Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 07:59, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
А) білім деңгейі;
Б) адамның жеке қасиеттері, қабілетін, мүмкіншілігін дамыту бейімділігінің арнайы қабілеттерінің динамикасына көңіл аудару. Мамандығын анақтауда жан-жақты зерттеу, оған кеңес беру арқылы көмек көрсету. Бұл бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында үнемі бағыт-бағдар беріп отыруды қажет етеді. Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуында кәсіптік іріктеудің мақсаты – мамандыққа жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке адамның еркешеліктерін, мамандыққа қоятын талаптарды да жете білген жөн. Осығын байланысты күні бұрын профессиограмма жасалады. Профессиограмма – бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу (жазу), мұндай мәліметтер жеке адамның белгілі мамандыққа жарамдығын, психолог, физиолог және медиктердің көмегімен анықталады. Мысалы, мұғалім мамандығына жеке адамның жарамдылығын анықтау үшін оның басқа қабілеттерімен бірге көру, есту мүшелерін және сөйлеу, психологиялық жағдайы, тіл табыса білуі, есепке алу басты талаптардың бірі болып саналады. [5.19].
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік
және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп,
жаңаша реңге ие болуы, жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себебті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халықымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - ол қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабарлар болуы керек.
Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейіндегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қаблетінің негізгі шарты болып табылады. Кәсіби даярлық процесінде жоспарлау, білім алу,өзінің жоғары жеке қабілеті мен қажеттігіне жауап беру мүмкіндігі бар студент еңбек нарығында елеулі орын алуы заңдылық болып табылады. Осыған орай, маманды даярлау сапасы тек қана даму көрсеткіші және оқу орынын тәмәмдау факторы ретінде шешуші ролге ие болып қана қоймай, негізгі өмірлік табысы болып табылады [6.9].
Өмірге көзқарасы, дүниетанымы кең болуы керек. Дүниетаным - ғылыми, көркемдік, құқықтық, саяси, діни болуы мүмкін. Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығынан және берік сенімінен туады. Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әртүрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Мысалы: материалистер мұндай мәселені ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе, ал діни ілімінің өкілдері тәңірдің қалауымен деп қарастырады.
Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Сенім терең, тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адамның өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізі, шындықты терең тану, оның соңынан еріп отыру.
Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші – сенім. Сенімнің тұрақтылығы мен нақтылығы болашақ маман дүниетанымының қалыптасуына негіз болады. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс. Оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады және жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді. Дүниетаным процесіне әр түрлі факторлар, әлеуметтік, оқыту мен тәрбие, ақпарат құралдары тағы басқалары жатады. Осы тұрғыда дүниетанымды нақтырақ анықтау үшін, оның негізгі құрылымдарына тоқталып өтейік:
табиғат әлемін анықтайды да ағартылушылық сананы қалыптастырады. Ол философиялық принциптер методологиясы мен таным тәсілдерімен қаруландырылады.
адамнан шындыққа негізделген моралдық-ерік бастамаларымен эстетикалық қатынастарды талап етеді.
ішкі рухани қозғалыс әсері ойлауды белсенді әрекет етуге итермелейді. Ғылыми дүниетаным негізінде ойлаудың дамуына түрткі болатын және шығармашылыққа ынталандыратын диалектикалық тәсілдердің принциптері жатыр.
барысында қолайлы позиция болып табылады.
тәжірибенің меңгеру тенденциясын айқындай отырып, бүгінгі мен болашақты құру идеясын алға жылжытады.
тұрақтылығы мен сенімді орталық ұйымының қалыптасуын қадағалайды да, табиғатқа, қоғамға және ойлауға деген қатынастың негізінде мінез-құлық пен ерік-сезімдердің санадағы бірлігін айқындайды.
Осы барлық міндеттердің шешімі өнегелі, мәдени, экономикалық және экологиялық тәрбиелер нәтижесінде сараланады. Жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттердің орындалуы, болашақ мамандардың дүниетаным аймағының кеңейуін қадағалайды да оның нәтижесі үлкен маңызға ие. Дүниеге көзқарас дүниетанымның құрамдас бөлігі болып табылады. Дүниеге көзқарастың өзі адамның дүниедегі орны жайындағы түсініктердің жиынтығы. Жеке адам болып қалыптасу үшін оның міндетті түрде туған жері, өскен ортасы, тұрақты мемлекеті, ата-анасы, бауыр-туыстары, дос-жарандары, білім алу жолындағы ғылыми орталары т.б. болуы шарт. Осы аталғандардың нәтижесінде адамның дүниеге көзқарасы, дүниетанымы дамыйды. Қортындылай келе дүниетаным жалпы жеке адамның, оның ішіндегі арнайы дайындалатын болашақ мамандардың қалыптасуында үлкен рөлге ие бола отырып, олардың ары қарай нағыз кәсіпті, білікті маман болуына көмектеседі.
Дүниетанымы жоғары, дүниеге көзқарасы кең адам әр уақыттада өзінің мамандығына адал, біліктілік, кәсіби деңгейі жоғары, ойы ұшқыр, қиялы жүйрік болары анық.
Гуманизм мен гуманитарлық білімнен саяси, экономикалық, экологиялық, құқықтық, өнегелік, көркемдік-эстетикалық, физикалық мәдениет және т.б. негізгі тәрбиелерді бойына сіңірген мәдени тұлғаны дамыту, кең мәдени тәсілдерден туындайды.
Тұлға мәселесі психологияда көбіне орталық мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта тұлғаның психологиялық мәнін түсінудегі ізденістер аяқталған жоқ. Дәл осы тұлғаның және іс-әрекеттің құрылымы ең бірінші негізгі ғылыми зерттеу әрекетінің мәдени шеңберін анықтайды.
Кәсіби білім беретін оқу орындарындағы болашақ маманның даярлығының сапа көрсеткіші ретінде Д.В. Чернилевский мен О.К.Филатов [7.46]. еңбектерінде негізделген.
Нарықтық қатынастың мәнін анықтайтын өзекті түсінік - бәсеке түсінігі. Мамандардың бәсекеге түсу мүмкіндігіне сәйкес бірқатар параметрлерді бөліп қарастырайық.
бағдарламаның сағаттық, пәндік, үлгілік негізгі көлемі стандартқа сәйкес даярлық деңгейі немесе оның саласының жоғарылауы мен пайдалану шекарасы, алынатын құжат т.б)
маманның даярлығына жіберілетін шығын).
әлеуметтік есебі, яғни, бітірушілер мен жұмыс берушілердің, сол сияқты өндірісті ұйымдастырудың ұлттық және аймақтық ерекшелігі).
Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда құқықтық мәдениет, компьютерлік іскерлік, шет тілі білімі, экономикалық мәдениет, ынтымақтастық, құрылымдық қатынасы және жүйелі ойлауға қабілеттілігі, техникалық даярлығы қажет. Кәсіби білім берудің дамуы және тұлғалық қажеттілігі төмендегідей бағыттар арқылы жүзеге асырылады:
білім беру ролінің артуы,
таңдау;
саласының дамуы;
педагогикалық қолдауды қамтамасыз етуді қалыптастыру арқылы студенттердің өз бетімен білім алу жолына жағдай жасау;
Кәсіптік білім беру кейде кәсіптік ақпарат деп те аталады. Кәсіптік білім беру – бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушылардың білімін қаруландыру. Кәсіптік білім берудің негізгі принципі оны өмірмен байланыстыру негізінде қалыптастыру.Кәсіптік білім беру процесінде жастардың қызығушылығын, бейімділігін, қабілетін, т.б қасиеттерін еске алу керек.
Маман даярлау ісінің сапасын арттыру – үздіксіз білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту кезеңіндегі негізгі мақсат кәсіби білім беріп студенттердің біліктерін қалыптастыру мен шектелмейді. Қоғамға керегі - өз ісін тиянақты меңгерген маман ғана емес, рухани дүниесі бай, кемелденген, жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болған, әлеуметтік жауапкершілігі мол өз басының қадірін түсінумен қатар өзгелерді де қарірлей білетін азамат, тұлға дайындау [7.23].
Сонымен қатар болашақ маманның тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда тәрбие жұмысына ерекше назар аудару қажет. Тәрбие жұмысының осындай кезеңдерін басынан өткізген студенттер өздерінің болашақ мамандығына қызығушылығы мол,болашақта жұмыс тауып істеуге мүмкіндігі бар, ақпараттық мәдени деңгейі жоғары екендігіне сенімді болды және мамандықты меңгеру процесі оның қабілетіне лайықты болады. Сондықтан жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды білім нәрімен сусындату, өз бетімен білім алуын, өзін-өзі тәрбиелеуін үнемі жетілдіріп отыру қажет.
Болашақ маман тұлғасының ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттарының бірі өз сүйіп таңдаған мұғалім мамандығының білімді, жаңашыл, ізденімпаз ұстаз ауылына іс-әрекетімен де өнеге үлгісімен де білім мен мәдениет таратады, оның өз ортасының алдыңғы қатарлы азаматы болуы -өмір талабы. Мұғалімнің біліктілігін арттыруды ұдайы, үздіксіз ұйымдастыру –оның кәсіби деңгейіне теориялық біліміне байланысты. Кәсіби білім арқылы оның шығармашылық қабілеті де дамиды. Ол үшін болашақ мұғалім мәдениетінің негізі педагогикалық шеберліктің қалыптасуы.
Педагогикалық шеберлік дегеніміз болашақ мұғалім тұлғасының жеке дара, психологиялық, интеллектуалды күштері мен қабілеттерінің өзін-өзі іс жүзінде көрсетуінің процесі. Шығармашылық шеберлік ізденіс процесі арқылы жүзеге асырылады.
Ал, кәсіби шеберлік –мамандығы және өзін-өзі ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыратын тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы.
Педагогикалық шеберліктің құрылымы: [7.23].
-гуманитарлық бағыттылығы: қызығушылықтар, құндылықтар, идеялар;
-кәсіби білімдері;
-педагогикалық қабілет: коммуникативтілік, перцептивті қабілеттер, динамизм, эмоционалды тұрақтылық, креативтілік;
-педагогикалық техника: өзін-өзі бағдарлау.
Педагогикалық міндеттерді шешуде қарым-қатынас жасай алу (дидактикалық біліктілік, ұйымдастырушылық қабілет, контактілі қарым-қатынас жасау зор роль атқарады. Педагогикалық қарым-қатынас педагогикалық кәсіби мәдениетті қалыптастырады. Ал, педагогикалық шеберлік –педагог тұлғасынының іс-әрекет барысында дами бастайды.
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің құрылымы төмендегідей негізгі үш топқа бөлінеді:
(тарихи тұрғыда қалыптасқан). Бірақ адамның оларды игеру барысында олар субьектке айналады.
идеялардың жиынтығы).
көзқарасы.
жүйеде жүзеге асуы.
кәсіби түрде ойлау қабілеттілігімен анықталады: жоғары белсенділік, жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілет, өзінің мінез құлқын бағалау. Сондай ақ болашақ маманның шығармашылық ерекшелігі айқындалады.
Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениеті қалыптастыру үшін педагогикалық шеберлік, педагогикалық компетенттілік т.б. қасиеттер де қалыптасуы керек. В.М. Шепель компетенция шеңберіне адамның білім, ептілік, тәжірибе теориялық дайындығын кіргізеді. Педагогикалық психологияда “компетенттілік” педагогикалық әрекетті жүзеге асырудағы білімі, дағдысы, ептілігі деген пікір қалыптасқан деп өзіндік тұжырымдама жасайды.
Әлқожаева Н.С. “Ақпараттандыру технологиясының болашақ маманның коммуникативтік компетенциясын жетілдіруге ықпал” деген мақаласында ақпараттық мәдениетті қкалыптастыру -қазіргі білім берудегі үлкен міндеттің бірі. Келешекте ақпараттық мәдениетадамның кәсіби ғана емес, жалпы мәдениеттің де көрсеткіші болып уақыт өте келе қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаның дамуының маңызды бір факторына айналады. Техниканың дамуы педагогикалық технологияның да сапалары мен салаларын ғылыми дамып, нәтиже беруіне өз үлесін қосады деп есептейді [9. 212].
Информация о работе Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру