Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2014 в 12:44, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

Содержание

Кіріспе бөлім....................................................................................................
Негізгі бөлім
І. Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі
1.1. Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі,
қоғамдағы мұғалімнің қызметі...............................................................
1.2.Дене шынықтыру мұғалімінің міндеттері
1.3. Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындығы

1.4.Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіптік шеберлік негіздері

Практикалық бөлім
Әдістемілік нұсқау
Зерттеу жұмысы
Қорытынды бөлім....................
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

мұғалім және оның курс.docx

— 746.52 Кб (Скачать документ)

          Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі

                         

 

  Мазмұны

 

Кіріспе бөлім....................................................................................................

Негізгі бөлім

І. Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі

1.1. Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі,

қоғамдағы мұғалімнің қызметі...............................................................

1.2.Дене шынықтыру мұғалімінің міндеттері

1.3. Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындығы

 

1.4.Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіптік шеберлік негіздері

 

Практикалық бөлім

Әдістемілік нұсқау

Зерттеу жұмысы

 Қорытынды  бөлім....................

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Кіріспе 

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене   тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы  дене  мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

 Дене   тәрбиесінің   әлеуметтік жүйе және қоғамдық  құбылыс есебінде  дене   тәрбиесі  жүйесін, оның қалыптасуы мен  дамуының негізгі заңдылықтарын,  оның қызметі мен құрылымын  танып, білудің қажеттілігі білім  мен  тәрбие  талаптарына сәйкес  өсіп келе жатқан ұрпақтың  дене   тәрбиесін  қамтамасыз  ету үшін керек.  Дене   тәрбиесі  тек мектептегі  дене  шынықтыру   сабағы  ғана емес, ол  сабақтан  тыс, мектептен де тыс денсаулыққа  байланысты шаралар жүйесі екенін  ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім  беру орындарындағы  дене   тәрбиесінің  жүйесі жастардың  денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық  қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне,  өмірге белсенді ұстаным мен  ізгілікті қатынастарын дамытуды  меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме  ғылыми және оқу пәні ретінде  жетекші рөл атқаратын,  дене   тәрбиесі  саласындағы кәсіптік  бағытта болашақ  мұғалімдерді  дайындауды жүзеге асыратын жоғары  оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.

Зерттеу нысаны. Болашақ мұғалімдердің  кәсіби  дайындық  үдерісі.

Зерттеу пәні. Болашақ  мұғалімдерді  оқушылардың  дене   тәрбиесі  жүйесін жүзеге асыруға дайындау.

Зерттеудің мақсаты – оқушылардың дене   тәрбиесі  жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді  дайындаудың әдіснамалық-теориялық негіздерін айқындап, оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау және оларды тәжірибелік–эксперименттен өткізіп, қорытындысын шығару.

Зерттеудің міндеттері:

1. Оқушылардың  дене   тәрбиесін  жүзеге асыруға  болашақ  мұғалімдерді  дайындаудың  теориялық-әдіснамалық алғышарттарын айқындау.

2. Жоғары оқу орындарында  болашақ  мұғалімдерді  оқушылардың   дене   тәрбиесі  жүйесін жүзеге  асыруға дайындаудың теориялық негіздерін анықтау.

3. Болашақ  мұғалімдерді  мектептегі  дене   тәрбиесі  жүйесін жүзеге асыруға дайындауда  болашақ  мұғалімдердің  кәсіби  – шығармашыл тұлғасын қалыптастырудың  құрылымдық – мазмұндық моделін  жасап, өлшемдері мен деңгейлерін және механизмдерін анықтау.

4. Мектеп оқушыларының  дене  мүмкіндіктерімен қозғалыс  қимылдарын ескере отырып  дене   тәрбиесі  жүйесін жүзеге асыруға  болашақ  мұғалімдерді  кәсіби дайындау мазмұнын сипаттау.

5. Оқушылардың  дене   тәрбиесі  жүйесін жүзеге асыруға  болашақ  мұғалімдердің   дайындығын  жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау.

6. Қазіргі кезеңде оқушылардың   дене   тәрбиесі  жүйесін жүзеге  асыруға болашақ  мұғалімдерді  дайындаудың тиімділігін тәжірибелік  тексеруден өткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 І. Негізгі  бөлім

І. Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы  рөлі

 

      Мұғалімнің  жақсы даярлығы-оны жақсы өткізудің  кепілі.

      Мұғалім  сабаққа оқу жылы басталмастан  бұрын даярланады.

      Ең алдымен  ол оқу бағдарламасымен танысады.Мұндағы  мұғалім мектептің ауа-райы,табиғат  жағдайын ескереді.Сабаққа даярлану  барысында мұғалім әдістемелік  әдебиетпен,өзге мұғалімдердің шеберліктерімен  таныса отырып,ең жақсы дегенін  өз жұмысына енгізеді.

Сабаққа даярлануда сабақ  жоспары құрылады.Сабақтың нақты  білімділік мақсаты анықталады.Мақсат нақты және түсінікті болу керек.Мысалы,мәлімдеме  беру мен таныстыру,тіркеме адымдар  жасау,т.б.сол сияақты.

Егер өтілген жаттығулар қайталанатын болса,онда сабақтың жоспарында қайталау сабағы деп жазылады.Және де не себеппен,не үшін қайталап жатқаны  ашылып жазылады.

   Сабақта қандай  жаттығулар өтетінін анықтап  алған соң ең алдымен негізгі  бөлімге кіретін жаттығулар анықталады.Жаттығуларды  таңдау барысында жаттығулардың  жасалу ұзақтығын ескерген жөн.Ол  қимыл-қозғалыс іскерліктерін қалыптастыруда  шешуші рөл атқарады .

  Сабақ жоспарында  сонымен қатар қай жаттығу  неше рет қайталанып жасаланатын  және үйге қандайжаттығу берілетінін  анықталып жазылады.

Мұғалім сабаққа дайындық кезінде жаттғуларды өткізу әдіс тәсіліне көп-көңіл бөледі.Ол үшін мұғалім  әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қарастырады.

Мұғалім сабақ кезінде  өзінің қай жерде тұратынын,сабақты  қалай бақлайтынын және де оқутшылар  жаттығу жасап жатқан кезде қай  жерде тұратынын алдынала шешіп  алады.Мұғалім сабаққа даярланғанда жоспардағы жаттығуларды өзі жасап  көреді.Бұл бір жағынан өзін-өзі  тексеруге мүмкіндік береді.

    Белсенділік сабақтың  жақсы өтуіне көмектесетіні бәрімізге  белгілі.Сондықтан мұғалім балалардың  белсенділктерін жоғарлатуға тырысу  керек.Егер мұғалім сабақ жоспарына  құрал-жабдықтарымен орындалатын  жаттығуларды енгізсе,онда мұғалім сабақ басталмас бұрын оқушыларды отілетін жатығулармен және құрал-жабдықтармен таныстырып өтеді.Мұғалім сабақта оқушылармен қауіпсіздік ережесін сақталуын қадағалайды.

  Егер дене тәрбиесі  сабағында музыкалық сүйемелдеуді  дұрыс және орынды қолданса,онда  сабақ үлкен жетістіктермен аяқталады.Дене  тәрбиесі сабағында музыкаоқушылардың  көңіл-күйін көтеріп жаттығуларды  дұрыс орындауға көмектеседі,оқушылардың  сезімдерін тәрбиелейді.

  Сабақты әр түрлі  музыка аспаптарымен сүйемелдеу  арқылы өткізуге,үнтаспа қолдануға   болады.

  Музыкамен орындалатын  жаттығулардың түрлері өте көп.

  Мысалы,жүру,жүгіру,би,би  қадамдары,ырғақты жаттығулар,өрмелеу,секіру,тепе-теңдікті  сақтау жаттығулары,ұзын және  қысқа секіртпемен секіру.Музыкалық  сүйемелеуді ойын барысында да  қолдануға болады.Ол оқушыларды  ойынға қызықтырып,оқушылардың   көңіл-күйін көтереді.

 Музыкалық сүйемелдеудің  нәтежелі болу мұғалімнің әнді  немесе үнтаспаның таңдауымен  тығыз байланысты.Сонымен қатар,мұғалім  сабаққа даяарланғанда  сабақтың  қай жерде өтетінін шешеді.Яғни,алаңда  ма,әлде жабық жерде өтетінін  анықтайды.Егер сабақ алаңында  өтіп жатқанда ауарайы бұзылып  кетсе,сабақты спорт залда жалғастыруға  тура келеді.Сондықтан да мұғалім  алдынала сабақтың өтетін орнын  даярлау керек.

Дене сабағы сабақ кестесінде орналасу ретінің маңызы бар.Егер дене сабағы сабақ кестесінің ортасында,ең басында тұрса онда мұғалім сабақты  ертерек аяақтауы керек.Оның себебі оқушылар келесі сабаққа киініп,даяр отыру үшін жасалады.

 Мұғалім өзінің сыртқы  бейнесіне де назар аударуы,сабаққа  таза киініп,ұқыптылығымен балаларға  үлгі болуы керек.Содан, балалар  да мұғалім сияқты әр сабаққа  дайын болады.Балалар сабаққа  спорт киіммен келіп, кез келгенмұғалімнің  тапсырған жаттығуларын орындауға  даяр болу керек.Оқушыларға қажетті  мағұлмат беру үшін олармен  қысқа әнгіме жүргізеді.Тек сонан  кейін сабақ басталады.Сабақта  алған мағұлматтарын іс-жүзінде  іске асыруы.

 Балалармен әнгіме  барысында олардың қай жерге  киім ауыстыратындарын көрсету  қажет.Киімдерін қалай тұру керек  екенін айтады.Осы тәртіп сабақтың  аяғындада сақталады.

Әр сабақ жоспарында күн  реті,сабақ саны,мақсаты,өтілу орны,құрал-жабдықтары,мазмұны,жаттығу  ұзақтығы айқын көрсетіліп жазылады.

Мұғалім сабаққа даярлану барысында сабақ кезіндегі денеге түсетін салмақты ескереді.

Педагогикалық білім беруді дамыту – білім беру әдістері мен  тәсілдерін меңгеру, оқытумен қатар, болашақ  мұғалімнің  оқушы белсенділігін дамытуды жоспарлап, шәкірттерінің іскерлігін қалыптастыруға дайындау. Оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысы теорияның тәжірибемен байланысы принципінде құрылады. Ол студенттердің теориялық білімдері мен тәжірибелік іскерліктері, дағдылары жүйесінің арасындағы қажетті байланысты білдіреді.

Осыдан жоғары оқу орындарындағы  педагогикалық тәжірибе ерекше, ал ол болашақ  мұғалімдерді  дайындау уақытының үштен бір бөлігін алады.

Педагогикалық және әдістемелік  әдебиеттерде педагогикалық тәжірибені жетілдіру мәселелері көрсетілген. Педагогикалық және әдістемелік  әдебиеттерді саралау арқылы педагогикалық  практиканың мүмкіндіктерін, ұйымдастырудың өзекті әдістеріне талдау жасалынды. Педагогикалық  тәжірибе болашақ  мұғалімдерге  тәрбиелік әсері аса зор, ол студенттің идеялық сенімін, адамгершілік бейнесін қалыптастырады. Студенттер педагогикалық  тәжірибеге дейін ғылыми - педагогикалық  нақты білімдер алады. Болашақ  мұғалімдердің  педагогикалық даярлықтар жүйесін  жетілдірудің міндеттері, олардың теориялық  білімдерімен қаруландыру ғана емес, олардың алған білімдерін мектепте, педагогикалық тәжірибе кезінде  қолдана алуы. Педагогикалық тәжірибе болашақ  мұғалімдер  мен сынып  жетекшілерін дайындаудың басты  кезеңі. Олардың мұғалімдік және сынып  жетекшілік қызметтерін орындай  отырып, алған білімдерін  сабақтарда , сыныптан тыс жұмыстарда және ата-аналар арасында насихаттауға толық мүмкіндіктері  бар. Студенттердің теориялық алған  білімдерін педагогикалық тәжірибе кезінде шығармашылықпен қолдануы бұл болашақ  мұғалімдердің  кәсіби толысуына әсері зор.

Болашақ  дене   тәрбиесі   мұғалімдерін  оқушылардың  дене   тәрбиесі  жүйесін жүзеге асыруға  дайындау мәселесі бойынша жүргізілген  зерттеулеріміз “Оқушылардың  дене   тәрбиесі  жүйесін жүзеге асыруға  мұғалімдердің   дайындық моделін» жасауға мүмкіндік береді.

Модельдің мазмұнын мотивтік, мазмұндық, процессуалды-іс-әрекеттік, рефлексиялық бақылау бірліктері құрайды.

Мотивтік компонент –  дене   тәрбиесі  жүйесін жүзеге асыру қажеттілігін сезінуі, педагогикалық  іс-әрекетке тұрақты бағдарының болуы, оқушылардың  дене  мүмкіндіктері  мен қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ажырата білуге деген қызығушылығы,  дене   тәрбиесі  жүйесі туралы өз бетінше білімін көтеруге деген ұмтылысы.

Мазмұндық компонент –  оқушылармен  дене   тәрбиесі  жүйесін жүзеге асыру туралы ілімі, оқушылардың  дене  мүмкіндіктері мен қозғалыс қимыл

ерекшеліктерін білуі, оқушылармен  дене   тәрбиесі  жүйесін жүзеге асыру туралы әдістемелік сауаттылығы, жаңашылдық, кәсіби құзіреттілік.

Процессуальды-іс-әрекеттік  компоненттер –  дене   тәрбиесі  жүйесін жүзеге асыруда педагогикалық  жағдаяттарды шешу, оқушылармен мектепте, сыныптан тыс жұмыстарда, мектептен  тыс жұмыстардағы  дене   тәрбиесін  ұйымдастыру ерекшеліктерін меңгеруі. Оқушылардың  дене  мүмкіндіктері  мен қозғалыс қимылдарын ескере отырып,  дене   тәрбиесіндегі  жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана алуы.

Рефлексиялық – бағалау  компоненті – педагогикалық рефлексияны  меңгеру,  дене   тәрбиесі  жүйесін  педагогикалық талдауы, шығармашылық

ізденімпаздық,  дене   тәрбиесінде   дене  мүмкіндіктерін талдау білімділігі,  дене   тәрбиесі  жүйесі туралы білімі мен біліктілігін жетілдіруге ұмтылуы.

 

 

 

1.2.Дене шынықтыру мұғалімінің міндеті:

 

  • еңбекті қорғау бойынша курстан өту;
  • гимнастикалық саймандар мен жабдықтарды бақылап қатысушыларды қабылдау;
  • оқу үрдісін өткізу шарттары жақсару бойынша жаттығуды орындау;
  • еңбекті қорғау жөніндегі ережені тәрбиеленушілерге үйретуді  ұйымдастыру;

 

Дене шынықтыру  мұғалімінің білу тиіс міндеті:

 

  • әр оқушыны жағдайына қарай даярлау;
  • оқушылар дәрігерлік қарау бойынша қорытындысын әкелу;
  • оқушылар дәрігерден рұқсат қағазын алған соң дене тәрбиесі бойынша жаттығулар жасау және босатылған сабақтарын белгілету;

 

Сабақ өткізу алдындағы  қауіпсіздік талаптары:

 

  • міндетті түрден нұсқаулықты тіркеп немесе журналды тіркеп сабақ кезіндегі қауіпсіздігі бойынша оқушыларға (жарты жылда 1 рет) нұсқаулық өткізу;
  • ұлдар мен қыздардың жеке-жеке киінетін бөлмелерін таныстыру;
  • барлық оқушылар киінгеннен соң киінетін бөлмені кілтпен бекіту;
  • оқушылардың киінетін бөлмедегі тәртіп ережесін сақтауын тексеру;
  • білім үрдісін өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • жабдықтардың бекітілуін және сенімді орналасуын, спорттық  құрал-жабдықтардың жөнделуін тексеру;
  • спорт залда сабақ өту алдында қосымша есікті тексеру керек:
  • дене жаттығуын орындау алдында қауіпсіздік шарасын қарастыру:

Информация о работе Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі