Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 07:59, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Еліміздегі білімдендіру жүйесінің дамуының қазіргі кезеңінде жоғары мектеп оқытушысын дайындау педагогикалық қауымдастықтың назарын аударып отырған өзекті мәселелердің бірі.
Ұстаздың еңбегінің нәтижелі болып, өмірде кездесетін кез-келген, соның ішінде түрлі шиеленісті жағдайда, мәселенің дұрыс шешімін таба білуі-жоғары мектеп оқытушысының педагогикалық білгірлігін көрсетеді. Педагогикалық білгірліктің құрамында білімдендіру, іс-әрекеттік, тәжірибелік, жеке-даралық компонненттерін бөліп қарастыруға болады. Олай болса, педагогикалық компетенттік деп- ұстаздық қызметті атқаруға жеткілікті білім, білік, тәжірибе дәрежесін сипаттайтын, жоғары мектеп оқытушысының іскерлік пен жеке-даралық қасиеттерінің мазмұндық сипатын айтуға болады.
Педагогикалық білгірліктің құрамдас бөліктері ретінде кәсіби маңызды қасиеттері мен педагогикалық машықтық дағдыларды аламыз. Педагогтың кәсіби маңызды қасиеттерін жеке-даралық дербестік және рухани адамгершілік, дидактикалық, коммуникативтік деп бірнеше топтарға бөлуге болады. Солардың ішінде кейбіреулерін ғана атап өтейік. Мысалы жеке-даралық
дербестік топқа: шығармашылық мүмкіндігі, қабілеті, талабы тағы сол сияқты қасиеттерін жатқызсақ, рухани-адамгершілік топқа шыншылдық, кішіпейілділік, мейірімділік т.б. қасиеттер жатады да дидактикалық топқа : оқу материалдарын студенттерге жеткізе білу,оқытудың жаңа технологияларын пайдалану т.б. , ал коммуникативтік топқа: студенттермен дұрыс қарым-қатынас орната білу, талап қоя отырып студенттің жеке басын құрметтеу тағы сол сияқты қасиеттерді жатқызамыз.
Қазіргі таңда оқыту жаңа технологиясы педагогикалық процеске ендірілуі оқушылар мен студенттердің өзіндік шығармашылық қабілетінің жоғары деңгейде болуын талап етеді.
Шығармашылық жұмыстар – оқушының білім-танымдық дәрежесін, пікірін жүйелі жеткізе алуын тәлім-тәрбиелік және қабілет шамасын байқататын жазбаша түрдегі ой-еңбегі.
Шығармашылық жұмыстар танымдық әрекет пен дербестіктің жоғары деңгейін анықтады. Өзіндік шығармашылық жұмыстармен бірге оқушылар меңгерген білімді, білікті бекітетін және дағдыны қалыптастыруға бағытталған өзіндік жұмыстар орындауға тиіс.
Өзіндік шығармашылық жұмысты дербестік әркеттің ерекшелігін негізгі категория ретінде талдау мәселесі П.И.Пидкасистый еңбектерінде орын алған. Автор оқу құрылысын жүйелі талдаунегізінде оқушылардың танымдық әрекетінде екі іс-әрекет тобын бөліп шығарады: а) оқушы мұғаліммен бірлесіп орындаған әрекет мазмұнын құрастырыпәрекеттермен байланысы, б) оқушының дербестік әрекет элементтері болып табыатын әрекеттер тізбегі – деп қарастырады.
Аталған тақырыпты бүгінгі талқылауға алып отырған себебім оқушылардың білім игерудегі машықтануын, шығамашылық қабілеттерінің өзіндік ізденістерінің дамуы арқылы тұлға бойындағы адами,кәсіби құндылық қасиетерін қалыптастыруға жол салу болмақ.
Қазіргі таңда тұлға бойына шығармашылық қабілетті қалыптастыру өзекті проблемалардың бірі. Оқушыларға терең біліммен қатар кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін өмірде қолдануға, тәжірибелік іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп, оның болашағына бағыт бағдар берілуі тиіс.
Оқушылардың бойына шығармашылық, ізденушілік қабілетін қалыптастырудың бірнеше түрлері бар. Ол жеке пәндері, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын, ғылыми жұмыстар т.б іс-шаралар арқылы жүргізіледі. Мысалы: Өзіндік шығармашылық жұмыстар, баяндамалар жазу, шағын шығарма жазу, қара есептер, танымдық ойындар құрастыру, конструкциялау, тәжірибелік жұмыстар жасау, ерекше бұйымдар жасау, қол өнері, мүсіндер жобалар жасау т.б болып бөлінеді.
Мектеп оқытушысы өз пәнін жете меңгеріп, оқыту технологияларын шебер қолдану арқылы оқушылардың білім нәрімен сусындатады. Бірақ қазіргі жағдайда бұл жеткіліксіз. Оқытушы тек дайын білімді жеткізіп, оны оқушылардың меңгеру деңгейін анықтап бағалаумен шектеліп қалмауға тиіс.
Олай болса, мектеп оқытушысы өзінің терең және жан-жақты білім дәрежесімен, ізденімпаздығы және шығармашылық мүмкіндігінің кеңдігімен, рухани бай дүние танымымен, өзіндік адами-тұлғалық биік қасиеттерімен оқушылардың қалыптасуына ықпал етеді.
Адамның құндылық дүниесінің мазмұны терең, күрделі құбылыс болғандықтан, тұлғаның қалыптасу барысында үздіксіз дамиды. Сондықтан, бұл қасиетті дамытуда мәдениеттің терең тамырына бойлап, құнды жақтарын кеңінен пайдалану керек.
Тұлғаның қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халықымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - ол қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабарлар болуы керек. Өмірге көзқарасы, дүниетанымы кең болуы керек. Дүниетаным шығармашылық пен бірге туындайтын ұғым. Дүниетаным - ғылыми, көркемдік, құқықтық, саяси, діни болуы мүмкін. Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығынан және берік сенімінен туады. Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы мен ой тұжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әртүрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Мысалы: материалистер мұндай мәселені ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе, ал діни ілімінің өкілдері тәңірдің қалауымен деп қарастырады.
Тұлғаның шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әр түрлі факторларына әлеуметтік, оқыту мен тәрбие, ақпарат құралдары тағы басқалары жатады.
Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениеттілігі мен педагогикалық компетенттігі оның кәсіби білімінің деңгейімен жеке басының қабілеті және тәжірибесімен, өзбетімен білім алуға ұмтылысымен, кәсіби-педагогикалық қызметке шығармашылық тұрғыдан қарауымен анықталады. Осы айтқандарды саралай келе жоғарыда берілген анықтаманы толықтырып былай деуге де боладыдеп есептейміз:
Педагогикалық қызметті жақсы орындауға және тиімді нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін адамның жеке басының ерекшеліктеріне сүйене отырып дамыйтын оқытушының жалпы және кәсіби мәдениетін, кәсіби маңызы бар жеке-дара қасиеттерінің жиынтығын педагогикалық білгерлік деп атаймыз. Себебі, біздің ұйғаруымызша, осы қасиеттер жоғары мектеп оқытушысының өз қызметінде үлкен жетістіктерге жетуіне кепілдік бере алады [20.38].
Осы айтқандарды жинақтай келе болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жолдарының үлгісі төмендегі сызбада бейнеленген (1-сурет).
Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жолдарын айқындау барысында төмендегі үлгіде көрсетілгендей
Болашақ мұғалімнің ғаламдық интернет жүйесін меңгеру арқылы дүниенің төрт бұрышындағы жаңалықтар мен өзгерістермен ақпараттандырыла орырып кәсіби білімін көтеруге үлкен мүмкіндік алады. Білм беру жүйесінің жаңа талаптарын меңгеру дамыған 50 мемлекетқұрамына кіру үшін кез-келген сала маманымен қатар жеке пәндерден дәріс беретін оқытушы мен мектеп мұғалімі ғаламдық ақпарат жүйесіне кіре білуі қажет.
Екіншіден, алынған ақпараттарды тиімді пайдалана білу қазжеттілігі туындайды, бұл мәселенің де шешімін шыға білу керек.
Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жолдары
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ |
Үшіншіден инновациялық (жаңашылдық) процесті меңгеру қазіргі таңда болашақ мұғалімнің алдына қойылған басты мәселелердің бірі болып саналады.
Төртіншіден электронды оқулықтарды пайдалана білу оқушылар қызығады, мұғалім де электрондық оқулықтардағы материалдардан ақпататтық білімі болу керек. Оқыту процесінде оқушылармен ынтымақтаса отырып электрондық кітаптардың ішіндегі материалдарды талқылап, оқушының ой-өрісін дамытуға болады.
Бесіншіден қазіргі таңда ақпарат алу құралы көп, оны кейде пайдаланып үлгірмейміз сондықтан да болашақ маманның ақпараттық мәдениеті жоғары деңгейде болу үшін педагогикалық бейімділік, шеберлік, іскерлік қабілеті болуы керек.
Алтыншыдан, болашақ мұғалім жан-жақты хабардар болуы керек сол себепті бұқаралық мерзімдік баспа ақпараттарын уақытылы пайдалану керек.
Жетіншіден болашақ мұғалім психологиялық- педагогикалық даярлықта
болуы қажет.
Мұғалімнің ақпараттық мәдениеті мен педагогикалық компетенттік білімдендіру қызметінің барысында атқарылатын процесс әрі соның нәтижесі деп қарастыруға болады. Себебі, педагогикалық оқыту мен жеке тұлғаны тәрбиелеп дамытудың соңғы кездегі педагогикалық-психологиялық теорияларын қолдануға негізделген.
Ақпараттық мәдениеттілікті қалыптастыру жолында барған сайын көлемі өсіп, ұлғайып отырған білім,іскерлік, дағдыларды меңгеруден гөрі қоғамның мәдени-тарихи дәстүрлеріне, әлеуметтік дамудың тенденцияларына байланысты кәсіби педагогикалық мәдени байлықтарды тұтас қамтып меңгеру әлде қайда ұтымды нәтижеге жеткізбек. Мұндағы педагогикалық процесс әрекеттілік және жеке даралық- тұлғалық қатынастар принциптеріне негізделіп ұйымдастырылады. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруды басқару жоғары мектеп оқытушысының кәсіби қызметінің ерекше саласы болып табылады және төмендегі мәселелерді қамтиды;
а) шығармашылық қабілеттерін дамыту: ғылыми, көркем-өнер, техникалық , спорттық , ұйымдастырушылық ;
ә) өзін-өзі ұйымдастырудың дағдыларын қалыптастыру. Оған магистранттардың психалық жағынан өзін-өзі бейімдеу, табандылық, оқуда және қарым-қатынаста рационалдық көрсету. Өмірде кездесетін жағыдайлардың шешімін табуға жігерлік білдіру сияқты дағдылар жатады.
б) денсаулығын сақтауға бағытталған дағдылар.
Болашақ мұғалімді білімдендіруге бағытталған
іс-әрекетінің негізгі бағыттарының тағы
бірі өз-өзін танып білуге, өзін-өзі дұрыс
бағалауға, қоршаған болмысты объективті
қабылдауға, өз мақсаттарын қоршаған ротаның
мақсат мүддесімен ұштастыруға жеке басының
жетістіктерімен кемшіліктерін саралай
білуге, мамандықты меңгеру жолындағы
өз ісін жоспарлап ұйымдастыруға үйретеді.
1 тарау бойынша тұжырым
Білім-тәрбие жетілдіру саласында болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру маман даярлау ісінің сапасын арттыру – білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту кезеңіндегі педагогика психология ғылымының басты міндеттерінің бірі екені мәлім. Жоғарыда аталған мәселелерді топтастырар болсақ, болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырып оның таңдаған кәсібіне деген қабілетін, қызығушылығын қалыптастырып, педагогикалық технологиялар мен ақпарат құралдары және оны пайдалану жолдарын жан-жақты ақпараттармен қаруландыра білсек, оқушының болашақта мұғалімнің атқараты, ұнататын қызыметімен болашақта жұмыс істеуге себтігін тигізер еді. Олай болса, зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты –болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін қарастырылды.
Сонымен қатар, жалпы педагогикалық дамудың, оның ішінде іс-тәжірибелердің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың негізі болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің ғылыми-теориялық негіздерін зерделей келе І тараудың мазмұны бойынша төмендегідей тұжырым жасадық.
Информация о работе Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру