Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 12:36, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған «Орта білім алу міндеттілігі» қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыруын қойып отыр.
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жа уапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады…» деген сенімі жай айтылған сөз емес.

Содержание

Кіріспе---------------------------------------------------------------------------------3

І-ТАРАУ. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін
дамытудың педагогикалық негізі.
1.1 Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек біліктерін шығармашылығын дамытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері.------------------------------------------------------------7
1.2 Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту мәселелері.--------------------------- 17
ІІ-ТАРАУ. Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары.
2.1. Еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың еңбек біліктерін қалыптастырудың жаңа технологиялары.------------------------- 31
2.2. 2-сыныптағы еңбекке баулу пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері.---------- 38
Қорытынды.-------------------------------------------------------------------------- 51
Пайдаланылған әдебиеттер------------------------------------------------------

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әбу 1.doc

— 524.50 Кб (Скачать документ)

      Жаңа  ақпараттық  технологияның  тиімділігі –  бастауыштағы  оқу  үрдісінің  құрылымын  өзгертуге,  оқытудағы  пәнаралық  байланысты  күшейте  отырып,  оқушылардың  дүниетанымын  кеңейтуге  және  жеке  қабілеттерін  көре  біліп,  оны  дамытуға  толық  жағдай  жасауы. Жаңа  ақпараттық  технологияның  ерекшелігі – кіші  мектеп  жасындағы  оқушыларға  өз  бетімен  немесе  бірлескен  түрде  шығармашалық  жұмыспен  шұғылдануға,  ізденуге,  өз  жұмысының  нәтижесін  көріп,  өзіне  сенімділігі  артады.   Шығармашылық  жұмыс  түрлерін  жүргізерде  мұғалім  жұмыстың  өн  бойынан  шығармашалық  тапсырмаларға  лайықты жағдайларды  іздеп  табуы  керек. Кейбір  практикалық  тапсырмаларды  шығармашылық  арнаға  бұрып  алуға,  өзгертуге  болады.

    Педагогикалық  технология  оқыту,  тәрбиелеу,  жеке  тұлғаны  дамыту  бағытындағы ұстаз  бен  шәкірттің  белгілі бір  мақсатқа  жету  бағытындағы  іс-әрекеттерінің  нәтижесінің  қандай  болатындығын  алдын-ала  елестете  білу  қабілеті  ретінде  қабылданады. Ол  дәстүрлі  және  жаңа  педагогикалық технология  болып  екіге  бөлінеді. Дәстүрлі  педагогикалық технологияға-проблемалық оқыту технологиясы,  дамыта  оқыту  технологиясы,  оқытуды  проектілеу  технологиялары  кіреді; жаңа  педагогикалық  технологияға- модульдық  оқыту  технологиясы,  кредиттік  оқыту  технологиясы,  дистанциялық оқыту  технологиясы  жатады. Оқыту  технологиясы  оқытудың  мақсатын,  оқыту  міндеттерін,  оқыту  процесін,  оқыту  кезеңдерін,  әдістерін,  принциптері мен  шарттарын проектілеу  болып  табылады. Сонымен қатар  шәкірттердің  белгілі  бір  ғылым саласындағы  меңгеретін  білімдері  мен  дағдыларының жүйесін  жасайды.

   Шығармашылық  тапсырмалардысынып  оқушыларының  жас  ерекшеліктеріне,  психологиялық  саралығы,  шығармашылық  қабілетінің  даралығына  қарап  әрі  қарай  жалғастыруға  болады.  Бұл  оқушының  өз  бетімен  ізденуіне  көп  әсер  етеді.

     Кез-  келген  технология  мұғалімнен  терең  теориялық  білім,  үлкен  педагогикалық  шеберлік,  баланың  жан  дүниесін  түсіне  білетін  психолог  болуды  талап  етеді.  “Педагогикалық  технология  дегеніміз- оқыту  үрдісін  жобалау,  ұйымдастыру  мен  жүргізудің   ойластырылған  моделі”,- деп  түсіндіреді  В.М.Монахов.  Ал  ХХ ғасырдың  басындағы  ұлттық  ойшылдарымыздың  бірі  Ж.Аймауытов: “ Сабақ  беру- үйреншікті  жай  ғана  шеберлік  емес,  ол – жаңаны  табатын  өнер”  деген  екен.

    Ғылыми  пндагогикалық  зерттеулерге  жасалған  талдау  жаңа  педагогикалық  технологиялардыңбірнеше  түрлерін  бөліп  көрсетуге  мүмкіндік  берді.  Сондай  технологияның  бірі  Ж.Қараевтың “ Деңгейлеп  саралап  оқыту” технологиясы.Қазіргі  жаңа  буын  оқулықтарындағы  тапсырмалар  да  осы  технологияға  негізделіп  ьерілген.  Бұл  технология  бойынша  тапсырмалар  1,2,3,4  деңгейде  беріледі.  Оның  тиімді  жақтары:  1.Оқушы  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  дағдыланады;

2.Жеке  дара  қабілеттері  айқындалады;

3.Оқушылар  нақты  өз  деңгейінде  бағаланады;

4.Даму  мониторингі  айқын  көрініп  отырады;

5.Сабаққа  деген  қызығушылығы  артады.

   Қазіргі  заманғы  оқыту  технологияларын  меңгеру - өте  күрделі  де  ұзақ  процесс. Балаларды  оқыту, тәрбиелеу  және  дамытудың  нәтижелері,  оқу-тәрбие  және  жеке  тұлғаны  дамыту  мақсатын  көздейтін  іс-әрекеттер  педагогикалық  технология  құрамымен  тығыз  байланысты.

 

                                                                         

2.2    2-сыныптағы  “Еңбекке  баулу” пәнін  оқытуда  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытудың  әдіс-тәсілдері.

         Кіші  мектеп  жасындағы  оқушылар  өздеріеің  жасаған  өнімдерінің  нәтижесіне  аса  мән  береді.  Көптеген  жағдайларда   нәтижелер  соншалық  әсерлі  болуы  мүмкін.  Тіпті  оқушылардың  жұмыстарын  көргендер  еріксіз: “  О,  бұл  аса  дарынды, талантты,  қабілетті  баланың  жасағаны  ғой! ”-десіп,  таң  қалады.  Біз  баланы  тек  қабілет  дамытудың  тәсілдерімен  қаруландырып,  жұмыстың  кілтін,  орындалу  принципін  оның  қолына  беру- дарындылығының  ашылып, одан  әрі  дамуына  жағдай  жасау  деп  есептейміз.

      Бастауыш  сынып  оқушыларының  бірегей  өнім.  бұйым  жасауы  оның  шығармашылық  іс-әрекеті.  Жұмыс  барысында  оқушы  игерген  білімін,  іскерлігін,  әдістерін  өзінше  дербес  түрде  қолданады,  сонымен  бірге  оларды  алмастыруды,  белгілі  бір  әдістерін  құрамдастыруды  өзі  ойластырады,   шешім  қабылдайды.  Жұмыстың  мұндай  алуан  түрлілігі  өз  күш-жігерін  жан-жаұты  байқаудае  өткізу  әр  баланың  дербес  қабілетін  ашуына  мүмкіндік  беріп,  оны  дамытужағдайларымен  қамтамасыз  етеді.  Уақыт  талабына  сай  оқушының  шығармашылық  қабілетін  дамытуда  әр  түрлі  әдіс-  тәсілдерді  қолдануға  болады.  Ой  шапшаңдығын,  сөз  байлығын  дамытуда  жасаған  затқа  сәйкес  өлең  шумақтарын  құрастыруда   бала  екі-үш  буынды  сөздерге  ұйқас  сөздер  тауып,  өлең  шығарады.  Оқушы  өзінің  жетістігін  көріп  қуанады,  сабаққа  қызығушылығы  артады.  Педагогика  саласындағы  оқыту  әдістерін  түгел  дерлік  еңбекке  баулу  сабақтарында  өз  орнымен   пайдаланып,  сабақтың  мазмұнын  арттыруға  болады.

        “Еңбекке  баулу” пәні  бойынша  1998  жылы  жарық  көрген  білім  стандарты  қайта  жетілдірілді.  Ол  профессор,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты  Олжабек  Сатқановтың  қатысуымен  жүргізілді.  Стандарттың  жаңа  нұсқасы  ғылыми  негізде  зерттеліп,  пәннің  базалық  білім  мазмұны  сақталды.  Жаңа  нұсқадағы  “Еңбекке  баулу”  пәнінің  мақсаты-білім  беру  мәнінің  жаңа  бағытына  сәйкес  іс-әрекеті  негізінде  оқушылардың  жеке  тұлғасын, шығармашылығын  қалыптастыру  деп  айқындалды, сонымен  бірге,  баланың  дене  қимылын,  сезімдерін,  эстетикалық  талғамын,  ақыл-ой  өрісін  дамыту,  яғни  жеке  тұлғаны  дамытудың  құралы  болу,  “Табиғат- Адам- Заттық орта”  арасындағы  өзара  байланысты  түсінуге  зор  маңыз  беру. Осыған  орай  мынадай  міндеттерінің  желісі  түзілді:

  • дуниенің  үйлесімді  бірлігі  туралы  және  онда  адамның  жасанды  түрде  пайда  болатын  заттық  ортасымен  бірге  алатын  орны  туралы  түсінігін  қалыптастыру;
  • заттар  мен  құбылыстарға  деген  эстетикалық  түйсік  қалыптастыру;
  • жеке  тұлғаның  жасампаздық  мүмкіндіктерін,  шығармашылық  және  сезімталдық  қабілеттерін  дамыта  түсу;
  • ақыл-ой  қабілетін  жетілдіру,  ұтымды  логикалық,  қисынды  ойлау  қабілетін  дамыта  беру;
  • баланың  еңбекке  мотивтік  сапаларын  дамыту;
  • іс  жүзіндегі  шеберлікті  қалыптастыру  арқылы  екі  қолдың  қимыл  әрекетін,  көзбен  мөлшерлеу  қабілетін  және  басқа  да  сапалық  қасиеттерді  дамыту.

Мектептің  бастауыш  сатысындағы  “Еңбекке  баулу” пәні  мазмұнының  даму  болашағы  негізгі,  жоғары  сатылардағы  “Технология” пәнінің  мазмұнында  дамытылды.  Стандартта  “Еңбекке  баулу”  пәнінің базалық  бағдарламасы  да  көрсетілді. Бағдарлама  мына  бөлімдерді  қамтиды:

  • өзіне-өзі  қызмет  етуді  үйрету;
  • ауыл  шаруашылығы  еңбегіне  баулу;
  • техникалық  еңбекке  баулу;
  • көркем  еңбекке  баулу.

Еңбекке  баулу  пәнінің  мектептің  бастауыш  сатысындағы  оқу  жүктемесінің  көлемі-272 сағат, 2-сыныпта  68 сағат (оқу  жылында),  аптасына  2  сағаттан  белгіленді. 

   Балаларды  өзіне-өзі  қызмет  етуге  баулу  бірінші  сыныптан  басталады. Келесі  сыныпта  оның  мазмұны  күрделенеді. Балалар  шаруашылық,  тұрмыс  еңбегіне  бейімделеді, қажетті  іскерліктері  дамиды.Еңбектің  бұл  түрі  отбасы  тәрбиесімен  ұштастырылып  отырады.

Өзіне-өзі  қызмет  ету  еңбегіне  үйретудің  тәрбиелік  әрі  қоғамдық  маңызы зор. Мектепте  ұйымдастырылған  мұндай  еңбек  түрібаланың  дұрыс  қалыптасуына  әсерін  тигізеді,  олардың  мәдениеті  мен  көркемдік  талғамдарын  тәрбиелеуге  негіз  болады.

     Ауыл  шаруашылығы  еңбегіне  баулу.  Оқу-тәжірибе  үлескісіндеатқарылатын  жұмыстарымен  таныстыру. Жас еркешеліктеріне  қарай  атқарылатын  жұмыстарды  саралау.  Пәнаралық  байланысқа  көңіл  бөлінеді.Мысалы:  дүниетану,  ана  тілі,  математика, т.б.  Үлескіде  өткізілетін  сабаққа  қойылатын  жалпы  талаптар  мен  олардың  өзіндік  ерекшеліктеріне  көңіл  аударылады.

     Техникалық  еңбекке  баулу. Мұнда  қағаз  және  қатырма  қағазбен  істелетін  жұмыстар  мен  құрастыру  жұмыстары  қамтылған.  Бағдарламада  қағаз  және  қатырма  қағазбен  жұмыс  істеуге  көбірек  сағат  бөлінеді.  Әр  түрлі  бұйымдар,  құралдар,  ойынға  қажетті  жабдықтар,  тұрмыстық  заттар  жасауға  үйретіледі.

     Қатырма  қағаз-  қағазға  қарағанда  қалың  әрі  тығыз  материал.  Қатырма  қағаздың  қалыңдығы  әр  түрлі. Қатырма  қағаздың  ағаш  ұнтағынан  істелген  ақ  және  қоңыр  түстілері,  сабанан,  ескі  шүберектен  дайындалған  мықты  түрлері  болады.

    Балаларға  қағаздың  шығу  тарихы  және  қағаз  жасайтын  машина  жайлы  қосымша  түсінік  берілуі  керек.  Қағаздың  көп  қажет  болуына  байланысты  қағаз  өнділісі  дамыды.  Біздің  өмірімізде  қағаз  пайдаланылмайтын  сала  жоқ. Қағазды  басқа  материалдармен  ауыстыруға  болмайды. Себебі,  оның  берік,  жұқа,  жоғары  диэлектрлік  сияқты т.б.  қасиеттері  бар.  Еңбекке  баулу  сабақтарында  оқушыларды  қағаз  бен  қатырма  қағаз  жөніндегі  осындай  деректермен  таныстырудан  соң  қарапайым  операцияларды  пайдаланып,  бұйымдар  әзірлеу,  үлгі  бойынша  әзірлеу,  бүктеп – қаттау  және  көрсетілген  сызық  бойымен  кесу  жұмыстары  жүргізіледі.  Сызбадағы  кесілетін  сызық,  бүктейтін  жер  және  көмекші  сызықтарды  таба  білумен  таныстырудың  да  мәні  зор.

      Көркем  еңбек  блогында  ермексазбен  жұмысоқушыларды  мүсіндік  шығарма  жасаудың  жлодарымен  таныстыру  мақсатында  жүргізіледі. Қарапайым  бұйымдарды  жасату  арқылы  оқушылардың  көркемдік  талғамын  арттыру  мақсаты  да көзделеді.

      Матамен  жұмысты  бастамас  бұрын  оқушыларға  матаның  түрлерін,  оның  қалай  пайдаланылатыны  жайлы  қысқаша  түсінік  беріледі. Осы  мақсатта  мақта,  жүн,  жібек,  жасанды  талшықтардан  тоқылатын  маталармен  таныстырылады.

     Қолданбалы қолөнер- халық  өмірі  және  тұрмысымен  бірге  жетіліп,  біте  қайнасқан  өнер. Шеберлердің  қолынан  шыққан  қолөнер  туындылары  элементтерімен  таныстыру.  Оқушылардың  практикалық  жұмыстарында  бұл  элементтерді  қағазды  қолдана  отырып  жасату.

   Оқушылар  алдымен  әр  алуан  материалдарды  сапалы  өңдеп  үйренуі тиіс.  Өйткені  оларды  сонда  ғана  көз  тартарлық  тамаша  заттар  жасап шығару  үшін  қажетті  құрал  ретінде  шығармашылықпен  пайдалана  алады. Бағдарлама  мәтінінде  барлық  құрамдас  нәрселер  “минимум  бойынша”  көрсетілген,  ал  одан  да  көп  “максимум  бойынша  пайдалана  беруге  шек  қойылмайды.”

    Тапсырмалар  өздерінің  орындалу  мүмкіндіктеріне  қарай  үш  түрлі  деңгейді  қамтиды.  Олар::

  • оқулықтағы  үлгілер  деңгейіндегі  тапсырмалар;
  • оқушылардың  өздері  дербес  атқара  алатын  жұмыстар  деңгейіндегі  тапсырмалар;
  • оқушылардың  біліміне,  қабілетіне  қарай  қойылатын  талаптарды  орындап  шығуына  болатын  ықтимал  деңгейдегі  шығармашылық  тапсырмалар.

Оқушының  әр  түрлі  материалдармен  “белсене”  таныс  болуын  қамтамасыз  етудің  маңызы  зор.  Сонда  ол  оқушы  материалдардың  көркемдік  және  конструкциялық  қасиеттерін  творчестволықпен  алуан  түрлі  етіп  пайдалана  алады.  Іс  жүзінде  мұның  өзі  “материалды  сезіну”  жөніндегі  тәрбиенің  өзіндік  түрі  болуы  керек.  Ал  мұнсыз  еркін  көркемдік-  шығармашылық  қызметтің  болуы  тіпті  де  болуы  мүмкін  емес.  Балалар  әдетте,  алуан  логикалық  міндеттерді,  бас  қатыратын  жұмбақтарды  құмарта  отырып  шеше  алады.  Әрине,  бұл  ретте  оларға  берілетін  тапсырмалар  баспен  ойлау  және  қолмен  істеу  аралығындағы  ақылға  қонымды  сәйкестіктер  пропорциясында  болуы  өте-мөте  қажет.  Тап  осындай  жағдайда  оқушылар  ақылға  салып  ойлау,  өзінше  қызық,  шығармашылық  еңбек  әлемінің  есігін  ашады,  істі  қолдың  ептілігімен  қалай  болса  солай  тез тындыра  салумен  шектеліп  қалмайды.

    Балаларға  экскурсия  дегеніміз  әрқашан  әлдебір  жаңалықтар  ашу  болып  табылатынын  көрсету  және  түсіндіру  қажет. Еңбекке  баулу  пәні  тұрғысынан  қарағандағы  негізгі  жаңалық  балалардың  санасына  табиғаттағы  нәрсенің  ьарлығы  да  пайдалы  әрі  әсем  екенін  жеткізіп,  сіңіре  білу. Бұл  ретте  қай  саланың  болса  да  өзегін  жарып  өтетін  алтын  арқау  табиғаттың  бәрі  де  сұлу,  бәрі  де  қажет  болуы  тиіс  деген  өктем  талабы  болуы  тиіс.

      Балалармен  топтық,  жұптық  жұмыс  істеудің  орны  ерекше. Олардың  жеке  өздерінің  бақылау  қабілеттерін  және  материалдармен  кез-келген  дербес  жұмыс  істеу  “тәжірибе”  жасап  көруін,  сондай-ақ  бейнелей  білу  шеберлігін  бірте-бірте  байқап,  бағалап,  көтермелеп  отырады.  Сөйтіп,  оқушылардың  кеңістікте  белгілі  бір  мақсатқа  бағытталған  ойлау  қабілеті  қалыптасады.

   Баланың  ұсақ  бұлшық  еттерін  қозғалысқа  келтіретін  кіші  моторикасы  қалыптасады (саусақтарымен  жұмыс  істеу  дағдысы  пайда  болады). Мұндайда  оқушылардың  көңілін  көтере  дем  беріп,  мақтап  қойған  дұрыс.

     Өңделетін  материалдармен  олардың  сәнділік  және  технологиялық  қасиеттерімен  танысуды  одан  әрі  үнемі  жалғастырып  отырамыз. Балалардың  жеке-жеке  дербес  жасаған  шығармашылық  жұмыстарын  біріктіріп,  белгілі  көзделген  ойға  бағыттаймыз.  Олар  комбинациялық-логикалық  сипаттағы  суреттемелерді  жасап,  орындап  шығу  жөніндегі  міндеттерді  шешуді  үйренеді.

    Мақсат  көздеу - әлдеқайда  күрделі  кешенді  процесс  болып  табылады.  Мұның  өзі  дайын  конструкцияға  талдау  жасауда  ғана  емес,  сонымен  қатар  ең  алдымен  кез-келген  конструкция  мен  оның  атқаратын  қызметінің  ерекшелігі  арасындағы белгілі  бір  тәуелділікті  орнатуды  да  көздейді. Мақсат  көздеу  ең  алдымен  нағыз  саналы  ізденімпаздықты,  проблеманы  шешу  тәсілін,  мәселеге  шығармашылық  тұрғыдан  келуді  қамтиды.

Информация о работе Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары