Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 13:53, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу міндеттері:
– ғылыми әдебиеттерге талдау жасау арқылы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
– халық ауыз әдебиеті үлгілерінің оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытуға, тәлім-тәрбиесіне әсер-ықпалын айқындау;
– қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің жүйесін жасап, оны тәжірибеде сынақтан өткізу арқылы ана тілін оқытудың тиімділігін арттыру.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері ........................................................................................6
1.1 Халық ауыз әдебиетін оқытудың теориялық негіздері....................................................................................................................6
1.2 Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың педагогикалық-психологиялық мәні............................................................…...14
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары ……………………………………………………………………….14
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері.........................................37
2.2 Халық ауыз әдебиеті – балаларды тәрбиелеудің кешенді құралы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының қорытындысы...........................47
Қорытынды..........................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................68-70

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жанара__а.doc

— 442.50 Кб (Скачать документ)

Белгілі дидактар мен  әдіскерлердің зерттеуінше, оқыту  әдіс-тәсілдерін таңдау оқу пәні материалының сипаты мен балалардың даму деңгейіне, олардың осы материалды игеру қабілеттерінің дәрежесіне қатысты болады.

Мектеп жасына дейінгі оқытуда әсіресе, эвристикалық әдісті, шығармашылықпен оқу әдісін қолданудың тиімділігі мол екені дәлелденді.

Эвристикалық  әдіс – балалардың оқыған шығармасы бойынша ой толғауларын жандандыруға септігін тигізеді. Эвристикалық әдіс – эвристикалық әңгіме түрінде өз бетінше жүргізу арқылы көрінеді. Бұл әдісті сабақта қолданудағы мақсат – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Эвристикалық әдіс балалардың шығарма мәтінімен жұмыс жүргізуінде және оны талдауды ұйымдастыруда қолданылып отырды. Онда шығарма оқиғаларының себеп-салдарын айқындау, ондағы көріністер мен кейіпкерлердің өзара байланыстылық жақтарын түйсінуде балалардың тәрбиешінің «неліктен» деген сұрағына жауап қарастырылды. Эвристикалық әңгіме кезінде тәрбиеші сұрақтар жүйесін жоспарлағанда әрбір қойған сұрағы алдыңғы сұрақтан туындайтындай болуы тиістілігі ескерілді. Ауыз әдебиеті үлгілерін оқытқанда эвристикалық әдісті қолдану өз нәтижесін берді. Мұғалім оқушылардың ертегі мазмұнын қабылдауы, алған әсерлері жөнінде әңгімелесу барысында сұрақтар қойып, тапсырма беру кезінде осы әдіспен жұмыс жүргізді. Балалар ертегі мазмұны бойынша оқиғалардың себептерін ашып, ондағы көріністердің, кейіпкерлердің бір-бірімен өзара байланыстылығын табудағы туындайтын сұрақтардың шешімін өз бетінше табуға әрекет жасауға төселдірілді. Жұмбақ жанрымен жұмыс жүргізгенде, оның шешімін іздестіру барысында себеп-салдарын анықтау, тапқан жауабын дәлелдеу іс-әрекеттері, байланыстылық логикасын табу, салыстыру т.б. мәселелерге ден қойылды.

Мақал-мәтелдермен жұмыс кезінде, оның мазмұнына мән беру, ой түйіндеу, жинақтау әрекеттері, өмірмен байланыстыра алуы жүзеге асырылды.

Шығармашылықпен оқу әдісінің мақсаты мен өзіндік ерекшелігі шығарманы көркем қабылдауды белсендіруінде, яғни көркемдікті сезіндіру, көркемдік бейімділік пен қабілеттілікті қалыптастыру, бейнелі, көркем ойлауды дамыту болып табылады. Көркем шығарманы оқу ғылыми-танымдық мәтіндерді оқу процесінен едәуір айырмашылығы бар. Көркем шығарманы оқуда сөзге мән беру, сөз иірімдері мен ырғаққа назар аударту, қиялдау, көңіл-күй сезімдеріне ерік беруді қажет етеді. Мұғалім оқушыларды көркем сөзді тыңдай және ести білуге, одан ләззәт алуға үйретуі, мәнерлеп оқуды меңгертуі кезінде бұл әдіс жиі қолданылады. Сондай-ақ бұл әдісті қолдануда баланың өз күшін шығармашылықпен пайдалана білуіне, оны көрсете алуына жағдай туғызуы тиістігі ескерілді.

Шығармашылықпен оқу  әдісі өнерді керкем қабылдауды тереңдетуге  және өмірлік құбылыстарды эстетикалық  қабылдауға бағытталып отырды. Бұл  әдісті халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытқанда пайдаланудың маңызы зор. Әсіресе, ертегіні қабылдау, ертегі мәтініндегі бейнелі сөздерге мән беру, дағдылы сөздер мен сөз иірімдерін сезіне білу, қиялдау арқылы ертегі мазмұнын шығармашылықпен дамыту сипатындағы жұмыстарда олардың атқаратын қызметі үлкен. Мәселен, ертегінің басталуын, аяқталуын өзгерту, ертегі сюжетін өзбетінше құру т.б. жұмыстарда баланың қиялы, тілі, ойы ұштала түседі. Сондай-ақ өз ойынан жұмбақ, жаңытпаш, мақал-мәтел т.б. құрастыру да осы жүйедегі жұмыстарға жатады.

Ауыз әдебиеті үлгілерімен жүргізілетін басқа да шығармашылық жұмыстарды орындауда осы әдісті қолданудың пайдасы көп болды.

Халық ауыз әдебиеті үлгілерін модельдеп оқытудың (қосымша А) тиімділігі дәлелденді. Осы орайда ауыз әдебиеті жанрларын жеке-жеке модельдеп оқытуды көздедік. Әрбір модельге сол жанр түріне қатысты жүргізілетін негізгі жұмыс түрлері топтастырылды. Бұл модельдер барлық сыныпқа ортақ болып келеді, сынып жоғарылаған сайын біртіндеп күрделендіріліп отырылады. Сондай-ақ, оқытудың бұл әдісінің артықшылығы – оқушылардың жұппен (құрбысымен, парталасымен), топпен (құрамында үш-төрт оқушы бар шағын топтармен) ынтымақтастықта жұмыс істеуіне мүмкіндіктер беретіндігінде. Сонымен бірге өзін-өзі бағалауға, өзгелердің (құрбысының, парталасының, топтағы басқа мүшелердің) әрекеттерін өзара бағалауына септігін тигізеді.

Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі  ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге-үлгілері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық  мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін  дәлелдеп келеді. Тұңғыш рет ана тілінде оқулық жасаған көрнекті педагог Ыбырай Алтынсарин алғашқы оқулығы – «Қазақ хрестоматиясына» балаларға жақын, өмірден таныс әңгімелерді енгізді. Ы.Алтынсариннің көздеген мақсаты баланы адамгершілікке, бауырмалдылыққа, еңбексүйгіштікке, әсемділікке тәрбиелеу болды. Ы.Алтынсарин оқулыққа өзі жазған әңгімелері мен аудармаларды, мысалдарды енгізумен қатар қазақ халық ауыз әдебиеті шығармаларына айырықшы мән берген. «Қобыланды батыр» жырынан үзінді және «Қара батыр» ертегісін, Жиренше шешен туралы әңгімелерін, мақал-мәтелдерді ұсынуы педагог-ағартушының білімпаздығын көрсетеді. Ы.Алтынсариннің еңбегіне балалар әдебиетін зерттеуші ғалым Ш.Ахметов былайша баға берген: «Ыбырай Алтынсарин өзінің 1879 жылы бастырып шығарған «Киргизская хрестоматия» деген кітабына «Қобыланды батыр» жырынан Тайбурылдың шабысы туралы үзіндіні тектен-тек енгізбеген. Бұл «Қобыланды батыр» жырының баспа бетінде бірінші рет көрінуі еді. Бұдан ұлы ағартушының көшпелі қазақ ауылы баласының ұғымына жеңіл тиетін, кәсібіне, мал шаруашылығына байланысы бар, өздеріне таныс жайларға көңіл бөлгендігі байқалады». Бұл пікір «Ы.Алтынсаринді қазақ балалар әдебиетінің атасы» деген ойдың орындылығын бекіте түседі.

Әрбір модель балаларға халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту барысында есте сақтауға үйрету, тіл ұстарту, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру, сөз мағынасын ажырату, оқу дағдыларын (саналы оқу, дұрыс оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу) қалыптастыру, әдеби-теориялық мағлұматтарды меңгерту, мәтінмен жұмыс істеуге үйрету, тілдерін дамыту, шығармашылыққа баулу сияқты оқу мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары балабақшада «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» қағидасы бойынша «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны тану», «Ой толғаныс» кезеңдерінен түзілетін, осы кезеңдерді жүзеге асыруда «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б. әдіс-тәсілдері шығармалықпен қолданылуда. Осы әдіс-тәсілдерді қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытуда қолдану балаларды қызықтырып, шығармашылыққа баулып, ой-өрісін дамытатыны ескеріліп, үлгі-сабақ жоспарларын жасауда ұсынылды.

Жоғарыда таңдалынып алынған оқыту әдіс-тәсілдері  оқыту эксперименті кезінде әрбір  жанрды оқытуда, жанр мәтінімен жұмыс  жүргізу кезінде, мәтінді талдау барысында қолдандылды. Сондай-ақ әрбір жанрды оқытудың әдістемелік нұсқауларын дайындауда, үлгі-сабақ жоспарларын жасауда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері пайдаланылды.

Қ.Нұрсұлтановтың еңбегінде  Қазақстанда математикалық білім  берудің тарихы және оларды қазақ балабақшаларындағы педагогикалық процесте пайдаланудың тәрбиелік маңызы, әдістемелік мүмкіндіктері қарастырылған. Біздің елімізде қазақ балабақшада оқыту жөніндегі ғылыми әдістемелік ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы (ХХғасырдың 30-ншы жылдарына дейін) тарихын зерттеуге арналған. Бұнда зерттеуші тұңғыш рет Қазақстандағы білім беру жайындағы ой-пікірдің ежелге замандардан бастап ХХ ғасырдың 30-ыншы жылдарына дейінгі даму үрдісінің үздіксіздігі мен сабақтастығын жаңа айқындамалар тұрғысынан ашып көрсетуге, қазақ бастауыш мектебінде математиканы оқыту жөніндегі ғылыми-әдістемелік ой-пікірдің қалыптасу мен даму кезеңдерін, оның рухани тамырлары мен бастау-бұлақтарын тағайындауға және оларға жалпылама баға беруге әрекет жасалған. Атап айтқанда: ежелгі және орта ғасырлық Қазақстандағы бастауыш математикалық білім беру жөніндегі ой-пікір, тәжірибелер зерттелген; қазақ халық педагогикасындағы бастауыш математиканы оқыту туралы идеялар ашып көрсетілген; орыс-қазақ және татар-қазақ мәдени байланыстарының кейбір зерттелмеген жақтары қарастырылып, олардың Қазақстанда ғылыми-әдістемелік ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуына тигізетін игілікті ықпалы анықталған; күні бүгінге дейін терең зерттелмеген алғашқы қазақ әліппелеріндегі математикалық материалдарға, қазақ тіліндегі алғашқы математикалық оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарға, сондай-ақ мерзімді басылымдардағы әдістемелік-математикалық сипаттағы мақалаларға талдау жасалған; ана тіліндегі математикалық терминологияның қалыптасу жолдары қарастырылған.

Осы мәселелердің барлығы  дерлік тұңғыш рет жүйелі түрде ғылыми айналымға түсіп отырғанын ескертіп кетуге тиіспіз.

Зерттеу жұмысындағы  келтірілген жаңа материалдар, теориялық  қағидалар мен қорытындылар (ежелгі және орта ғасырлық Қазақстандағы математикалық  сауаттылық туралы ой-пікір, тәжірибелер; халық педагогикасындағы бастауыш математиканы оқыту жайындағы идеялар; бастауыш математикалық білім берудегі орыс-қазақ және татар-қазақ байланысы; қазақ педагогтарының әдістемелік-математикалық көзқарастары; т.б.) қазақ педагогикасы мен математиканы оқытудың әдістемесі ғылымдарын тың ғылыми деректермен толықтыра түседі.

Зерттеу нәтижелері этнопедагогика элементтерін пайдаланудың теориялық  тұрғыда негізделген және тәжірибеде сынақтан өткен алғышарттары математикалық  білім мазмұнын анықтаудағы және нақты мәселелерді оқытып-үйретудің әдістемесін жасаудағы бағыт және бағдар ретінде оқулықтар және әдістемелік құралдар әзірлеушілерге пайдалы. Сонымен бірге этнопедагогика элементтеріне қойылатын әдістемелік талаптарды басшылыққа алып және ұсынылып тырған этнопедагогика элементтерін пайдаланудың тәсілдері мен әдістерін, олардың дәстүрлі түрлерімен өз тәжірибесінде ұштастыра қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Еңбекте, өкінішке орай оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі проблемалары ескерілмеген. Автордың қазақ этнопедагогикасы материалдары ретінде халық шығармашылығына (ауызекі-поэтикалық, сәндік-қолданбалы өнері), байырғы есептерге берген сипаттамалары олардың тәрбиелік мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді. Оларға сипаттамалар беру барысында оқушылардың танымдық процестерін белсендіруге, дамытуға, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруда да жан-жақты қызмет атқаратындығы мысалдар арқылы дәлелденгендігі және этнопедагогика элементтерін пайдалану әдістемесінің жасалғандығына қарамастан, оқушылардың ақыл-ойын тәрбиелеу аспектілері назардан тыс қалып, негізгі мектепте математиканы оқыту процесінде этнопедагогикалық элементтерді пайдалану әдістемесінің тиімділігінің көрсеткіштері ретінде оқушылардың теориялық білімді және практикалық білікті меңгеру сапасы, математика пәнін оқуға ынтасы мен қызығушылығының қалыптасуы және мотивтерін дамытумен шектелген. Сөйтіп қазақ халық есептеріне деген оқушылардың қарым-қатынасы, осы саладан білімдерінің жүйелілігі мен көлемі, ақыл-ойдың негізгі сапа-қасиеттерінің қалыптасуы, интеллектуалдық іскерліктерінің дамуы жүйелі түрде зерттеу жұмысына арқау болмаған.

Біз жоғарыда талдауға алынған  зерттеу еңбектеріндегі кемшіліктерді  ескере отырып, қазақ халық шығармашылығында, салт-дәстүрінде, идеялары мен көзқарастарында, педагогикалық тәжірибесінде көрініс тапқан халықтың сандар мен оларға амалдар қолдану туралы интеллектуалдық мұрасы болып табылатын мазмұндық сипаттамалар жасадық.    

Қазақ халық педагогикасында  келер ұрпақтың ақыл-ойын дамыту идеясы ғасырлар бойына жинақталып, қорытындыланып келді. Қазақтың ғұлама ойшылдары мен ағартушылары, зиялы қоғам қайраткерлері жас ұрпақтың білімдарлығына, интеллектуалдық іскерліктері мен ақыл-ойының дамуына ерекше мән берген. Қазақ халқының педагогикалық тәжірибесі – ақыл-ой дамуының қайнар көзі. Өйткені ата-бабаларымыз сайын далада жай құрдан құр жүре бермеген, олардың өзіне тән дүниетанымы, сана-сезімі, өмірдегі құбылыстар мен фактілердің мән-маңызын пайымдау, өзінше ой түю, күнделікті тіршілік процесінде пайда болған мәселелердің дайын үлгі бойынша ғана емес, жаңа амал-жолдарын іздестіріп отырғандығы мәлім.

Мектеп жасына дейінгі  балалардың ақыл-ойын дамытуда халықтың даналық ой-пікірлері, көзқарастары, идеялары, салт-дәстүрлері, халық шығармашылығы, ілімдері, педагогикалық іс-әрекет тәжірибесі тәрбие құралдары міндетін атқарады. Олардың қайсысының болмасын танымдық белсенділіктерді дамытуда, ақыл-ой еңбегі мәдениетін жетілдіруде мүмкіндіктері жоғары, өзіне тән мазмұнымен ерекшеленеді.

Даналық ой-пікірлер, көзқарастар, идеялар − ғасырлар сынынан талмай өтіп, бүгінге жеткен рухани байлық. Түркі ғұламаларының, дала ойшылдарының, қазақтың демократ-ағартушыларының, қазақ зиялыларының ой-пікірлері өскелең ұрпақтың танымдық қабілеттерін дамытуда, дүниетанымының негізін қалыптастыруда, білімдерді меңгертуде және оны тәжірибеде пайдалану әдістерімен қаруландыруда орасан зор қызмет атқара алады.

Халықтың ақыл-ой мәселелеріне орай жинақтаған тәжірибесінің қыры мен сыры әзірше толық ашылды деу  қиын. «Қазақ айтса, қалт айтпайды», −  дегендей, оның интеллектуалдық байлығы қаншалықты ұшан-теңіз болса, оны меңгерудегі ақыл-ойды дамыту туралы даналық ой-пікірлер есепсіз мол. Осыған орай сөз қозғағанда, аты әлемге әйгілі түркі ғұламасы Әбу-Насыр әл-Фарабиге соқпай кете алмаймыз.

«Өмірдегі заттарды зерттеуде  адамды абыржудан құтқаратын бірінші тегі, − дейді Фараби, − сан мен шама. Сан мен шаманы қамтитын ғылым – математика». Оның пікірінше, математика «балаларды тәрбиелейді, сезімтал етеді және ғылымдарды оқып-білудің төте жолдарын көрсетеді». Фараби өзінің «Ақыл және ұғым», «Жан қуаттары туралы», «Жанның мәні» атты еңбектерінде танымдық мәні зор жан мен тән, ақыл-ой проблемасы төңірегінде келелі ой қозғаған. Ғұлама адамның жан қуаттарын танып білу, қоректену, түйсіктену, ақыл-парасат қуаты деп бөліп қарастыра келе, «Қиял − адамға аса қажетті жан қуаты. Ол екі түрлі міндет атқарады. Қиял арқылы сыртқы дүние заттарының бейнелері өңделіп, сұрыпталады, бір бейне екіншісіне қосылып, одан жаңа бейне жасалады.    

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті