Халықтық педагогика негізінде адамгершілікке тәрбилеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 18:55, курсовая работа

Краткое описание

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды

Содержание

Кіріспе


4
1 Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы
6
1.1 Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты
6
1.2 Адамгершілік тәрбиесінде халықтық педагогиканың орны
10
2 Халықтық педагогика негізінде адамгершілікке тәрбилеу
16
2.1 Тәрбие үрдісінде салт – дәстүрлердің тәрбиелік мәні
16
2.2 Жүсіп Баласағұн еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері
21
Қорытынды
23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

жоспар.docx

— 60.97 Кб (Скачать документ)

Адамгершiлiк әдеттерде  бiрiне- бiрi қарсы екi күш болады. Бiрi жақсылық жаққа, екiншiсi жамандық жаққа  тартады.

Ал оқуға деген әдет адамның әдет-дағдыларының күрделi бiр түрi болып табылады. Ол адамның  қызметi мен мiнез- құлқының әдеттегi формаларының құрамына енедi. Олар оқушылардың  бiлiм алуына және оқушыларды практикалық  қызметке дайындауға зор әсерiн тигiзедi. Сол әдеттенудiң арқасында оқушы  жинақы, тәртiптi бола түседi. Егер оқушы  өз-өзiне сенбесе, оған оқуда болсын, жұмыста болсын, кездескен кедергiлердi жеңу қиын болады. Оқушының пайдалы  әдеттерiн қалыптастыру, оларды адамгершiлiкке тәрбиелеуге зор әсерiн тигiзедi. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеудiң iс- жүзiнде тексерiлген ең сенiмдi әдiстерiнiң бiрi- мұғалiмнiң оқушыларға жүргiзiлетiн түсiндiру жұмысы болып табылады.Түсiндiру жұмысын тек теория жүзiнде ғана уағыздамай, пайдалы әдеттердi тәжiрибеде тiкелей көрсетумен ұштастыру керек. “Әдет - дейдi А.Макаренко әрдайым жаттығып отырудың нәтижесiнде калыптасады, сондықтан жаттығуды дұрыс ұйымдастыру қажет” [8].

Бұл проблема жан-жақты қарастырылып, үнемi iзденiстер жүргiзiлсе де, қаншама  концепциялар ұсынылса да бүгiнгi күнге  дейiн нақты жауап таба алмай  келедi. Бұның шындыққа сай ең негiзгi қиыншылығы, бiздiң, яғни адамдардың арасындағы үлкен айырмашылықтардың болуында [88].

Болашақта өмiр сапасы, мүмкiн  адамзат цивилизациясының өзiнiң  өмiр сүруi. Бiздiң қаншалықты өзiмiздi және өзгенi түсiнетiмiзге байланысты болады [9].

Жаңарған бiлiм беру жүйесiнiң  анықтаушы белгiлерiне мыналар жатады: басты мақсат - бiлiм негiздерiн, әлеуметтiк тәжiрибелер жиынтығын беру емес, жеке адамдарды қалыптастыру, әлеуметтiк бағдарлы қоғамдық қатынасқа тәрбиелеу. Мұның өзi бүкiл оқудың мазмұнын қайта қарауды талап етедi. Бұған дейiн неғұрлым бiлiм негiздерiн көбiрек жинаса, соғұрлым жеке адамдық қасиет мол болады деген тұжырымды басшылыққа алып келдiк. Ендiгi мiндет қандай бiлiмнiң жеке адамдық қасиеттердi қалыптастыра алатынын болжау. 

Адам - табиғаттағы кемелденiп  жетiлген ақыл-ой иесi және қоғамдық тұлға. Осы ерекшелiктерiне орай адамды ғылымның бiрнеше саласы зерттейдi. Ал педагогика мен психология ғылымы болса, адам жандүниесiнiң  сырын, психиканың даму заңдылықтарын, жеке адамдық қасиеттердiң жетiлiп, қалыптасу жолдарын зерттейдi.

Совет психологы С.А.Рубенштейн бұл түсiнiк туралы былай деген: «Адам өзiнiң ерекше қайталанбайтын қасиеттерiнiң күшi арқасында индивидуалды және адам қоршаған ортаға өзiнiң қатынасын  саналы түрде анықтау арқасында  жеке бас. Сондықтан адамды өзiн қоршаған әлемiне және қатынасына байланысты анықтайды. Адамның қоршаған ортаға қарым- қатынасы оның өзiндiк көзқарасынан, сенiмiнен, дүниетанымынан, басқа адамдар мен  қатынасынан, ең бастысы оның әрекетiнен (еңбек, оқу, т.б) көрiнедi [10].

Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететiн 3 негiзгi фактор бар. Ол тұқым қуалаушылық (iшкi жағдай), орта мен тәрбие (сыртқы жағдайлар). Осы үш фактор баланың дамуына қалай әсер ететiнiн олар өзара қарым- қатынаста болатынын, қайсы және қашан жетекшi болып шығатыны туралы мәселенiң өте зор ғылыми және практикалық маңызы бар. Тәрбие адамның дамуына әрқашан мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады. Адам қажеттiлiктi қанағаттандыру көзi болатын қоршаған ортаға тәуелдi бола отырып, оған белсендi түрде ықпал етедi, оны және өзiн мақсатты iс- әрекет процесiнде саналы түрде қайта құрады. Сондықтан да адамның саналы түрдегi белсендi iс- әрекетi оның жеке басын қалыптастырудың негiзi. Жеке адамды бөлшектемейтiн, оның мүддесiн қоғам мүддесiмен ұштастыратын жоғары мативтердiң жалпылану және тұрақтылық дәрежесi жарасымды дамуды тудырып, бiздiң қоғамның адамгершiлiк нормаларына сай келетiн жеке адамның қалыптасқандығын дәлелдейдi. Қоршаған ортаға, адамдарға, өзiне, өмiрге деген көзқарастарда жеке адамның дүниетанымы, көзқарасы, ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан жеке адамның адамгершiлiк сферасын қалыптастыру- тәрбиенiң өзегi» [11].

Адамгершiлiкке тәрбиелеу  мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi ұйымдастыру керек. Дәстүрдi қолданудағы жаттығудың мәнi әрекет пен қылықтарды бiрнеше рет қайталату  арқылы жеке бастың адамгершiлiк мотивi мен мiнез- құлқындағы қажеттiлiктi қалыптастыруға әсер етедi. Тәрбие әдiсiн балалардың моральдiк мiнез- құлқын (әдет) механизмдерiн, адамгершiлiк сапаларын стимулдандыру  тәсiлi деп түсіндіреді. Оны сұрыптай отырып топтарға жiктеуге болады. Американдық  психолог Л.Кольберг адамгершiлiк тәрбиелеудiң  басты мақсаты мiнез- құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi деп  түсiндiредi. Дәстүр туралы мәлiмет беруде түсiндiру, ақыл-кеңес, нұсқау, бағыт- бағдар беру тәсiлдерiн қолдану адамгершiлiктi тұлға қалыптастыруға негiз бола алады.

Бала дамуының алғашқы  кезеңiнен яғни адамгершiлiк туралы ұғымдарды саралап, санасына сiңiре бастайды. Моральдiк-этикалық дәстүр мәдениетiнiң  толысқан сферасы ретiнде дәстүрлi педагогикалық мәдениеттi қалыптастыра отырып өскелең ұрпақты, адамгершiлiкке  тәрбиелеудiң негiзгi құралы, формасы, әдiс-тәсiлдерi, адамгершiлiктiң қайнар көзi, iлкi бастауы бола алады.

Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк  дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль элементiнiң тұрғысында қарастырады.

 

 

1.2 Адамгершілік тәрбиесінде  халықтық педагогиканың орны

 

Мектепке дейінгі жастағы  баланың рухани-адамгершлік дамуы  балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір  бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар  жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек  сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды  адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі  міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар  мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды [12].

Қарапайым әдеттерді тәрбиелей  отырып педагог балдырғаннның бар  істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына  қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері  оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге  деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде  үш жастан он екі жасқа дейінгі  аралықта әр адам өзінің рухани дамуына  қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден  алады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында  басқа да игі қасиеттер қалыптасқан  ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне  қажетті нәрсенің мол қоры бар  рухани азық», деп атап көрсеткен [13].

Руханилық жеке тұлғаның негізгі  сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде  адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани-адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

Сананың қалыптасуы-ол баланың  мектепке бармастан бұрын, қоғам  туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан  басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде  тәрбиелі адаммен жолдас болудың  әсері күшті екенін халқымыз ежелден  бағалай білген.

«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің  арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің  бір негізі. Адамзаттық құндылықтар  бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі  ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі [14].

Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік  бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.

Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың  ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.

Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты  міндеті. Адамгершілік әр адамға тән  асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың  өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт  бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз [15].

Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие - балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері. Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс.

Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа  жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда  соны іледі»дегендей, ата-ананың күн  сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене  жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын  адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ.

Адамгершілік тәрбие дегеніміз - оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру жөне олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жө-ніндегі үстаздардың арнаулы  мақсат көздеген қызметі. Адамгершілік тәрбие әр уақытта, әр қоғамда болып  келген. Кешегі кеңестік дәуірде адамгершілік тәрбие дұрыс болған жоқ деп айта алмаймыз. Адамгершілік кейбір бағыттар замана өзгеруіне байланысты өзгеріп  отырады. Себебі тәрбие – қоғамдық құбылыс .

Рухани-адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан  ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың  балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін  қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен  қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан  белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін  пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық  нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез - құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. Педагогтың тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді .

Адамгершілік тәрбиенің  мақсаты – жеке адамды дамытудың  негізгі бөлігі. Ұстаз шәкірттерге  жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиеден бастайды. Оның адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу, іс-әрекетін ұйымдастыру  осы адамгершілік тәрбиеден басталады. Ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілдігін, ілтипаттылығын, жауапкершілігін қалыптастырады .Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.

Халқымыздың тәлім- тәрбиелік  мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен  жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе»  деген секілді ұлағатты сөздердің  мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді  кісі» деп құрметтеп сыйлаған [16].

Балаларды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.

Информация о работе Халықтық педагогика негізінде адамгершілікке тәрбилеу