Халықтық педагогика негізінде адамгершілікке тәрбилеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 18:55, курсовая работа

Краткое описание

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды

Содержание

Кіріспе


4
1 Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы
6
1.1 Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты
6
1.2 Адамгершілік тәрбиесінде халықтық педагогиканың орны
10
2 Халықтық педагогика негізінде адамгершілікке тәрбилеу
16
2.1 Тәрбие үрдісінде салт – дәстүрлердің тәрбиелік мәні
16
2.2 Жүсіп Баласағұн еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері
21
Қорытынды
23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

жоспар.docx

— 60.97 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе

 

 

4

1 Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы

6

1.1 Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты

6

1.2 Адамгершілік тәрбиесінде  халықтық педагогиканың орны

10

2 Халықтық педагогика негізінде адамгершілікке тәрбилеу

16

2.1 Тәрбие үрдісінде салт  – дәстүрлердің тәрбиелік мәні 

16

2.2 Жүсіп Баласағұн еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері

21

Қорытынды

23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

25


 

Кіріспе

 

 

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң  тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы  бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының  маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге  белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын  жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып  Қазақстан Республикасының азаматы  деген атаққа лайық болатындай етiп  тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен  бастап оқушының жан-жақты дамуына  басты назар аударылуы керек.

Оқушының жан-жақты дамуына  бағыт-бағдар берушi- мұғалiм. Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн  қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық  зерттеулерiнiң анықтауы бойынша  мектептiң бастауыш сыныбындағы  кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.

Адамгершіліктің негізі мінез-құлық  нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек  ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға  тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық  пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде  қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының  мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу  күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру  процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен  танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс  еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық  пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай  алуды және жасалған дүниеге қуана  білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің  нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге  мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ  пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың  жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте  қалыптастырады.

Ғалым-педагог Л.В.Занков “Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет”- дейдi

Көрнектi психолог Л.С. Выготский : “Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн  оқыту”- деп тұжырымдайды. Ал, оқыту  мұғалiм арқылы iске асатын процесс  болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.

Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң  бiрi бiлiм мен қатар тәрбие беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру, бастауыш сыныптан бастап адамгершiлiк  мәдениетi жоғары деңгейдегi оқушылар тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн  сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет. Осы  тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған. Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың  тиiмдi тәсiлдерiне ұлттық педагогика элементтерi де жатады. Қазiргi таңдағы қазақ  педагогикасының мiндетi – адам бойындағы  жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа  үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептiлiк, ар-намысы биiк оқушылар тәрбиелеу.

Зерттеу мақсаты: Халықтық педагогика негізінде адамгершілікке тәрбилеудіқалыптастырудың тиiмдi жолдарын iздестiру.

Зерттеу пәнi: Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудағы оқушылар мен мұғалiмнiң iс-әрекеттер жүйесi.

Зерттеу мiндеттерi:

1 Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығын;

2 Тәрбие үрдісінде салт – дәстүрлердің тәрбиелік мәнін қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: кiрiспеден, екi тараудан,қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы

 

    1. Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты

 

Адамгершiлiк мәдениет адамзат  қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен  бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы  түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.

Адамзат тарихында адамгершiлiкке  байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен  намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам  өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк  категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен  тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда  болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында  бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: “Ұяда  не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген  мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен  қасиетi де қалыптаспайды [2].

Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық  қарым- қатынастар.

Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық  ар - намысты ардақтау, әр уақытта  жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын  болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның  бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа  әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы  сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай  өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол  адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге.

Батырлық, ерлiк көрсету  дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң  ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл  халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек  ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге  абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру [4].

Әр адамның бойында  жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар:

Отансүйгiштiк- халқымыз кiр  жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн  мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.

Қазақ елi – бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадiрлеп қадiр тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен ел-жұртын, атамекенiн  шын көңiлiмен сүйетiн болады. Өйткенi халқымыз “Отан – от басынан  басталады” деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай жақсы көрiп сүймеген баланың  ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн  толыққанды азамат болуы екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық – адамгершiлiк  қасиеттерi, сондай-ақ, оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ елiнiң  кез-келген перзентi жұмыр жердiң  қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-әрекетi мен мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк  қасиеттерiн тайға таңба басқандай  айқын байқатып отыруы тиiс.

Әдептiлiк - бұл халқымыздың  ұлттық психологиясының өзегi, имандылық  пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны  қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың  көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды ату, құдыққа  түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты  өтеу. “Әдептiлiк - әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.

Бауырмалдық - халқымыздың  бауырмалдығы “Бала бауыр еттен  жаралған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат  емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық  қасиетке баулуымыз қажет.

Қайырымдылық - “Қазақтардың”  – деп жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин: “(1799-1879) – басқа Азия халықтарына  қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға  құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең мағыналы ұғым екенiн оқушыларға түсiндiруiмiз қажет” [5].

“Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм  емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл- Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының бiрi- тәрбие.

Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын- ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткiзедi. Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие - адамзат тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.

В.Соловьев: “Адамгершiлiк  бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”- деп адамгершiлiктiң құндылығына  ерекше тоқталған. Тәрбие мәдениетi - өмiрдiң  өзi сияқты күрделi де көп қырлы [6].

Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк  тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесi. Осы барлық тәрбиенiң өзегi- адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан  жалғыз әрекет етпейдi, ол осы аталған  тәрбие түрлерiмен бiрлiкте, демек  адамгершiлiкпен қоса барлық тәрбие түрлерiмен  бiрiге келе адамгершiлiк мәдениетi мен  сапалары қалыптасады. Адамгершiлiк  сапаларын индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк ұстанымын да өзi қалыптастырады.

Адамгершiлiк – қоғамдық өмiрдiң объективтiк заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негiз болып табылатын талапқа сай белгiлi бiр имандылық шарттарын бiлдiретiн ұғым .

Халыққа бiлiм беру iсiнiң  зор қарқынмен дамуы бүгiнде  мектептерде жылдан-жылға оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюды  талап етедi.

Ата-бабаларымыз өздерiнiң  сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында  жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай  тәжiрибесiн жинақтап, өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған.

Әдеттер физиологиялық тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптiң  бiр көрiнiсi. Бұлар ми сыңарларының тек оптимальдық қозуы бар  алаптарында ғана емес, сонымен бiрге  тежелуге ұшыраған алаптарында да пайда  болады. Сондықтан да адамның жеке басында жағымды қасиеттердi тәрбиелеуде  әдеттiң ерекше маңызы зор. Ежелгi үндi мақалында былай деген: “Қылық ексең - әдет орасың, әдет ексең – мiнез  орасың, мiнез ексең – тағдыр орасың”. Әдет адамның мiнез–құлқының фундаментi болып табылады. Әдет негiзiнде мiнез  қалыптасатынын А.С. Макаренко мiнез-құлықта  дұрыс әдет қалыптастыру қажет екенiн  атап көрсеткен [7].

Әдеп адамның ешбiр  күш салуынсыз пайда бола бередi. Әдептердi белгiлi бiр мағынада бiрнеше  топқа бөлуге болады. Олар: адамгершiлiк  немесе моральдық (әрқашан шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер тiлiн  алу, т.б.).

Информация о работе Халықтық педагогика негізінде адамгершілікке тәрбилеу