Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 07:59, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Болашақ мұғалім өзіндік кәсіби біліктілігімен, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда өзіндік ізденістерді де талап етеді.
Мысалы аудиториядан тыс әртүрлі өзіндік білім алатын СӨЖ-ның түрлері бар:
Аталған мәселелерге ғылыми тұрғыдан дайындықпен келуі үшін әрбір өзіндік жұмысқа материал жинау, оны өңдеу үшін ақпараттық мәдениеттілік деңгей жоғары болу керек. Көбіне студенттің ақпараттық мәдениеті аталған тапсырмаларды орындау барысында да қалыптаса бастайды.
үлгісі
Адам бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, өнер-білімді игеруі- тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазына байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз “Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы”, “Тәрбие басы – тал бесі” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей өсиет еткен. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, “Ұстазға қарап шәкірт өсер” деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ.
Қазіргі таңда тәлімгер ұстаз оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы болып табылады. Оған негізінен мынандай үш түрлі басты міндет жүктеледі:
1. Тәрбие жұмысын үйлестіріп отыру;
2. Сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беру;
3. Мектеппен отбасының байланысын жасау;
Аталған мәселелерді меңгеру қиын, яғни мұғалім мамандықы өте қызық, қиын, жауапкершілігі жоғары мамандық ретінде саналады.
Мұғалім- жалпы білім беретін орта мектептердің қайыссында болмасын барлығында да оқушыларға білім мен тәрбие беретін кәсіби маман. Ал түрлі бағдардағы кәсіби мамандық беретін орта оқу орындарында көбіне оқытушы деп атайды. Білімдендіру, оқыту, тәрбие саласына ортақ атау- ұстаз, педагог, ал денешынықтыру, тәрбие ісімен ғана шектелетін мамандарды -тәрбиеші, тәлімгер деп атау да ана тілімізде берік қалыптасқан нұсқа[21.110].
Шартты түрде осылай бөлінгенмен де көп жағдайда бірін-бірімен алмастырып айту өмір тәжірибесінде жие ұшырасады. Мұғалімнің мектеп өміріндегі қызметі сан-салалыболғанымен де атқаратын ең басты ісі –оқыту, тәрбиелеу және ғылыми-әдістемелік, әлеуметтік педагогикалық жұмыстар. Жалпы білім беретін оқу орындарындағы мектеп мұғалімі белгілі бір пәнді оқытатын кәсіби маман және сынып жетекшілік қызметін атқарады.
Мұғалімнің кәсіби мамандығы мемлекеттік стандартты жүзеге асыруға сәйкес және үлгі-өнег көрсетерліктей білімдарлық пен еңбеккерлік көрсететін болса, халықтың құрметті де абройлы маман-тәлімгер болатындығы. 1960 ж. мұғалімдердің Республикалық съезіне арналған Сәбит Мұқановтың "Мұғалім" деген шығармасында ұстаз болмысы былай сипатталған:
Мұғалім
Бақытқа жол бастаған көсем бол, сен
Бал тамған таңдайыңнан шешен бол, сен
Батыр бол қол бастаған, тағы сондай
Салада қанша биік өсе бер, сен
Жаса сен, қай жағдайда, қай заманда,
Әрдайым міндеттісің бір адамға
Былайғы жақын түгіл, оның орнын
Көрген жоқ басып, туған ата-анаңда
Мұғалім! Бұл-адамның ардақты аты.
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты
Аржағы иероглиф, бергі әріп
Арқылы қандай тілде, қандай халық
Хат білсе, санасына мұғалімнен
Түседі бірінші рет сәуле-жарық
Білімнің шарлағанда талай өрін
Жаңалық ашқан шақта нелер керім,
Бар адам, барлық қауым мұғалімді
Сыйлайды мәңгі бақиберіп төрін
Сол құрметті адамға қойылатын талаптар педагогикалық ғылыми әдебиеттерде және мамандық жөніндегі ресми құжаттарда жан-жақты сипаттарған.
Сондай мұғалім үлгісі қандай боу керек оған бірінші қарым-қатынас қажет.
Қарым-қатынас іс-әрекеттің бір түрі іспеттес. Қарым-қатынас
түрлері мен құрылымы. Адамдар үшін қарым-қатынас –оның
ортадағы мекені.
Қарым-қатынас-белсенділігі арқылы адам жолдастары
мен, адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас
белсенділігі арқылы адам жолдастарымен, адамдармен қарым-
қатынас жасайды.
Қарым-қатынас белесенділігінің нәтижесінде жеке адамның бойындағы адамгершілік қасиеттері (қамқорлық, қайрымдылық, ілтипаттық, жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасады.
Қарым-қатынас қызметі. Педагогикалық қарым-қатынас қызметіне мысалдар келтіріңіз.
Қарым-қатынас мазмұны- ақпараттық, жеке даралық байланыстар арқылы басқа субъектілермен немесе өзіндік қатынастар.
Қарым-қатынас құрылымы мен іскерлік қарым-қатынастарын бірнеше топтық этаптарға бөлу.
Педагогтың үлгісін жасау, маманның аудиториямен қарым-қатынас жасаудағы келбетін көрсету және іскер әріптестермен балалар немесе ересек кісілермен өзбетінше әрекет жасауға дайындау.
Болашақ мұғалім қарым-қатынас мәселелерін толық меңгерумен қатар оның атқаратын қызметін де терең білуі қажет. Қарым-қатынас түрлері мен атқартын қызметін төменде көрсетілген.
Қарым-қатынас түрлері мен атқаратын негізігі қызметі төмендегідей топтарға бөлінеді:
Қарым-қатынастың негізгі қызметті
(информационно-
(өзара бақылау әрекеттік үрдісіндегі біріккен іс-әрекет)
3) аффективті-каммуникативтік (эмоционалдық қатынасты беру). Ал,
Әріптеске көмек беруге қатынасу қызметті. (оқушы) оның қарым-қатынасқа шығуы.
Маманның коммуникативті мәдениеті. Іскерлік қарым-қатынас
принциптері.
"Мәдениет" ұғымы қарапайым түсінікпен қарағанда білім
мен адамның жүріс-тұрысының жиынтығы. Сондықтан да маманның
маманның комуникативтік мәдениетіне төмендегідей мәселелерді енгізу
керек:
көтерумен бекітуге талпыну;
қарым-қатынас түрлері, қарым-қатынастың құрылымы мен қызметі,
қарым-қатынастың қажеттілігі, қарым-қатынас стилі т.б.
Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәлениетін қалыптастыру үшін
тәрбиелік іс-шараларды, аудиториядан тыс жұмыстармен қатар студент
өз шығармашылығын өз бетінше әр түрлі ақпараттар арқылы дамытады.
Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға
арналған жұмыстардың бірі тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру.
Сондықтан ойынды сабақта, сабақтан тыс уақытта пайдалану үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын – тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б. ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.
В.А.Сухомлинскийдің [22,Б.76] сөзімен айтар болсақ “Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ” және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Ұлы педагог А.С.Макаренко [26 52] ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырды. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді, - деп қарастырады.
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б. әсіресе өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Танымдық ойындар – тұлғаны ойландырудың тиімді бір тәсілі.
Қазіргі таңда әдіс-тәсілдермен бірге оқыту технологияларының пайда болуымен, оларды мектепте, білім беру мекемелерінде қолдану кең етек алуда. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, өзгеше қарым-қатынас, жаңа көзқарас пайда болуда. Педагогика ғылымының негізгі талаптарының бірі-оқушылардың танымдық деңгейін жаңғыртуда, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа технологиялар мен әдістерді оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай қолдану қажет.
Педагогикалық технология-тиісті мақсатқа жетудің нақты тәсілдері мен құралдары арқылы көздеген нәтижеге ие болудың әдісі мен амалы. Оқыту технологиясымен салыстырғанда педагогикалық технологиялардың мәні кең де жан-жақты, өйткені мұнда тәрбие-тәлім және тұлғаның қалыптасуы мен дамуы бірге қамтылады. Ал оқыту технологиясы болса оқу бағдарламасындағы көлемдік мазмұнды меңгерту түрі, әдістері мен тәсілдерін жүйелі орындап, қойылған [17.36 ].
Педагогикалық технология-тиісті мақсатқа жетудің нақты тәсілдері мен құралдары арқылы көздеген нәтижеге ие болудың әдісі мен амалы. Оқыту технологиясымен салыстырғанда педагогикалық технологиялардың мәні кең де жан-жақты, өйткені мұнда тәрбие-тәлім және тұлғаның қалыптасуы мен дамуы бірге қамтылады. Ал оқыту технологиясы болса оқу бағдарламасындағы көлемдік мазмұнды меңгерту түрі, әдістері мен тәсілдерін меңгерген жөн.
Мұғалімдердің оқушыларға оқу мақсаты, оқу түрткісі бойынша қоятын қосымша сұрақтары: саулнама әдісі - бірнеше сыныптардан мектеп оқушыларының оқуға деген қарым-қатынастары туралы түсініктерді тез арада жинап алатын әдіс. Барлық ізденістер бұл жаста танымдық түрткілермен байланыста болады. Бұл жерде жаңа пәндерге деген қызығушылық оны оқу әртүрлі қиындықтардан шығуы ғылыми негіздегі танымдық түсініктер кіреді. Жоғары сыныптардағы қоғамдық ғылыми ұйымдарға қатысу, сабақтардан зерттеу әдістерін қолдану сияқты талпыныстар пайда болады. Оқушылардың қызығу және танымдық мәселелері көптен бері зерттеліп келгенмен, әлі қалыптаса қойған жоқ.
Болашақ мұғалімнің шығармашылық мәдениетінің қалыптасуы оның шығармашылық қабілетіне тікелей байланысты.
Шығармашылық жұмыстар танымдық әрекет пен дербестіктің жоғары деңгейін анықтады. Өзіндік шығармашылық жұмыстармен бірге оқушылар меңгерген білімді, білікті бекітетін және дағдыны қалыптастыруға бағытталған өзіндік жұмыстар орындауға тиіс. Өзіндік шығармашылық жұмысты дербестік әркеттің ерекшелігін негізгі категория ретінде талдау П.И.Пидкасистый [27.73] еңбектерінде орын алған. Автор оқу құрылысын жүйелі талдау негізінде оқушылардың танымдық әрекетінде екі іс-әрекет тобын бөліп шығарады: а) оқушы мұғаліммен бірлесіп орындаған әрекет мазмұнын құрастырып, іс-әрекеттермен байланыстыру, б) оқушының дербестік әрекет элементтері болып табылатын әрекеттер тізбегі.
Сонымен қорыта келгенде, зерттеу мәселесі жайында жарық көрген ғылыми еңбектерге талдау жасау арқылы сабақтан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні мен мүмкіндіктерін көрсеттік. Сонымен қатар, болашақ мұғалімдер талапқа сай болуы айқындалды:
-гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымның негізгі базалық қағидаларымен терең таныс болуын, сонымен бірге ғылымдардың негізгі әдістерін және түрлі кәсіптік әрекет-әдістерін өзінің кәсіби қызыметінде қолдана білуге үйрету мен қатар ақпараттық мәдениетінің жоғары деңгейде қалыптастыру жолдарын білу.
әдістемесі
2.1 Болашақ мұғалім мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жолдары
Информация о работе Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру