Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 07:59, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Жаңа технолдолгиялардың қарқынды дамуы, адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты айтарлықтай өзгерістерге алып келуде. Сыртқы және ішкі саясат саласына, тұрмысқа, медицинаға, мәдениетке, қоғамдық және жекелей көзқарасқа, ғылымға түбегейлі әсер етіп, белсенділік пен дамуға ат салысады. Нәтижесінде, әртүрлі мәселерді шешуге қажетті біліммен қамтамассыз ететін мүмкіндіктер пайда болды. Бұл ақпараттық процесс технологиялық байланыс жүйесі мен компьютердің қазіргі коммуникалдық жәрдемі арқылы өз шешімін тауып отыр.
Олай болса ақпараттық технология жоғары оқу орындарында терең оқытылса, болашақ маманның ақпараттық мәдениеттінің қалыптасуына ықпал ете отырып, оның кәсіби шығармашылық қабілеттінің артуына үлкен септігін тигізген болар еді.
Бізде университетте болашақ ммамандардың ақпараттық мәдениетін қолдануға мүмкіндіктер бар мысалы: “интернет зал”, жаңа талаптарға сәйкестендірілген кітапхана, электронды кітаптар оқуға болады, бірақ студенттер санына шақсақ жетіспейді, әлі студенттердің ақпараттарды пайдалану мәдениеттілігінің төмендігінен кейбір студент қолдану ережесін білмейді. Менің ұсынарым алдын-ала 1 курста болашақ маманның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру курстары жүргізілсе, болашқа маманның ақпарат құралдарын меңгеріп, ақпараттық білім деңгейінің көтерілуіне септігін тигізері еді. Жаңа ғасырдың алғашқы бастамасы жаңа ақпараттарды өз ыңғайыңа қарай қолдана білу қажеттілігін қарай қолдана білуді талап етеді.
педагогикалық мүмкіндіктері
Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
ХХІ ғасыр қоғам талабына байланысты білімдендіру ғасырына айналуда. Қазақстан Републикасының қазіргі кездегі саясаты экономикалық өзгерістерге сай қоғамдық өмірдің барлық саласындағы демократиялық жағдайларға байланысты білім беру мәселелері маңызды орынға ие болуда.
Міне біз үшінші мыңжылдыққа аяқ басып жаңа дәуір табалдырығын аттаған шақта, екі ғасырдың тоғысуын бірдей көру қазақ халқы, қазақ жастары үшін мақтаныш. Ендеше, егеменді Қазақстан еліміздің болашағы, жастар тәрбиесі, ұлттық тәрбие мәселесі - деген сауалдар бізді мазалайды.
Аталмыш сауалдарға жауап іздеп көрерік. Қазір қоғам алдындағы негізгі міндеттердің бірі - заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, адами, кәсіби, танымдық, іскерлік, біліктілік т.б сапалы қасиеттерді қалыптастыруда ұлттық тәрбиені бүгінгі таңның кезек күттірмейтін келелі мәселелерінің бірі болып отырғанына көз жеткіздік.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Жалпы айтқанда әрбір жеке адам қоғам тұлғасы ретінде жеке тәрбие жұмысына, жеке өзіндік өмір бейнесіне, жеке құқыққа, танымдық қасиетке, жеке түрткі күшіне ие болатын жан. Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай да болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны “жеке адам” етеді. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі оның дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет қызығушылығынан жақсы байқалады. Танымдық іс-әрекеттер адам мақсаттарымен ұмтылыстарының негізі болатын, білімін қалыптастыратын, шығармашылық қызметінің тарихи үрдісі.
Ұлттық тәрбие арқылы болашақ маманның тұлғасының танымдық қасиеттер - оқушының тіл байлығының дамуынан, ойлау қызметінің артуынан байқалады. Егер оқушылар өздерінің оқыту процесіндегі бағдарының мәнін, маңыздылығын ұғынып, оның ерекшеліктері мен заңдылықтарын, компоненттерін меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық қызығушылық пен танымдық іс-әрекеттің артқанын байқаймыз. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халықымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады
Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін – ол қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабарлар болуы керек. Өмірге көзқарасы, дүниетанымы кең болуы керек. Дүниетаным - ғылыми, көркемдік, құқықтық, саяси, діни болуы мүмкін. Ұлттық тәрбие мәселесін айтпас бұрын, жалпы тәрбие мәселесіне тоталайық.
Тәрбие сөзінің мағынасы – дүниеге келген қорғауды қажет ететін, өмірге қалыптаспаған жас баланың алғашқы тамақтануынан, қадам басуынан басталады. Тәрбие- жеке тұлғаны қалыптастыру жолында мақсатты және ұйымдасқан түрде жүзеге асырылатын процесс.Аға ұрпақ өзінің жинақталып, сараланған тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беруі тәрбиенің кең әлеуметтік мәні болып табылады. Жас кезінде қалыптасқан әдет, дағды т.б. қасиеттер бала болашағының негізі. Егер жас күнінде есі, жадысы қалыптасып келе жатқан кезден бастап дұрыс тәрбиеге жүгінген бала тағдырының болашағы жарқын болмақ. Жас баланың жеке тұлғаға жетем дегенге шейін қаншама тәрбиелік ортаны, қарым-қатынас пен адамдар ықпалын бастан кешіреді. Сондықтанда бала өмірінде, тәрбиесінде үлкен маңызға ие балабақша, мектеп, университет сияқты орталарды дұрыс таңдау қажет. Осы аталғандармен қатар, бала әрдайым өзіндік тәрбие үстінде болады. Өзіндік тәрбие негізін өз бетімен білім алу, өзін-өзі жетілдіру, туа біткен талант немесе дарынын аңғарып өз бетінше дамыту, өзіндік дайындық т.б. жатады. Дегенмен өзіндік тәрбие өзгелердің көмегімен немесе ықпалымен, әсерімен болады.
Ел басшымымыз Н.Назарбаев ''ғасырлар тоғысы'' атты ғылыми еңбегінде “Тәрбиенің түп мақсаты- қоғамның нарықтық қарым- қатынасқа көшу кезінде саяси- экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, XXІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан- жақты мәдениетті, жеке тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру”- деп тұжырымдама жасаған болатын. Осы орайда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі- жеке тұлғаны тәрбиелеуде,жан- жақты дамытуда, білім беруде ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыс істеуге қаблетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай адамдарды тәрбиелеп қалыптастыру. Тәрбие процесі мен таным әрекетінің қалыптасып дамуын іске асыруда ортақ мақсат, өзіндік тәрбие мен өзіндік білім алудың ролі ерекше.Өзін- өзі тәрбиелеу деп- адамның белгілі мақсатқа бағытталған, өз сапасын жетілдіру арқылы, кемшіліктерінен арылу әрекеті.Сондықтан тұлғаның білімге ұмтылысы үнемі құпталып, жол көрсетіліп отырылуы тиіс. Осыдан кейін оқуға деген ынтасы, оған итермелейтін түрткісі, икемдейтін ерік қайраты пайда болады. Егер білімді меңгеруге оқуға өзі талпынбаса, ұмтылмайынша, өзіндік дара сапасын қалыптастырмайынша, білімге деген ізденісін тудырмайынша, оның адамгершілік,дүниетанымының қалыптасуы мүмкін емес. Әр адамның іштей рухани қалыптасуы ең алдыменен өзінің ішкі сезімдерінің жұмысы бола тұрса да,оны тәрбие жұмыстары арқылы қанаттандырып, қолдап бағыт- бағдар беріп отыруға да байланысты - деген С.Л.Рубинштейн.
Болашақ маман тұласының бойына ұлттық тәрбие мен ұлттық мәдениетті қалыптастыру қажет.
Мәдениеттің өмірдегі көрінісі - ұлттық тәрбиенің жемісі. Әдебиет – тәрбиенің (мәдениеттілікке тәрбиелеудің) басты құралы болып табылады. Кез келген әдеби шығарманың эстетикалық (көркемдік) мәні тәрбиеленушінің этикасы мен этникасын (әдебін) яғни мәдениетін қалыптастыруға себін тигізеді, әсер беріп адамдығын қалыптастырады.
Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу – міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса ондай тұлға ұлт алдында “мәңгүрт”, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдепсақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.
Мектептегі, жоғарғы оқу орындарындағы ұжымдық, әдептілік дәстүрлері де этнопедагогиканың мәдениеттаныммен сабақтастығын көрсетеді. Яғни, этнопедагогика пәні - ұлттық мәдениеттің бет-бейнесін көрсететін және сол ұлттық мәдениеттің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетте қолданыстарын үйрететін пән.
Қазіргі таңдағы елімізде жоғары оқу орындарында этнопедагогика пәні оқытылып, бірақ ол жеткіліксіз. Сонымен қатар аудиториядан тыс тәрбиелік іс-шаралар көптеп жүргізілсе, тәртіпсіздік, қылмыстық, арсыз т.б. жаман қасиеттерден сақтандыруға көңіл аударуымыз қажет. Өйткені, жастар бойындағы зерігушіліктің, әдепсіздікке соқтыратындығын, теріс жолға бастайтындығын, мектеп өмірінен жиі байқаймыз. Ондай жолға жібермеудегі тосқауылдан туған жол халқының әдет-ғұрпындағы салт-дәстүріндегі әдептіліктік таным-тағылымы. Сондықтан да жастарымыздың санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Ақынжанды, ақжарқын шешен өнерпаз, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ғұрыптары, рәсімдері және салт-сапалық дәстүрлері жас ұрпақтың жан жүйесіне әсер етіп, анасына сіңсе, ұлтық мәдениетті игерген, иман жүзді, инабатты ұрпақ жалпы адамзаттық асыл қасиеттердегі игіліктермен тоғысуына мүмкіндік алады. Халқымыздың асыл қазыналарын білуге, игеруге қызықтыру, ұлттық тәрбиені меңгеру басты міндеттеріміздің бірі.
Болашақ маманның тұлғалық қасиетін арттырудың сипаттары мен ұлттық ерекшеліктерінің көрсету барысында бүкіл адамзаттық құндылықтарын педагогикалық категория бойынша жіктеді. Оны төмендегідей тұрғыда қарастырамыз.
Жалпы тұрғыда:
а) бойға дарыту б) машықтандыру жолдары
ә) ойға қондыру в) жаттығу әдістері
Ұлттық тұрғыда:
а) Халыққа тән болмыстың сипатын ашу
б) Ұлттық тәрбиенің басты ерекшеліктері
в) Әдет-ғұрып, салт-дәстүрге қызығушылығы
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы- ұлттық мәдениетінің маңызды белгісі болып табылады. Осы арқылы ол ұлттың ұлттық тәрбиесінің ерекшеліктерін білеміз. Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырып, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дархандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы- әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулап, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген .
Қазақтар “Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле”- дегендей, халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. Ұлттық тәрбиеміздің халықтың сан ғасырлар тарихымен тығыз байланыста болып, осы уақытқа дейін дәстүрлі тәрбие құндылықтарын жоғалтпай жалғастырып келеді. Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған. Өйткені, тәрбие әке-шеше, отбасынан бастап, ағайын- туыс, көрші-қолаңның бәрі араласып, бәрі де халықтың баласына ортақ қамқорлық жасаған. “Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр” деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған. Сол себебті ұлтымыз: ”Балаң өзіңе тартса- жұбан, қоғамға тартса - қуан” - деп бекер айтпаған. Біздің тәрбиеміздің бір ерекшелігі - қыз балаға қамқорлықпен қарау. Себебі халқымыз қыз тәрбиесіне баса назар аударған. “Ел болам десең- бесігіңді түзе” дегендей, тәрбие бесіктен басталатынын бәрімізге белгілі.
Ал қазіргі заманда болашақ маманға, яғни болашақ кәсіп иесін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуіміз керек, өйткені бүгінгі студент, ертеңгі қоғамның дамуы үшін қызмет жасайтын тұлға. Яғни бүгінгі студент –ертеңгі мұғалім қызметінің бірі баланы сүйе білумен қатар ұлттық мәдениетпен ұлттық тәрбиені де терең меңгергені жөн. Аталған мәселелерді де өз пәнінің ыңғайына қарай ақраптандырылып отырылғаны да жөн деп есептейміз.
Университет табалдырығында студент ақпараттық мәдениетті төмендігідей іс-шаралар арқылы меңгереді:
Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда СӨЖ-ның орны ерекше. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарындағы барлық ғылыми сабақ түрлері студенттердің өзіндік шығармашылық жұмыстарының дағдылары мен түрлі өзіндік жұмыстарға ынталандыру үшін құрастырылынған.
Өзіндік жұмыс астарынан, білімді іздеудегі ой қортындылауды, оны бекітуді, дағды мен іскерліктің дамуын және білімді жалпылау мен жүйелеуді, арнайы уақыт бөлінген дидактикалық мақсатты орындау барысындағы оқытушылар ұйымдастырған студенттердің белсенді әркетін түсінуге болады.
Өзіндік жұмыс дидактикалық құбылыс ретінде, бір жағынан, студенттің әрекет объектісімен оның міндетті түрде орындау қажет оқу тапсырмасын көрсетсе, екінші жағынан, сәйкестендірілген әрекеттің пайда болу формалары: студенттердің тапсырманы орындау барысындағы есі, ойлауы, шығармашылық қиялы оны жаңа жетілген білімді меңгеруге немесе меңгерген білімінің тереңдеуі мен кеңеюіне алып келеді.
Студенттің өзіндік жұмысы бұл оқытудың құралы, ол төмендегі көрсетілгендерден тұрады:
Өзіндік жұмысқа мыналар жатады:
Студенттердің өзіндік жұмысы оқу процесінің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан бұл жұмысты әрекетке айналдыру өз білімін жетілдіру үшін, ұйымдасқан педагогикалық бағытты студенттің интеллектуалды белсенділігіне айналдыру.
Білімге ұмтылу және өзіндік білімін жетілдіру, белгілі дәрежеде тұлғаның келешектегі мақсатты нұсқауы. Оқытудың жетістігі оқытушыға тәуелді, дегенмен, студенттердің қалай жұмыс жасауы да жетімсіз дәрежеде болмауы тиіс [13. 66].
Информация о работе Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру