Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 13:53, дипломная работа
Зерттеу міндеттері:
– ғылыми әдебиеттерге талдау жасау арқылы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
– халық ауыз әдебиеті үлгілерінің оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытуға, тәлім-тәрбиесіне әсер-ықпалын айқындау;
– қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің жүйесін жасап, оны тәжірибеде сынақтан өткізу арқылы ана тілін оқытудың тиімділігін арттыру.
Кіріспе......................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері ........................................................................................6
1.1 Халық ауыз әдебиетін оқытудың теориялық негіздері....................................................................................................................6
1.2 Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың педагогикалық-психологиялық мәні............................................................…...14
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары ……………………………………………………………………….14
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері.........................................37
2.2 Халық ауыз әдебиеті – балаларды тәрбиелеудің кешенді құралы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының қорытындысы...........................47
Қорытынды..........................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................68-70
Қоғамның даму барысында, адамзат өмірінде әр халықтың тілі мен қатар салт-дәстүрі де қажетті себептермен дүниеге келді. Ал, адамдардың сол қоғам дамуына, сұранысына байланысты тәртібі, заңы, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенімдері, жол-жоралғылары қалыптасады. «Жазу-сызуы, мәдениеті болмаған халық» деген жаңсақ пікірді, сонау Орхон-Енисей жазулары арқылы жоққа шығарған мұсылман халықтың өркениетті мәдениетінің тамыры тереңде екенін, тарихшы-этнограф, философ ғалымдары дәлелдеп берді. Осы өмір сүру жолдары, ережелері, адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер, адамдардың оқу, білімге, бір-біріне сенуі, бір-бірін сыйлауы, кішінің үлкенді сыйлауы, ата-ананы құрметтеуі, бір сөзбен айтқанда мұсылман адамның бойындағы ізгі қасиеттер және «иман жүзді» адамның бойында қандай қасиеттер болуға тиісті белгілерді көрсететін мәселелерді ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылардың еңбектерінен де көре аламыз.
Қазақ өз перзентін арын сақтауға, ұяттылыққа, әдептілікке тәрбиелеген. Бұл дегеніміз ұяты болмаған адамның иманы жоқ, иманы жоқ адамның ұяты болмайды деген ұғымды тудырады.
Халқымыз ертеден-ақ ұрпағын, болашағын жамандықтан, өтірік сөйлеуден сақтандыруға тырысқан. Сол себептен де олар, қазіргі болып жатқан бұзақылықтарға, қылмыстарға бармаған, дәл осындай сорақылыққа жетпеген. Атап айтқанда, әке-шешені балаларының, ұстазды шәкірттің, ата-енені келіннің сыйламауы, нашақорлық пен маскүнемдік, соның салдарынан неше түрлі қылмысқа барулары, жеңілжүрістілік арқасында балалар үйін тастанды балаларға толтыру – сорақылықтың асқар шыңы емес пе?!
Имандылыққа аса зор мән берген, халқымыз: «Әкені тыңдамаған дөрекі ұлдан без, суы ащы көлден без, безбүйрек, қаражүрек, имансыз, ақымақ туыстан без, көк долы әйелден без» деп насихат айтқан. Қатты да, нақты айтылған бұл өсиеттің астарында үлкен пәлсапалық мән жатыр. Өзінің туған әкесін тыңдамаған, сыйламаған, дөрекілік көрсеткен ұл, өзгені сыйлап қарық қылмас. Және ондай адамнан не нәрсе күтуге болары да белгісіз, міне, сондықтан да ондай адамдардан бойын аулақ ұстауға үгіттеген. Суы ащы көлді, азыққа, тамаққа пайдалана алмайсың, ал су адам өміріне ең қажетті зат екені бәрімізге мәлім. Оны азық ете алмасаң, мұндай көлден без, деу әбден мүмкін. Ал туысың жаны ашымайтын, безбүйрек, опасыз, қаражүрек имансыз болса, ондай туыстың болғанынан, болмағаны дұрыс болар. Мінезі нашар, өзі долы, жарастырудың орнына, адамдар арасын араздастыратын әйелдің де туысқа, қоғамға пайдасынан гөрі зияны көп, сондықтан да көк долы әйелден без деп айтуы орынды.
Имандылық тәрбиесін қарастыру барысында, имандылыққа жоғарыда берілген қысқаша анықтамаларымызды жинақтап, барынша толық анықтама беруді ұйғардық. «Имандылық – әр халықтың салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына, күнделікті өмір сүру тәсілдерінде кездесетін жөн-жоралғыларына байланысты және ұрпақ бойында ұлттық, ерекшелікке байланысты туатын ізгі қасиеттер жиынтығы».
Дүниеге келген сәбиге алғаш рет ана тілінің сазды әуезін жеткізетін ана сөзімен айтылатын – «Бесік жыры». «Бесік жыры» сәбиді тек жұбатып қана қоймай, балаға ана тілін сіңіруге, сол арқылы мейірімділік, сезімталдық, нәзіктік қасиеттерін жеткізуге бастапқы қадам болып табылады. Анасы баласына айналадағы бар жақсылықты үйіп-төгіп жұбатады, болашақта баласынан күтетін бар арман тілегін жеткізеді, баласын әлемнің ең асылына теңеп, жыр айтады.
Баланың тілін ширатуда ойын өлеңдерінің берері мол. Ауыз әдебиетіндегі «Қуыр-қуыр, қуырмаш», «Ұшты-ұшты», «Кім керек?» т.б. баланың танымын кеңейтіп, байқампаздыққа, зеректікке тәрбиелеп, тілін ширатады.
«Қуыр-қуыр, қуырмаш» өлеңі балаға саусақтарының атын (бас бармақ, сұқ саусақ, ортан қол, аты жоқ қол, шынашақ), теңеу аттарын (бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек) үйретеді. Осы өлең арқылы саусақтарымыздың біздер мән бере бермейтін көптеген қыр-сырлары бар екенін білдірткен жөн. Мысалы, бір нәрсенің өте жақсы, тамаша екенін ауызбен айтпай-ақ, бас бармақпен көрсету, сұқ саусақ – нұсқағыш, шақырушы, тәртіп талап етуші қызметтерін атқаратыны; шынашақпен достасу, бәстесу белгілері білдіріледі. Өлеңге қызыққан бала айналасындағы басқа заттарға ат қойып, салыстырып, өзінше қиялға берілуі мүмкін. Бұл да баланың ойлау қабілетін дамытумен бірге зейінін, қызығушылығын ұштаудың бір жолы.
Сол сияқты жан-жануарлар, аң-құстар, табиғат құбылыстары жайындағы «Бір қазан сүт», «Қарға, қарға, қарғалар», «Сауысқан», «Бақа», «Түйе, түйе, түйелер» және т.б. өлең-тақпақтар да баланың танымын кеңейтеді, аяушылық, қамқорлық сезімдерін оятады. Мысалы, «Бір қазан сүт» өлеңінен балалар құстардың іс-әрекеті кезіндегі қалпын, өзіне тән дыбысын біледі, ол дыбыстарды бейнелейтін сөздерді үйренеді. Осыған еліктеп, басқа да құстардың, аңдардың дыбыстауына мән бере бастайды.
Ойын өлеңдері балаларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, аңғарымпаздыққа, ұғымталдыққа тәрбиелейді. Ізденіске, шығармашылыққа жетелейді, қиялдауына түрткі болады. Әр түрлі қимыл-әрекеттер жасап шынығады, көңілдері көтеріліп, шаттанады.
Баланың сөздік қорын молайтуға, ұйқастырып сөйлеуге, сан атауын, ретін білдіртуге үйрететін «Санамақ» өлеңдердің орны бөлек. Балалар өлеңге ілесіп әр түрлі қимылдар жасаумен саусақтарын жаттықтырады.
Халық ауыз әдебиеті үлгілері ішінде балаларға арналған жаңылтпаштардың да өзіндік мәні бар. Әдетте жаңылтпаштар айтылуы қиын жеке дыбыстар мен сөздерден тұрады. Мысалы, «р» дыбысын дұрыс айтуды
Торта қойдым, Орта қойдым,
Орта қойдым. Жорта қойдым, -
деп жаңылтпаш арқылы үйренеді. Сөздерді мағынасына қарай дұрыс ажыратып, айтуға баулитын:
Беріп тай, лақты, Беріп тайлақты,
Алдым тайлақты. Алдым тай, лақты –
дейтін жаңылтпашты жай ғана айта салмай, дауыс интонациясымен дұрыс, мәнерлеп айтуды қажет етеді.
Жаңылтпаштар баланы мүдірмей, шапшаң сөйлеуге үйретеді, тіл мүкістігін түзетеді, сөйлеу мәнеріне жаттықтырады.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім? –
дейтін баланы ойлантатын да жұмбақ сипатындағы жаңылтпаштар да кездеседі.
Мазмұндық жағынан қарағанда тәрбиелеу мақсатында айтылатын жаңылтпаштар да бар.
Мысалы: Атам томағаламаған бүркітті
Мен томағаламағанда, кім томағалайды?
Шөмеленбеген шөпті
Мен шөмелемей, кім шөмелейді? –
деген жаңылтпаштар іс-әрекеттің жөн-жосығын білуге (бүркітті томағалау, шөпті шөмелеу) үйретеді. Сөздік қорын байытады. Елгезектікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.
Жаңылтпаштар баланы сөз мағынасын бұрмаламай, абайлап, анық сөйлеуге үйретеді. Айналадағы көріністермен, құбылыстармен таныстыратын қызықты жанр.
Баланың ойлау қабілетімен бірге сөйлеу шеберлігін де дамытатын, танымын кеңейтетін тамаша үлгінің бірі – жұмбақ. Жұмбақ – қазақ халық ауыз әдебиетінде ертеден келе жатқан жанр. Ол халықтың ойынан, қиялынан туған ұтқыр да бейнелі шығармасы.
А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде: «...жұмбақта нәрсені қолға жұмып тұрып таптырмайды. Ойда бүгіп айтпай қойып, сол нәрсеге ұқсас нәрселерді сипаттап айтып, ұқсастығы бойынша таптырады. Жұмбақ – зейінді ұстартуға пайдасы бар нәрсе», - деп түсіндірген (28, 413).
Адам баласы өзі өмір сүрген заманындағы тұрмыс-тіршілігін, ой-толғамын, табиғат құбылысы жайлы наным-сенімін, дүниетанымын, айнала қоршаған жанды-жансыз дүние туралы түйсінгенін жұмбақтаған.
Қазақ жұмбақтарын жинап, жүйелеп, тақырыптарға жіктеп, жариялау жұмыстарына Ә.Диваев, С.Аманжолов, Т.Жанұзақов, М.Әбжанов т.б. еңбек сіңірді.
Қазақ халқында жұмбақ ерте заманнан қолданылып, қарым-қатынас жасаудың ерекше бір құралына айналғаны белгілі. Үлкендер арасында адамды тану, сынау, әзіл-қалжың, шешендік шеберлігін байқату, ойын түрінде қолданылса, балалар үшін жұмбақты дүниенің қыр-сырын білдіртуге, танымы мен қиялын ұштауға, тіл шеберлігіне, ой жүйріктігіне баулу мақсатында қолданылған.
Мақал-мәтелдер – ұзақ жылдар бойы халықтың іс-тәжірибесімен түйінделген даналықтың жемісі, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, халықпен бірге жасасып келе жатқан әдеби мұраның бірі. Мақал-мәтелдер – әр кезеңде ата-бабадан ұлағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы. Олар – көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны кең, ойы терең, тілі өткір де бай мұра. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге түйген ақылының кені жатыр. Мақал-мәтелдер – өмір үйретуші, тәлім-тәрбие беріп, іс-әрекетіңді бағыттаушы, аз сөзбен көп мағына беретін сөз мәйегі. Мақал-мәтелдер адам тірлігінде ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін алдын-ала ескертеді, сақтандырады, ойландырады. Ал, олай етпеген жағдайда айыптайды, налытады, жұбатады.
Мақал-мәтелдерде, негізінен, туған жер, ел, ынтымақ, бірлік, батырлық, ерлік, еңбек пен кәсіп, өнер, білім, жақсылық пен жамандық, достық, жан-жануар, табиғат және т.б. тақырыптар қамтылады.
Оның ішінде тіл өнері, сөз қадірі туралы мақал-мәтелдердің де үйретері мол. Тіл қылыштан өткір.
Ойнап сөйлесең де,
Ойлап сөйле, - деп ескерткен.
Баланың бас ұстазы – ата-анасы болса, бала тәрбиелеудің құралының бірі – мақал-мәтел екені даусыз. Ата-ана есте ұстайтын «Баланы – жастан» дейтін халық даналығы жақсылық пен жамандықты жас кезінен ескертіп, құлаққа құйып, көкейге қондырып отырады.
Мақал-мәтелдер балаға үлгі-өнеге
береді, өмірге көзқарасын, қарым-қатынасын
орнықтырады, айтатын ойын қысқа
да нұсқа түрде жеткізуге
Баланың ой-өрісін, тілін, қиялын дамытуда ертегілердің рөлі зор. Бала естіген немесе оқыған ертегі мазмұнының мәніне ой жүгіртеді, өз түсінігінше жеткізуге тырысады. Ертегі құрылымын, тілінің ерекшелігін сезіне отырып, ондағы әр қилы оқиғаларды, кейіпкерлердің мінез-қылықтарын, іс-әрекеттерін өз қиялында өрбітеді. Ауызша бейнелі тілмен суреттеліп айтылған немесе қара сөзбен ертегі оқиғасын қиялында көркемдеу үшін ертегі мәтініне тереңдей мән беріп, ойша талдайды, кейбір көріністерді, суреттеулерді, оқиғаларды есіне түсіреді, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-қылығына, қарым-қатынасына өз бағасын береді, басты, мәнді деп тапқандарын сұрыптайды, өзіндік көзқарасын білдіреді.
Баланы ертегі мазмұнындағы суреттеу, салыстыру, теңеу, ұқсату, әсірелеу сынды халықтың бейнелі тілі қызықтырады. Айтылуындағы реттілік, жүйелілік, халықтың ойлау жүйесін білдіртеді, яғни халықтың ой саралау мен сөз саптау ерекшелігін түйсіндіреді.
Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеуші ғалым А.Байтұрсынов: «Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары: 1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе. 2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді. 3. Бұрынғылардың сана-саңлау, қалпы-салты жағынан дерек берумен керегі бар нәрсе» - деп айтқан болатын.
Көрнекті ғалым Ә.Қоңыратбаев: «Қазақ фольклорының образдары жанды әрі шынайы болып келеді. Олар адамға терең ой салып, ғибрат береді. Фольклор туындылары адам тәрбиесі, қоғам мәселелерінен шет жырланған емес. Оның басты айтар ойы – халықты, адам баласын сүйе біл, еңбек пен ерлікті қастерле, досқа жылы, қамқор, дұшпанға берік бол, жас та болсаң, елге ағалық көрсете біл, өмірден үйрен де, өрге, өнерге ұмтыл дейтін ғибрат. Мұның бәрі адам, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесі үшін аса қажет болған» - дейді.
Қорыта айтқанда, баланың ойын өсіріп, ақыл-парасатын, дүниетанымын баулуда ауыз әдебиеті үлгілері кешенді тәрбиенің таптырмас құралы.
Зерттеу нәтижелерін қорыта келе, қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін, тілін дамытуға, тәлім-тәрбиесіне әсер-ықпалын зерделей келе, ауыз әдебиетін оқыту арқылы тәрбиелеудің моделі ұсынылды. Модельде интеллектуальдық, адамгершілік, эстетикалық, экологиялық, экономикалық, дене тәрбиесі түрлері негізге алына отырып, халықтық шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың сөйлеуі мен ақыл-ойын дамытуға, ізгілікке, әсемділікке, тазалыққа, үнемділікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеуге игі әсер-ықпалы сарапталып берілді.
Бұл модель «Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы оқушыларды тәрбиелеу моделі» деп аталып, төмендегідей (1-сурет) көрсетілді.
1-сурет. Қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы балаларды тәрбиелеу моделі
Әсіресе, ауыз әдебиетінде еңбек тәрбиесі әрдайым бірінші орынға қойылды. Себебі «Тіршіліктің тұтқасы – еңбекте» деп ұққан ата-бабамыз «Еңбек түбі – береке» бар байлық тек адал еңбекпен ғана табылады, «Еңбек – өмірдің тірегі, тіршіліктің қайнар көзі» деп қарады. Бертін келе қоғамның дамуымен байланысты «дене еңбегі мен ой еңбегінің негізі бір» деп ұққан қазақ халқы ой еңбегін рухани дамудың көзі, дене еңбегін тән тәрбиесінің басы деп санады. Мектепке жасына дейінгі балаларын жан-жақты жетілдіре тәрбиелеуде ауыз әдебиеті үлгілерінің барлық жанр түрлерін кеңінен қолданудың білімдік те, тәрбиелік те мәнінің зор екені сөзсіз. Ол үшін мол қазынаны баланың танымымен, психологиясымен сабақтастықта зерделеп білудің, талғаммен және педагогикалық шеберлікпен игертудің жолдарын табудың маңызы үлкен.
Осы сияқты тұжырымдарға сүйене отырып, халық ауыз әдебиеті негізінде Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамтытудың (жоғары, орта және төмен) деңгейлерін анықтадық.
Төменгі деңгей. Халық ауыз әдебиеті негізінде балалардың сөйлеуін дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларға сирек қатысады. Қазақ халық ауыз әдебиетінің ұлттық қасиеттерге, рухани саулыққа байланысын, сөздік қорын молайтуға әсерін түсіне бермейді. Адамгершілік, мейірімділік, адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік т.б. құндылықтардың қалыптасуында халық ауыз әдебиетін пайдалануды басты мақсат деп ойламайды.
Орта деңгей. Халық ауыз әдебиеті негізінде балалардың сөйлеуін дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларға қатысуды қажет деп санайды, дегенмен көп белсенділік таныта қоймайды. Қазақ халық ауыз әдебиетінің ұлттық қасиеттерге, рухани саулыққа байланысын, сөздік қорын молайтуға әсерін түсінеді. Адамгершілік, мейірімділік, адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік т.б. құндылықтардың қалыптасуында халық ауыз әдебиетін пайдалануды басты мақсат деп ойлайды, бірақ ол жөнінде үлкендер тарапынан қолдау іздейді.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті