Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 13:53, дипломная работа
Зерттеу міндеттері:
– ғылыми әдебиеттерге талдау жасау арқылы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
– халық ауыз әдебиеті үлгілерінің оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытуға, тәлім-тәрбиесіне әсер-ықпалын айқындау;
– қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің жүйесін жасап, оны тәжірибеде сынақтан өткізу арқылы ана тілін оқытудың тиімділігін арттыру.
Кіріспе......................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері ........................................................................................6
1.1 Халық ауыз әдебиетін оқытудың теориялық негіздері....................................................................................................................6
1.2 Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың педагогикалық-психологиялық мәні............................................................…...14
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары ……………………………………………………………………….14
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері.........................................37
2.2 Халық ауыз әдебиеті – балаларды тәрбиелеудің кешенді құралы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының қорытындысы...........................47
Қорытынды..........................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................68-70
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1 Мектеп жасына дейінгі
балалардың қазақ халық ауыз
әдебиеті үлгілері арқылы
1.1 Халық ауыз әдебиетін
оқытудың теориялық негіздері..
1.2 Халық ауыз әдебиеті
арқылы баланың сөйлеуін
2 Мектеп жасына
дейінгі балалардың қазақ
2.1 Мектеп жасына дейінгі
балалардың халық ауыз
2.2 Халық ауыз әдебиеті
– балаларды тәрбиелеудің кешенді құралы. Тәжірибелік-эксперименттік
жұмыстарының қорытындысы...................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Әлемдік деңгейде кең қанат жайып келе жатқан ғаламдану процесінде әр халықтың өзіндік бет-бейнесін сақтап қалу, ұлттық ерекшеліктерді қазіргі өркениет талаптарына сай жетілдіру мәселесі зор маңызға ие болып отыр. Халықтың рухани құндылықтарының ақпараттар ағынына төтеп беруі және жан-жақтан еніп жатқан жат түсініктер тасқынына ілесіп кетпеуі үшін жас ұрпақтың білімінің берік, білігінің бекем болуы тиіс. Әрине, ол жалпы білім беретін мекемелердегі оқу-тәрбие жүйесінің қалай ұйымдастырылуына тікелей тәуелді. Әсіресе, қазіргідей пәндік білімге ғана негізделіп отырған оқу процесінде баланың жалпы дүниетанымының қалыптасуы, өміртанымдық дағдыларының жетілдірілуі гуманитарлық пәндердің жаңарған мақсат-міндеттерінен бастап оқытудың әдістемелік жүйесінің әр бөлігінің (білім мазмұны, оқыту түрлері, оқыту әдістері, білім нәтижелері) түбегейлі өзгертілу деңгейіне қатысты екені сөзсіз. Бұл орайда әр ұлттың бүкіл танымдық әлемінің көрінісі, рухани мәдениетінің дамуының тетігі халық ауыз әдебиеті үлгілерінің баланың ішкі сұраным қажеттігіне сай бағытта оқытылуы шешуші рөл атқарады.
Мұны меңгертудің мазмұндық жүйесін саралауда сананы дамытуға, әдістемелік сипатын жетілдіруде білімді баланың ішкі мүддесімен үйлестіруге басымдылық беру қажеттігі айқындалып отыр. Өйткені білім мазмұнында баланың өзіндік ойлау қабілеттерін, жеке көзқарастарын дамытуға тірек болар негізгі өзекті тауып, баланың ұғым-түсініктерін соған сәйкестендіре жүйелеу қандай маңызды болса, баланың білімді өздігінен меңгеруіне, өзіне деген сенімділігін арттыруға, әр түрлі өмір жағдаяттарында дұрыс жол табатындай қажетті іскерліктерді қалыптастыруға бағытталатын жұмыстарды үйлестіре жүргізудің де мәні соншалық үлкен. Соңғы жылдары отандық та, шетелдік те әдіскерлердің еңбектерінде айтылып жүрген ой-тұжырымдарын саралап қарағанда, мынадай әдіснамалық ұстанымдардың ерекшеленіп көрінетіні байқалады: білім беру мақсатының қоғамдық-әлеуметтік сұранымға сәйкестендірілуі; білімді баланың өміріне ең қажетті біліктіліктерін жетілдірудің базасы ретінде жүйелеу; білімді баланың дүниетанымының, болмыс мәдениетінің, жалпы дамуының тетігі ретінде қолдану, оның ішкі мотивациясының негізі ретінде ұсыну; білім жүйесін Мәдениет-Білім-Тарих ұштағанына негіздеу.
Жас буынға халқымыздың қастерлі салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, үлгі-өнегесін, тәлім-тәрбиесін дәріптеу, елдің тарихын, ұлттың мәдениетін таныту, өнерін жаңғырту ең өзекті мәселелер болып табылады.
Республикамызда қабылданған аса маңызды құжаттар «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы» (1994 ж.), «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы» (1996 ж.), «Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы» (1998 ж.) мемлекеттік тұрғыдан қазақ тілінің мәртебесін биіктетіп, тәрбие мен білімнің құндылығын арттырып, бағыт-бағдарларын айқындады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «...біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтыны...» баса атап көрсетілген болатын. Сол үлкен жауапкершіліктің бірі ел тәуелсіздігімен бірге қайта оралған халық мұраларын, оның ішінде қазыналы ауыз әдебиетін терең танытуға басымдылық берілуі заңды.
Ауыз әдебиеті – тәрбие көзі, өнеге-өсиет кені. Халықтық тәрбиенің жас ұрпаққа әсер-ықпалын зерделеп-зерттеу ісімен айналысқан ғалымдардың ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып көрсеткен еңбектері баршылық. Атап айтқанда, А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш», М.Ғабдуллиннің «Ата аналарға тәрбие туралы кеңес», Қ.Жарықбаевтың, С.Қалиевтың «Қазақ тәлім-тәрбиесі», С.Қалиевтың «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» және т.б. еңбектерде бұл мәселе жан-жақты ашып көрсетілген.
Бұл көркем ойлау мен көркем сөздің, озық тәрбиенің үлгісі болатын қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері негізінде оқушылардың сөйлеуін дамытудың жолдарын айқындай отырып, оның білім мазмұнындағы орнын белгілеудің көкейкестілігін дәйектеуге негіз болады.
Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамыту жолдары.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамыту жолдарын айқындау және оны меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін жүйелеу.
Зерттеу міндеттері:
– ғылыми әдебиеттерге талдау жасау арқылы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
– халық ауыз әдебиеті үлгілерінің оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытуға, тәлім-тәрбиесіне әсер-ықпалын айқындау;
– қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің жүйесін жасап, оны тәжірибеде сынақтан өткізу арқылы ана тілін оқытудың тиімділігін арттыру.
Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселелеріне қатысты фольклористикалық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерді зерделеу; оқу-тәрбие үрдісін бақылау; оқу бағдарламалары, оқулықтар мен әдістемелік еңбектерге талдау жасау; оқушылар арасында сауалнама жүргізу; эксперименттік тәжірибе нәтижелерін талдап қорыту.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде: Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың көкейкестілігі айқындалды. Зерттеу жұмысының нысаны, пәні, мақсат, міндеттері, әдістері т.б мәселелері негізделді.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімнің бірінші тарауында халық ауыз әдебиетін оқытудың теориялық негіздері айқындалды. Халық ауыз әдебиетінің өзіне тән ерекшеліктері нақтыланды. Фольклорист-ғалымдардың еңбектеріндегі халық ауыз әдебиетінің мән-маңызы анықтайтын тұғырнамалық ой-пікірлері тұжырымдалды.
Екінші тарау «Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстарының қорытындысы» деп аталып, мұнда жалпы эскперимент жұмыстарына талдау жасалып, нәтижелері шығарылып, қорытындыланды. Эксперимент жұмыстары бойынша ұсынылған сұрау-тапсырма үлгілері, тестік жұмыстар беріліп, олармен жүргізілген жұмыстар көрсетілді.
Қорытындыда: зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері тұжырымдалды. Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары нақтыланып, анықталған тиімді әдіс-тәсілдерді оқу үрдісінде қолданудың жолдары көрсетіліп, тиімді нәтижелері дәйектелді.
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Халық ауыз әдебиетін оқытудың теориялық негіздері
Фольклорлық шығармалардан халықтың дүниетанымы, өмірге көзқарасы көрінеді, халықтың ұғымы мен түсінігі байқалады. Бұны қалыптастыруға, әрине, жалпы білім беретін мектепке дейінгі сатысында мүмкіндік мол. Өйткені «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында»: «Балабақшаның өзінде баланың барлық танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнбе-күнгі өмірінде білім алудың қандай келешегі болатынына оның көзін жеткізу қажет. Бұл кезеңде гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы пәндерді кеңінен енгізу керек, өйткені осы жастағы балалар әсершіл, әрі ұғымтал келеді. Бала балабақшадан кейінгі кезде төңірегіндегі оқиғалар жайындағы әсерін қисынды да жүйелі түрде баяндап, жанындағы адамдармен ешбір қиындықсыз, белсене қарым-қатынас жарауды үйренуге, алған білімін түйсініп, өмірде қолдана білуді талап ететін міндеттерді шешу дағдыларын толық игеруге тиіс», - деген талаптар қойылған.
Халық ауыз әдебиетін халықтың ауызша шығарған, ауызекі айту түрінде таратқан көркем шығармалары құрайды. Ауыз әдебиеті ғылыми термин ретінде «фольклор» деп аталады, мұны алғаш рет 1846 жылы ағылшын ғалымы Вильям Томс ұсынған. Халық фольклорының ішінде қазақ балалар фольклорының өзіндік орны мен маңызы зор. Фольклорлық туындылардың ішіндегі қазақ балалар фольклоры – тек балаларға ғана арналған халықтық шығармалар.
Қазақ әдебиеті энциклопедиясында: «Қазақ балалар фольклоры – ауыз әдебиетіндегі балалар тәрбиесіне арналған халықтық педагогиканың өмір тәжірибесінен алынған шығармалар жиынтығы. Қазақ балалар фольклоры балалардың психологиясына, олардың жас ерекшелігіне қарай қалыптасып, оларды адамгершілік, ізгілік қасиеттерге тәрбиелейтін ең сенімді құрал болып келді. Негізгі салалары – бесік жыры, жаңылтпаш, жұмбақ, өтірік өлең, мақал-мәтел, ертегі, аңыз-әңгіме, батырлық жырлар», - деген анықтама берілген.
Балалар фольклорына негізінен, үлкендердің балаларға арнап шығарған шығармалары, балаларға тән болып кеткен үлкендердің шығармалары және де балалардың өзінің шығармашылығынан туған халықтық шығармалар жатады. Мұндай шығармалардың басты ерекшелігінің өзі балалардың жас ерекшелігін есепке алуынан, баланың жан-дүниесін танытудан көрінеді.
Қазіргі қазақ балалар фольклорын зерттеуші фольклорист-ғалымдар өз еңбектерінде қазақ балалар фольклоры әлі күнге дейін үлкендердің фольклорлық шығармаларынан ара-жігін ажырата қоймаған, фольклортану ғылымында ғылыми-зерттеу тұрғысынан кенжелеу қалып келе жатқан сала екенін атап көрсеткен. Сондықтан да қазақ балалар фольклорын оқытуды халықтық шығармаларға сүйене отырып, оларды мүмкіндігінше өз алдына бөлектей топтап, жіктеп қарай келе, баланың жалпы дамуындағы ізгілік, көркем-эстетикалық құндылықтар тұрғысынан қарастыруды жөн санадық.
Мысалы, М.Дулатов: «Балабақшада алған тәрбиенің әсерлі, күшті, сенімді болуы, қай халықтың мектебінде болса да оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғаттан жазылып, баяндап, оқытудың асыл мақсатына мүафиқ үйретуден, осылай біліп, баяндап айтқанда, балқыған жас баланың ойына, қиялына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, ана тілін анық үйреніп, керекті мағлұматты алып шығады. Мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың медресесінде оқыса да, қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Қандай болса да тіршілігінде қандай ауыртпалық, өзгерістер көрсе де, ұлт ұлы болып қалады», - деп берілетін білімнің маңыздылығын айқын көрсетеді.
Түркі халықтарының әдебиетін жинаушы, әрі зерттеуші ғалымдар В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Ә.Диваевтар да қазақ халық ауыз әдебиетінің мазмұндық, тілдік сипаттарына жоғары баға берген болатын.
Қазақтың белгілі ғалымдары М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, М.Жолдыбаев, Ә.Қоңыратбаев, Ө.Тұрманжанов, М.Қаратаев, Қ.Бекхожин, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин т.б. әдеби мұраларды игеру, зерттеу, жинақтап жариялау, оларды оқулық көлемінде баяндау мәселелерін көтерді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол әр жанрды оқыту барысында айқын байқалады.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің баланың ақыл-ойын байытып, арман-қиялын биіктетуде, халықтың бейнелі тіліне талпындыруда, сұлулық талғамдарын, ізгілік қасиеттерін қалыптастыруда зор маңызы бар.
Ең бастысы, оқуға ұсынылатын ауыз әдебиеті шығармаларын көлеміне, мазмұнына, жанрлық, тілдік ерекшеліктеріне мән бере таңдау, іріктеу, сондай-ақ, баланың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеруді назарда ұстау қажеттігі туындайды.
Әр халық өз ауыз әдебиетінен нәр алады, соған сүйенеді және оны оқу-тәрбие ісінде қолданудың жолдарын, әдіс-тәсілдерін қарастырады. Әсіресе, әлемдік тәжірибеде Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, В.Г.Белинский, М.Горький т.б. сынды көрнекті тұлғалардың ұлт тәрбиесіндегі халықтық шығармалардың мән-мағынасын ашып, оның рөлін айқындаған еңбектері баршаға белгілі.
Мектеп жасына дейінгі балаларға халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту тұрғысында әдіскер-ғалымдар Н.П.Каноныкин, Н.А.Щербакова, Е.А.Адамович, С.П.Редозубов, Н.Н.Шепетова, Н.Н.Светловская, Т.Г.Рамзаева, Т.А.Ладыженская және т.б. өз еңбектерінде қарастырған.
Алайда республика көлемінде қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту әдістемесі жөнінен арнайы ғылыми-зерттеу жұмысының жоқтығын айтуға тура келеді.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті