Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 12:36, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған «Орта білім алу міндеттілігі» қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыруын қойып отыр.
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жа уапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады…» деген сенімі жай айтылған сөз емес.

Содержание

Кіріспе---------------------------------------------------------------------------------3

І-ТАРАУ. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін
дамытудың педагогикалық негізі.
1.1 Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек біліктерін шығармашылығын дамытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері.------------------------------------------------------------7
1.2 Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту мәселелері.--------------------------- 17
ІІ-ТАРАУ. Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары.
2.1. Еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың еңбек біліктерін қалыптастырудың жаңа технологиялары.------------------------- 31
2.2. 2-сыныптағы еңбекке баулу пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері.---------- 38
Қорытынды.-------------------------------------------------------------------------- 51
Пайдаланылған әдебиеттер------------------------------------------------------

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әбу 1.doc

— 524.50 Кб (Скачать документ)

     Оқытудың  бүкіл  курсы  бір-бірімен  өзара  байланысты  тақырыптардың  біртұтас  жүйесі  болып  табылады. Ол  тақырыптар  оқушылар  сыныптан  сыныпқа  көшкен  сайын  бірте-бірте  күрделі  бола  түседі,  сонымен  қатар  адамдардың  практикалыққызметінің   алуан  түрлі  қыруар  байланыстарын  ашып  көрсетеді. Сөйтіп  оқушылар   тақырыптардағы  проблемаларға  әртүрлі  деңгейде  бойлап  еніп,  біртұтас  курстың  әр  түрлі  сатысында  өз  білімдерін  көтере  алады.

     Оқытудың  мазмұнындағы  ең  басты  мәселе  адамзаттың  материалдық  мәдениетте  көрініс  тапқан  адамгершілік-  эстетикалық  және  әлеуметтік – тарихи  тәжірибесін  меңгеру  болып  табылады.  Оқушылар  қол  еңбегі  сабақтарында  тап  сондай  заттарды  жасайтын  болғандықтан,  балалардың  басты  назарын  заттар  әлеміне  аударамыз. Аса  маңызды  кәсіби-практикалық  білім  мен  шеберлік  атаулы  осы  бағдарламаның  құрамдас  элементтері  болып  табылады.

  Бастауыш  мектептегі  оқу  кезеңінде  балалардың  мүмкін  болғанша  әр  түрлі  заттар  жасалатын  сан  алуан  материалдарды  игеруіне және  олармен  жұмыс  істеп,  өңдей  білуге үйренуіне  тура  келеді.  Технология  тек  құрал  болып  табылғанымен  де,  бұл  құралды  пайдалана  білуді  толық  игеру  керек.  Бұлай  етпеген  жағдайда  оқушылардың  шығармашылықпен  жұмыс  істеуінде  ілгері  басушылық  елеулі  түрде  қиындықтарға  тап  болады.  Бала  дайын  үлгі  бойынша  белгі  салып  алудың  негізгі  тәсілдерін  тиянақты  түрде  игеріп  алуға (мұның  өзі  жалпы  базалық  қабілеттің  бірі  болып  табылады  және  ол  қызметтің  сан  алуан  түрлерін  атқару  барысында  әрқашан  қажет  болады),  қолмен  атқарылатын  жұмыстарды  сапалы  әрі  дәлме-дәл  орындауға,  сондай-ақ  практикалықжұмыс  ретін  саналы әрі  сауаттықұра  білуге,  яғни  еңбекті  ұйымдастырудың  қажетті  мәдениеті  мен  ережелерін  мұқият  сақтауға  міндетті.

Осы  бағдарламаға  сәйкес  білім  мазмұнын  оқушы  санасына  меңгерту  сабақ  процесінде  оңтайлы  жаңа  технологияларды  және  әдіс-тәсілдерді  дұрыс  таңдап,  қолдануды  қажет  етеді.

Еңбекке  оқушыларды  дағдыландыру  қарапайым  жұмыстар  жасаудан  басталады  да  бірте-бірте  күрделеніп  отырады.

 Мен  өзім  жұмыс  істейтін    Абай  атындағы  орта  мектепте  осы  жаңа  технологиялар  мен  соған  сәйкес  әдістер  мен  тәсілдердің  тиімділігін  анықтау  үшін  арнайы  ішінара  зерттеу  жүргіздім.

Зерттеу  нысынам  етіп  өзім  практикадан өткен  2 “Ә”  сыныбын  алдым.

Қолданылғанған  жаңа  технология-Ж.Қараевтың  “Деңгейлеп  саралап  оқыту” технологиясы  және  “Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау”  технологиясының  стратегиялары.

 

2-сынып,  еңбекке  баулу  сабақтарынан  сабақ  жоспарларынан үлгілер.

1-сабақ.

Сабақтың  тақырыбы:     Қошқармүйіз  оюы.

Сабақтың  мақсаты:       а)  білімділік  мәні:

                                              оюдың  түрлері,  шығу  тарихы  туралы  әңгімелеу.

                                             Ою-өрнек  туралы  мақал-мәтелдер  жаттау.

                                             Қиындылардан  ою  құрастыру,  атын  атау.

                                        ә)  дамытушылық  мәні:  Балалардың  қиялы  мен

                                             шығармашылығын,  ойын,  сөздік  қорын  дамыту.

                                      б)    тәрбиелік  мәні:

                                            қазақтың  ұлттық  ою-өрнегімен таныстыра отырып

                                            халық  өнерін  қастерлеуге  үйрету;  ұқыптылыққа,

                                           еңбексүйгіштікке,  татулыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  “Ұлттық ою-өрнектер” атты  буклет, суреттер, тірек                            

                                           сызбалар, күйтабақ,  үлгі-қалыптар, т.б.

Сабақтың  түрі:                топтық-ойын

Сабақтың  әдістері:     сөздік,  графикалық,  иллюстрациялық, проблемалық

Пәнаралық  байланыс:  ана  тілі, математика, музыка,  тарих,  бейналеу.

Сабақтың  барысы:         І  Ұйымдастыру  кезеңі.

  1. Балалардың  назарын  сабаққа  аудару. Еңбек  сабағына  қажетті  құрал – жабдықтарын  жабдықтарын ( түрлі-түсті  қағаз,  қайшы,  желім,  қатты  қағаз, қарындаш, т.б.)  түгендеу.
  2. Ой  шақыру ( ою  сөзіне  ассоциациялық аймақ  құру).

                                              сырмақ 


                   шапан                                               текемет                


 

           сандық                          ОЮ                                    тақия  


                                                


                    өрнек                                               бөрік

 

                                              қамзол

ІІ.  Жаңа  сабақ.

  1. Мағынаны  тану. Сабақтың  мақсатын  және  тақырыбын  хабарлау.
  • Балалар,  бүгінгі  сабағымызда  осы  ою  түрлерімен,  соның  іщінде  “Қошқармүйіз”  оюының  жасалуымен  танысамыз.

( Ою  туралы  мұғалімнің  түсіндіруі)

Өнер- таусылмас  азық,  жұтамас  байлық  демекші,  қазақтың  қолөнері де  өзінің  төлтума  бітім  қасиетімен,  көркемдік  мән-мағынасымен  шын  мәнінде  халқымыздың  ғасырлар  талғамынан  өткен  асыл  қазынасы.  Оның  бірі – ою-өрнек. Ертеде  халқымыз  тұтынған  нәрселерінің бәрін  оюмен  әшекейлеп безендірген. 

    Ою  дегеніміз – бір  нәрсенің  пішінін  ойып  алу.  Қазақ  халқы  жері  от,  суы  мол  жайылым  қуып,  кең  сахарада  көшіп  жүріп,  жер-суының  қадір-қасиетін  жетік  білген,  жайлы  қоныс  іздей  жүріп,  өсімдік  қасиетін  мол  байыптаған. Халқымыздың  өлең-жырында,  ән-күйінде,  ою-өрнегінде  аққудың  әні,  тоты  құстың  тілі  жүретіні  сондықтан.

    Күйтабақтан  табиғатта  кездесетін  әр  түрлі  дыбыстарды  тыңдату. Ою-өрнектерде  халық  дүниетанымы,  оның  өзін  қоршаған  орта  мен  сұлулық  туралы  түсінігі  бейнеленген.  Оюдың  қандай да бір  бейнесінің,  түсінің  болмасын  танымдық  өзіндік  мәні  бар. Мысалы:  көк  түс-  аспанды  бейнелесе,  ақ  түс-  пәк  тазалық,  қуаныштың,  бақыттың  белгісі;  күлгін  түс-  білімнің,  даналықтың;  қызыл  түс-  оттың,  күннің  белгісі;  жасыл  түс-  жастық  пен  көктемнің;  Қара  түс-  жердің,  берекенің  нышаны  деген  ұғымдары  бар.

       Оюлардың  тарихы  туралы  “кубизм” стртегиясы  арқылы  түсіндіру.

Текшенің  алты  жағына  оюдың  түрлерінің  атарын  жазып,

сол  оюлар  туралы  мағлұмат  беру. Олар: “түйе” оюы, “тұйық” ою,  “қолтықша” оюы,  “құс  қанаты”  оюы,“ қошқармүйіз”  оюы, “күн” оюы.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4)  Практикалық  жұмыс.  “Қошқармүйіз”  оюының  жасалуын  суреті  мен  үлгі  бойынша  көрсету. Кітапта  көрсетілген  суретке  назар  аударту.

  1. Жасалған  жұмыстарды  жинақтап,  көрме  ұйымдастыру.

ІІІ. Сабақты  қорытындылау. Бүгінгі  сабақта  өтілген  тақырып  байынша сұрақтарға  жауап  алу:

  1. Ою  деген  не?
  2. Ою  нені  бейнелейді?
  3. Қандай  ою  түрлерін  білесің?

4.“Қошқармүйіз”  оюы  неге  олай  аталады?

ІҮ. Оқушы  білімін  бағалау.

Ү.  Үйге  тапсырма  беру:  Гүлдің  суретіне  немесе  өзіне  қарап  кез-келген  бір, екі  ою  ойып  келу  және  сол  ойған  оюға  ат  қою.

2-сабақ.

Сабақтың  тақырыбы:  Геометриялық  фигуралардан аппликация.

Сабақтың  мақсаты:     а) геометриялық  фигураларды  қағаздан  қиюды 

                                               және  оларды  пайдаланып  әр  түрлі  заттарды

                                              жасауға  болатынын  меңгерту.

                                          ә) оқушылардың  саусақтарының  моторикалық         

                                             ептіліктерін,ойлау  белсенділігін,  шығармашылық 

                                             қиялын  дамыту.

                                          б) ұқыптылыққа,  ұйымшылдыққа,  инабаттылыққа

                                              тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі:  геометриялық  фигуралардың  макеттері,  дайын

                                           жасалған  аппликация,  үлгі-қалыптар, т.б.

Сабақта  қолданылатын  жаңа  технология: деңгейлеп  оқыту.

Пәнаралық  байланыс:   математика,  геометрия,  дүниетану,  ана  тілі т.б.

Сабақтың  барысы:        І.  Ұйымдастыру.

Балалардың  назарын  сабаққа  аудару. Қажетті  заттарды  түгендеу. Сабақта қауіпсіздік  ережелерін  сақтауды  еске  түсіру.

                                        ІІ.  Кіріспе.

Сабақтың  тақырыбы  мен  мақсатын  таныстыру. Фигураларды еске түсіру.

  1. Ойын “ Қай  топ  тапқыр? ”  Ережесі:әр  топ  өзіне  берілген  фигураларды ерекшеліктеріне  сәйкес  топтастыру. 

І топ.


 

ІІ топ.


 

 


ІІІ  топ.


 

 

ІІІ.  Жаңа  сабақ.

Мұғалім  фигуралардан  аппликация  жасап  көрсетеді.  (аппликация  туралы  түсінік  өткен  сабақтарда  меңгертілген, практикалық  жұмыс  жасалған.)





  1. Үлгі-  қалыптарды  тарқатып,  түрлі-түсті  қағаздан  фигураларды  қию.
  2. Өздері  қиған  фигуралардан  өзіне  ұнаған,  қалауынша  аппликация  жасау. Жасаған  жұмыстарынан  әр  топ  көрме  ұйымдастырады.
  3. Әр  топқа  өздерінің  білім  деңгейінің  көлеміне  қарай  деңгейлік  тапсырмалар  беріледі:

1-деңгей:  Үлгі  қалыппен  фигураларды  қиып, 3-4 элементтен  тұратын  аппликация  жасау.

2-деңгей:   Үлгі  қалыпсыз  қиып, 3-5  элементтен  тұратын  аппликация  жасау.

3-деңгей:   Әр  түрлі  фигуралардан  кем  дегенде  7-10  элементтен  тұратын  аппликация  жасау.

5)  Ойын  “ Бағдаршам”   Шарты:  бағдаршамның әр  шамына  жасырылған  тапсырманы  орындау  керек. Үш  топ  өздері  ұнатқан  түсін  таңдайды.

Қызыл -  дөңгелектен  қандай  заттар  жасауға  болады?

Сары   -  мына  үшбұрыштардан  не  жасар  едің?

Жасыл – Бағдаршам не үшін  қажет?  Ол  қандай  фигуралардан  тұрады? 

                   

ІҮ. Қорытынды кезең.

Ой толғаныс. Үш топ  үш  затты  сипаттайды: доп, парта. сызғыш(үшбұрышты).

Ү.  Оқушы  білімін  бағалау.  Оқушылардың  топтық  жауаптарына  талдау  жасап,  жеке  оқушылардың  еңбегін  мадақтау  және  бағалау.

ҮІ. Үйге  тапсырма: “Менің  досым” тақырыбында аппликация  құрастыру және сол  аппликация  бойынша  әңгіме  құрап  келу.

Осы  сабақтарда  жаңа  технологияларды  пайдаланып,  сабақтың  мазмұндылығы  мен  сапасын  арттыруға  болатынына көзіміз  жетті.

Деңгейлеп  оқытудың  әсерінен төменгі  деңгейдегі  оқушылар  келесі  деңгейге  өтіп.  сол  деңгейге  қатысты  тапсырмаларды  орындауға  ұмтылады. Шығармашылықпен  жұмыс  жасауға  қызығып, қиялы  мен  еңбек  іскерліктерін  арттырады.

 Сын  тұрғысынан  ойлау  арқылы  балалардың  сөздік  қоры,  тіл  байлығы, ойлауы  дамыды,  байланыстырып  сөйлеу  қабілеті  өсті.

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Қорытынды

 

        Әр  баланың  бойында  бар  шығармашылық  қабілетті  оятуға,  өзін-өзі  түсініп,  шамасын  біле  алуына,  шығармашылық  алғашқы  қадамын  жасап,  өмірін  қуанышты,  бақытты,  толымды  етуіне  көмектесу-сабақтарды  әр  түрлі  формадаұйымдастырып  соған  ықпал  жасау  мұғалімнің  шеберлігін,   педагогикалық  сауаттылығын  талап  етеді.

      Қазіргі қоғамға  қажетті  мамандардың  бойында  тез  бейімделетін,  епті.  тапқыр,  шапшаң,  ерекше  ойлы,  қабілетті,  қиындықтан  шыға  алушылық,  аадамдармен  тіл  табысқыш  қасиеттердің  барлығы  да  шығармашылық  жолдан  бастау  алады.       Адамның  шығармашылық  қабілеттері,  жоғарыда  айтқанымыздай,  мектепке  келген  күннен  бастап,  үлкендердің  басшылығымен  көрініс  тауып,  одан  әрі  дамытылып  отырады.

        Диплом жұмысын орындау барысында алға қойылған мақсатымыз орындалды. 2 сынып оқушыларының еңбек пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру ашық сабақтар жүргізгенде өз нәтижесін көрсетті деп айта аламыз. Жұмысты орындау барысындағы алға қойылған міндеттер орындалды:

Информация о работе Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары