Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 12:36, дипломная работа
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған «Орта білім алу міндеттілігі» қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыруын қойып отыр.
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жа уапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады…» деген сенімі жай айтылған сөз емес.
Кіріспе---------------------------------------------------------------------------------3
І-ТАРАУ. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін
дамытудың педагогикалық негізі.
1.1 Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек біліктерін шығармашылығын дамытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері.------------------------------------------------------------7
1.2 Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту мәселелері.--------------------------- 17
ІІ-ТАРАУ. Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары.
2.1. Еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың еңбек біліктерін қалыптастырудың жаңа технологиялары.------------------------- 31
2.2. 2-сыныптағы еңбекке баулу пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері.---------- 38
Қорытынды.-------------------------------------------------------------------------- 51
Пайдаланылған әдебиеттер------------------------------------------------------
Кіші мектеп жасындағы баланың еркін шығармашылықпен ойлауына, оның қабілеттерін жан – жақты дамытуға, өз күші мен мүмкіндігіне деген сенімінің болуына әрқашан жағдай жасап отыруымыз қажет. Бұл проблеманы шешуде жоғарыда айтылған педагог – психологтардың пікірлері мен тұжырымдарын басшылыққа аламыз. Сонда ғана бала шығармашылығын дамытудағы еткен еңбегіміз өз жемісін бермек.
Баланы оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі – бұл көп жылдар бойы көптеген ғалым психологтардың, педагогтардың, практик – мұғалімдердің пікірталас тудырып келген және күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей жүрген мәселесі.
Психологиялық-педагогикалық бағыттағы әдебиеттерге, теориялық материалдарға сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады. Біріншісі – биологиялық фактор, екіншісі -әлеуметтік орта немесе қоршаған орта, үшіншісі – тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі.
Ғалымдардың пікірінше осы үш фактордың ішінде тәрбиенің, яғни оқу-тәрбие үрдісінің ролі зор.
Туғаннан дені сау баланың белгілі дәрежеде дамитыны сөзсіз. Алайда әрбір баланың педагогикалық-психологиялық тұрғыдан даму ерекшеліктерін ескерсек, барлық баланың бірдей дәрежеде дамуы мүмкін емес.
Көптеген ғалым- педагогтардың, практик- мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рольді ең алдымен оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады.
Себебі, сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік әрекет болмаса, жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Сол себепті, біз өз кезегімізде оқушыны өзіндік әрекетке бағыттайтын өз бетімен жұмыс, оның түрлері, бала дамуындағы орны сияқты мәселелер төңірегінде сөз етпекшіміз.
Қазіргі кезеңде оқу жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға қарамастан, оқыту процесінде оқушыларға дайын ақпараттыжеткізіп беруге негізделген әдістемелер орын алып келеді. Бұндай әдістемелер арқылы оқушылар еске сақтау, қайталап айту қабілеттерін ғана дамытып, біржақты ғана жұмыс жасайды. Оқытушы оқушының бұрынғы сабақтарда дайын күйінде берілген материалды қайталап айту жағына көңіл бөліп, соны ғана бағалайды.
Оқушының дарындылығы, шығармашылық қабілеті бағалаусыз қалады. Осындай жағдайда қоғам сұранысын ескеретін болсақ, шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған оқыту әдістемелерін қарастырып, ғылыми тұрғыда зерттеп, жаппай практикаға енгізуді қолға алу керек. Оқу жүйесін қайта құру кезеңінде оқыту әдістемелеріне де көңіл бөліп, заман талабына сайларын ғана қолдау көрсетіп іріктеген жөн болар еді. Етек жайған нарық заманында шығармашылық қабілеттері бар оқушылардыанықтай отырып оларды әрі қарай оқытудың ғылыми тұрғыдан негізделген біртұтас әдіснамасын құрастырудың маңызы үлкен.
Оқыту жұмысының табысты болуы, оқытудың озық әдістерін қолдануға ғана байланысты ьолып қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің әртүрлілігін ескеруге де байланысты болатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
Шығармашылық қабілеттің балада қалыптасуы кең диапазонды: ақыл-ой қалыстығынан бастап жоғары дәрежедегі таланттылық, жалпы дарындылыққа дейінгіні қамтиды. Сондықтан да барлық оқушыларды бір нұсқалы бағдарламамен оқытар болсақ, дарындыбалалардың қабілеті дамуына зиян келтірген болар едік.
Біздің қазіргі кездегі оқыту жүйесі орташа оқушыға, ал мамандыққа дайындау “орташа маманға” бағытталғанын ескерсек, шығармашыл, дарынды балаларды оқыту жайы жоспарланып, оларға әдейі арналған оқу орындарының ашылуы, өкіметіміздің бұл саладағы бағытының дұрыс екендігін көрсетеді. Соңғы жылдардың ғылыми зерттеулері (С.Л.Рубинштейн, Я.А.Понамарев, Б.М.Кедров, О.К.Тихомиров, А.Н.Брушлинский және т.б.) шығармашылыққа бейім оқушылардан маман дайындау мәселесін әуелі бастан дарындыларды таңдап алу жағын реттеп алмай және әдейі жасалынған бағдарламалар мен әдістемелер қолданбай шешуге болмайтындығын көрсетті:
Шығармашылықтың мынадай белгілерін атап көрсетуге болады:
Объективті жаңалық дегеніміз адамзат тарихында әлі ашылмаған жаңалық. Оның экономикалық эффектісі, адамзатқа пайдасы болу керек.
Субъективті жаңалық - әрбір адам үшін әлі танылмаған, білмеген білімі, біліктілігі жаңалық болып табылады. Сондықтан бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылығы оқу-танымдық үрдістен, нақты ойлаудан абстракты ойлауға, одан практикалық біліктілікке, білімді меңгерудің әртүрлі тәсілдерімен, әдістерімен байланысты болады. Оқушы өз іс-әрекетінде білімге деген белсенділік танытуы керек.
Қоғам өмірінің барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жатқан кезде келешегімізді ойласақ, өмірдің әр қырында жетекшілік ете алатын, ғылымға, өнерге, мәдениетке берілген қабілетті жастарды іріктеп, олардан интеллектуалды орта құру жағдайын ойластырған жөн. Дарынды адамдарды қолдан жасау мүмкін еместігін ескерсек, дарындыларды іздеп тауып, олардың шығармашылық қызметіне көмектесу қолдан келерлік іс.
Адамның еңбегі мен жұмыс күнін, мамандығына бағалы тауар есебінде қарайтын жаңа көзқарас, өндіріс орындары мен басқа да халық шаруашылық мекемелерінен, ғылыми зерттеу орталықтарынан қызметкерлерді жұмысқа алу кезінде олардың ынтасы мен шығармашылық қабілетіне, ойлап- болжай білетіндігіне, т.с.с. жақтарына назар аударуды талап етуде. Сұранысқа сай жоғары дәрежедегі маман қызметкерлерімен жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін оқушылар әдістемелерді қолдана отырып дамыту мәселелеріне көңіл аудару қажет.
Қазіргі кезеңде оқу жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға қарамастан, оқыту процесінде оқушыларға дайын ақпаратты жеткізіп беруге негізделген әдістемелер орын алып келеді. Бұндай әдістемелер арқылы оқушылар еске сақтау, айту қабілеттерін ғана дамытып біржақты ғана жұмыс жасайды. Оқытушы оқушының бұрынғы сабақтарды, дайын күйінде берілген материалды қайталап айту жағына көңіл бөліп, соны ғана бағалайды. Оқушының дарындылығы, шығармашылық қабілеті бағалаусыз қалады.
Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.
Абай “Он бесінші қара сөзінде” адамның ақыл-ой қабілеті туралы мынандай пікір айтады: “Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
Әуелі – пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды, сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалыптасады. Сонда есті адам орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен-дағы, күнінде айтса құлақ, ойласа көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен ойлардың өкініші де жоқ болады екен.
Егер кісі орнын таппай, не болса бір баянсыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен-дағы күнінде өкінгені пайда болмайды екен.
Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозьастай, буыны босамастай көріп жүріп бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа сайран қылуға жарамай қалады екен.
Үшінші - әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе көп, әрбір құмарлық өзіне біртүрлі дерт болады екен де, әрбір құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әні-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен.”
Оқушылардың өздігінен жасайтын түрлі оқу жұмыстары балалардың белсенділігін арттырады және оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін қалыптастырады, басқаша айтқанда, оқу материалымен белсенді түрде жұмыс істеуге үйретеді. Мысалы: материалдың негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру, оларды белгілі жерге келтіріп топтастыру және қорытындылар жасау сияқты т.б. амалдарды қолдану. Осындай амалдарды қолдану арқылы оқушы материалдың мазмұнын еркін меңгеріп, материалдық баяндау тәртібін өзінше өзгертіп айтып беруге шамасы келеді. Ал материалмен ойдағыдай жұмыс істей алмайтын оқушылар оның мазмұнын тек басынан бастап айтады да, басқаша өзгертіп айтуға қабілеті жетпейді.
Оқу материалымен жұмыс істеудің тиімді жолдарын білетін оқушы оны тек есте қалдыру үшін жаттап алмайды, ол өзінің белсенді ойлау әрекеті арқылы материалдың негізгі жақтарын айырып, оларды белгілі жүйеде байланыстыра түсінуге тырысады. Мұндай оқушылар кейбір екінші дәрежелі жақтарына көңіл аудармай, оның жетекші мүддесі мен заңдылықтарын ұғып алуға күш жұмсайды және басқа материалды (мысалдарды, фактілерді) солармен байланыстыра қарастыратын болады. Оқушы өзінің ұққанын, оқыған материалдың ең маңызды жерлерін қысқша жазып алады. Схема, таблица, модельдер сияқты графикалық жұмыстарды да пайдаланады. Оқу материалын терең меңгеру үшін, теориялық материалдардан нақтыға және керісінше, нақтыдан теориялық материалдармен жұмыс істеуге үйренеді.
Бұдан шығатын қорытынды: оқущылардың өздігінен жұмыс істеуге және оның жемісті болуы олардың ойлау әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты екендігі. Оқушылардың өздігінен оқуына дұрыс басшылық ету үшін олардың ойлау әрекетіндегі дара айырмашылықтары болатындығын ескерген жөн.Балалардың ойлау қабілетін дамытуда салыстыру амалының ролі өте зор. К.Д,Ушинский “Салыстыру – түсінудің, ойлаудың негізі. Дүниеде барлық болып жатқан құбылыстарды салыстыру арқылы ғана білеміз, егер біз еш нәрсемен салыстыруға болмайтын бір жаңа зат кездессе, біз бұл зат туралы бірде-бір пікір, бір ауыз сөз де айта алмаған болар едік” - деді.
Сондықтан оқушыларға салыстыру амалын дұрыс қолдануды үйрету керек. Мынадай тапсырмаларды орындату пайдалы:
Оқушылардың есеп шығарғанда анализ бен синтез амалдарын қолдануда да мынадай айырмашылықтар байқалған: оқушылардың бір тобы – анализ бен синтезді мүлдем қолдана алмаған, екінші тобы – ойдағыдай қолданса, үшінші тобы – шала, толық дәрежеде қолдана алмаған.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
Бастауыш сынып оқушысының белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбекке моральдық белсенділік дәрежесі бойынша, адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп бастауыш сынып оқушысының іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтамыз. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында оқушылардың қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі- қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді.
Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті белсенділік дейміз. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттерін және олармен өзара қарым-қатынас жасауғаеліктеуі рөлді ойындарды ойнау барысында байқалады.
Көбінесе балалардың ойындарында адамдардың еңбек іс-әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Ойын барысында балалардың құрдастарымен де өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп орындауға, қылықтарын ережеге бағындыруға, керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді. Осындай бірігу іс-әрекеттерінің қуанышы балалар арасында жолдастық, достық сияқты жаңа қатынастарды туғызады. Олар бір-біріне қамқорлық жасап көмектеседі, ілтипатты болады.