торда орналасқан, Ойынға қатысушылар кезек - кезек шыбьшға «Жоғары!» «Төмен!» «Онға!» Солға!» деп бұйрық беріп, көрші торға қозғалтады, Ойынға қатысушылар «шыбынның ойын алаңьшан шығьш кетпеуін бақылап отыруы керек, Егер біреу «шыбынның» ойын алаңынан шығып кеткенін білсе, «Тоқта» деп. бұйрық беріп шыбынды ортаңғы торға әкеліп, ойынды қайтадан бастайды. Ойын алаңына басқа конфигурация беріп, ойынды күрделендірсе болады. Тіпті екі шыбынды алма кезек қозғалуға болады.
«Адасқан әңгімеші» жаттығуы.
«Адасқан әңгімеші» жаттығуында ойыншылар дөңгелене отырады, Бастаушы әңгімс тақырыбын белгілейді. Бір ойыншы сол тақырыпта әңгіме айта бастайды да, тақыртыпты ауыстырып жібереді. Ол бір тақырыптан екінші тақырыпқа ауысып отырып, өзінің әңгімесін мейлінше матастыруға тырысады. Одан кейін әңгімеші қимылмен сөзді келесі ойыншыға береді. Әңгімені кез келген ойыншы өрбіте алатындықтан ойынның барысын барлығы бақылап отырады. Таңдау кімге түсті сол әңгімені шиеленстіруі керек. Сонымен бірге айтылған әңгіме бойынша ассоциативтік шытырман оқиғаларға аяғынан, басына қарай қысқаша шолу жасап өтуі керек. Ол бастаушының бастапқы сөзіне қайта оралады. Содан кейін өзі әңгімені «шиеленістіреді», Бұл ассоциативтік қатар ұзара беретіндіктен зейіннің жұмысы күрделене береді, психикалық жаттығуда эффективті.
«Артық зейін» жаттығуы.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді; «кедергі жасаушылар» және «зейінділер» тобы. «Зейінділерді» жүргізуші зал периметрімен ортаға
бетімсн қаратып және ерекше белгілер алады (қол таңба, галстук т.б.).
Әрқайсысына нұсқау беріледі: сіздің міндетіңіз - қандайда бір ішкі жұмысқа шоғырланған және қоршағандарды ескермейтін (жүргізуші бейне көрсетеді, ештеңеге назар аудармайтын адамның кейпінде) актердің рөліне енетін адам болып көрсету керек. Сол рөлде толық еніп, көзің ашық күйде және құлақты жаппай: басқалардың не істеп жатқандарын ескермейді.
Сіздерге жеңілдету үшін қызық кино немесе өте қауіпті саяхатта жүргендей сезініңіздер. Өз рөліңізде бір ізді болыңыз. Жаттығу аяқталғаннан кейін («тоқта» деген команда берілгеннен) және сізді сұрастырса, басқаларды сендіретіндей, шынында да өз ойыңызға беріліп ештеңені көргенде, естігенде жоқсыз. Түсінікті ме? «Кедергі жасайтындар жаттығу кезінде тапсырма, алады. Дайынсыз ба? Бастадық! Жаттығу 5-15 мин, Созылады. Осы уақыт аралығында жүргізуші «кедергі жасаушылармен бірге бірнеше провокациялық әрекеттер ұйымдастырады. Олар лозунгілер айтады, ұрандар, сценалар ойнайды, анегдоттар айтып, залдан кетуді» немесе жануарларды көрсетеді, «зейінділерден» қайыр сұрайды және т.с.с, Дегенмен жүргізуші «кедергі жасаушылардың» әрекеттері. эффективті болын кетпеуін қадағалайды. Ол «зейінділерге» тигізбеуге жәнс өте қиын жағдайда өз ролдерінде қалуға көмектеседі. Содан кейін «тоқта» деген команда беріледі, талқылау басталады. Жаттығуды қалыптасқан топта, творчествалық әуестенушілік жағдайында ғана пайдаланады.
Б) Ойындар арқылы
«Мен жеңімпазбын»
Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны қатысушылардың санынан, 1 санға кем болу керек. Ойын тоқталып кеткенде балалар орын табуға тырысады, орынсыз қалған бала ойыннан шығады. Ең сонында қалған бала орындықтың үстіне шығып – «Мен жеңімпазбын» деп айту керек.
«Құлақ - мұрын»
Балалар шеңбер тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп қолымен мұрынды ұстайды, ал мұрын дегенде құлағын ұстайды. Ал балалар құлақ дегенде құлақты, мұрын – дегенде мұрындарын көрсетуге керек. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатымен оларды шатастырып айтады.
«Өз орныңды тап»
Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті.Ойын бір неше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.
«Дайын бол»
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді қимылмен көрсетеді.Мысалы: «қоян» - секіреді, «ат» - шабады, «құс» - ұшады, т.б.
«Зейінді бол»
Балалар
шеңбермен тұрады. Тәрбиеші ойынның
ережесін түсіндіреді: -- Мен сендерге
әр түрлі қимыл-қозғалыстарды
В) Ертеңгілік сергіту сәттері арқылы
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң қонақтар!
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанышты күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, Қайырлы күн
Балақай!
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз.
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн, балалар!
Бір – тәңертең тұр,
Екі – шынығып бекі!
Үш – тазала тіс,
Төрт – сабындап жу бет.
Бес – сүлгімен сүртін тез.
Кәне, кәне шынығайық
Денемізді ширатып
Ауамен, күнмен сүмен біз
Шынығамыз қорықпаймыз
Айналдырып әдетке
Шынығамыз күнде біз.
Қол ұстасып алайық
Киіз үйді құрайық.
Қазша қанат жаяйық.
Аққуша мойнымызды созайық.
Құсша қанат қағайық
Алақанды соғайық
Орнымызды табайық.
Тақпақ айтып, кезектесіп, бір – бірлеп,
Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп.
Алақай – ау, алақай!
Ән шырқайық, балақай!
Қызарғанша алақан.
Қол соғайық балақан!
1 – бала: Еліме тыныштық тілеймін!
2- бала: Күніміз жарық болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Нанымыз көп болсы!
Көк туымыз биік болсын!
Аналар аман болсын!
Тыныштық болсын!
3. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
3.1 Зейінді зерттеу әдістемелеріне үлес қосушы ғалымдар
Зейінділік баланың басқа да жекелік жақтарымен біріге қалыптасады: темпераменті, қызығушылығы, мінезінің еріктік жағы т.б. Қазіргі кезеңде зейін туралы тәжірибе жүзіндегі зерттеулер өте қиын, себебі зейінді анықтағанда, сананың санаулы объектіні камтитынын: бірнеше әсердің, бірін анық, қалғандарын анық емес қабылдайтынын ескереді.
В. Вундттың (1875) айтуынша, бұл әсерлер сананың анық нүктесінде болады (Blickpunkt des Bewusstseins), қалғандары, сана деңгейінде болғанымен анық меңгерілмейді. Олар сананың шекарасында болады. (Blickfeld des Rewusstseins). Зейіннің көлемі осы сәттегі бірдей жете ұғынылатын құбылыстардың саны болады. Бұл мәселені шешуде практикалық тәжірибеге В. Вундттың аспабы “тахистоскопты” пайдаланады.
Қосымша-1
Тахистоскоп. Тәжірибенің алдында (т) тақтасы жабылып көрінетін тітіркендіргіш-терді жабуға тиіс. Екінші суреттегі тахистоскопта қысқа уақытқа тітіркендіргіштер ашық күйінде
Психология тарихында, ұжымдық эксперименттер үшін проекциялық аппаратгы қолданған. Фотографиялық бекітуші тетік (қақпа) арқылы бейнелердін экспозициялану уақытын 0,1 ден 2,3 секундтке дейін жеткізу арқылы. Бұл жерде көру әсерлері арқылы зейіннің қасиетін анықтаудың әдістемесі түсіндірілді. Көру әсерлері және есту әсерлерімен зейін қасиеттерін анықтауға Рупптың комплекциялық аспабы ұсынылған.
Рупптың комплекциялық аспабы.
С – бағыттауышты қозғалысқа М-электр моторы арқылы қосады.
Зейіннің қасиеттерін
Доминанта туралы ілімді
қолдаушы психологтар Л.С.
1926 жылы Л.С. Выготский доминанта
принципінің мәнділігін теория
жүйесінің терминдерімен
3.2 Зейінді зерттеу әдістері
А) «Бурдон кестесі» әдістемесі
Тәжірибе 1.
Мақсаты: Бурдонның корректуралық кестесінің көмегімен зейіннің
тұрақтылығын анықтау.
Материал: Бурдон кестелері.
Тәжірибе жүрісі: тәжірибенің мақсатымен таныстыра отырып, сыналушыларға алдын ала жасалған екі Бурдон кестесі таратылады (пробалық және негізгі тәжірибе үшін).
Бурдон кестесі (пробалық тәжірибе үшін).
Г Х Б П К Ш З П Ю В Р Б Х П А Е Т Д Д Ж С Г Р В Х С Г И К В Р Г М А И Т К О Б Е М Ф О И Ю Ш ЛЗЖ В В П Е П А Ч Н В С Ю Р Х Б Я З Ш И О С В Ч Е Х Т Е С П М Н Н ОЖ Х Ш Н А Е Ч Ж Б Л Ю Ф О В П А К Ч М К Ч З Ш А Ж К Я Д Х И С В П Б Ю П В У Ю Ш А Т X С Г М К Р А Т Ю Д Д Р Г Р Л В Р Г Г А М К Е З О У Б Х Ф П Л Ж Ш Я И С Ю Д Ю Х В Т У Ч П Я И Х Н Л У Т В Б К О Г З М Х Я Я Р Д А Ч Ю Ж С Ф Н П Д С Р К Г А О Ю Д Я
Информация о работе Мектепке дейінгілердің зейінін дамыту тәсілдері мен зерттеу әдістері