Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 12:36, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған «Орта білім алу міндеттілігі» қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыруын қойып отыр.
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жа уапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады…» деген сенімі жай айтылған сөз емес.

Содержание

Кіріспе---------------------------------------------------------------------------------3

І-ТАРАУ. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін
дамытудың педагогикалық негізі.
1.1 Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек біліктерін шығармашылығын дамытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері.------------------------------------------------------------7
1.2 Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту мәселелері.--------------------------- 17
ІІ-ТАРАУ. Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары.
2.1. Еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың еңбек біліктерін қалыптастырудың жаңа технологиялары.------------------------- 31
2.2. 2-сыныптағы еңбекке баулу пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері.---------- 38
Қорытынды.-------------------------------------------------------------------------- 51
Пайдаланылған әдебиеттер------------------------------------------------------

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әбу 1.doc

— 524.50 Кб (Скачать документ)

 нәтиже  алуы. Баланың  жаңа  нәтижеге  қол  жеткізуі жалпы  білімдерімен  қатар  олардың  осы  нәтиже  алу  жолында  пайдаланылатын  әдіс-тәсілдердің  тиімдісін  таңдай алуына, тапқырлықтарына  және  жеке психологиялық  қабілеттеріне  байланысты.

     Психологтардың  зерттеулеріне  қарағанда,  шығармашылық  іс-әрекеттің  қалыптасуы  өздігінен  тұйыққа  тірелген  процесс  емес.Ол  тек  әлеуметтік  орта  қоршауымен,  адамның  өзіндік  қызмет  сипатымен  ғана  емес,  жеке  тұлғаның  кәсіби  іс- әрекеті,  танымдық  қажеттілігін  оятуға  ынталандыратын оқу  және  тәрбие үрдісі, сондай-ақ  өзінің  жеке  басының  белсенділігімен  үндесе  жүргізілетін  күрделі  үрдіс.Бұл  мәселе  белгілі  бір  танымдық  іс-әрекетке  оларды  бағыттайтын,  тәрбиелейтін,  жұмылдыратын,  ынталандыратын  адамдардың  әсеріне  де  тікелей  байланысты.  Сонымен  қатар  шәкірттің  танымдық  іс-әрекетте  ілгері  қарай  басуына  себепкер  болатын  негізгі  күш – түрлі  қайшылықтар. Бала  білмеуден  білуге  қадам  басқанда  әртүрлі  қайшылықтар мен  қиындықтарға  кездеседі,  оларды  шешу,  жеңу  нәтижесінде  оқу  міндеттері  жүзеге  асады.  Оқу  үрдісіндегі  ең  негізгі  қайшылықтармен  оқушының  мүмкіндіктерінің  (білімі, дағдысы, дамуының  қазіргі  деңгейі) арасындағы  қайшылық.  Бұдан  тағы да  оқушының  білімі  мен  біліктілігі  арасындағы  және  шығармашылық  ойлауы  мен  репродуктивті  ойлау  арасындағы т.б.  қайшылықтар  жатады.  Осындай  қайшылықтарды  шешу  оқушының  саналы  түрде  көп  күш-жігер  жұмсауын  керек  етеді.

        Оқытушы  шәкірттің  білім,  білік  деңгейлерін  анықтап,  олармен  жеке  дара  жұмыстар  жүйесін  пайдалануы  керек.

        Жүйелі,  дұрыс  ұйымдастырылған  шығармашылық  әрекет  түрлері  нәтижесінде  шәкірттің  білімі,  біліктілігі  кеңейіп,  шығармашылық  ізденімпаздығы  қалыптасады.

       Оқушының  жұмысты  шығармашылықпен  ойлауы,  оны  ұйымдастыра  білуі,  танымдық  іс-әрекет  түрлерін  таңдап,  оны  жоспарлай  білуі,  ізденімпаздығын  арттыру  маңызды  жұмыс. Оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекеттерді  жоспарлау  және  іске  асыру  біліктерінің  қалыптасуына  оқу-танымдақ  тапсырмаларды  шығармашылық  тұрғыда  шешудің  маңызы  зор.

И.Д.Левитовтың  пікірінше, оқушылардың  шығармашылық  қабілеттері  деп  іс-әрекет  қорытындысында  жаңа  бір  нәрсені  үйренулері  және  оқушылардың  даралық  бейімділіктерінің,  қабілеттерінің,  тәжірибелерінің  көрінуі  болып  табылады.  Бастауыш  сынып  оқушысының  зейіні  тұрақсыз,  импульсивті,  қабылдау  мүмкіндіктері  де  әр  түрлі  болады.  Баланың  жасырын,  тіпті  тым  тереңде  жатқан  қабілеттерінің  көрінуіне  мүмкіндік  жасау  тек  оқыту  үрдісі  кезінде  үлкендердің  басшылығымен  жүзеге  асады.

      Оқушылардың  жалпы  шығармашылық  қабілетінің  құрамдас  компоненттерін  анықтауға  бағытталған  еңбектер  де  жеткілікті,  атап  айтсақ, И.Л.Лернердің,  А.Н.Луктың,  В.И.Андреевтің,  А.Л.Яковлевтің, Д.Б.Богоявленскаяның  еңбектері.

       А.Н.Лук  шығармашылық  қабілеттің  компоненттерінің  құрамына  басқа  көзқарас  тұрғысынан  келе  отырып,  шығармашылық  қабілеттерді  үш  негізгі  топқа  бөліп  қарастырады:

1)       ынтамен  байланысты  қабілеттер   (қызығушылық  және  икемділік)

2)       темпераментпен  байланысты  қабілеттер   (көңіл-күй)

  1. ақыл-ой  қабілеттері.

А.Н.Луктың  оқушылылардың  шығармашылық  қабілеттерінің  компоненттері  құрамына  қатыстыайтқан  пікірі  құнды  және  оны  төмендегі  себептерге  сәйкес  түсіндіруге  болады:

  1. оқушы  кез-келген  іс-әрекет  нәтижесінде  жақсы  нәтиже  алу  немесе  белгілі  бір  қабілет  түрін  дамыту  үшін  алдымен  осы  іс-әрекетке, қабілетке  деген  оның  қызығушылығы,  ынтасы  болмаса,  оның  нәтижесі  де төмен  болатыны сөзсіз.
  2. көңіл-күй  бұл  кез-келген  істі  орындауға  негізгі,  қажетті  көрсеткіш  деуге  болады.  Сондықтан  да  бастауыш  сынып  оқушыларының

шығармашылық  қабілеттерін  дамытуда  олардың  осы  бағыттағы  іс-әрекеткедеген  көңіл-күй  деңгейі  маңызды,  сондай-ақ  олардың  жұмысының  нәтижелілігіне  әсер  ететіні  белгілі.  

  1. кез-келген  іс-әрекетті  біз  ақыл-ой  қабілеттері  негізінде  ғана  іске  асыра  аламыз.  Сондықтан  да  оқушылардың  шығармашылық  бағытта  жұмыс  істеулері  де  алдымен  оны  ақыл-ой  қабілеттері  арқылы  жоспарлап алып,  оны  практика  жүзінде  іске  асыруларын  талап  етеді.

Я.А.Пономарев  «Знание, мышление, умственное  развитие» атты  еңбегінде   кез-келген  шығармашылық  бағыттағы  іс-әрекеттің  негізгісі-шығармашылық  ойлау  дей  отырып,  оның  даму  критериі ретінде  іштей жоспарлау  әрекетін  немесе  «ойша»  әрекеттену қабілеттерін  алады.

      Автор  пікіріне  қосылуға  болады,  себебі  ешбір  іс-әрекеттің,  соның  ішінде  шығармашылық  бағыттағы  іс-әрекеттің  «ойша»  әрекеттенуінсіз  іске  аспайтыны  анық.  Сондай-ақ  балалардың  «ойша»  әрекеттенуі,  яғни  ойша  санауы,  талқылауы,  жоспарлауы  және  т.б.- бұл  адам  интеллектісінің  айрықша  көрсеткіші  болып  табылады.  Біріншіден,  адам ойша  әрекеттене  отырып  нәтижесінде  не  алатындығын,  яғни  болашақта  алатын  нәтижесінің  бейнесін  көз  алдына  елестете  алады. Екіншіден, қойылған  мақсатқа  жету  жолын  жоспарлап,  алынбақшы  нәтижеге  жету  тәсілін  ойша  құрастыра  алатындығын  көреміз.

     Психологиялық  зерттеулерге  қарағанда  оқушылардың «ойша» әрекеттену  қабілеттері  әсіресе,  бастауыш  мектеп,  яғни  негізгі  оқу  іс-әрекетті,  дағдылары  қалыптасқанда  үздіксіз  дамиды  және  сондай-ақ  олардың  шығармашылықпен  өзін-өзі  көрсете  білу  қажеттігі  басым.  Бұл  оның  жеке  тұлғасының  анықтауына  өз  қабілетін  жүзеге  асыруға  және  оның  қанағаттандырылуы  оқушыға  әрқашан  қуаныш  сезімін  тудырады  деп  есептейді.В.В.Давыдов  оқушыларда  осы  кезеңде  байқалатын  психологиялық  жаңа  сапалық  қасиеттерді  сипаттай  отырып  былай  дейді: «Оқушы  өз  әрекетінде  барынша  көп  қадам  жасаған  сайын  ол  тапсырманың  түрлі  нұсқаларын  салыстыра  алады  және  есептің  шешуін

бақылай  алады.»

      Адамның  жан-жақты  дамуының  әлеуметтік  жағдайларға  тәуелді  екенін  ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда  алғашқы  рет  байқаған  гуманистер  социал-қиялшылдар  Томас  Мор  және  Томмазо  Кампанелла.  Мор  жеке  адамды  дамытудың  негізі- жалпыға  бірдей  және  міндетті  оқу,  оқуды  ана  тілінде  жүргізу,  балаларға  ғылымның  әр  түрлі  салаларынан  теориялық  білім  беру, оны  еңбекпен  ұштастыру  болады  деп  өзінің  бұл  пікірін  Утопия  кітабында  сипаттайды. Ал  Кампанелла  адам  баласының  дамуы,  жарасымды  қалыптасуы,  оның  бақытты өмір  сүруіне  байланысты,  сондықтан  баланың  ақыл-ойын,  қабілетін  дамыту  үшін  игілікті,  қажетті  жағдайлар  жасау  керек  деді.                       

            ХІХ ғасырдың  басында  қиялшыл  соцтализмнің  ілімін  жасаушылар 

 Ш.Фурье,  Роберт Оуэн  және  Сен-Симон  балаларды  жан-жақты  қабілетті  дамыту,  яғни  оларды  біліммен  қаруландыру,  өмірге,  еңбекке  даярлау  тәрбиеге  байланысты  деп  түсінді.

Бала  үнемі  оқу  әрекетінің  нәтижесінде  еңбек  етуге,  ізденушілікке, келешекте  арнаулы  оқу  орнына  түсуге  қабілнтті  болып  шығады.

     Адамның  рухани  дамуының  көзі- еңбек. Ф.Энгельс  еңбектің  тарихи  рөлін  қарастыра  келіп,  белгілі  жағдайда  адамдыжаратқан  еңбек  деген  қорытындыға  келді.  Олай  болса,  еңбексіз  даму  жоқ, еңбексіз  кері  кетушілікке  ұшырауға  болады. Еңбек- адамның  көркі,  бақыты,  қоғам  байлығы.   Қоғамда  қабілетіне  қарай  еңбек  етуәрбір  адамның  әдетіне,  ең  бірінші  өмірлік  қажетіне  айналады. Еңбекке  жарамды  әрбір  адам  өзінің  өмірі  мен  қызметіне, қоғамдық  әл-ауқатын  арттыруға, қажетті  нәрселерді  жасауға  тиіс.

      Педагогикалық  тұрғыдан  еңбек – баланы  жан-жаұты  дамытып,  қалыптастырудың  күшті  құралы.Бала  жастайынан  еңбек  етуге  талпынады.Оны  еңбек  дағдыларына  үйрету  үшін  үйелмен  мен  мектепте  еңбек  тәрбиесі  қазіргі  заман  талаптарына  сай  ұйымдастырылып  жүргізілуі  керек.  Мектепте  бұл  іс-әрекеттің  бірнеше  түрлері  бар.  Олар: баланың  өзіне-өзі  қызмет  етуі, қоғамдық  пайдалы  еңбек,  өнімді  еңбек.  Әрекеттің  мұндай  түрлері  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сай  іске  асырылады.  Еңбек  әреті  жүйесінде  оқушылардың  өзіне-өзі  қызмет  етуінің  мәні  зор.

     Қоғамдық  пайдалы  еңбек  түрі  оқу-тәрбие  жұмыстарының  мақсаттарына  сәйкес  жүргізіледі.

     Оқушылардың  өнімді  еңбекке  қатысуының  үлкен  тәрбиелік  мәні  бар.Олардың  өнімді  еңбек  ьарысында  жауапкершілігі  артады,  іскерлік  қабілеті  дамиды.

      Сонымен  қоғамдық  пайдалы  және  өнімді  еңбекке  тікелей  қатысу  оқушыларды  іскерлікке  ғана  үйретіп  қоймай,  олардың  дене  күштері  мен  ақыл-ойын  дамытуға  ықпал  жасайды,  сабақта  алған  білімдерін  тереңдетіп  жетілдіреді.Еңбек  іс- әрекетін  оқумен  ұштастырып  отырса,  баланың  әлеуметтік  тәжірибесі  молаяды.

      Адамның  жан-жақты  және  үйлесімді  дамуында  еңбек  шешуші  фактордың  бірі.Халық  еңбекті  асыл  мұрат  деңгейінде  қарады.Еңбек  дағдыларын  меңгеруде  зор  жігерліктің  қажет  екенін  жақсы  түсінді.Еңбек  сапасы  негізгі  көрсеткіш  ретінде  алынды.  Еркін  еңбек  барысында  өзініңжәне  бүкіл  қоғам  мүшелерінің  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  адам  материалдық  және  рухани  құндылықты  жасайды.  Шығармашылық  еңбек  барысында  адам  өз  күшінің  шамасын  және  қабілетін  анықтайды.

      Мектепте  еңбек  біліктерін  арттырудың  басты  міндеттері:  біріншіден,  еңбек  сүйгіштік  пен  еңбек  адамдарына  құрметпен  қарау;  екіншіден,  оқушыларды  халық  шаруашылығының  салаларындағы  еңбектің  түрлерімен  таныстыру  еңбек  іс-әрекетінің  барысында  олардың  дағдысы  мен  іскерлігін  қалыптастыру;  үшіншіден,  мамандықты  таңдауға  дайындау.

     Балаларды  еңбекке  психологиялық  және  практикалық  тұрғыдан  дайындау – бұл қоғам  үшін  оқушылардың  пайдалы  еңбекке  даярлығын  және  еңбекті  өз  бетімен,  өз  еркімен  ынталанып  орындауға  үйрету. Бұл  өте  күлделі  процесс- мұнда  оқушылардың  әдеті,  сезімі  қалыптасады.

     Еңбек  етуге  әдеттену- бұл  жай  ғана  еңбекке  үйрену  емес,  бұл  адам  тәрбиесінің  жоғары  деңгейі,  еңбек  процесіне  құштарлық,   еңбек  етуге  әзірлік,  жұмысты  істей  білу,- деді  Н.К.Крупская.

     Оқыту  және  тәрбие  жұмысының  барлық  жүйесі  оқушыларды  еңбекке  психологиялық  және  практикалық  тұрғыдан  дайындау  міндеттерін  шешуге  бағытталуы  тиіс.

     Еңбек  тәрбиесі  үшін  өте  маңызды  еңбек  сабағы.  Онда  оқушылар  еңбек  дағдыларына  үйренеді,  техникалық  білімді  игереді.  Еңбек  сабақтары  барысында  оқушылар  жалпы  және  техникалық  білімге  сүйенеді.

      Еңбек  сабақтарының  процесін  жетілдіру  оқушылардың  еңбекке  зерттеу  және  шығармашылық  қатынасын  қалыптастырады. Оқушылар  мектепте  алған  білімдерін  дайдаланып,  практикалық  дағдылар  мен  іскерлікті  игереді.  Осындай  шығармашылық  жұмыстың  барысында   әр  түрлі  пәндер  бойынша  оқушылардың  білімі  байымды  тереңдейді,  ғылыми-зерттеу  ісіне  машықтанады

    Оқу  еңбегі  бала  үшін  ойға  толы,  инемен  құдық  қазғандай,  ақыл – ойдың  кемелденуін  талап  ететін  ең  ауыр  еңбек  екенін  К.Д.Ушинский  ескерткен  болатын.   

     Оқу  іс-әрекетінде  қажетті  бақылау,  өзін-өзі  бақылау,  сондай-ақ  есептің  шешуін  ауызша  түсіндіруді  талап  ету,  бағалау  қажеттігі  бастауыш  сынып  оқушыларында  ішкі  жоспар  бойынша  әрекеттенуге  және  ойша  жоспар  құруға  жағдай  туғызады. Бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармашылық  қабілеттері,  әсіресе,  ән-күйде,  ойын  үстінде,  еңбек  сабақтарында  жаңа  бір  нәрсені  ашумен,  құрастырумен,  білумен  байланысты  көрінеді. 

     Қазіргі  мектепте  әлеуметтік  тапсырыс -  терең  ойлай  білетін  шығармашылық  бағытта   әрекет  ететін  адам  даярлау.  Заттық  нәрселер  мен  іс  жүзінде  әрекет  ету  бастауыш  мектеп  оқушыларының  шынайы  болмысты  сезім  арқылы  танып  білуін  қамтамасыз  етеді.  Мұның  өзі  заттық  нәрселермен  әрекет  ету  барысында  оларды  оқушылардың  өз  қолдарымен  ұстап,  сипап  көруі,  қарап  шығуы,  тыңдап  байқауы  арқылы  жүзеге  асырылады.  Бұл  сезімдік  таным  ақыл-ой  үшін  нақты  ақпарат  болып  табылады,  яғни  айнала  қоршаған  дүние  туралы  алғашқы  білім  түйсіктерін  қалыптастырады.  Мұның  салдары -  ойлау  қабілеттерінің  дамуы.  Баланың  іс  жүзінде  өзгеріс  енгізуші  қызметі  заттың  өзін  және оның  бөлшектерін  неғұрлым  мұқияттылықпен  терең  зер  сала  қарап  шығуға  бағыт-бағдар  береді,  яғни  заттың  «неғұрлым  мұқият  әрі  терең  ой  жүгірте  қарап  шығуын»  қажет  етеді.

      Оқуды  еңбекпен  ұштастыру  оқушылардың  ынтасын,  қызығушылығын  еңбек  және  адамгершілік  тәрбиесін  кешенді  түрде  дамытуда  рөлі  өте  зор.  еңбек  біліктілікті  іске  асыруда  бірқатар  педагогикалық  шарттарды  есте  ұстаған  жөн:

  • еңбекке  тәрбиелеудің  нәтижелі  жүруі  баланың  еңбекке  неғұрлым  ертерек  қатыстырылуына  байланысты:
  • балалардың  еңбек  әрекетінің  қоғамдық  мағынасы  және  идеялық-өнегелік  негізі  болуы керек:
  • еңбек  тапсырмасын  орындағаннан  кейін  оның  ьолымды  нәтижесі  баланың  өз  күшіне  сенімділігін  қуаттайды,  қуаныш  сезімі  артады. Неғұрлым  еңбек  нәтижелі  болса,   соғұрлым  оның  ықпалы  күшті  болады:
  • еңбек  баланың  психикалық  және  физиологиялық  ерекшеліктеріне  сай  ұйымдастырылуы  қажет. Еңбегінің  негізгі  түрі  ойын  болып  табылатын  кіші  мектеп  жасындағы  баланың  еңбегі  ойынмен  ұйымдастырылуы  керек.  Еңбектегі  сияқты  ойында  да  ойға  күш  салу  және  жауапкершілікті  сезіну  бар:
  • еңбек  іс-әрекеті  барысында  оқушылар  тек  тапсырманы  орындап  қоймай,  өз  еңбегін  өз  бетімен  ұйымдастыруды  үйренуі  керек.

Информация о работе Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары