Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 13:53, дипломная работа
Зерттеу міндеттері:
– ғылыми әдебиеттерге талдау жасау арқылы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
– халық ауыз әдебиеті үлгілерінің оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытуға, тәлім-тәрбиесіне әсер-ықпалын айқындау;
– қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің жүйесін жасап, оны тәжірибеде сынақтан өткізу арқылы ана тілін оқытудың тиімділігін арттыру.
Кіріспе......................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері ........................................................................................6
1.1 Халық ауыз әдебиетін оқытудың теориялық негіздері....................................................................................................................6
1.2 Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың педагогикалық-психологиялық мәні............................................................…...14
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары ……………………………………………………………………….14
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері.........................................37
2.2 Халық ауыз әдебиеті – балаларды тәрбиелеудің кешенді құралы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының қорытындысы...........................47
Қорытынды..........................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................68-70
Екіншіден, ол ойлауға материал береді, түйсікпен қосыла келе адам ойлауының тереңдігін, жан-жақты, орамды болуын қамтамасыз етеді» − деп ой түйеді.
Сондай-ақ жаратылыстану ғылымдарын жан-жақты игерудің мүмкін еместігін атап айтады. Бұл, шын мәнісінде, бүгінгі күні де маңызын жоймаған, өз заманынан бұрын айтылған пікір.
Фарабидің математиканы оқыту мәселелеріне қатысты аса құнды ой-пікірлері «Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиыншылықтарға түсіндірмелер» атты трактатында кездеседі.
Сондықтан да « ... оқытуды сезім денелерден бастаған дұрыс, сонан кейін жай денелерден бастаған жөн, сонан кейін сезімнен тыс алынған денеге көшу
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуға бағытталған қазақ халық педагогикасы материалдарының жіктемесі
2.2 Халық ауыз әдебиеті – балаларды тәрбиелеудің кешенді құралы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының қорытындысы
Қоғамның тарихи даму тәжірибесінің проблемалары үнемі жаңа адам тәрбиелеу міндеттерімен байланысты болып келгенін дәлелдейді. Соның ішінде философия ғылымы адамгершілік тәрбиесін ең негізгі проблема деп қарастырды. Ал, жалпы педагогика мен психология адамгершілік тәрбиесі теориясын жеке адам және қоғам туралы ғылымдардан бөліп қарамайды, оның ажырамас бөлігі деп есептейді. Ол әр уақытта да философия, социология, психология мен физиологияның табыстарына сүйенеді.
Ғылыми диалектиканың
дүниетанымы ілімі адамгершілік
теориясы мен практикасының
Ғылыми дүниетанымның осы заңдылығы балабақшаның білім мазмұнының пәнаралық байланыста құрылуына негіз болады.
Халық педагогиканың әр түрлі жақтарын сөз еткенімізде, алдымен дене тәрбиесін бірінші орынға қоюдың өзіндік себеп, дәлелдері бар. Өйткені адам баласы алғаш дүниеге келген күннен бастап дене тәрбиесі қолға алынады, содан кейін біртіндеп еңбекке, ойынға үйрету тәрбиесі жүргізіледі. Ақыл-ой сол еңбектің нәтижесінде қалыптасып дамиды. Ал адамгершілік тәрбиесі баланың сана-сезімі оянған кезде жүргізілетін тәрбиенің жиынтығы іспеттес.
Адамның жеке басының қалыптасып, саналы еңбек ететін азамат болып өсуі үшін жан тәрбиесі мен тән тәрбиесі қатар қажет. Жан тәрбиесінің өзі тән тәрбиесінен туындайтын процесс. Осыны екі ауыз сөзбен топшылаған ата-бабамыз «тәні саудың – жаны сау» деп қоғамдағы рухани байлықты игеру үшін тән тәрбиесінің дұрыс болуын қалаған.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттрінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды отбасында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған.
Адамгершіліктің пайда болуы және оның ұғымы жөніндегі мәселелер адамзат тарихымен бірге айтылып келе жатыр.
Адамгершілік тәрбиесі
туралы ұғым қоғамның рухани мәдениеттің
бір көрінісі ретінде өмірдің тарихи-
Біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа құрылысын жүргізіп отырған шақта адамдардың адамгершілік саналылығын тәрбиелеу қоғам дамуының басты айқындаушы міндеті болып табылады.
Ғылыми философиялық, психологиялық әдебиеттерде адамгершілік тәрбиесі туралы жалпы тәрбиенің аса маңызды құрамды бөлігі екендігі айқындалған.
Адамгершілік деген ұғым педагогика, психология, философия ғылымындағы арнайы категория, сондықтан мұның анықтамасына талдау жасауда оның қандай фактормен байланысты екенін анықтап алу керек. Ең алдымен, адамгершілік әлеуметтік, экономикалық бағытпен байланысты. Бұл адамгершіліктің әлеуметтік негізін көрсетеді. Тарихқа көз жіберсек, адамгершілік ұғымы көп ғасырлар бойына діни көзқарас негізінде түсіндіріледі, ал қазіргі ғылым адамгершілік ұғымын рухани, мәдени негізде түсіндіреді.
Адамгершілік тәрбиесінің жүйесі сезім, сана және адамгершілік әдет-дағды /категориялары/ ұғымдарымен анықталады. Әсіресе Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында бір-бірімен сабақтастықта байланысты болуы айрықша орын алады.
Балалар мұғалімнің, ата-ананың бас –көз болуымен адамгершілік ережелерді, қағидаларды өзінің күнделікті өмір сүру барысында қабылдайды. Алайда адамгершілік ережелер, үлгілер, нормалар мәңгі өзгермейтін категория емес, ол қоғамдық экономикалық, әлеуметтік жағдайдың, құрылыстың өзгеруіне байланысты өзгеріп, жаңарып отырады.
Тарихқа көз жіберсек, қоғамдық өмірдің дамуында адамзат бойында адамгершілік ең негізгі құндылық болып келеді.
Адамгершілік – қоғамдық дамудың жемісі. Ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды. Бірде-бір адамзат қоғамы адамгершілік тәрбиесінің тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Шығыс философтары мен ойшылдары өздерінің ой-пікірлерінде халықтық педагогиканың негізін қалаған, оның тәлім-тәрбиесінің мәнін ашқан, ұлттық салт-дәстүрдің мәнін дәлелдеген. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдары мәдениет тарихын Орта Азия және Қазақстанның ұлы ойшылдарының еңбектерінен көруге болады. Олардан халықтардың бір-бірімен әдет-ғұрпы, салт-дәстүр тұрғысынан жақындығы ғасырлар қойнауынан орын алатындығын көреміз.
Тәрбие
туралы ой-пікірлер ҮІ
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында /Шоқан, Ыбырай, Абай/ одан кейін ортамызға қайта оралған қазақтың ұлы зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Сейфуллин, т.б. бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл ойшылдар өздерінің шығармаларында адамның адамгершілік сапаларын жан-жақты талдап түсіндіреді.
Адамгершілік, имандылық ғылымдық тұрғыдан қарағанда үйренетін
жайлар аз емес. Міне,
Ы.Алтынсарин /1841-1889/ тарихтағы зиялылар
арасында өзінің ортасында терең
ойы мен ағартушылық
Ыбырай
Алтынсарин қазақ
Дала
ұрпақтарын оқу мен өнерге, мәдениетке,
адамгершілікке тәрбиелеуде Ы.
Мысалы:
Ы.Алтынсариннің «Қазақ
Біздер Ы.Алтынсариннің еңбектерінде белгілі тәрбиелік маңызы бар идеялар, әсіресе адамгершілік қасиет сапалары жан-жақты қамтылғанын білеміз.
Ы.Алтынсариннің
адамгершілікке тәрбиелеу
«Бала, бала, бала! – деп,
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпынтқан,
Суық болса жөргегін
Қорғасын оттай балқытқан
Айналасына ас қойып
Иісін көлдей шалқытқан
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей
Иісін жұпар аңқытқан.
Кім сендерді, балалар, тербететін
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін,
Жалқау болсаң, балалар,
Жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін
Ы.Алтынсариннің
бұл шығармасынан біздер ата-
Абай /1845-1904/ мұрасы – қазақ елінің энциклопедиясы деп аталып, әлемдік тарих төрінен орын алды. Ғұлама ойдың иесі Абай адам тәрбиесінің ең өзекті мәселелерін өзінің шығармаларына арқау еткен. Мәселен; «Ғылым тапбай мақтанба» /1880ж./ деген өлеңінде
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ.
Бес дұшпаның білсеңіз», - деп жаман әдеттерден сақ болуды, ал оның орнына
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз».....
деп жағымды қасиеттерді көрсетеді.
Прозалық және музыкалық– поэтикалық шығармаларындағы ағартушылық идеяларын Абай халыққа, әсіресе жас ұрпаққа кеңінен таратуға талпынды. Әндерінен жалынды ағартушы, ақылгөй дана, қайраткер ақын денесін танимыз.
«Ата-анаға көз қуаныш» әнінде дана, ақылғөй ақын жастарды қайғы –қамсыз, алаңсыз өмір сүрмеуге, оқу – білімге ұмтылып, өз болашақтарын ойлауға, ата-ананың үміті мен сенімін ақтауға шақырады.
Абай
әнші-ақынның идеялық тұлғасын
биік адамгершілік және
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Жоқ-барды, ертіңгіні термек үшін
Көкірегі сенімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін
Мақсатым тіл ұстартып өнер шашпақ,
Наданның көңілін қойып, қөңілін ашпақ
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан сауық, ойда жоқ әуел баста –ақ.
Абай
өзінің жан сырын халыққа
ХХ ғасырдың бас кезінен бастап, қазақ зиялылары өз ұлтының тағдырына ой жіберіп, барлық күш-қайрат, ақыл- ойларын халқын қалайда іргелі елдер қатарына қосуды арман етті.
Бүгінде
ортамызға қайта оралған А.
Халық
педагогикасы туралы ежелгі
Қазақстан Республикасы бойынша халықтық педагогиканың , жалпы педагогика, психология, философия ғылымдарындағы алатын орны, оның тарихи даму жолын ғылыми тұрғыдан мәнін, мақсатын, мазмұнын, методологиялық негізін ашуда елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Қ.Сейсенбаев, Х.Арғынбаев, Н.Сәрсенбаев, С.Ұзақбаева, А.Мұханбаева, М.Балтабаев т.б. Бұл зерттеулерде «Халық педагогикасы» ұғымын әр түрлі мазмұн-мағынада түсіндіріледі.
Халықтық педагогика – көп арналы, қыры-сыры мол, күрделі ғылым.
Ол ұлттық өмірге немқұрайды қарайтын жас ұрпақты қазақтың рухани, материалдық мәдениетін толық меңгерген, тарихын, әдет-ғұрпы, салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіріп, ұлтын сүйетін азамат болып өсуіне қамтамасыз етуге тиіс.
Халықтық
педагогика – тәрбиенің
Ал халық педагогикасының зерттеу негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, ойындары, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады. Бұл анықтамалардан тәрбие мен оқыту жұмысы халықпен бірге өскен бірге дамығандығын сан ғасырлар бойы халықпен қатар жасап, оның озық үлгілерін келер ұрпаққа мирас етіп келе жатқанын білеміз.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті