Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2014 в 12:44, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

Содержание

Кіріспе бөлім....................................................................................................
Негізгі бөлім
І. Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі
1.1. Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі,
қоғамдағы мұғалімнің қызметі...............................................................
1.2.Дене шынықтыру мұғалімінің міндеттері
1.3. Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындығы

1.4.Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіптік шеберлік негіздері

Практикалық бөлім
Әдістемілік нұсқау
Зерттеу жұмысы
Қорытынды бөлім....................
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

мұғалім және оның курс.docx

— 746.52 Кб (Скачать документ)

Жалпы білім – мұғалімнің жалпы мәдениетін көрсететін саяси-қоғамдық білімдарлығы, көркем әдебиеттерді көп  оқығандығы, көркем өнер саласында  т.б. көптеген салалардағы білімдарлығы.

Кәсіптік қызметке өте  қажет арнайы білімді екі топқа  бөлуге болады:

- бірінші  топқа психо-педагогикалық,  медико-биологиялық және спорттық-педагогикалық  білімдер жатады:

- екінші топқа жататындар: А. Теориялық білімдер. Бұлар дене мәдениеті тарихы, дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, гигиена, валеология саласындағы т.б. Арнайы пәндерден алынған білімдер. Ә. Іс-тәжірибелік білімдер. Ол оқу бағдарламасында берілген спорттың  түрлі жаттығуларын орындау шеберлігі. Б. Әдістемелік білімдер. Үйрету және дене қасиеттерін дамыту әдістерін меңгеру білімділігі.

Дене тәрбиесі мұғалімінің  шеберлігі.

Шеберлік дегеніміз –  дене тәрбиесінің барлық қызметтері мен жеке әрекеттерін осы саланың  ережелері мен  мақсатына сәйкес меңгеру. Дене тәрбиесі  мұғалімінің  шеберлігі – жоспарлау, коммуникативтік, ұйымдастыру, гностикалық, қимыл ептілігі деп бөлінеді.

Жоспарлау шеберлігі мұғалімге  келешек іс-әрекетті жоспарлауға, сабаққа  керек дене қасиеттерін дамыту жаттығуларын таңдап, іріктей білуге, оқу-жаттықтыру үрдісін, жарыстар өткізу барысын жоспарлай  білуге үйретеді.

Ұйымдастыру шеберлігі  өз қызметін және оқушылардың іс-әрекеттерін  ұйымдастыру, алға қойған жоспарларды  орындай білуі.

Коммуникативтік шеберлік –  мұғалімнің оқушылармен, әріптестермен, ата-аналармен қарым-қатынасы. Қарым-қатынас  шеберлігінің өзі үш топқа бөлінеді:

- өзара қарым-қатынас  іскерлігі. Ол мұғалімнің адамдармен  қарым-қатынас жасай білуі;

- дидактикалық іскерлік. Ол мұғалімнің оқу материалын  түсінікті тілмен түсіндіруі, сол  арқылы өз пәніне деген оқушылардың  ықыласын ояту;

- шешендік шеберлігі дене  тәрбиесі мұғаліміне білім беру  қызметін іске асыруға қажет.  Ол үшін мұғалім білімдарлықты  және сөйлеу мәдениетін жақсы  меңгеруі  тиіс.

Гностикалық шеберлік мұғалімнің өз оқушыларын жан-жақты тануы, ғылыми-әдістемелік  және оқу кітаптарын пайдалануы, зерттеу  жүргізуі, одан алынған мағлұматтарды  талдауы, өз ісінде қолдануы.

Қимыл шеберлігі. Ол мұғалімнің дене тәрбиесі жаттығулары  техникасын орындауы. Жаттығу техникасын дұрыс, әдемі орындап көрсету оқушыларға қатты әсер береді. Сақтандырудың  техникасы мен қолданбалы жаттығуларды көп білу дағдысы да қимыл шеберлігіне  жатады.

Дене тәрбиесі мұғалімінің  кәсіптік маңызды қасиеттері.

Дене тәрбиесі мұғалімінің  барлық кәсіптік маңызды қасиеттерін  мынандай  алты топтарға бөлуге болады:

Саяси-идеялық  қасиеті. Мұғалімнің дүниетануын, көзқарасын көрсетеді. Ол әрбір оқушының келешегіне жауапты қарауы, өз халқына адал қызмет етуі, өзінің ұстаздық қызметін жақсы көруі, Отанына деген патриоттық сезімі жоғары болуы керек.

Өнегелілік қасиеті. Мұғалім жан-жақты өнегелі қасиеттерге ие болуы керек. Олар: адамгершілік, адалдық, талап етушілік, табандылық, сенімділік және т.б.

Коммуникативтік қасиеті. Тәрбие жұмысында жетістікке жету үшін, әріптестермен, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасау үшін  мұғалімге тіл табысушылық, ізеттілік, тілеулестік т.б. осы сияқты  көптеген қасиеттер көмектеседі.

Жігерлілік қасиеті. Оған жататындар: шыдамдылық, табандылық, өжеттік, қайсарлық, батылдық, тез шешім қабылдағыштық, өзін-өзі ұстай білу және т.б.

Ақылдылық қасиеті. Айқындық және қисынды ойлау, жорамалдау, өнертапқыштық, тапқырлық, ықылас, қою, сөз тапқыштық т.б. Бұл қасиеттер мұғалімге тәрбие жұмысында және кәсіптік қызметінде дұрыс шешім қабылдауға  көмектеседі.

Психоқозғалыстық  қасиеті. Мұғалім көрсететін  көптеген жаттығулар күшті, икемділікті, жылдамдықты, ептілікті керек етеді. Жас ұлғайған сайын осы қасиеттердің бәрі жоғала бастайды, сондықтан дене тәрбиесі  мұғалімі оларды өмір бойы керек деңгейде ұстап отыруы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САБАҚ ЖОСПАРЫ 

 

 

 

 

Сыныбы:  5                                Уақыты:

Сабақ тақырыбы:Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы

Өткізетін орны:    спорт зал

Сабақтың мақсаты  мен міндеттері:

      • Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
      • Оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке, икемділікке, ептілікке тәрбиелеу;

Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын  арттыру.

 

Құрал-жабдықтары: Ысқырғыш, секундомер, т.б.

 

Мазмұны

Мөлшері

Әдістемелік нұсқау

І. Дайындық бөлімі

Сапқа тұрғызу

  • Түзел!
  • Тік тұр!
  • Саламатсыздар ма?!

Жүру жаттығулары:

-қол жоғарыда, аяқтың ұшымен  жүру,

- қол белде, өкшемен жүру;

-қол алда, жартылай отырып жүру;

-қол желкеде, толық отырып  жүру.

Жүгіру  жаттығулары:

  • Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;
  • Қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;
  • Сол қол алда, артпен жүгіру;
  • Қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру;
  • Қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.
  • Екі қолды алға созып, тізені жоғары көтеріп жүгіру.
  • Екі қол  артта, аяқты артқа лақтырып, қолға тигізе жүгіру.
  • Екі қол жанда, аяқты жанға сермеп жүгіру.
  • Сап бойынша жру
  • Тыныс алу жаттығулары.             

Жалпы дамыту жаттығулары:

  • Б.қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;
  • Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз;
  • Б.қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз;
  • Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;

20 мин.

 

 

 

 

 

 

Оқушыларды тексеру, дене киімін қарау.

 

 

 

Қолды бүкпей, толық айналдыру

 

 

 

Аяқты бүкпей орындау

 

 

Денені тік ұстау

 

 

 

 

 

Қолды бүкпей, толық қисаю

 

 

 

 

Көзді ашып, басымызды толық айналдыру.

 

 

 

 

Аяқты бүкпей толық қисаю.

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы:

  • Оқушыларды екіге бөліп спорт алаңын айналдыра жүгірту;
  • «Сөреге!», «Дайындалыңдар!», «Жүгір!» командаларын түсіндіру және орындау;
  • Кеудені дүрыс ұстап, қолдың дұрыс сілтеу және дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасау;
  • Қол мен аяқты айқастыра кең адымдап және қысқа адымдап жүгірту;
  • Оқушыларды бір орыннан жүгірту

20 мин.

 

Оқушылардың сөре сызығында дұрыс  отыруын және сөреден шығуын қадағалау.

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды  бөлім

Сапқа тұрғызу

  • Түзел!
  • Тік тұр!
  • Еркін тұрыңдар!

Үйге тапсырма беру;

Жүйелі түрде бағалау;

Оқушылармен қоштасу.

 

5 мин.

 

Оқушылардың сабақ барысында жіберген қателіктерін айтып, ескерту.

Үйге берілген жаттығулардың орындалуын қадағалау


 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Волейбол. Допты астынан қабылдау және беру тәсілдері

Білімділігі: Волоейбодағы ең негізгі әдістерді үйрету және шеберлікті шыңдау.

Дамытушылығы: Ептілік, икемділік, шапшаңдылық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Волейбол ойынының кең таралуына ықпал ету, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: волейбол добы, ысқырық.

Ұйымдастыру әдісі: топтық

 

Сабақ барысы:

 

Кіріспе дайындық бөлімі /10-12 минут/

 

Сыныпты қабылдап алу.

Сапқа тұрғызу.

Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу.

Сабақ алдында оқушыларды техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Бой жазу жаттығулары

 

Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру, аяқтың сыртымен және ішімен жүру.

Жылдам жүгіру

Екі қолды белге қойып, аяқты алға түзу тастап жүгіру.

Екі қол белге қойып, жартылай отырып жүру.

Сапта баяу жүріп, бастапқы қалыпқа келу жаттығуларын /демді  ішке алу, шығару/ жасау.

 

Әдістемелік нұсқаулар: Оқушылардың спорт киіміне, тәртібіне бұйрықтың орындалуына назар аудару. Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау

 

Негізгі бөлім /20-25 минут/

 

Волейбол ойынының ережесімен таныстыру.

 

Ойыншылардың ойын алаңында тұру тәртібі

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір ойын тобы 6 ойыншыдан  құралады.

 

Ойынды үйрет

 

1 тәсіл

Ойыншыларды қарама-қарсы  сапқа тұрғызып алақандарын біріктіріп ұстату, допты төменнен қабылдау әдістерін  көрсетіп ойыншыларға бірнеше рет  қайталату.

 

 

 

2 тәсіл 

Еденге жақын келген допты  астынан алу

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 тәсіл

 

Допты астынан қабылдау артқа  беру

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 тәсіл

Қауіпті жағдайлардағы допты  астынан алу

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 тәсіл 

Допты астынан қабылдап, жанға қарай айналып кету

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бөлім /5 минут/

 

Оқушыларды сапқа тұрғызу

Сабақты қорытындылау

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Эстафеталық жүгірулер

Мақсаты:                а)Жүгіру элементтері бар эстафета   

                                ойындарын  оқушыларға орындату. Жүгіру кезінде 

                                қосымша жаттығулар орындауға  үйрету.             

                                ә)Қауіпсіздік ережесін мұқият  сақтауға,  

                                ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

                                б)Күш пен ептіліктің дамуын  арттыру. 

Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін

                                жақсарту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Саб. Өтетін орны: Спорт зал

Сабаққа керек  құралдар: Доп, жалауша,шеңбер, секіртпе,

                                          кедергілер, үлкен доп, асық, қоржын.   

 

 

Сабақтың барысы

Жаттығудың орынд.уақыты

Ұйымдастыру,

әдістемелік нұсқау

  І.Ұйымдастыру  бөлімі

 

1.Сыныпты сапқа тұрғызу.

    Мәлімдеме қабылдау

 

2.Саптық жаттығулар.

 

3.Жалпы дамыту жаттығуы.

   а)жүру,жүгіру жаттығулары

   ә)құралсыз орындалатын

      дамыту  жаттығулары.

ІІ. Негізгі  бөлім

Сабақтың тақырыбы. Эстафеталық  жүгірулер.

1.Оқушылардың өздеріне  таныс эстафеталық ойын түрлерін  сұрау. (Толағай;Намыс дода)

Барлық эстафеталық ойындар  адам денсаулығы үшін маңызды әрі  көңілді.

Оқушы тез,тура жүгіру кезінде  бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл  болып, команда мүддесі үшін жақсы  нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді.Сонымен  қатар ойыншының икемділігі мен  төзімділік қабілеттері арта түседі.

2.Сыныпты екі топқа  бөлу,

Эстафеталық жүгірулердің түрлерін таныстыру.

(Әр ойыннан кейін сергіту  жаттығуы ойнатылып тұрылады)

Команда болып жүгіру( пойыз)

Кедергілер арқылы жүгіру

Доп тасу ойыны

«Бақалар» ойыны

Секіртпемен жүгіру ойыны

«Допты ұста» ойыны

«Қос аяқтар» ойыны

«Теңге алу» ойыны

«Мергенде» ойыны

15 минут

 

2 минут

 

 

3 минут

 

10 минут

 

 

 

25 минут

 

 

Сынып оқушыларының сабаққа  дайындығын бақылау.

Жаттығуларды қатесіз  орындату.

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың зейінін сабаққа  аудару.

 

Оқушыларды сұрақ қою  арқылы сабаққа тарту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екі топтағы ойыншылардың теңдігін бақылау.

 

Ойын кезіндегі қауіпсіздік  ережесін ескерту.

 

Мұғалімнің орындап көрсеткен  жаттығу элементтерін, ойын түрлерін мұқият бақылап, тыңдауын қадағалау.

 

Әр ойынды бағалап,қоржынға  асық салынып тұрады.

Сабақтың барысы

 

Жаттығудың орынд.уақыты

Ұйымдастыру,

әдістемелік нұсқау

ІІІ. Қорытынды

 

   Әр қоржындағы  асықтар санын қосып, жеңімпаз  топты анықтап,мадақтау.

   Үйге тапсырма: Эстафеталық  ойындарды түрлендіру.

 

Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды бағалау.  Ойын кезіндегі  кемшіліктерді ескертіп түзету.

 

 

5 минут

 

 

3минут

 

 

Сабақты қорытындылау.

 

«Дарабоз» топты мадақтау.

 


 

І. Негізгі бөлім (Сабақтың жүру барысынан  көрініс  фотолар)    

 

 

ІІ. Бөлім (Сабақтың жүру барысынан көрініс  фотолар)    

 

 

Сергіту сәті                                         Бағалау(қоржыннан асықтарды санау)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Әдістемелік нұсқау

 

1. Оқушыларға білім беру, жаттығуларды ептілікпен, дағдымен  орындауға, оларды өмірде қолдана  білуге үйрету;

2. Дене тәрбиесі жаттығуларының  сабақ кезінде оқушы ағзасына  сауықтыру әсерін тигізуіне тиімді  жағдай жасау;

3.  Оқушылардың адамгершілік  және жігерлілік қасиеттеріне  дене тәрбиесі жаттығуларының  көмегімен  әсер ету;

4. Мұғалім оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына, жаттығу техникасын дұрыс үйренуіне  барлық жағдай жасауы керек.

5. Мұғалім жан-жақты өнегелі  қасиеттерге ие болуы керек.  Олар: адамгершілік, адалдық, талап  етушілік, табандылық, сенімділік және  т.б.

6. Сабақ кезіндегі жүктеме  оқушылардың жасына, жынысына, дене  қуаты дайындығына сай, үйлесімді  болуы керек.

7. Сапқа тұру, рапорт беру, сабақ   міндеттерін түсіндіру.

8. Жалпы білім беретін  мектептерде  мұғалімдердің бір-бірлерінің  сабақтарына қатысуы, сабақ өткізу  туралы пікірлерін айтуы, сабақтарын  талдауы,  бағалауы көбірек жүргізілу  керек.

9. Оқушылардың қиын техникалық  элементтерді орындау алдында  қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, оқушылар шаршаған кезінде демалуға уақыт бөлу;

10. Ықылас қою  және  зейінді   шоғырландыра білу қасиеттерін дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Зерттеу жұмысы №1

 

 

Зерттеудің мақсаттары:  Дене тәрбиесі пәні мұғалімінің құжаттарымен

 танысу

 Зерттеудің  міндеттері: Дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын қарастыру.

- Жылдық жоспар графигін  құру ережесімен таныстыру; 

- Оқу жылының тақырыптық  жоспары таңдау;

- Дене тәрбиесінің сабақ  жоспарының мәнін ашу; 

- Мектепте оқу жұмысына талдау жасау;

- Сабақтың тиімділігін  хронометриялық әдіспен анықтау; 

- Мектептегі бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралардың тиімділігі пайдалану

- Зерттеудің пәні: Мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесі пәнін оқыту

үрдісі.

Зерттеудің обьектісі: Мектептегі дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын жоспарлауды жасау технологиясын анықтау әдістемесі.

 

Дене  тәрбиесі сабағының үлгі құрастырылған жылдық жоспар кестесі

Информация о работе Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі