Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2014 в 12:44, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Кіріспе бөлім....................................................................................................
Негізгі бөлім
І. Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі
1.1. Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі,
қоғамдағы мұғалімнің қызметі...............................................................
1.2.Дене шынықтыру мұғалімінің міндеттері
1.3. Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындығы
1.4.Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіптік шеберлік негіздері
Практикалық бөлім
Әдістемілік нұсқау
Зерттеу жұмысы
Қорытынды бөлім....................
Пайдаланылған әдебиеттер
Сабақ өту кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
Қолайсыз жағдайлар мен оқыс жағдайлардың қауіпсіздік талаптары:
Сабақ аяқталу кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
Мұғалім міндетті түрде:
Кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі сабақтарын
ұйымдастыру әдістемесі
Кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру әдістемесін қолдануды үйрету кезінде біз бір ғана кәсіптік мамандық иелерін дайындау әдістемесін мысал ретінде алуды ұйғардық. Ол мамандық – темір жону мамандығы. Темір жону, темірден әр түрлі қажет бөлшек-бұйымдар жасау, үстел үстінде орнатылған әр түрлі токарлық, фрезерлік, темір тесетін, кесетін, жонатын станоктарда орындалады. Осы мамандықтардың негізгі ортақ белгілері: дене қалыптары мен тұрыстары және адам ағзасына қойылатын ортақ талаптардың ұқсастықтары. Темірмен жұмыс істейтін жұмысшы темірден жонып, күрделі, әр түрлі формалы зат шығару үшін қолмен дәл және үйлесімді әрекет істеуі керек. Сапалы бөлшек шығару үшін өз ықыласын бір жерге шоғырландыруы қажет, осы мамандық иелерінің дене қуаты нашар дамығандарында мынандай кәсіптік аурулар көп кездеседі. Олар: тұлғаның, мүсіннің қисаюлары, табан жалпақтығы, қан айналу жүйесінің бұзылуы.
Болашақ темір жону
мамандығы жұмысшыларын
иық деңгейі, дене, арқа бұлшық еттері күшін дамыту;
- тік, түзу тұра білу, қолмен үйлесімді жұмыс істей білу және қол төзімділігін дамыту;
ықылас қою және зейінді шоғырландыра білу қасиеттерін дамыту;
кәсіптік ауруларды
Жаттығуларды көп рет қайталау арқылы жалпы төзімділікті дамытамыз. Ол үшін әр түрлі спорт түрлерінің жаттығуларын қолданамыз. Ол спорт түрлерінің жаттығулары: 500,1000, 1500, 2000 метрлерге жүгірулер; кедергі қойылған жолдармен жүгіру; спорт ойындары (регби, баскетбол, футбол, хоккей); шаңғы спорты; суда жүзу; эстафеталар; туризм; конькимен жүгіру.
Тік, түзу тұра білу, статикалық төзімділік, иық деңгейі, дене, арқа бұлшық еттері күшін дамыту мынандай жаттығулар арқылы орындалады: көп рет секірулер, әр түрлі қалыпта секірулер (оң, сол аяқ, отырып, тұрып, басқа түрінде, салмақты оң сол аяқтарға ауыстыра секірулер т.с.с.).
Зейін салу және ықыласты шоғырландыра білу, нерв үрдістері жылжымалылығын дамыту үшін дыбыс және көру белгілері бойынша басталатын мынандай жаттығулар орындалады: ысқырық белгісімен еденнен тіреле жатып итерілу; 20 метрге үдей жүгіру; жалауша сермелген кезде тез отырып, тұру; 10 метрге үдете жүгіру; 3 метр қашықтықтан теннис добын бір-біріне лақтыру (лақтырылған доптан оңға, солға, еңкейе, отыра қалып, шегіне жалтарулар); допты тез алып жүру жаттығуларымен берілетін эстафеталар; қозғалмалы ойын «доп өз адамыңа»; екі доппен баскетбол ойынын ойнау.
Қозғалыстың дәлдігі мен үйлесімділігін, кеңістікті бағдарлау, бұлшық ет күшін бағыттай білуді дамыту үшін мынандай жаттығулар беріледі: қабырғаға лақтырылған теннис добын біресе оң, біресе сол қолдармен қағып алу; қарама-қарсы тұрып баскетбол добын әр түрлі қалыптарда лақтырып, қағып алу (екі қолмен желкеден, жерге соғып, екі қолмен кеудеден, оң және сол қолмен); баскетбол добын шығыршыққа, нысанаға көздеп лақтыру; әр түрлі көлемдегі доптармен жаттығулар орындау; допты көзді жұмып алып жүру; алдыға аунап түсіп допты қағып алу; екі допты алма-кезек жоғары лақтырып, қағып алу; эспандерлармен жаттығулар; қозғалмалы ойындар («өз туыңа», «өз затыңа» жүгіру); шаңғымен таяқтарға күш сала тіреліп, итеріліп жүру.
Денені кеңістікте басқаруды және ерік күшін тәрбиелейтін жаттығулар: қолдарды желкеде ұстап, аяқтың ұшымен, өкшемен, оң жақ, сол жақ қырымен жүру; етпеттеп жатып, басты жоғары көтеріп шалқаю; ағаш аттың үстінен ауада аунап түсе секіру; бір арқаннан екінші арқанға ауыса өрмелеу; биік жерде тұрып, төмен секіру; 30-40 см биіктіктегі кедергіден ұзындыққа секіре аунап түсу; жекпе-жек жаттығулары; теннис добын бір-біріне лақтырулар.
Біз бір ғана мамандық иелеріне арналған кәсіптік-қолданбалы дене жаттығулары және ол мамандыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру, кәсіптік қолданбалы дене тәрбиесі әдістемесін ұйымдастыру туралы сөз қозғамақпыз. 12 жылдық оқыту үрдісі кезіндегі соңғы екі жылда әр мектеп өз мүмкіншіліктері бойынша таңдап алған кәсіптік түрлеріне оқушыларды даярлайды. Сол кезде кәсіптік-қолданбалы дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, негізгі керек қозғалыс әрекеттерді, дене қасиеттерін дәл анықтау, соларды дамытуға қажет дене жаттығуларын тиянақты, сауатты іріктеу, ұйымдастыру әдістемесін жақсы білудің маңызы зор.
1.3.Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындығы
Сабақтың ойдағыдай өтуі мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Дайындық төмендегідей іс-әрекеттер арқылы орындалады.
Сабақтың міндетін анықтау. Дене тәрбиесі әдістемесінде барлық сабақтардың міндеттері бағытына байланысты білім беру, сауықтыру және тәрбиелеу деп үш топқа бөлінеді:
- білім беру міндетінің
мақсаты – оқушыларға білім
беру, жаттығуларды ептілікпен, дағдымен
орындауға, оларды өмірде
- сауықтыру міндеттерінің
мақсаты – дене тәрбиесі
- тәрбиелеу міндеттерінің
мақсаты – оқушылардың
Осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, әр сабаққа жеке міндеттер қойылады. Ол міндеттер сабақ өткізілетін кездегі тоқсандық жоспар - кестеге, спорт түріне байланысты алынады. Сабақ қызықты, тартымды болуы үшін құрастырылған түрде алынып, бір сабақ аясында жаттығу техникасын үйрену, өткен сабақтарда үйренген жаттығулар техникаларын жетілдіру, бір дене қасиетін дамыту сияқты міндеттер кешенді алынса дұрыс болады. Мысалы:
төменгі сөреден жүгіру техникасын үйрету;
жүгіріп келіп ұзындыққа секіру техникасын жетілдіру;
дене қасиеті – жылдамдықты дамыту.
Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау. Мұғалім әр міндетті орындау үшін спорт түрінің негізгі жаттығуларының техникасын үйретуге, жетілдіруге керек жетекші дайындық, бейнелеу жаттығуларына көңіл бөлуі қажет. Ол жаттығуларды орындату үшін дене тәрбиесі әдістерін, амалдарын тиімді қолдана білуі шеберлігі мен іскерлігін меңгеруі керек.
Әдістемелік-ұйымдастыру
шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім
оқушылардың әрекеттерін тиімді
ұйымдастыру түрлері мен
Жоспар-конспекті жазу. Сабақтың жоспар-конспектісі жалпы қабылданған үлгі бойынша, оқушы дәптерінің қос бетіне көлденеңінен жазылады. Жоспардың төрт бағанасы дұрыс, сауатты жазылып, толық толтырылуы керек. Конспектіде көрсетілген жаттығулар, әдістемелік нұсқаулар қысқа, нақты, түсінікті жазылғаны дұрыс.
Қимыл-қозғалыс дайындығы. Мұғалім мекеп бағдарламасында кездесетін барлық жаттығуларды көрсете алуы керек. Сондықтан да мұғалім сабақта үйрететін жаттығуларды қайталап, өз мүмкіншілігін әрдайым тексеріп отыруы қажет.
Теориялық және сөйлеу дайындығы.
Мұғалім оқушыларға берілетін
теориялық білімді жақсы
Сабақты материалдық жағынан қамтамасыз ету. Керек құрал-жабдықтарды дайындау, жаттығуларды үйрету жолдарын техникалық құралдармен жабдықтау, сабақты спорттық снарядтармен толық қамтамасыз ету т.б.
Көмекшілерді даярлау. Төрешілермен, команда капитандарымен, спорт мамандарымен тұрақты жұмыс істеу. Кезекшілерді даярлау. Мұғалімнің әрбір көмекшісі өзінің міндетін жақсы білуі және дәл уақытында орындауы керек. Ұстаз әрбір сабақ алдында оларға нұсқау береді, жаттығуды дұрыс орындауды тапсырады, сақтану әдістемесін үйретеді.
Сабақтан босатылған оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру шаралары. Ол оқушылар мұғалімнің теориялық мәліметтерді баяндауын, әр жаттығудың ағзаға қалай әсер ететіндігін, ойын ережелері, дене қасиеттерін дамыту әдістемесі туралы түсіндірген сөздерін тыңдаулары керек. Мұғалімнің ойын барысын талдауын ұғынулары, сабақ барысындағы жаттығу техникасын көруі, балалардың жаттығу орындауларын бақылаулары керек. Олар бос отырмай мұғалімнің сұрақтарына жауап беруі, сабақ өткізетін орынды дайындауға көмектесуі, қазылық жасауға қатысулары қажет. Бұл шаралар сабақтан босатылған оқушылардың оқу бағдарламасы мен өтіліп жатқан сабақтардың материалдарын толық біліп отыруларына көмектеседі, оқушылардың бос жүріп, тәртіп бұзуларына жол бермейді.
Мұғалімнің өзінің сыртқы түріне, киім киісіне ұқыпты қарауы.
Оқушылардың қимыл-әрекеттерін
ұйымдастыру әдістері. Оқу барысын
басқару қызметін орындай отырып,
мұғалім оқушылардың сабаққа
белсенді қатысуына, жаттығу техникасын
дұрыс үйренуіне барлық жағдай жасауы
керек. Осы мақсатпен әр түрлі
оқу жұмыстарын ұйымдастыру әдістері
қолданылады. Олар: топтық, даралық, айналмалы,
фронтальдық әдістер болып
Фронтальдық әдіс. Бұл әдіс кезінде жаттығушылардың бәрі бір мезгілде, бір тапсырманы орындайды. Оқушыларды жаңа оқу материалдарымен таныстырғанда, сақтандыру мен көмекті керек етпейтін қарапайым жаттығуларды үйренгенде, жақсы меңгерген қозғалысты жетілдіргенде осы әдіс қолданылады. Оқушыға қимыл-әрекетті көп орындату, сабақ тығыздығын жоғарылата алу мүмкіншілігі фронтальдық әдістің құндылығын арттырады. Фронтальдық әдістің негізгі нұсқалары: жаттығулардың тапсырманы бір уақытта бәрінің бірге орындауы, жаттығуларды кезектесе орындауы, жаттығуларды толассыз және ауысумен орындауы:
- бір уақытта орындау
кезінде барлық оқушылар бір
жаттығуды санақ бойынша,
- дене тәрбиесі жаттығуларын
кезектесіп орындауда екіден, үштен
өзара көмектесе, өзара
- жаттығуларды толассыз
орындау кезінде алдыңғы оқушы
жаттығуды аяқтамай, келесі оқушы
жаттығуды бастап жібереді (мысалы,
алдыға аунап түсуді
- ауысымды жолмен жаттыққанда
барлық оқушылар бірнеше
Күрделі жаттығуларды тереңдете
үйренгенде топтық әдіс қолданылады. Бұл
кезде барлық жаттығушылар жынысына,
дене дайындығы деңгейіне байланысты
бірнеше ұсақ топтарға бөлінеді.
Әрбір топ мұғалімнің бақылауымен
түрліше тапсырмаларды
Оқушылардың тапсырма алып, жеке өз бетімен дербес орындауын дара ұйымдастыру әдісі дейміз. Көбінесе жеке тапсырма дене дайындығына, денсаулығына байланысты беріледі.
Айналмалы орындау әдісімен ұйымдастыру деп жаттығушылар топтарға бөлініп, берілген тапсырманы бір «бекеттен» келесі «бекетке» шеңбер бойымен ретті түрде ауыса отырып орындауларын айтамыз. Бұл әдіс өткен материалдарды бекіту үшін және қасиеттерін дамыту үшін қолданылады.
1.4.Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіптік шеберлік негіздері
Дене тәрбиесі сабақтарын сапалы өткізуде мұғалімнің кәсіптік шеберлік деңгейі шешуші рөл атқарады. Ол мұғалімнің білімі, шеберлігі мен кәсіптік маңызды қасиеттерінен құралады.
Дене тәрбиесі мұғалімінің білімі.
Білім – мұғалімнің педагогикалық қызметінің мүмкіншіліктерін көрсетеді. Дене тәрбиесі мұғалімнің білімдарлығы жалпы және арнайы білімдерден тұрады.
Информация о работе Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі