Болашақ педагог мамандарды ақпараттық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 09:42, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі. Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның және білім берудің дамуы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына енді. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім берудің дамуының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес прогрессивті технологияларды және оқыту жүйелерін жасау және енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады.
Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай бүгінгі жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздардың шығармашылық ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде жүруіне жол ашу ерекше орын алады.

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................
3

1 БӨЛІМ. ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ.........................................................................................


8
1.1 Ақпараттық мәдениетті дамытудағы педагогтың ақпараттық құзырлығы.....................................................................................................

8
1.2 Болашақ педагог мамандарды даярлауда ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдалану..........................................................................

19

2 БӨЛІМ. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ...............................................



28
2.1 Білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамытудағы тұжырымдамалық көзқарастар...................................................................

28
2.2 Оқыту жүйесінде ақпараттық технологиялардың қолданылуын психологиялық тұрғыдан эксперименттік зерттеу...................................

38

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................
52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................
56

ҚОСЫМШАЛАР.........................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-БОЛАШАҚ-ПЕДАГОГ-МАМАН-ТҰЛҒАСЫН-ЗАМАНАУИ-АҚПАРАТТЫҚ-ҚҰРАЛДАР-КӨМЕГІМЕН-ДАМЫТУДЫҢ-ПСИХОЛОГИЯЛЫ.doc

— 374.00 Кб (Скачать документ)

WWW-желiсiнiң әлемдiк ресурсында  гипермәтiн түрiнде көрнекi және  анықтамалық материалдар орналастырылады. Мұғалiм iздеу жүйелерiнiң көмегiмен WWW-беттерiнде Интернет ресурстары  бойынша анықтамалар арқылы сiлтемелер  жинағын дайындауға болады. Педагог мамандардың үйренетiн материалдарын да осы құжатқа енгiзедi және ол жөнiнде оған хабарлама берiледi. Егер олар Интернетке шыға алатындай мүмкiндiк алса, онда ол осы берiлген материалдарды оқи алады.

Оқыту ортасын дамыту құралдары

Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:

  • компьютерлiк үйрету бағдарламалары
  • электрондық оқу құралдары
  • компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау
  • электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар
  • аудио және видеоматериалдар
  • Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар

Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi. Қашықтықтан оқыту материалдарын жасақтаушылар осы құралдарды негiзге алуы қажет. Оқу құралдарын жасақтау ұзақ процесс. Оқу құралдарын жасақтау қашықтықтан оқыту формасының тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi көзi болып табылады. 

Қашықтықтан оқытудың техникалық базасы (телефондық және телекоммуникациялық арналар, телевидение және радио) ақпараттарды жiберу жүйесiн құрайды. Интернеттiк ақпараттық ресурстар: E-Mail, WWW.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 БӨЛІМ. БОЛАШАҚ  ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ

 

2.1 Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыруды дамытудағы тұжырымдамалық көзқарастар

 

Ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi – мектепте компьютердi оқыту құралы ретiнде қолдану: оның мүмкiндiктерiн жаңа материалды баяндауда (бiлiмдi виртуальды өмiрде қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргiзу, баяндалған материалды бекiту (тренинг), Интернет-технологияларды қолдану.

Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға  мүмкiндiк бередi

Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:

  • ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
  • бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
  • оқу-тәрбие процесiне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;
  • мектеп пәндерi бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;
  • бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн программалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;
  • педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.

Бiлiм берудi ақпараттандырудың қағидалары:

  • қоғамның әрбiр мүшесi үшiн алынатын бiлiмдер мен мәлiметтердiң түсiнiктiлiгi ;
  • жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;
  • бiлiм мен тәрбиенiң бiрiздiлiгi;
  • жалпы компьютерлiк сауаттылық;
  • оқыту мен тәрбиелеудiң жылдамдығы (интенсификация).    

Нәтижелер:

  • жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
  • жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
  • жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
  • бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
  • мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
  • отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру;
  • бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;
  • республиканың бiлiм беру мекемелерiн басқарудың бiртұтас ақпараттық желiсiн құруға негiздеп,  бiлiм берудiң басқару салаларының ақпараттық желiсiн құру.

Бiлiм берудi ақпараттандыруды дамыту индикаторлары:

I. нормативтiк-құқықтық қамтамасыз  ету;

1. Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың  мемлекеттiк бағдарламасы (ҚР Президентiнiң № 3645 өкiмiмен 1997 жылы 22 қыркүйекте бекiтiлген)

2. Қазақстан Республикасы бастауыш  және орта кәсiптiк оқу мекемелерiн  ақпараттандыру бағдарламасы (ҚР  Үкiметiнiң № 616 қаулысымен 2001 жылдың 10-мамырында бекiтiлген)

3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 тамыздағы 

№ 1037 қаулысымен қабылданған “Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы”

II. Оқу жоспары және бағдарламасы;

III. Аппараттық және техникалық  жағынан қамтамасыз ету;

IҮ. Программалық жағынан қамтамасыз ету;

Қолданбалы программалық құралдар (үйрету программалары, жаттықтырушы, ойын, бақылау (тест) программалары), электрондық оқулықтар, виртуальды лабораториялар (физика, химия)

Ү.  Мамандармен қамтамасыз ету;

Кезеңдер бойынша мамандардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру: I-кезең “Ақпараттық технология негiздерi” (компьютермен жұмыс жасау технологиясы – 36 сағат)

II-кезең “Электрондық оқулықтармен жұмыс жасау технологиясы” – 36 сағат

III-кезең “Интернет-технология. Web-сайтты құру технологиясы” – 36 сағат

IҮ-кезең “Жаңа қолданбалы программалық құралдардың мүмкiндiгiн шығармашылық бағытқа пайдалану технологиясы” – 72 сағат

ҮI. Глобальды коммуникациялық құралдар.

Интернетке қосылу арқылы әлемдiк бiлiмдiк кеңiстiкке шығу. Қашықтықтан оқыту формасына көшу.

Ендi мұғалiмдердi оқушылардың үйрететiн мезгiлi келдi. Соңғы кезде уақыт көрсетiп отырғанындай, мұғалiммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейiнгi көрсетiлген тәжiрибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбiр мұғалiм өз қызметiне ақпараттық технологияны пайдалана бiлуi қажет. Бұл мәселе – бiлiм берудi ақпараттандырудың қажеттi шартына айналып отыр.

Мектеп мұғалiмдерiн ақпараттық технологиямен алғаш танысу институт базасында өткiзiлетiн салаларының бiрi ретiнде қарастырылған.

Негiзгi мақсаты: бiлiм мекемелерi қызметкерлерiнiң ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруға жағдай жасау, оның iшiнде, жаңа технология құралын пайдалану арқылы өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру.

Егер мұғалiм компьютермен таныс болмаса, онда оған психологиялық тұрғыдан зияндылық жасамау керек. Ақпараттық технология құралдарын пайдаланудың алғашқы ұғымдарын, оны дамытудың дағдысын қалыптастыру және мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы оқу ақпараттарын беру әдiстемесi элементтерiн демонстрация жасау.

Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі-білім беруді акпараттандыру.

Осы бағыттағы жұмыстар 1997 жылы қабылданған Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиямен қамтамасыз ету жұмыстары іске асьш, енді сол ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында информатика оқытуды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп психологиялық-педагогикалық проблемараның оқыту процесін компьютерлендірудің барлық бағыттарын жан-жақты қамтуы болып табылады.

Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялык, эмоционалдық ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді.

Демек оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді.

Студенттердің жалпы оқу біліктілігіне жататын оқу-компьютерлік біліктіліктерін «клавиатурамен жұмыс, программа тізу, принтермен жұмыс істей білу, дайын программаларды қолдана білу, текстік, графикалық редакторлармен жұмыс істей білу» жүйелі түрде қалыптастыру бүгінгі күннің кезек  күттірмес талабына айналуда.

Адамдарды әр түрлі әлеуметтік ортада өмір сүруге дайындау үшін білім беру ісіндегі шығармашылық бастауды (креативтілікті) арттыру (дамыта білім беруді қамтамасыз ету), қазіргі білім беру жүйесіндегі академиялық жұртшылық білім беру жүйесін дамытудың маңызды және перспективалык, акпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде кашықтықтан оқыту әдістерін кеңінен енгізу керек екенін мойындап отыр.

Қашықтықтан оқыту болашақ 12 жылдық мектеп үшін елеулі білімдік мәні бар бірқатар қосымша мүмкіндіктерге ие болып отыр;

Жедел (кеңістіктегі және уақыт ішіндегі кедергілерді жеңу, өзекті тың ақпарат алу, жедел кері байланыс);

Ақпараттық (арнайы салалардағы білім ауқымының кол жетімділдігі артады, тұтынушыға интерактивті веб-арналардьң көмегімен жеткізіледі; телеконференцияларда, жөнелту тізімдерінде және интернет желісін басқа да кұралдарында жарияланады);

Коммуникациялау (бір-бірімен электр желілерінің көмегімен жедел байланысатын оқуға қатысушы студенттердің, педагогтардың, мамандардың саны өседі; интернет сабақтарды. жобаларды, олимпиадаларды өткізуге қойылатын шектеулер алынады.);

Педагогикалық (қашықтықтан жүргізілетін телекоммуникацилардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай оқыту бұрынғыдан гөрі интерактивті, технологиялық және дәлелді бола түседі, дараландырады; студент жұмыстарының желідегі жариялымдары, оларды сараптау мен бағалау жеңілдетіледі.);

Психологиялық (студенттің өзін танытуы үшін дәстүрлі эмоциялық-психояогиялық жағдайлармен салыстырғанда анағұрлым жағдайлар жасау; психологиялық кедергілер мен проблемаларды ашу, ауызша сөйлеудің кемшіліктерін жою);

Экономикалық (көлік шығыстарын, үй жайын жалға алуға кететін шығындарды үнемдеудің есебінен оқуға жұмсалатын шығындар 40 пайыз шамасында кемиді. Қағазбен іс жүргізу, оқу кұралдарының таралымы азаяды.);

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұндық құрылым мұғалімдер үшін  келесі деңгейлер бойынша беріледі:

  1. Іргелі. Бұл ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн мамандық деңгейлерiне сәйкес шешуге мүмкiндiк беретiн бiлiм мен бiлiктiлiктердi және дағдыны қалыптастыру.
  2. Базалық. Оның мазмұны мұғалiмнiң ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкiндiктерiн өз қызметтерiне жан-жақты пайдалана бiлуімен анықталады.
  3. Арнайы. Бұл әдiстемелiк мәселелерді шешумен  анықталады.

Болашақ мұғалімдер үшін мазмұндық құрылым келесі деңгейлер негізінде анықталады:

1. Педагог мамандардың қызметіне  ақпараттық-коммуникациялық технологияны  қолдану бағытындағы   элементарлы-бейімделген  деңгейі. Бұл деңгейде келесі мазмұндар қарастырылады: компьютермен және оның құрылғыларымен  жұмыс жасау техникасы; компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндіктері; оқу процесіне қолданбалы программалық құралдарды қолдану дағдылары. Сонымен бірге келесі мәселелер де қарастырылады: білім беруді ақпараттандыруды нормативтік-құқықтық жағынан қамтамасыз ету; ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім беру жүйесіне енгізудің тұжырымдамалық негіздері; білім беруді басқару жүйесіндегі ақпараттық технологиялар және т.б.

2.Қызметтік-ізденістік деңгей. Мұнда педагог мамандар  ақпараттық технологиямен жұмыс жасау негіздерін практикалық түрде меңгереді. Сондықтан мұнда жұмыс орындарын автоматтандыру процесін құру технологиясы және мультимедиялық электрондық оқу құралдарын жасақтау алгоритмі сияқты мәселелер  қозғалады. Сонымен бірге келесі сипаттағы мәселелер де қарастырылады:

Информация о работе Болашақ педагог мамандарды ақпараттық