Мектепке дейінгілердің зейінін дамыту тәсілдері мен зерттеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 17:26, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінге дейін мектеп балаларындағы зейін психологиясының теориялық негіздері толық ашылмай, әсіресе эксперименталды зерттеулер қолданбалы дәрежеде жеткілікті қалыптаспаған. Сонымен қатар зейін психологиясында көптеген жетістіктерге қарамастан қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар баршылық. Зейін психологиясына қатысты көптеген шешімін таппаған күрделі мәселелер де жеткілікті. Педагогикалық психология ғылымының басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, әлеуметке міндетті түрде пайдалы болу және тұлғаның мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталуы тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1-ТАРАУ. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Зейін түрлеріне сипаттама...........................................................................6
Зейіннің қасиеттеріне шолу жасау ............................................................9
Зейін ұғымын зерттеуші ғалымдар...........................................................12
Зейіннің адам өмірінде алатын орны.......................................................14
2-ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Мектепке дейінгі балалардың зейіндерінің дамуы және оны тәрбиелеудің маңызы............................................................................................17
2.2. Баланың зейінін дамытудың бір топ тәсілдері.........................................18
А) Психологиялық сабақ арқылы........................................................................19
Ә) Жаттығулар арқылы.........................................................................................21
Б) Ойындар арқылы...............................................................................................23
В) Ертеңгілік сергіту сәттері арқылы..................................................................24
3-ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
3.1. Зейінді зерттеу әдістемелеріне үлес қосушы ғалымдар.........................26
3.2. Зейінді зерттеу әдістері..................................................................................27
А) «Бурдон кестесі» әдістемесі............................................................................27
Ә) «Мюнстерберг» әдістемесі..............................................................................28
Б) «Ландольт сақиналары» әдістемесі.................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................33
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

работа.docx

— 116.98 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1-ТАРАУ. ЗЕЙІН  ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК, ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

    1. Зейін түрлеріне сипаттама...........................................................................6
    2. Зейіннің қасиеттеріне шолу жасау ............................................................9
    3. Зейін ұғымын зерттеуші ғалымдар...........................................................12
    4. Зейіннің адам өмірінде алатын орны.......................................................14

2-ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ  ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ  ТӘСІЛДЕРІ

2.1. Мектепке  дейінгі балалардың зейіндерінің  дамуы және оны тәрбиелеудің  маңызы............................................................................................17

2.2.  Баланың  зейінін дамытудың бір топ  тәсілдері.........................................18

А) Психологиялық  сабақ арқылы........................................................................19

Ә) Жаттығулар арқылы.........................................................................................21

Б) Ойындар  арқылы...............................................................................................23

В) Ертеңгілік сергіту сәттері арқылы..................................................................24

3-ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ  ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ЗЕРТТЕУ  ӘДІСТЕРІ

3.1. Зейінді  зерттеу әдістемелеріне үлес  қосушы ғалымдар.........................26

3.2. Зейінді  зерттеу әдістері..................................................................................27

А) «Бурдон  кестесі» әдістемесі............................................................................27

Ә) «Мюнстерберг»  әдістемесі..............................................................................28

Б) «Ландольт  сақиналары» әдістемесі.................................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................33

ҚОСЫМШАЛАР

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі

Бүгінге дейін мектеп балаларындағы зейін психологиясының теориялық негіздері толық ашылмай, әсіресе эксперименталды зерттеулер қолданбалы дәрежеде жеткілікті қалыптаспаған. Сонымен қатар зейін психологиясында көптеген жетістіктерге қарамастан қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар баршылық. Зейін психологиясына қатысты көптеген шешімін таппаған күрделі мәселелер де жеткілікті. Педагогикалық психология ғылымының басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, әлеуметке міндетті түрде пайдалы болу және тұлғаның мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталуы тиіс. Мұнда негізгі міндет білім жүйесіндегі психологиялық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздерін қамтитын білімдерді кешенді жүйемен қалыптастырып іс жүзінде нақты мәселелерді шешудің жолдарын көрсету маңызды. Қазіргі кезде білім саласындағы талаптардың бірі танымдық іс-әрекет үрдісін тұлғаға бағдарлай оқыту тұжырымдамасын басшылыққа алуда. Сол себепті зейін мәселесінің тағдыры мен оны шешу - психология ғылымының өзекті тақырыптарының бірі.

Курстық жұмыстың тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың зейінін дамыту тәсілдері мен зерттеу әдістері

Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі мекеме

Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың зейін қасиеттерін дамыту үрдісінің динамикасын психологиялық теорияларды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие үдерісінде кешенді жүйемен арттыру жолдарын қарастыру

Зерттеудің міндеттері:

- Отандық және шетел зерттеулеріндегі зейіннің психофизиологиялық, психологиялық теорияларын талдауда зейіннің анықтамасының, түрлерінің, қасиеттерінің психологиялық мазмұнын қазіргі психологиядағы ғылыми тұжырымдарын ескере жаңаша өңдеу.

- Балаларда зейін қасиеттерін дамытудың теориялық-әдіснамалық мазмұнын ашып, қолданбалы мүмкіндіктерін зерттеу.

- Зейін қасиеттерін (тұрақтылығын, шоғырлануын, ауысуын, бөлінуін, көлемін) тұлғаға-бағдарлай оқыту және балаларға көрнекілік құралдарды пайдалана отырып зейін деңгейін анықтау контексінде эксперименталды зерттеу.

- Зейін қасиеттерін дамытуға негізделген іс-әрекет үрдісін тиімді ұйымдастыру жолдарын сараптау.

- Мектепке дейінгі балалардың зейінін қалыптастыру және дамыту барысында туындайтын қиындықтарды сараптау мен оларды шешу мүмкіндіктерін зерттеу.

- Психологиялық қызмет атқару жүйесіне, зейін қасиеттерін жетілдіруге бағдарланған психологиялық көмекті ұйымдастырудың сынақтан өткізіліп мақұлданған ғылыми-әдістемелік жүйесін ұсыну.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Егер оқыту жүйесінде мектепке дейінгі балалардың зейінін дұрыс ұйымдастыру және қалыптастыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілсе, онда балалардың сана – сезімнің жетілуіне, жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктерін дамытуға, ақыл-ой қызметінің белсенділігіне, жеке тұлғалық қасиеттердің толысуына қол жеткізуге болады

Зерттеудің теориялық  маңызы: Зейін психологиясы бүкіл әлемдік зерттеулердің нәтижелері негізінде кешенді қарастырылып, психологияның жетістіктеріне қажетсінетіндердің іргелі және қолданбалы білімдерін дамытуға мүмкіндік жасалды. Зерттеу мақсатын теориялық талдау арқылы алғаш рет зейін ұғымының анықтамасы психология ғылымының қазіргі пәніне сәйкес өңделді. Жұмыста алғаш рет зейіннің түрлері мен қасиеттерінің теориялық сипаттары толықтырылып өңделген мазмұн кең ауқымды бүтіндік жүйе ретінде ұсынылды. Педагогикалық іс-әрекетте зейін қасиеттерінің рөлі мен міндеттерінің мазмұны теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды.

Зерттеудің әдістемелік маңызы: Зейін қасиеттерінің арту деңгейін анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды. Іс-әрекет барысында жетекші рөл атқаратын зейін қасиеттерін зерттеу арқылы мектепке дейінгі баланың жұмысқа қабілеттілігі зерттелді.

 Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі зейін туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері, француз психологы Б. Бурдонның әдістемесі, Ландольт сақиналары, Мюнстерберг әдістемесі, байқау және әңгімелесу әдістері педагогикалық тәжірибені сараптауда іске асырылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,  қорытындыдан,  әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-ТАРАУ. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ  ЖАЛПЫ ТҮСІНІК, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Зейін түрлеріне сипаттама

Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.

Сыртқы дүниенің кез келген объектілері  кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды  өзіне тартады. Мәселен, көшемен  кетіп бара жатқан адамның бойаулы  афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды  тағы басқа. Адам өмірінде ырықсыз зейін  елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі  кездеседі. Өйткені, балалық дәуірде  адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т. б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы  өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген  соң, оның ырықсыз зейіні маңызын  жояды деген қорытынды тумау  қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені, қызықты іске көңіліміз  тез ауады. Мәселен, қызықты кітап  оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу – ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде  де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам істен  шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау  үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.

 Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (оринтировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар менадамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіргендіргіш арқылыпайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмегі жағдайлар себеп болады:

А) күшті тітіргендіргіштер ( көзді  аштырмайтын жарық,  жарық, қанық  бояулы заттар, қатты  дауыс, мұрын  жаратын иіс т.б.), заттар  мен  құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның  үстіндегі  киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.).

Ә) адамның сыртқы дүниедегі  объектілерге  қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош  болуы) ырықсыз зейінінің тууына  жақсы  әсер етеді.

Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік,  күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп,  объектіге ерекше  зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді.

Ырықты  зейіні  мынадай  ерекшеліктермен  сипатталады:

  • Қандай болмасын бір әрекеттің  талабына сай  зейінді  бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет
  • Үйреншікті  жұмыс  жағдайын жасап алып, алаңдатын  нәрселерден  бойды  аулататқан жөн.
  • Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін  білімге шын  ықыласпен  берілген дұрыс.
  • Түрлі қолайсыз  жағдайларда  да жұмыс істеуге машықтау. Мәселен, көңілді алаң қылатын  бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл түрсілдерде де)  әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді  шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылды.
  • Зейінді  болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты  зейін деп іс-әрекетті  жоспарлы түрде ұйымдастыруды  айтады.

Оқу жұмысында үйреншікті зейіннің маңызы зор. Ол құбылыстар мен заттардың, мазмұндық материалдардың санада тез бейнеленуін, сөйтіп, қабылдау үрдісінің тез, оңай болуын қамтамасыз етеді.

Үйреншікті зейін көпшілік жағдайда баланың өз зейінін өзі басқаруынан көрінеді. Бұл көбінесе жоғарғы сынып балаларына және ересек адамдарға тән.

Зейіннің жоғарыда қарастырылған  үш түрі де бір-бірімен тығыз байланысты.Адамның  іс-әрекетінде зейін түрлері алма-кезек  өзгеріп,бір-біріне ауысып отырады. Ұстаздар оқу-тәрбие істерінде бала зейінін сабаққа бағдарламау ғана шектеліп қоймай, олардың өз зейінін басқара алатындай ерік саналарың қалыптастыруға баса көңіл бөледі.

Сыртқы және ішкі зейін түрлері. Объектісінің орналасу жағдайына орай, зейін сыртқы және ішкі болып бөлінеді.Зейінді меңгеру мен оның кейбір ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін сыртқы және ішкі зейіндер адамның дене әрекетін меңгеріп,реттеуге бағытталған.Бұны перцептивті зейін деп те атайды.Ішкі зейін-сананың ішкі іс-әрекетке, ішкі дүниеге бағытталуы.Зейіннің бұл түрі адамға ғана тән.Ол жануарларда болмайды. Өйткені, олар өз жан дүниесінің сырын шолып біле алмайды.Сыртқы және ішкі зейіндер бірін-бірі тежеп отырады.Себебі, сананы сыртқы әр ішкі құбылыстарға бір мезгілде бағдарлау өте қиын.Ішкі зейіннің объектілері: сезімдер,елестер,ойлар.Бұлар адамның сыртқы қимылдары,ернінің жыбырлыуы,жеке сөздері айтып қалу, дене мүшелерінің түрлі қимыл-қозғалыстарыарқылы байқалары. Ішкі зейіндер-сана мен өзіндік сананың дамуы үшін қажетті шарт. Онсыз адам болашақ қимыл-қозғалыстарын,олардың нәтижесін болжай алмайды.Ойлай білу,ой арқылы әрекет жасау ішкі зейіннің жетілуімен байланысты.Ішкі зейін қалыптаспайынша, адамның ақыл-ой, эстетикалық жағынан дамуы мүмкін емес.Жеке адамның дұрыс қалыптасуы үшін өткенді бағалау мен бастан кешкендерге, көрсетілген қылықтарға зейін аударып,талдау жасау саналы әрекетті жетілдіре түседі.

Ұжымдық, топтық, даралық зейін түрлері. Ұжымдық зейін - бір сыныптағы барлық баланың зейінін белгілі бір іс-әрекет түріне жұмылдыру. Мұндай әрекетке мұғалімнің сабақ өтуі жатады.Бұл сыныптың зейінін ұзақ мерзім бойы бірқалыпты ұстау мүмкін емес.Бірен-саран баланың зейіні басқа нәрсеге ауысып кетуі де мүмкін.Мақсатты іске ұмтылған ұжым ішінде  зейіні ауытқитындар да кездеседі.Мұндай жағдайда жетекшінің не ұстаз-тәрбиешілердің іс-тәжірибелері ерекше роль атқарады.

Топтық зейін - бір ұжым ішіндегі жеке топтар зейінінің шоғырлануы. Топтық зейін сыныпта, лобораториялық тәжірибелер мен өзара тексеру жүргізгенде қажет. Бұл- зейінді ұйымдастырудың бала үшін де, мұғалім үшін де қиын түрі. Өйткені,топтар жұмыс үстінде бірін-бірі алаңдатады. Осындай кедергіні жеңу үшін олардың тапсырманы мұқият орындап шығаруларына жете көңіл аударып, оны әрбір кезеңге бөліп жоспарлау керек болады.

Даралық зейін өз міндетін орындауға әр адамның санасын бағдарлап, зейінін шоғырландырады. Бұл-зейінің кісі өзі оқығанда,есеп шығарғанда қолдануға тиісті аса қажетті түрі.

 

1.2 Зейіннің қасиеттеріне шолу жасау

 

Зейін мынадай ерекшеліктерімен сипатталады: а)көлемі, ә)бөлінуі, б)шоғырлануы, в)тұрақтылығы, г)ауысуы.

а)Зейіннің көлемі-адамның бір көргенде-ақ қабылдаған нәрселерінің саны.Зейін көлемін анықтау үшін тахистоскоп аспабы қолданылады.

Зейін көлемін анықтау үшін уақыттың 1/10 секунд ішінде 10-12 нәрседен тұратын  сандар,әріптер не түрлі кескіндер  жиынтығы көрсетіледі.Осы уақыт  ішінде көріп қабылдау әбден жеткілікті, бірақ, көрінген барлық кескіндерді  саналы түрде бейнелеуге уақыт аздау. Сыналушы адам тек бірнеше нәрсенің ғана атын анықтап, өзгелерін жөнді  байқай алмайды. Ал көріп тұрған барлық нәрселерді саналы бейнелеу үшін әжептәуір  уақыт керек. Ересек адам зейінінің  көлемі өзара байланыссыз 4-6 нәрсеге  тең. Егер әріптестерден мағаналы сөз  құрастырсақ,онда көретін әріптердің саны едәуір көбейеді.Бірақ бұл жағдайда сөздің өзі тұтасқан бір объект болады да,сынаушы кісі сөз әріптерінің  орны аусқанын,дұрыс жазылмағанын аңғара алмайды.

Нәрселерді топтастыру арқылы зейіннің көлемін ұлғайту топтың жеке қасиеттерін  байқап, аңғара білуге кедергі болмауы  керек.Нәрселерді топтастыру және оның бөлшектеріне назар аудару, таным  процестерінің дамуымен тығыз байланысты болуы қабылдаудағы бөлік пен  бүтіннің, ал ойлаудағы жалпы мен  жекенің арақатысынан айқан көрінеді.

ә)Зейіннің бөлінуі деп адамның кез-келген іс-әрекеті үстінде зейіннің бір мезгілде өлең жаттап,әрі қарапайым қосу мен азайту амалына есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз.Мұндайда бір әрекет екінші әрекетке кедергі болады.Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады.Себебі, оның физиологиялық негізі-ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздыға. Күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейінін бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеуі қажет.Мысалы,жас ұстаз өз зейінін бірнеше обиектіге бөле алмағандықтан,сыныптағы балаларды жекелеп көре алмайды. Сабақ айтып тұрып қате жіберуі де, балалар жауабындағы қателерді байқамай қалуы да мүмкін.Мұғалім назары негізінен өзі айтып тұрған материалға ғана ауады.Өзі алдында отырған кейбір балалардың тәртіп бұзып отырғанын байқамайды. Дегенмен, ұстаздық тәжірибесі біртіндеп жетіле түскендіктен, оның оқу материалын меңгеруі мен түсіндіруі жеңілдейді, зейіннің оған бөлінуі де ширап,сыныпты толық меңгеретін болды. Әрбір нәрсеге зейін аудару іс-әрекет үстінде дамып, бірте-бірте адамның маңызды сапасына айналады.

Информация о работе Мектепке дейінгілердің зейінін дамыту тәсілдері мен зерттеу әдістері