Болашақ педагог мамандарды ақпараттық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 09:42, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі. Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның және білім берудің дамуы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына енді. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім берудің дамуының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес прогрессивті технологияларды және оқыту жүйелерін жасау және енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады.
Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай бүгінгі жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздардың шығармашылық ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде жүруіне жол ашу ерекше орын алады.

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................
3

1 БӨЛІМ. ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ.........................................................................................


8
1.1 Ақпараттық мәдениетті дамытудағы педагогтың ақпараттық құзырлығы.....................................................................................................

8
1.2 Болашақ педагог мамандарды даярлауда ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдалану..........................................................................

19

2 БӨЛІМ. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ...............................................



28
2.1 Білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамытудағы тұжырымдамалық көзқарастар...................................................................

28
2.2 Оқыту жүйесінде ақпараттық технологиялардың қолданылуын психологиялық тұрғыдан эксперименттік зерттеу...................................

38

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................
52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................
56

ҚОСЫМШАЛАР.........................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-БОЛАШАҚ-ПЕДАГОГ-МАМАН-ТҰЛҒАСЫН-ЗАМАНАУИ-АҚПАРАТТЫҚ-ҚҰРАЛДАР-КӨМЕГІМЕН-ДАМЫТУДЫҢ-ПСИХОЛОГИЯЛЫ.doc

— 374.00 Кб (Скачать документ)

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАН ТҰЛҒАСЫН ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАР КӨМЕГІМЕН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ......................................................................................................

3

   

1 БӨЛІМ. ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ.........................................................................................

 

 

8

1.1 Ақпараттық мәдениетті дамытудағы  педагогтың ақпараттық құзырлығы.....................................................................................................

 

8

1.2 Болашақ педагог мамандарды  даярлауда ақпараттық технология  мүмкіндіктерін пайдалану..........................................................................

 

19

   

2 БӨЛІМ. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ  ДАЯРЛАУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК  ЗЕРТТЕУ...............................................

 

 

 

28

2.1 Білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамытудағы тұжырымдамалық көзқарастар...................................................................

 

28

2.2 Оқыту жүйесінде ақпараттық  технологиялардың қолданылуын психологиялық  тұрғыдан эксперименттік зерттеу...................................

 

38

   

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................

52

   

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................

56

   

ҚОСЫМШАЛАР.........................................................................................

59


 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі. Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның және білім берудің дамуы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына енді. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім берудің дамуының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес  прогрессивті технологияларды және оқыту жүйелерін жасау және енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады.

Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Осыған  орай бүгінгі жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздардың шығармашылық ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде жүруіне жол ашу ерекше орын алады.

Қазіргі кезеңде білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда.

Тиімді оқыту жолдарын бүкіл әлем педагогтары қарастыруда. Нәтижелі оқыту мәселесі педагогика мен психологияның соңғы жаңалықтарын қолдану негізінде жүргізілуде.

Мемлекеттікті нығайту және ұлттық қызығушылықтардың дамуы мәселелерінде ақпараттық технологияларды енгізуді қолдану және кеңейтуде үлкен қажеттілік туындап отыр.

Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында болашақ педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.

Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтардың жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, болашақ педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты болашақ педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.

Сондықтан ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Инновациялық технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді.

Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта болашақ педагог- психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.

Сондықтан мектептің педагогикалық процесіне ақпараттық технологияларды енгізу жолдарын іздестіру мен  жетілдіру мәселерінің көкейкестілігі ерекше орынға ие.

Берілген зерттеуді қарастыру барысында білім берудің маңызы жөнінде А.А.Әбдікәрімұлы, В.В.Егоров, Ж.Ж.Наурызбай, М.Н.Сарыбеков және т.б. ғалымдардың еңбектерінің орны ерекше. Білім беруді ақпараттандыру, компьютерлік техниканы оқу процесінде пайдалану, оны қолдану Е.А.Батешовтың, Р.М.Дұзбаеваның, Д.М.Жүсібалиеваның, Ж.А.Қараевтың, М.С.Мәлібекованың, Ә.К.Мыңбаеваның және т.б. авторлардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған.

Оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу мәселесімен В.П.Беспалько, И.Ф.Исаев, И.Я.Лернер, В.А.Сластенин, Н.Ф.Талызина, Е.Н.Шиянов және т.с.с. сынды ғалымдар айналысқан.

Кәсіби білім беру проблемасын зерттеуге З.А.Исаева, С.Т.Каргин, Қ.А.Кертаева, А.П.Сейтешев, Қ.А.Сарбасова, М.В.Семенова, Н.Д.Хмель, Л.А.Шкутина тәрізді авторлар өз үлестерін қосқан.

Педагогикалық, психологиялық, философиялық және ғылыми зерттеулерді талдау нәтижесінде зерттеліп отырған тақырып бойынша ақпараттық технологиялар арқылы оқыту жөнінде арнайы зерттеудің жоқтығы анықталды. Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша бірқатар ғылыми жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, жоғарыда келтірілген мағлұматтар берілген мәселенің жеткілікті дәрежеде қарастырылмағанын аңғартады. Сондықтан ақпараттық технологиялар арқылы оқыту қажеттілігінің арасында объективті түрде қалыптасқан шешімдерді шешу үшін және осы сұрақтың жоғары оқу орнының теориясында және практикасында жеткіліксіз деңгейде өңделгені қарама-қайшылықты қалыптастырды.

Осы қарама-қайшылық зерттеудің проблемасын тудырып, яғни - ақпараттық технологиялар арқылы оқыту, ғылыми түрде негізделген және бәсекеге қабілетті маманды даярлау, «Болашақ педагог маман тұлғасын заманауи ақпараттық құралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбын таңдап алуға негіз болды.

 

Зерттеу жұмысының мақсаты:

- ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін  жасақтау және оны жүйелеу;

- мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын болашақ педагог мамандардың категорияларын таңдауды болжау;

- білім беруді ақпараттандыру жағдайына болашақ педагог мамандардың біліктілігін көтеру.

Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:

- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;

- педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын  анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу.

- болашақ педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.

- ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқу процесіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін тарату.

Зерттеу пәні – ақпараттық технологиялар арқылы оқытуды ұйымдастыру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - тұлға дамуының жалпы диалектикалық теориясы; таным теориясы; біртұтас педагогикалық процесс теориясы; аксиологиялық және жүйелілілк қатынас теориясы; зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық ілімдер, педагогикалық технология, педагогикалық эксперимент жүргізу және математикалық статистика тұжырымдамалары.

Зерттеудің базасы: Шымкент қаласындағы «Парасат» колледжі студенттері.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттер қарастырылды, жалпыланды, ғылыми-әдістемелік жұмыстар  талданды. Зерттеудің ғылыми аппараты (болжам, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні) қалыптасты, базалы ұғымдар нақтыланды.

Екінші кезеңде оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттар жүйесін қолдану және енгізу тиімділігі бойынша қалыптастырушы эксперимент өткізілді, алынған эксперимент берінділері талданды және өңделді. Алынған нәтижелер салыстырылды және жалпылама қорытындылар, ұсыныстар жасалды, дипломдық зерттеу материалдары рәсімделді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 БӨЛІМ. ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

 

1.1 Ақпараттық мәдениеттi дамытудағы  педагогтың ақпараттық құзырлығы

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: “Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады”,- деп атап көрсетілген. 

Бұл мәселе жалпы білім беретін оқу орындарына байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол оқу орындарына толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген ұрпағымыздан, болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту  білім беру мекемелерінің  басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.

Білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда.  Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді  қадыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен  шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.

Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Оқытушылар мен студенттерге  әртүрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың  техникалық құралдары жәрдемге келеді.

Бiлiм берудi ақпараттандыру процесi пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

Мұғалiм  – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi. 

Білім беруді ақпараттандыру – бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі. Бұл процесс мына бағыттар бойынша жетілдіріледі:

Информация о работе Болашақ педагог мамандарды ақпараттық