Болашақ педагог мамандарды ақпараттық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 09:42, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі. Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның және білім берудің дамуы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына енді. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім берудің дамуының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес прогрессивті технологияларды және оқыту жүйелерін жасау және енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады.
Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай бүгінгі жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздардың шығармашылық ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде жүруіне жол ашу ерекше орын алады.

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................
3

1 БӨЛІМ. ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ.........................................................................................


8
1.1 Ақпараттық мәдениетті дамытудағы педагогтың ақпараттық құзырлығы.....................................................................................................

8
1.2 Болашақ педагог мамандарды даярлауда ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдалану..........................................................................

19

2 БӨЛІМ. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ...............................................



28
2.1 Білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамытудағы тұжырымдамалық көзқарастар...................................................................

28
2.2 Оқыту жүйесінде ақпараттық технологиялардың қолданылуын психологиялық тұрғыдан эксперименттік зерттеу...................................

38

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................
52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................
56

ҚОСЫМШАЛАР.........................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-БОЛАШАҚ-ПЕДАГОГ-МАМАН-ТҰЛҒАСЫН-ЗАМАНАУИ-АҚПАРАТТЫҚ-ҚҰРАЛДАР-КӨМЕГІМЕН-ДАМЫТУДЫҢ-ПСИХОЛОГИЯЛЫ.doc

— 374.00 Кб (Скачать документ)

- білім беруді ақпараттандырудың теориялық негіздері;

-білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің психологиялық-педагогикалық негіздері;

- педагог мамандардың біліктілігін көтеру жүйесіне ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін қолданудың психологиялық және  дидактикалық шарттары;

- ақпараттық технология негіздерін оқытуда жобалау және итерактивтік әдістерді қолдану негіздері;

- басқарудың ақпараттық жүйесін автоматтандыру моделі және оқу процестерін ақпараттандыруды дамыту технологиясы.

3. Жүйелік-шығармашылық деңгей. Мұнда келесі мәселелер қарастырылады: электрондық оқу-әдістемелік құралдарын жасақтау алгоритмі; автоматтандырылған жұмыс орнын жасақтау технологиясы: әлемдік ақпараттық кеңістікке ену мақсатында web-сайтты жасақтау; оқыту әдістерін жетілдіру және т.б.

Сонымен бірге педагог мамандардың біліктілігін және курстың сапалық өлшемін айқындайтын компьютерлік тест сұрақтарын құрастыру алгоритмі түсіндіріледі.

Оқу процесінде пайдаланылатын мулътимедиялық үйретуші программалардың, тексеру программаларының, электрондық оқулықтардың өскелең өмір талаптарына сай дайындалып, компьютерді окыту құралы ретінде пайдалана алатындай деңгейде болуы керек. Бұл мәселе өз алдына үлкен ғылыми ізденістерді талап ететін мәселе, сондықтан осы мәселе жөніндегі зерттеулер одан әрі жалғасуда.

Қоғамда ақпараттар жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі  мыналарға сүйенеді:

  • Білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру есебінен қоғам  мүшелерінің ой-өрісінің  даму  деңгейін көтеру;
  • өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін  кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.

  Бағыт беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:

- методологиясын  жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын  таңдау;

- әдістерімен  формаларын ұйымдастыру;

- қоғамды ақпараттандырудың  қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу  мен дамыту;

- оқытудың әдістемелік  жүйесін жасау;

- педагог мамандардың  инттелектуалдық потенциалын дамытуға бағыттау;

- өз бетімен  білім алу біліктілігін қалыптастыру;

- информациялық-оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің  өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін  жүзеге асыру;

- тестілік, диагностикалық  бақылау әдістерімен  білім деңгейін бағалау.

Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін  ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас коммуникациялық желілерді жасау және  дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекомуникациялық желіні құру  және дамыту арқылы  шешіледі. Олар:

    • ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру  мен жеделдету  процесін жоғары деңгейге жеткізу;
    • жасалынған және дамып келе  жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас  бүкіләлемдік информациялық кеңістікте интеграциялау;
    • біртұтас  ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;
    • білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға  мүмкіндік жасау.

Қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру қызметкерлерінің біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналып отыр.

Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін көтеру болып табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше.

Аталған мәселені дамыту үшін білім беру қызметкерлері үшін түрлі тренинг курстар өткізілу қажет. Ол үшін бір жүйеге келтірілген, әрі білім беру қызметкерлерінің категорияларының ерекшелігі ескерілген оқу бағдарламалары жасақталуы қажет. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Аталған мәселені шешу бағытында ғылыми түрде дәлелденген және бір жүйеге бағытталған тұжырымдама жасақталды. 

 

2.2. Оқыту жүйесінде ақпараттық технологиялардың қолданылуын психологиялық тұрғыдан эксперименттік зерттеу

 

Ақпараттық технологияны қолданудың теориялық мәнін айқындауы мен жинақтауы педагогикалық шарттар жүйесін құрастыруға жол ашты. Осы шарттар жүйесін құрастыру мақсатында біз тиісті педагогикалық заңдылықтар мен  педагогикалық принциптерді анықтадық.

Жалпы біз ұсынып отырған психологиялық-педагогикалық шарттар жүйесін бірден ұсынған онша дұрыс емес болғандықтан, біз бірінші педагогикада белгілі заңдылықтарға сүйене отырып, олардың ішінен тек өзімізге қатыстысын ғана іріктеп алып, содан кейін сол заңдылықтар негізінде педагогикалық принциптерді ажыратуды жөн көрдік. Педагогикалық принциптер белгілі бір жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан кешен түрінде, параллелді жүзеге асып отырады оларды белгілі бір ретпен немесе тізбекті түрде пайдалану мүмкін емес. Ал педагогикалық шарттарды белгілі бір тізбектілікте, белгілі бір жүйеде келтірдік, себебі жүйелі түрде ұсынылған оқу материалы негізінде ғана студенттердің іс қағаздарын жүргізуге оқыту бойынша білік, білік және дағдылары қалыптасады.

Бұл әрекетіміз ақпараттық технологиялар жүйесінің ғылыми дәйектілігін қаматамасыз етуге мүмкіндік тұғызды. Сонымен қатар зерттеліп отырған мәселе бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында идеясы және зерттеуіміздің әдіснамалық негізі ретінде пәнаралық байланыстар принципі таңдалып алынды.

Жоғарыда көрсетілген ақпараттық технологиялардың психологиялық-педагогикалық шарттарын біртұтас жүйеге келтіру үшін, оларды ортақ мақсатқа бағыттадық. Бірақта, әрбір шарт бұл жүйеде өзіндік міндет атқарады.

Пәннің мазмұны келесі тақырыптарды қамтиды: ақпараттық технологияларды ұйымдастыру негіздері; ақпараттық технологиялар құрылымы; ұйымдастырушылық техника құралдары және оның жіктелуі; электронды офис концепциясы; желілік технологиялар негіздері және т.б.

Ұсынылған психологиялық-педагогикалық шарттар жүйесін жүзеге асырудың нәтижесін тексеру мақсатында арнайы өлшемдер жүйесі құрастырылды. Критерийлер мен көрсеткіштер үш компонент бойынша жіктелді: мотивациялық, танымдық және процессуалдық.

Төменгі деңгей болашақ маман иесіне жаңа білімді, білікті меңгеруге пассивті түрде қатысады, өз кәсіби қызметінің саймандарына немқұрайлы қарайды, кәсіби қызметтің ақпараттық  процестеріне деген көзқарасы оң емес. Алдына нақты мақсат қоймайды және өз жұмысын жоспарламайды, себебі оқу-танымдық қызметте негізісін ажыратпайды. Үнемі өзін-өзі бақылау жүйесін қолданылмайды.

Орташа деңгей болашақ қызметкер өз мамандығына оңтайлы қарайды және қызметін сайманмен қамтамасыз ету үшін жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және енгізу идеяларын қабылдайды, компьютерді пайдалану бойынша шамалы білімі бар, бірақта оны білмегендіктен сирек қолданады. Кәсіби қызметтің мәнін түсінеді, ақпараттық технологиялар көмегімен кәсіби қызметті жүзеге асыру тәсілдерін меңгерген. Өзін-өзі тексеруде көбінесе өтілген материалдың өзгешелігі ескерілмейді.

Жоғары деңгей өз ісімен қызыға айналысады, қызметі белсендене түседі. Кәсіби қызметті ұйымдастырудың тиімділік тәсілдерін меңгереді, ғылыми білімдер негізінде оны болжай және басқара алады, сонымен қатар ақпараттық технологияларды қолдануды меңгереді. Жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне Алдымызға қойылған міндеттерді толығымен тексеру, шешу және ғылыми болжамның дұрыстығын тексеру мақсатында ғылыми аппаратта келтірілген мамандықтар бойынша эксперименттік жұмыс жүргізілді.

Эксперименттің міндеті: оқу процесінде ақпараттық технологиялар арқылы оқытудың педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін тексеру.

Эксперимент үш қисында өткізілді, эксперименттің дәлелділігін жоғарлату мақсатында бақылау және эксперимент топтары ажыратылды.

Экспериментке қатысушы студенттердің жалпы саны келесі формула бойынша дәл анықталды:

 

 

 

 

 

мұндағы: t – зерттеуші қасиеттің таңдалып алынған мөлшердегі сол немесе басқа мүмкін жалпы санының жуықтап алғандағы саны 5% тең. n санды мәнін анықтаудағы таңдалып алынатын мөлшер жөніндегі мағлұматтар болмаған жағдайда W·(1- W) максималды мәні қабылданады, ол 0,025-ке тең (W=0,5 және (1-W) = 0,5 кезінде). Біздің зерттеуімізде N=8499-ға тең, ол статистикалық берінділер бойынша алынды. Берілген мәндерді қойып, келесіні аламыз:

 

 

 

 

Сонымен, экспериментке (пәннің жүргізілуіне байланысты) (82 адам – 42 - бақылау және 40 - эксперимент) студент қатысты. Оқыту Pentium ІV дербес компьютермен қамтамасыз етілген компьютер сыныптарында өткізілді.

 

4-кесте - Айқындаушы эксперименттің  нәтижелері (%)

 

Компоненттер

Экспер. тобы

Бақылау тобы

төм.

орт.

жоғ.

төм.

орт.

жоғ.

Мотивациялық компонент

33,8

41,6

24,6

36,1

40,4

23,5

Танымдық компонент

42,8

39,8

17,4

44,5

38,9

16,6

Процессуалдық компонент

83,3

16,4

0,3

84,2

15,7

0,1

Орташа көрсеткіш

53,3

32,6

14,1

54,93

31,67

13,4


 

 

Бұл мәліметтер бойынша ақпараттық технологиялар арқылы оқыту жағдай бүгінгі заман талабына сай емес, сонымен қатар құжаттармен жұмыс істеу дағдыларының төмен екендігі анықталды.

Айқындаушы эксперименттің нәтижелері қалыптастырушы эксперимент кезеңін жоспарлауға және өткізуге негіз болды. Бұл кезең біздің ұсынып отырған ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді оқытудың педагогикалық шарттар жүйесін тәжірибеден өткізіп, тексеруге бағытталған. Қалыптастырушы эксперимент барысында екінші кескін өткізіліп, оның нәтижелері бірінші және үшінші (қорытынды) кескіннің көрсеткіштерімен салыстырмалы түрде талданды.

Қорытынды эксперименттің нәтижелері эксперимент тобындағы оқушылардың ақпараттық технологиялар арқылы білім, білік және дағдыларының қалыптасқандығын көрсетті.

 

 

 

 

5-кесте  - Ақпараттық технологиялар  арқылы студенттердің білім, білік және дағдыларының қалыптасқандығының нәтижесі (қорытынды эксперимент)

 

 

Компоненттер

Эксперименталды топ

Бақылау тобы

1 кескін

3 кескін

1 кескін

3 кескін

төм.

орт.

жоғ.

төм.

орт.

жоғ.

төм.

орт.

жоғ.

төм.

орт.

жоғ.

Мотивациялық

33,8

41,6

24,6

5,6

57,7

36,7

36,1

40,4

23,5

25,4

47,9

26,7

Танымдық

42,8

39,8

17,4

5,1

63,7

31,2

44,5

38,9

16,6

33,5

46,7

19,8

Процессуалдық

83,3

16,4

0,3

37,6

46,8

15,6

84,2

15,7

0,1

79,7

19,9

0,4

Орташа көрсеткіш

53,3

32,6

14,1

16,1

56,1

27,8

54,9

31,7

13,4

46,2

38,2

15,6

Информация о работе Болашақ педагог мамандарды ақпараттық