Мектепке дейінгілердің зейінін дамыту тәсілдері мен зерттеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 17:26, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінге дейін мектеп балаларындағы зейін психологиясының теориялық негіздері толық ашылмай, әсіресе эксперименталды зерттеулер қолданбалы дәрежеде жеткілікті қалыптаспаған. Сонымен қатар зейін психологиясында көптеген жетістіктерге қарамастан қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар баршылық. Зейін психологиясына қатысты көптеген шешімін таппаған күрделі мәселелер де жеткілікті. Педагогикалық психология ғылымының басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, әлеуметке міндетті түрде пайдалы болу және тұлғаның мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталуы тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1-ТАРАУ. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Зейін түрлеріне сипаттама...........................................................................6
Зейіннің қасиеттеріне шолу жасау ............................................................9
Зейін ұғымын зерттеуші ғалымдар...........................................................12
Зейіннің адам өмірінде алатын орны.......................................................14
2-ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Мектепке дейінгі балалардың зейіндерінің дамуы және оны тәрбиелеудің маңызы............................................................................................17
2.2. Баланың зейінін дамытудың бір топ тәсілдері.........................................18
А) Психологиялық сабақ арқылы........................................................................19
Ә) Жаттығулар арқылы.........................................................................................21
Б) Ойындар арқылы...............................................................................................23
В) Ертеңгілік сергіту сәттері арқылы..................................................................24
3-ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
3.1. Зейінді зерттеу әдістемелеріне үлес қосушы ғалымдар.........................26
3.2. Зейінді зерттеу әдістері..................................................................................27
А) «Бурдон кестесі» әдістемесі............................................................................27
Ә) «Мюнстерберг» әдістемесі..............................................................................28
Б) «Ландольт сақиналары» әдістемесі.................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................33
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

работа.docx

— 116.98 Кб (Скачать документ)

б)Зейіннің шоғырлануы-адам санасының белгілі бір объектіге айрықша бағытталуы. Зейіннің шоғырлануы,оның көлемімен, бөлінумен дн тығыз байланысты. Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса, шоғырлану соғұрлым күшті болады.Іс-әрекетті дәл және ойдағыдай орындау үшін зейінді күшті шоғырландыра білу керек. Мәселен, алгебрадан есеп шығарып отырған бала зейінін тек есептеуге,таңбаларға ғана аудармаса,онда есепті дұрыс шығара алмайды. Зейін шоғырлануының физиологиялық негізі-қозудың оптималдық ошағы туғызатын, бір уақытта пайда болатын теріс индукция. Индукция тудыратын тежелу себебінен ми қабының аз ғана бөлігінде күшті қозу пайда болады.

в)Зейіннің тұрақтылығы деп оның объектіге бағытталып, ұзақ уақыт бойы шоғырлануын айтады.Зейіннің бұл қасиеті жүйке процестерінің күшіне, әдеттерге т.б жағдайларға байланысты.Зейіннің алаңдауы-тұрақты зейінге қарама-қарсы сипат. Ол зейін толқуынан көрінеді.Зейіннің толқуын қосарланған кескін суреттерден байқауға болады.Егер квадрат салынған суретке бірнеше минут қарасаңыз, кіші квадрат үлкен квадраттың не алдына шығып, не артына кетіп, түбі сияқты болып көрінеді. Сонымен, осы аз ғана мерзім ішінде квадраттардың орналасуы құбылмалы болып көрінеді. Бұл тәжірибе-мысал зейіннің толқуына арналған.

Физиологиялық тұлғыдан алғанда, зейіннің тұрақтылығы мидағы жүйке клеткалары бір тобының ұзақ мерзім бойы қозуы  деуге болады. Жүйке клеткаларының  ұзақ уақыт бойы қозу жағдайында болуы  оның күштілігін байқатады. Мұндай зейін  тұрақтылығынан адамның жоғарғы  жүйке қызметінің жалпы типтік ерекшеліктері байқалады.

 

 

 

Сурет. Зейіннің ауытқуы

г)Зейіннің ауысуы деп оның бір объектіден екінші объектіге әдейлеп көшуін айтамыз. Зейіннің ауысуының толқудан айырмашылығы-оның саналы түрде болатындығы. Алаңдау кезінде адам бір объектіден екінші объектіге көшеді,ал зейінді ауыстыру белгілі мақсатқа байланысты өзгереді.Іс-әрекет үстінде адам алдына жаңа міндеттер қойып,зейінін бір объектіден басқа объектіге не сол объектінің бір қырына екінші қырына ауысып отырады. Зейінің бұл қасиетінің физиологиялық негізі-қозудың оптималдық ошағының тежеліп,жаңадан жасалуы. Зейіннің ауысуы жүйке процестерінің қозғалғыштығына-қозу мен тежелудің тез ауысып отыруына байланысты. Жүйке процестерінің баяулыға зейіннің ауысуын қиындатады.

Зейіннің ауысуы объект ерекшеліктеріне  де байланысты. Алғашқы сабақта математикадан  бақылыу жұмысын орындаған баланың келесі сабақты бірден бастап кетуі қиынға соғады. Өйткені, олардың санасында әлі дн «бақылау жұмысындағы есеп пен мысалдарды шығарудың жаңа жолдары мен амалдарын саптым ба»деген ойлау тұрады. Зейінді күшті тітіркендіргіштен әлсізге ауыстыру әрқашан да қиын болады. Зейіннің ауысуын оңайлату үшін әрбір нәрсенің қажеттілігі мен оған қызығуды жандандыру қажет.

Зейіннің қасиеттері бір-бірімен  тығыз байланысты және олардың іс-әрекет кезінде өзара үйлесімді болуына  тәуелді болып отырады.

 

1.3 Зейін ұғымын зерттеуші ғалымдар

 

Зейіннің  физиологиялық тетіктер арқылы қажетті де мәнді әсерлері таңдауы белсенді ми қызметтің және жалпы тәннің сергектігі арасындағы байланысынан болады.

  Зейін механизімінің іске  қосылуында бағдарлы рефлекстің  рөлі өте күшті. Бұл құбылыстың  негізі – адамдар мен жануарлар  ағзасының сыртқы орта өзгерістеріне  сай тума қалыптасқан жауап  бере алу қабілеті. Бұл рефлексті   И.И. Павлов « немене? » рефлексі  деп атады.

 Зейіннің таңдамалығы ағзада  болып тұратын күрделі процесспен  байланысты. Әдетте, қоршаған орта  арасынан қажетті әсерлерді саралап  алуда 2 топ ағза тетіктері  іске қосылады: перифериялық (шекті)  және орталық.

Зейін әрекетінің физиологиялық көрінісін  түсінуде  Ч. Шеррингтон  ғылыми дәлелдеп, кейін И. П. Павлов кең қолданған жүйке процесінің индукция заңы үлкен маңызға ие. 

 Сонымен зейіннің физиологиялық  негіздерін  И. П. Павлов ашқан  нерв процесінің өзара индукция  заңына байланысты түсінуге болады.

 И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан.

Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А. А. Утомскийдің доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.

А. А. Утомскийдің доминанта теориясының  мәнін И. П. Павловтың  «қозудың оптималдық алабы» дейтін теориясы онан сайын  толықтыра түседі. Оптимальдық қозуы  бар осы алап –ми  қабығының  творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде  И. П. Павлов былай дейді: «Бас сүйегінің  сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптималдық  қозу пайда болатын жері жарқылдап  көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарында формасы  және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле  дағын көрер едік, бұлар ми сыңарының  барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті  қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді».

 

 

 

 

 1.4 Зейіннің адам өмірінде алатын орны

 

Адамның зейінділік күйіне тән нәрселер: сезімталдық,ойдың айқындығы, сезім  көрнеуі және ерік күшінің әсерімен ойдағыдай орындап шығуы үшін жан дүниесінің әсерлену шапшаңдығы. Мұндай жағдайда ырықты зейін басым  болады. Зейінділік күй-адамның мүдделі  ісі мен қажетті нәрсенің қызығуы  күшеюіне байланысты. Бұл жағдайда ырықсыз зейін басым болады. Зейін  күйінің тағы бір қыры-зейінсіздік  немесе зейіннің шашырап алаңдауынан  байқалатын ерекшелік. Ауыр жұмыстан шаршау,терең  ойға бату, қызықсіз істі орындау сияқты себептер кісі зейінін шашыратып,оны  алаңдауға ұшыратады. Соның салдарынан зейінсіздік туады.

Адамды мінез сипатына қарай  зейінді,зейінсіз, алаңғасар деп  қарастырамыз.Іс-әрекет кезінде зейіннің белгілі бір түрілері қосарланып,зейінділікті тудырады. Еркі күшті,алдына қойған мақсаты  айқын,соған жетуіге талпынушы  кісіге ырықты және үйреншікті зейін  тән. Бұл жағдайда зейіннің ауысуы шабандығы,бөлінуінің нашарлығы сияты кемшілікткр  байқала қоймайды.

Зейінсіздік - бір нәрсеге ден  қоя алмай,үстірт пікір айту,өзге адамның жан дүниесін байқай алмау. Жігерсіздік білім саясыздығы,мейірімсіздік  сияқты ерекшеліктер басқа адамдардың тағдарымен санаспайтын немқұрайдылақты  туғызады. Адам бір нәрсеге ықыласты, ал өзге сәрсеге ықыласты,ал өзге нәрсеге  ықылассыз болуы мүмкін. Бұл адамдардың нәрселерге деген талғампаздығын көрсетеді. Ой талғымның дәлдігі,қолға алған  істі аяғыны дейін бітіру,адамның  жан дүниесінің босаңдығы, табансыздық  көрсету,ұшқалақ мінез-бәрі де адам зейінінің типтік сипаттарын білдіретін қасиет-ерекшеліктер. Зейіннің саналы әрекетпен,адамның мінез-құлқымен,темперамент  ерекшеліктерімен байланысты еккендігі  адам пихикасысының кез келген ерекшелігінен  анық аңғарылып тұрады.

Осы ерекшеліктері мен сипаттарына  орай зейін адамның психологиялық  құрылымында айрықша орын алып, оның іс-әрекет түрлерінде, бағыт бағдарында айқын көрініс береді. Біз сізбен түйіндегенде, зейін-адамның саналы әрекетінің, жалпы психикалық дүниесінің есігі деуге болады.    

Адам өміріндегі зейін ретикулярлы  формациялы іс-әрекетпен байланысты мидың жалпы белсенділігімен  сипатталады. Ми әрекеті зейінді  әр-түрлі деңгейде қамтамасыз ететін 5 деңгей немесе кезеңге бөлінеді. 

 

Кесте. Зейін мен мидың сергектік деңгейлері

ЭЭГ-сипаттары

Мидың сергектік деңгейлері

Зейін көрсеткіштері

Ретсіз жоғары амплитудалы белсенділік

Аса сергектік

Зейін аудару

Бета-ритм, 13-18 Гц

Белсенді, сақ сергектік

Белсенді зейін

Альфа-ритм, 8-12 Гц

Тынышты сергектік (сенсорлы тыныштық)

Диффузды зейін

Тета-ритм, 4-8 Гц

Ұйқыды күй

Зейіннің жекелеген аймақтары  ғана болуы мүмкін

Дельта-ритм, 0,5-4 Гц

Терең ұйқы

Зейін жоқ


 

 

Сонымен, зейіннің дамуы ырықты зейіннің қалыптасуымен сипатталады және ойын уақытының өсуінен көрінеді. Рубинштейн бойынша 6 айдан 1 жасқа дейінгі  баланың ойын ойнау уақыты 14,5 мин, ал 3-4 жаста – 50 мин, 5-6 жаста 96 мин. Сонымен  қатар зейін аударылуы да кемиді; 3 жаста 10 мин ойын кезінде 3,7-ге дейін, ал 5-6 жаста 1,1-ге дейін. Мектеп жасы кезеңінде  балалардың үргемеушілік себептері  көбінесе, ырықсыз зейінінің тұрақсыздығынан  болады. Мектеп жасында зейіннің барлық қырларының қарқынды дамуы байқалады, тек 10-13 жас аралығында біраз тежелуді көруге болады. Ересектерде зейіннің тұрақтылығы мен шоғырлануы аса өзгеріске ұшырамайды. Зейін көлемі, аударылуы, таңдамалылығы 18-ден  33 жасқа дейін өседі, 34 жастан зейін қызметінің тұрақталуы байқалады, ал кейінгі жылдары, 38, 41, 44 жаста, кему мен өсу алмаса жалғасады.

Зейін – жаттықтыруға болатын процесстердің  бірі. Жүйелі әрі арнайы жаттығулар арқылы зейіннің кез-келген қасиетінің сапасын елеулі жетілдіруге болады. Ырықсыз зейінді дамыту ерік қасиеттерінің  қалыптасуымен тығыз байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ  БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ

2.1 Мектепке дейінгі балалардың зейіндерінің  дамуы және оны тәрбиелеудің маңызы

 

Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты  зейіннің  саңылауы байқала  бастайды. Ырықты  зейін үлкендердің  ықпалымен, балаларға түрлі   талаптарды  орындатып үйретуіне орай дамып  отырады (тазалық сақтау, ойыншықтарын, киім-кешектерін жинастыру, үлкендердің  айтқанын тыңдай білуге баулу т.б.).

 Мектеп жасына дейінгі   балалардың зейінінің қалыптасуында  ойын әрекеті ерекше  орын алады.  Ойын  арқылы бала түрлі объектілерді  көреді, естиді, байқай   алады,  фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен  ажыратып, оларға  назар аудара  бастайды.  Балаларда   зейіннің  түрлі  қасиеттері  (көлемі, бөлінуі,  тұрақтылығы т.б.) жақсы байқалады.  Бұлардың бәрі  үлкендердің   басшылығымен  жетіледі.

Балалардың  зейінін кейіyін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор. егер мұғалімнің өз зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып тұрған сабағына, біресе кластағы балаларға алаңдап, нені бастап, нені қойғанын есінен шығарса, ондай мұғалім балалардың  зейінін дұрыс тәрбиелей алмайды.

Жас ерекшелігіне байланысты зейіннің даму сипаттамасы мынадай:

1) Балалардың жеке дамуымен, олардың  қажеттіліктері және қызығушылықтары  дүниетанымдарының өрісі кеңейіп,  түсінетін ақиқат заттар мен  құбылыстарға зейіндерін аударады. Қоршаған шындықтарға зейіннің  артуына байланысты, бала зейінінің пәні, ойлары және сезімдері болады. Зейіннің сыртқа бағыттылығымен бірге, ішкі шоғырлануының дамуына байланысты, ол өзінің ішкі дүниесін және қоршаған ортадағы адамдармен қатынасын түсінгісі келеді. Өзіне деген зейінінің негізінде өзін байқауының дамуы, өзін-өзі тәрбиелеуге психологиялық көмек болады.

2) 3ейінінің жас ерекшелігіне  байланысты дамуы, оның барлық  қасиеттерінің дамуына және көрінуіне  ықпал етеді. Барлау іс-әрекетінің  өрісі күрделеніп, оның қызығушылығы  белсенділігі және таңдамалылығы  артады. Шоғырлануының интенсивті  дамуына байланысты, таным мүмкіндіктері  де жаңа сипатқа ие болады. Зейіннің көлемі және бөлінуі  өрістерінің ұлғаюына қарай - іс-әрекеттің бір бөлімінде бірнеше  зат пен құбылыстарды қабылдап, ойлануы да кең өріске артады. Жоғары тұрақтылығы және ауысуы, объектілерді барлық жағынан,  тіркеуді дамытады. Мұндай қасиеттерінің  дамуы тұрақсыздықты жеңуге көмектеседі.

3) Жастарының дамуына қарай ырықсыз  зейіннен гөрі, ырықты зейін көріне  бастайды. Мектеп жасында бұл  зейіннің барлық түрлері дамиды  бірақ, біртіндеп ерікті зейін  жетекші орын ала бастайды, әсіресе  балалардың өзіндік іс-әрекетінде.

4) Зейіннің дамуы шоғырлану мотивтерінің  өзгеруіне  әсері бар. Алғашында  баланың зейіні эмоциялы қызығушылығымен  көрінсе, балалардың даму үрдісінде жас ерекшелігіндегі негізгі жетекші іс-әрекеттің объектілері арқылы зейіндері дами бастайды. Өз зейіндерін ұйымдастыру қабілеті оқу жұмысының мөлшеріне, сапасына бағытталады.

5) Әр жас сатысында жекелік  айырмашылықтары, даму үрдісінде  жан-жақты және айрықша көрнеді.  Зейіннің жекелік және жасына  байланысты ерекшеліктерін, бірлікте  және арақатынаста түсіну қажет.

Балалардың зейінін дұрыс қалыптастыруға тәрбиеші-педагогтың жеке басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор. Егер тәрбиешінің өз зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып тұрған сабағына, біресе топтағы балаларға алаңдап, нені бастап, нені қойғаны несінен шығарса, ондай мұғалім балалардың зейінін дұрыс тәрбиелей алмайды.

Ы.Алтынсарин: "Егер балалар бірдемені түсінбейтін  болса, онда оқытушы оларды кінәлауға  тиіс емес, оларға түсіндіре алмай  отырған өзін кінәлауға тиіс" —деп өте дұрыс айтқан.

 

2.2 Баланың зейінін дамытудың бір топ тәсілдері

А) Психологиялық сабақ арқылы

 

«Зейін» деп психикалық әрекеттердің айналадағы заттар және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақталуымыз үшін қажет.

Егер  зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақтауымыз үшін қажет.

Информация о работе Мектепке дейінгілердің зейінін дамыту тәсілдері мен зерттеу әдістері