Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 18:55, курсовая работа
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды
Кіріспе
4
1 Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы
6
1.1 Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты
6
1.2 Адамгершілік тәрбиесінде халықтық педагогиканың орны
10
2 Халықтық педагогика негізінде адамгершілікке тәрбилеу
16
2.1 Тәрбие үрдісінде салт – дәстүрлердің тәрбиелік мәні
16
2.2 Жүсіп Баласағұн еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері
21
Қорытынды
23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы біздің балабақшада эқсперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.
«Өзін-өзі тану» пәні - баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді [17].
Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үйлесіне тимек.
Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті - халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде «Өзін-өзі тану» курсының ерекше.
Балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал, көркем шығармалар хрестоматиясы және балалардың дәптерінен тұратын бұл оқу - әдістемелік кешен «Өзін-өзі тану» курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Сабақтардың негізгі құрылымдары «Амандасу рәсімі», «Шаттық шеңбері», «Көңіл күйді көтеру» сабақтың негізгі мазмұны «Сергіту сәті», «Тыныштық сәті»,«Ойын», «Дәйексөз», «Шығармашылық тапсырма» ұжымдық жұмыс, дәптермен жұмыс, жүректен-жүрекке шеңберінен тұрады .
Ата-аналарға ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен сауат ашу, математика, тіл дамыту сабақтарын қайталау үшін ұсынамыз. «Сөзді кішірейтіп айт», «Кәне сөз іздейік», моншақтан жасалған әріптерден сөздер құрастыру.
«Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық [18].
Адамгершілік тәрбиесі – тәрбие бағыттарының ішіндегі ең күрделісінің бірі. Адамгершілік тәрбиесінде дінге сүйенбеу мүмкін емес. Адамгершілік заңы Аллаһтың адам баласына түсірген кітаптарының негізінде жатыр. Адам баласының жалған дүниеде және ахіреттегі бақытқа қауымдастыратын керекті өнегелердің нелерден тұратындығын білдіріп, құлшылық міндеттерін түсіндіреді. Адамгершілік - әдептілік ілім негізінде тұлға бойындағы рухани – адамгершілік қалыптастырудың дұрыс жүрмеуінен және өзінің өзегінен жасанды коммунистік идеялармен айырылып қалған адамгершілік мәселесі жағымсыз, нашар адамгершілік келбеттің пайда болуына душар етті. Жақсылық пен жамандық ой мен іс-әрекеттер оның парқын жіті түсінбеуден болады. Басты мұрат – метериалдық құндылық деп бой алдырушылықтан – қанағатсыздық, ысырапшылдық, атаққұмарлық, парақорлық, сыбайлас жемқорлық және т.б қасиеттерді көреміз. Құмар ойнау, шарап ішу, анаша, шылым шегу, жезөкшелік сияқты жаман қасиеттерде тән мен жан құмарлығын тежей алмау амалдарының әлсіздігі мен дұрыс қалыптаспауынан және адамгершіліктік сананың жетілмеуіне тән құбылыс
Қай заманда болмасын адамзат
алдында тұратын ұлы мұрат-
Адамгершілік тәрбиесінің
әрқайсысының ерекшеліктерін жетік
білетін ұстаз халық
2.1 Тәрбие үрдісінде салт – дәстүрлердің тәрбиелік мәні
Халық ұрпақтан-ұрпаққа өзінің қоғамдық, әлеуметтік тәжірибелері мен рухани байлығын қалдыра отырып, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәденитетінің тарихын да жасайды.
Мұндай сабақтастық жас ұрпақтың өзіне дейінгі адамзат жасаған игіліктерден өзіне қажеттісін іріктеп алып, ұлттық тәрбиеміздің қайнар бұлағының тереңіне бойлап, сол бұлақтан бойға қуат алу жаңа уақыт талабына сай тарихи құндылықтарды жан-жақты байыта түсуіне мүмкіндік береді. Бұл сияқты тарихи үрдісте халық тек жасампаз күш ретінде ғана емес, әрі сол құндылықтардың дара және тауысылмас бұлағы, жыршысы мен философы ретінде де көрінеді. Біз ұлттық салт-дәстүрді қалптасқан жүйесі бар, өмір ағымында адамдар жинақтаған белгілі бір білім-білік, дағдылардың бір ұрпақтан келесесіне беріліп отыратын тәрбиенің әдіс-тәсілдерінің бірлігі ретінде қарастырамыз. Адамзат жаралғаннан бастап ол өзіне ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлердің негізінде бала тәрбиесіне қойылатын жаңа талаптармен толығып отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларды өз халқының ұлттық мәдениеті, оның салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеуде шешімін табуға тиіс мәселелер баршылық. Бұл мәселе ұлттық сананың оянуымен, демократиялық қоғамның жаңа адамға деген қажеттілігімен, ұлттық мәдениетінің жандануымен, балаға өз халқының рухани байлығын сусындатумен байланысты туындап отыр.
Халықтық салт-дәстүр –
қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік
қарым-қатынасындағы ең қымбат қазына.
Халық үшін тәрбие – тұтас дүние.
Оның мақсаты – адам тәрбиелеу. Балаларға
ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-
Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық, мейірімділік, ана сүтімен, ана тілімен орныға бастайтын аян. Сол себепті халық даңалығы: «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деуі заңды. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, ауыл болып көңіл бөлген. Мысалы: үлкен кісіге сәлем бермегеннің өзі сыйламаушылыққа жататын, оны байқап қалушылар тентегін тезге салып отыратын. Жалпы салт-дәстүр – халқымыздың келбеті, рухани мәдениетінің қазығы [19].
Әрбір елдің, халықтың бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың ғасырлар дәуірінен қалған асыл қазынасы бар. жас ұрпақ сол ата-мұра өнегесінен күш алып қуаттанады, ізгілік негізі орнығады.
Сол себептен де, халық даналығына оның ұрпақ тәрбиесінде атқарар қызметіне зер салып, ықылас аудармаған ақын-жазушы, ұстаз-ғалымдар кемде-кем, әсіресе, Абай, Шәкәрім, Жүсіпбек, Мағжан сияқты ғұламалардың еңбектерінде негізгі арқауы - өз елі, халқы, болашақ ұрпақ тағдыры, оның тәрбиелі, парасатты, азамат болып өсуі жайында кең толғаныс, өнегелі өсиет жатады. Халқымыздың аса көрнекті ақыны М.Жұмабааев та педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген «Педагогика» атты еңбегінде.
Ақынның көздеп отырғаны бала тәрбиесін, халықтық педагогика тұрғысында ұйымдастыру екені айтпай-ақ түсінікті. Халқымыздың рухани мәдениетіне әр заман қаламгерлері шығармашылықпен өз үлестерін қосты. Халқымыздың салт-дәстүрлеріне қалам тартқан жазуышы-ұстаз – Ы.Алтынсарин, ғалымдарымыз Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, белгілі академик Ә.МАрғұлан және Х.Арғынбаев, Е.Масанов, Х.Досмұамбетов, Б.Уахатовтар өз еңбектерінде ұлттық салт-дәстүрлерді әр қырынан зерттеген. Профессор Н.Сәрсенбаев «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жөнінде» деген зерттеу еңбегінде дәстүр деген түсінікті екі мағынада пайдаланатынына тоқталған. Біріншіден, дәстүр деп халыққа кең тарап, терең сіңген әдет-ғұрыптарды және басқа тұрмыстағы тұрақты тәртіп түрлерін айтады; екіншіден дәстүр деп ғылымдағы, саясаттағы, әдебиет пен өнердегі аса көрнекті қайраткерлердің атымен байланысты, халыққа көп тараған бағытты айтады (Мысалы, Абай дәстүрлері т.б.) [20].
Халықтық педагогика ата-баба
мұрасынан бастау алады. Ол болашақ
азаматты жан-жақты жетілген, саналы,
ізгілікті, мейірімді етіп тәрбиелеуде
педагогика ғылымының негізгі көзі
болып табылады. Бұл мәселеге Қазақстан
Республикасы бойынша мектепке дейінгі
мекеме балаларын адамгершілікке тәрбиелеуде
зерттеу жұмысын жүргізген
Ғалым Б.Уахатов «Бесік жыры» - ананың «монологы», - деп, өте орынды көрсеткен. Себебі, ананың бесік жырымен, әлдиімен өзінің туған тілінің әуенінен тұңғыш рет нәр алады. Тәрбие бастауы – бесік тәрбиесі. «Ел болам десең, бесігінді түзе» деген Әуезов даналығы – осының айғағы [21].
Халқымыздың дарқан көңілін, кіші пейілділігін, тұрмыс-салт тіршілігін көрген саяхатшы-ғалымдардың берген деректерді де мол. Қазақ қыры мен сырын аңғарған Г.Н.Потанин: «...қазақтар дүниедегі әншілердің біреуі» - деген. Ата-бабамыз өнерді ерекше бағалаған, сол үшін де өшпес туындыларды мирас еткен.
Орыстың тюрколог-ғалымы Н.В.Радлов,
қазақ халқының сөзге шешендігін
туыстас түркі елдермен салыстырады
да, халқымыздың поэзиясының
Д.Айдаров «Дәуір және дәстүр»
деген еңбегінде әдет-ғұрып, салт-дәстүр
қоғамдық дамудың барысында пайда
болады. Сөйтіп, ол ұрпақтан-ұрпаққа
тарап, мәңгі бақи өмір сүреді. әдет-ғұрып
тұрмыстық қарым-қатынасқа
Тұрмыс мәдениеті, халқымыздың салттары мен дәстүрлері – адамдардың рухани байлығының маңызды элементтері. Тұрмыс мәдениеті дегеніміз – бұл отбасына көзқарас, адамдардың өзара қарым-қатынас ережелері, үлкенге, аналарға деген шынайы құрмет, бұл сонымен бірге ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар.
Ата-бабаларымыздың дәстүрлі
халықтық тәрбиесінің тәжірибелеріне
көз салсақ, осы кезеңде балдырғанға
тәрбие беру ісі жан-жақты – тіл
үйрету, ақыл-ойын өсіру, денесін жетілдіру,
еңбексүйгіштікке баулу, ең бастысы
адамгершілік, ізгілік қасиеттерді
сіңіру бағытында жүргізілгенін
көреміз. Бұл жөнінде С.Дорженов
өзінің «Ұлттық тәрбиенің тәлімі»
деген еңбегінде: «Қазақ халқының тұла
бойы, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, істеген
ісі тұнып тұрған тәрбие. Екінші
сөзбен айтқанда, қазақ тәлімді, тәрбиелі
халық. Ол өмірдің жаңалығынан да
сабақ ала білген халық» - дейді.
Ғалым Ә.Ашайұлы «Ұлттық
Барлық дәстүр, әдет-ғұрыптар тәрбиеге байланысты. Ізгі дәстүрлер негізінде бүлдіршіндерді тәрбиелеу кешенді тәрбие берудің құрамдас бір бөлігі болуға тиіс.Халқымыздың ұлттық мәдени мұраларында балаға рухани, жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге, қоршаған дүниені тануға қатысты мәселелер кең қамтылған.
Бірақ осындай ғажап халықтық
тәрбиенің іс-жүзінде толық
Соңғы жылдары мектептердің тәрбие үрдісінде халықтық педагогика идеяларын қолдануға көп көңіл бөлінуде. Әйтсе де, осы салада ғылыми әдебиеттер мен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде тәрбие жұмыстарына талдау жасай келіп, ұлттықсалт-дәстүр арқылы тәрбиелеудің теориялық та, тәжірибелік тұрғыда да өз дәрежесінде жүргізілме йотырғанын бағамдадық.
Халықтық педагогика негізінде
тәрбиелеудің жүйесін, тиімді әдіс-тәсілдерін
айқындап, жаңа жасалған «Балбөбек» бағдарламасына
«Имандылық тәрбиесі» бөлімін еңгіздік.
Аталған бағдарламада мектепте тәрбиелеу
мен білім беруде бай ауыз әдебиеті
үлгілерін, халыөтық музыка, ұлттық ойындар,
өнер, салт-дәстүрлерін тұтас қамтып,
бірлікте жүргізу көзделеді. Олар тәрбиленушілердің
жас ерекшеліктеріне сай
Сонда ғана баланы халықтық
дәстүрлерде тәрбиелеу мен
2.2 Жүсіп Баласағұн
Ж.Баласағұнның ізімен немесе
одан тәуелсіз қорытындылар арқылы ғылымның
және білімнің маңыздылығы мен пайдалылығы
идеясын Махмұд Қашғари, Ахмет Жүйнеки,
Қожа Ахмет Яссауи, Имад ад-дин Әбу-л
Қасым Әл-Фараби, Реванди Хорезми,
Сайф Сараи да дәледдеген еді. Бұл
ойлардың ерекше өзгешеліктері ғылым
мен өнер, мәдени құндылықгар әрбір
халықтың туған тілінде, халық оқымыстыларының,
халыққа шын ықыласпен берілген
білімпаз адамдардың күшімен жасалуы
қажеттілігіне назар
Информация о работе Халықтық педагогика негізінде адамгершілікке тәрбилеу