Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 09:42, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі. Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның және білім берудің дамуы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына енді. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім берудің дамуының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес прогрессивті технологияларды және оқыту жүйелерін жасау және енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады.
Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай бүгінгі жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздардың шығармашылық ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде жүруіне жол ашу ерекше орын алады.
КІРІСПЕ ......................................................................................................
3
1 БӨЛІМ. ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ.........................................................................................
8
1.1 Ақпараттық мәдениетті дамытудағы педагогтың ақпараттық құзырлығы.....................................................................................................
8
1.2 Болашақ педагог мамандарды даярлауда ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдалану..........................................................................
19
2 БӨЛІМ. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ...............................................
28
2.1 Білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамытудағы тұжырымдамалық көзқарастар...................................................................
28
2.2 Оқыту жүйесінде ақпараттық технологиялардың қолданылуын психологиялық тұрғыдан эксперименттік зерттеу...................................
38
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................
52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................
56
ҚОСЫМШАЛАР.........................................................................................
Кестеде жалпы үш компонент бойынша бастапқы және соңғы нәтижелер келтірілген, эксперименталды топтағы нәтиже 18,6%, ал бақылау тобындағылар 4,35%, яғни эксперименталды топтың нәтижелері бақылау тобына қарағанда 14,25% жоғары екені анықталды.
Сонымен, эксперименталды топтағы қорытынды (үшінші) «қисын» студенттердің жартысындай бөлігінде (46,8%) орташа деңгейге дейін бізге қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға болатынын көрсетіп отыр, себебі бақылау тобында бұл деңгейді студенттердің (19,9%) тек төрттен бір бөлігі ғана көрсетті.
4-сурет - Ақпараттық технологиялар арқылы студенттердің білім, білік және дағдыларының қалыптасқандығының қорытынды нәтижелерінің динамикасы (эксперименталды топ)
6-кесте – Студенттердің
білім, білік және дағды
Деңгейлер |
Эксперименталды топ |
Бақылау тобы |
Төмен |
37,6 |
79,7 |
Орташа |
46,8 |
19,9 |
Жоғары |
15,6 |
0,4 |
Эксперименталды топтағы ақпараттық технологиялар арқылы студенттердің білім, білік және дағдыларын қалыптастыруда педагогикалық шарттар жүйесін енгізу қажеттілігінің маңызы зор.
Ақпараттық технологиялар арқылы оқытудың педагогикалық шарттар жүйесі студенттердің оқу-практикалық және ақпараттық технологияларды пайдалану іс-әрекеттерін белсендендіруге мүмкіндік берді; студенттерді оқытуды жетілдіруге ынтасын тудырды; оқытуды жетілдіруге қажетті білім, білік және дағдыларды игеруге қызығушылықтарын арттырды; оқытудың қоғамдық мәнін саналы түрде сезінуге мүмкіндік берді; ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың оқытудың маңыздылығын дәлелдеді.
Бақылау және эксперименталды топтарында студенттерді ақпараттық технологиялар арқылы білім, білік және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында бақылау тапсырмалары және тестік тапсырмалар құрастырылды. Бақылау сұрақтар 100 балдық жүйе бойынша бағаланды. 0-ден 40-қа дейін – төменгі деңгей; 41-ден 80-ге дейін – орташа деңгей; 81-ден 100-ге дейін – жоғары деңгей.
Сонымен, тәжірибелі-педагогикалық жұмыстың нәтижелері біздің ұсынып отырған ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді оқытудың педагогикалық шарттар жүйесінің тиімді екенін көрсетті.
Біздің ұсынып отырған педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін дәлелдеу үшін корреляция коэффициентін Пирсонның сызықтық корреляция формуласы бойынша есептеп шығардық:
мұндағы r – корреляция коэффициенті; - бастапқы сараптама берінділері; - соңғы сараптама берінділері; n – таңдау жиынтығы.
Мұндағы таңдау жинағы (n) барлық үш компонент бойынша орташа және жоғары деңгей көрсеткіштерінің қалыптасқандығын құрайды (x - бақылау тобының көрсеткіштері, y - эксперименталды топтың көрсеткіштері).
Бұл формула бойынша корреляцияның коэффициенті 0,94 болып шықты. Яғни бұл коэффициент біздің ұсынылып отырған ақпараттық технологиялар арқылы оқушыларды оқытудың педагогикалық шарттарының тиімділігінің дәлелі.
Эксперименталды топтағы ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді оқыту білім, білік және дағдыларын қалыптастыруда жоғары оқу орнының оқу процесіне ұсынылып отырған педагогикалық шарттар жүйесін енгізу қажеттілігі туып отыр деуге болады.
Оқу қызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады.
Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау студенттердің білім деңгейін көтерері сөзсіз. Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін сызу, сурет сабақтарын өткізгенде пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады.
Қашықтықтан оқыту - адам білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білІм беру жүйесі нысандарының бірі.
Қазақстанда қашықтықтан білім берудің рөлін өзекті ететін әлеуметтік саяси прогрестер:
- білім беруге жаңа талаптар коятын экономикалык реформаларды дамыту. Халықаралық байланыстардың оның ішінде білім беру саласындағы байланыстардың өсуіне ықпал ететін саяси өзгерістер;
- білім беру қызметін көрсетулердің әлемдік рыногында бәсекелестіктің артуы кезінде білім беру
- ақпараттық технологиялардың өзекті мәселелері ісіндегі халықаралық ықпалдастықты күшейту.
- білім беру процесіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасудың сапалық тұрғыдан жаңа техникалық құралдарының пайда болуы және олардың жедел дамуы.
- халықтың білім берудің мазмұны мен технологияларына
қатысты жаңа сұраныстарын қалыптастыру. Қашықтықтан білім берудің әлеуметтік функциялары:
- халықтық әлеуметтік және кәсіби жұмылуын оның кәсіпкерлік әлеуметтік белсенділігін арттыру;
- елдің сапалы даярланған білікті мамандарға деген сұраныстарын қанағаттандыру;
- отандық жоғары мектепте жинақталған білімді кадрлық және материалдық әлеуметті сақтауға және көбейтуге жәрдемдесу.
- қоғамның білімділік деңгейін және білім сапасын арттыру
- халықтың әр түрлі білім беру қызметтеріне деген, өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Икемділік. Білім алушылар лекциялар, семинарлар түріндегі күнделікті сабақтарға қатыспайды. Өздеріне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы орында және ыңғайлы қарқында сабақ оқиды. Әркім оқу курсының белгілі бір пәнін меңгеру үшін өзіне қанша кажет болса, сонша оқиды.
Модульдік. ҚО бағдарламасының негізіне модульдік принципі алынған. Оқушылар меңгерген әрбір жекелеген пән (оқу курсы) мазмұны бойынша белгілі бір пәндік салаға барабар. Бұл тәуелсіз (бірақ, әрине, логикалық жағынан өзара байланысты) оқу курстарының жиынынан жеке немесе топтық қажеттіліктерге жауап беретін оқу жоспарын жасауға мүмкіндік береді. Оқушы өзі үшін өзінің жеке ұйғарымдарын білдіретін іс жүзіндегі жеке оқу жоспарын жасағанда, әзірше білім алудың дәстүрлі нысандарына тән емес, оңтайлы мүмкіндік туады,
Қосарлылық. Оқыту негізі кәсіптік қызметпен, тіпті оқумен ұштастырыла, яғни «өндірістен қол үзбей» жүргізіледі.
Қашықтықтағы әрекет. Білім алушының тұратын жерінен білім беру мекемесіне дейінгі қашықтық тиімді білім беру процесі үшін кедергі (байланыс сапалы жұмыс істегенде жағдайда) болып есептелмейді.
Оңтайлылығы. Оқу процесінде білім беруші мен білім алушы қашықтықтан оқыту технологиясын уақытқа қарамастан, яғни әрқайсысына ыңғайлы сабақ кестесі немесе жұмыс кестесі бойынша іске асыра алады.
Қамту немесе «бұқаралық». Білім алушылардың саны сыни тұрғыдағы өлшем болып есептелінбейді. Олардың барлық үлгідегі оқулықтар мен анықтамалық көздеріне (электронды кітапханаларға, ақпараттық деректер қорына) қолдары жетеді, сондай-ақ олар бір-бірімен және оқытушымен теле-коммуникациялық желілер және байланыс құралдары арқылы хабарласа алады.
Рентабельдік. Бұл - ҚО-ның жоғары экономикалық тиімділігі. Шетелдік және отандық мамандардың бағалауы көрсеткендей, ҚО білім алудың басқа нысандарына қарағанда шамамен 1,5-2 есе арзанға түседі.
Оқытушы. Әңгіме оқытушының жаңа рөлі және өзіндік функциялары туралы болып отыр.
Білім алушылар. Нақтырақ айтсақ, білім алушының жаңа рөлі және іс-әрекеті.
Жаңа ақпараттык, технологиялар. Ақпараттық технологиялардың барлық түрлері, бірақ та көбінесе жаңа ақпараттық технологиялар (компь-ютерлер, компьютерлік желілер, мультимедия жүйелері, т.с.с.) пайдаланылады.
Әлеуметтілігі. ҚО тұрғыдан жеріне, жағдайына және белгілі бір дәрежеде материалдық жағдайына қарамастан, білім алудың баршаға бірдей мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, белгілі бір дәрежеде әлеуметтік кикілжіңді азайтады.
Интернационалдығы. ҚО білім беру қызметін экспорттауға және импорттауға қолайлы жағдай туғызады.
Қашықтықтан оқитын оқушы жасаған білім нәтижелері, оның ішкі жеке басының өсуіне сәйкес келеді. Ғылыми білім беретін интернет-ресурстардың көлемінің өсуі адамзаттың әлемдік мәдени-тарихи жетістіктеріне жетудің мүмкіндігі білім берудін мазмұнының ролін өзгертеді. Дәстүрлі білім берудің негізгі мақсаты таңдап алынған мазмұнды оқушыларға жеткізу болып табылатын бірыңғай көздерге - оқулықтар мен оқу құралдарына шоғырландырылады. Web - ортада, СВ КОМ. ВҮВ-тасушыларда, электронды кітаптар мен вертуальді кітапханаларда бар білімдік ақпараттық қол жетімділдігі және көлемнің ұлғаюы және қашықтықтан оқыту қызметі нысандарының ашықтығы оқушылардың дүниетанымын әлемдік деңгейге дейін кеңейтеді. Сондықтан болашақ 12 жылдық мектепте қашықтықтан оқыту нысандарын бірыңғай ашық білім беру кеңістігіндегі ғаламдық білім беретін телекоммуникациялардың тиімді құралы ретінде лайықты орын алатыны анық.
Курс мазмұнын құрастырудағы модульдiк принцип түрлi бiлiм беру бағдарламаларын модульдеп сабақтастыруға мүмкiндiк бередi. Модульдiк мазмұнды игеру барысында тыңдаушының кәсiби шеберлiгiнiң өсуiне және өз қызметiн жан-жақты бағалап, талқылаудан өткiзуге әсерiн тигiзедi.
Курстың моделiн жасақтау барысында бiз келесi мақсаттарды негiзге алдық:
- бiлiктiлiктi көтерудi түрлi деңгейлермен қамсыздандыру;
- тыңдаушылардың мамандық
- тыңдаушылардың өзiн-өзi дамуы
мен жетiлу жағдайларын
Тыңдаушылардың бiлiм жетiлдiру мазмұны бiр-бiрiмен байланысқан үш блоктан тұрады:
Бiрiншi блок-модуль (инварианттық) — «ҚР бiлiм саласындағы негiзгi мемлекеттiк саясатының бағыты» (6 сағат). Бұл блок тыңдаушылардың әлемдiк педагогикадағы инновациялық процестер туралы теориялық бiлiмiн және Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру жүйесiн дамыту тенденцияларын игеру мәселелерiн қамтиды:
Екiншi блок-модуль (инварианттық)– «Бiлiм беру процесiн әлеуметтiк-психологиялық жағынан қамсыздандыру» (24 сағат):
Үшiншi блок-модуль – «Пәннiң мазмұны мен әдiстерiн жетiлдiруге бағытталған инновациялық әдiстер» (56 сағат) (инварианттық, вариативтiк модульдер) тыңдаушының өзiн-өзi дамуының, оқытушының жеке тұлғаны дамыту мехнизмiн жетiлдiру мәнiн ашуға бағытталған:
Оқыту бағдарламаларын таңдау тыңдаушыларға жүргiзiлген тест пен сауалнама қорытындысы бойынша жүргiзiлуi қажет. Курстағы әрбiр топқа жасақталған бағдарламаның мазмұнына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп отырады.
Курстық дайындықты жобалау барысында тұлғалық-бағдарлық бөлiктер ескерiлдi. Ол педагогикалық өзара қарым-қатынасты орнықтырумен байланысты. Бiздiң жағдайымызда, тыңдаушылар өзара бiр-бiрiмен тәжiрибе алмасу мен ойларын ортаға салу әрекеттерi жүзеге асырылады. Аталған блокты қолдану кезiнде бiрлескен өзара әрекет пен қарым-қатынас iске асырылады, эмоциональдық-психологиялық және iскерлiк қарым-қатынастар дамытылады және тұлғалық бағдарлау қалыптасады. Мұндай жағдайда, тыңдаушылардың өзiндiк жұмысы ұйымдастырылып, олардың шығармашылық мүмкiндiктерiнiң дамуы қамтамасыз етiледi.
Бiлiм мазмұнының аралығындағы аралық топ пен оны ұйымдастыру келген тыңдаушылардың дайындық деңгейiне байланысты. Бiлiктiлiктi көтеру жүйесiндегi негiзгi келелi мәселелердiң бiрi түрлi салалардағы теория мен практика бойынша мұғалiмдердiң инновациялық әдiстер мен тәсiлдердi үйрену болып табылады.
Шетелдiк және отандық тәжiрибелерге талдау жасау барысында педагог кадрлардың мамандық құзырлығының дамуына әсер ететiн оқу қызметтерiнде қолданылатын әдiстер мен тәсiлдердi дамыту қажеттiгi анықталынды. Сондықтан дәстүрлi сабақтарды (лекция, семинарлар) қолданумен қатар дөңгелек үстел, тренингiлер, iскерлiк ойындар, тақырыптық пiкiрталастар, практикалық жағдаяттарды талқылау және т.б. дәстүрлi емес әдiстердi кеңiнен қолдану қажет. Мұндай әдiсте сабақтарды өткiзу тыңдаушылардың өздiгiнен жұмыс жасауына, қабiлетiнiң дамуына және жекелей жұмыс жасау iс-әрекетiнiң қалыптасуына мүмкiндiк бередi.