Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 07:59, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Болашақ-мұғалімнің-ақпараттық-мәдениетін-қалыптастыру.doc

— 491.50 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе болашағымыз бала тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ.

Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму қарқыны адамзат баласының талғамының өсуі, электронды есептеуіш (комьпютер) құралдарының кең көлемде қолданылуы, интернеттің т.б. ақпараттық құралдардың пайда болуы, білім беру саласында жаңа технологиялық әдістерді енгізуге ықпал етуде. Қоғамның даму кезінде білімнің қарқынды прогресімен ескі технологиялық идеялардың тез өзгеруімен, инноватциялық жаңашылдыққа көшуге болашақ мұғалімдердің іс-әрекетімен байланыстыру ерекше сипат алады.

Жаңа типті мектептегі мұғалімнің біліктілігін жетілдіру мен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін іс-тәжірибелеріне қолдануға, адами-құндылық қасиеттермен қатар іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда оқушыны қалай оқыту керек –деген мәселеге жаңа көзқарас, жаңа ой қажет. Қоғам талабына сай даму кезеңінде ең қажеттісі  жаңа мазмұн, жаңа ақпаратты меңгеріп ыңғайына қарай қолдану  білікті мамандарға қойылатын негізгі бір талаптардың бірі.

Ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қоғамымызда әр мұғалім өз ісіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек.

Осы орайда білім беруді ақпараттандырудың жүйеленген бағыты "Мектептерге –Интернет " атты ведомствоаралық бағдарламен анықталады. Бұл бағдарламаның әрекеті – компьютермен жабдықталған және байланыстары бар мектептерде ғаламдық ақпараттық жүйе қосу болып табылады. Бүгінгі күні аталған бағдарламаға сәйкес республикадағы 800-ден астам мектептер

" Интернет " жүйесіне қосылған.

Бірақ Қазақтелекомның мәліметтеріне сүйене отырып, интернет жүйесіне қосылғанымен көптеген мектептерде ғаламдық жүйеде  жұмыс жасалмайтыны анықталған.

Көптеген мәліметтерді сапаптай келе, бұл жағдайда болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру процесін зеттеу жеткіліксіз боғандықтан үлкен ғылыми-педагогикалық проблемаға айналып отырғанын байқаймыз.

Педагогикалық ғылымда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында В.П. Тихомиров, А.П. Ершов, М.П. Лапчик, А.А. Кузнецов, Д.Ш. Матрос т.б. ғалымдар қарастырса, отандық ғалымдардан Е.Ы. Бидайбеков, Ж.А. Қарайов, Б.А. Қойшыбаев айналысса, электронды-педагогикалық оқулықтар мен жүйелерді жасауда Г.К. Нұрғалиева, С.С. Құнанбаева, М.К. Қойкелдиев, М.Х. Балтабаев, Г.Б. Ахметова т.б. ғалымдарымыз зерттесе, оқу процесі мен ұйымдастыру құрылымына жаңа ақпараттық технологияларды комплекстеуді интеграциялау арқылы енгізу мәселесімен Б.Б. Бөрібаев, Д.М. Джусубалиева,и А.М. Татенов, Е.Г. Гаевская және т.б. ғалымдар зерделеп өзіндік тұжырымдама жасады.

Бірақ көптеген ғылыми еңбектерді қарастыра келе болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, мұғалімді жаңашылдық бағытпен қамтамассыз ету мәселелерін әле де толық зерттелмегеніне көзіміз жетті.  

Сондықтан, болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдниетін қалыптастыру  өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз.  Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын “Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру ” -деп таңдауға себепші болды.

Зерттеудің мақсаты: Болашақ маманның ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны мен әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу және педагогикалық-эксперименттік жұмыста тиімділігін тексеру.

Зерттеу объектісі: Болашақ мұғалімдерді ақпараттандыру процесі.

Зерттеу пәні: Болашақ мұғалімдерді ақпараттандыру әрекеті.

Зерттеудің болжамы: Егер, ақпараттық  мәдениетті басқару  процесі болашақ мұғалімнің іс-әрекетіне сай жасалса, онда болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетінің мәнін ашуға бағытталған болар еді, өйткені жоғары оқу орындарындағы ақпараттық процестің негізі болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың іс-әрекеті болып табылады.

Зерттеудің міндеттері: Мұғалімнің ақпартатық мәдениетінің теориялық негіздемесін даярлау, зерттеу тақырыбына сай тірек ұғымдардың мәнін ашу.

Зерттеудің негізгі ойы. Ақпараттық ғасырда ақыл-ой қызметінің дамуы компьютерлік және қазіргі қарым-қатынас құралдарымен тығыз байланысты. Бұл ақпаратпен өзін-өзі  қамтамассыз ету адамның іскер белсенділігіне, білімділігіне, мәдениетіне, ал жалпы айтқанда ғылым мен көзқарасқа түбегейлі әсер етеді. Бұл жағдайда болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениеттінің қалыптасуы жалпы оқу-тәрбие процесінің тиімділігінің артуына бағыттала жүргізіледі.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың үлгісі мен әдістемесі даярланды.

Зерттеудің жаңалығы: "Ақпараттық мәдениет" ғылыми негізде талданды болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері жасалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Мектептегі педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың  әдістемесін жасау және оны практикаға енгізу жолдарын анықтау.

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, қорыту және жүйелеу, педагогикалық зерттеу әдістерін (теориялық, эмпирикалық) қолдану, озық тәжірибелерді меңгеру, арнайы ұйымдастырылған тәжірибе жұмыстары бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау.

Бастапқы мәліметтер: Бұрыннан қалыптасқан болашақ мұғалімге қойылатын талаптар. Қазіргі кездегі мұғалімнің ақпараттық мәдениетінің қалыптастырудың тәжірибелік негіздері.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Ақпараттық мәдениет процесінің сипаттамасы.
  2. Қазіргі болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздемесі.
  3. Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру әдістемесінің жобасы және пайдалану жолдары.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде болашақ мұғалімнің кәсіби-адами құндылық қасиеттері мен қатар "ақпараттық мәдениет" ұғымының мән-мағынасын ашып, оны теориялық тұрғыда дәлелдейміз. Ақпараттық мәдениет   идеяларын зерттеген ғалып-педагогтардың ой-пікіріне сүйене отырып, екінші бөлімде болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың жүйесін ендіре отырып, әдістемелік тұрғыда қолдануға болатынын айқындадық. Әр бөлімді қорытындылап, соңында пайдаланған әдебиеттердің тізімін көрсеттік.

 

  1. Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
    1. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың

алғышарттары мен ғылыми-педагогикалық негіздері

 

Бүгінгі таңда болашақ мұғалімді  өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Атап айтқанда:

    • жеке тұлғаның білімділікке және дарындылыққа ынталандыру;
    • білім басқыштарының сабақтастығын қамтамассыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
    • білім беру мекемелерінің ұйымдастырылуы-құқұқтық және қызмет бағытының әр түрлілігі;
    • білім берудің ізгілікті және дамытушылық сипаты;
    • білім берудің құқұқықтық және экологиялық бағыттануы;
    • білімнің зиялылық сипаты;
    • оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы;
    • білімнің, ғылымның және өндірістің өзара кірігуі;
    • білім жүйесін ақпараттандыру.

Білімді басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты және білім беру мекемелерінің дербестігін кеңейту [1.3 ].

Яғни, Білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала отырып, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамтиды және оқыту мен қатар тәрбие жұмыстары арқылы бойға дарыту мәселелері қарастырылған.

Осы орайда жаңа ғасырдағы оқыту технологиясының өркендеу, жаңашыл білім алу жолдары мен білім жүйесінің сабақтастығы т.б. мәселелер жөніндегі педагогикалық ой-пікірлер, оның ішінде біз зерттеу нысанымызға алып отырған жоғары оқу орны мен жалпы орта білім беретін мектептердегі оқыту үрдісі мен тәрбие жұмыстарының сабақтастығының озық идеясын бүгінгі білім заңына сәйкестендіре отырып пайдалану көзделді.

Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейдегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қабілетінің негізгі шарты болып табылады. Маман өзінің мамандық сипаттамасымен қажеттілік құндылық ретінде өзінің кәсіпшіл қызметін ұсынушы нарықтық қарым-қатынастар оъектісінің ролін атқарады.

Осымен байланысты кәсіби даярлық процесінде жоспарлау, білім алу, өзінің жоғары жеке қабілеті мен танымдық қызығушылығының  қалыптасуына  мен қатар ақпараттық мәдениеті қалыптастыру мүмкіндігі бар студент еңбек нарығында елеулі орын алуы заңдылық болып табылады. Осыған орай, маманды даярлау сапасы тек қана даму көрсеткіші және оқу орны мен оның түлектерінің негізгі табысы болып табылады.

Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге ие болады. Жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себепті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халқымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек. [2.18].

Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруге әртүрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Сенім мен дүниетаным қатарласа жүрсе ғана адам санасының сапасы арта түседі. Өйткені, бұл екеуі құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Сенім терең, тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке даманың өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез құлқын сипаттайды [3.18]. 

Қазіргі кезеңде- жеке тұлға мен қоршаған орта арасындағы қарама қайшылықтар мен өзара қарым-қатынастар заманы. Тұлғаның отбасылық, азаматтық құқықтық әлеуметтенуі белсенді түрде іске асырылып отырылған кезең. 

XXІ ғасырдың басындағы ғылыми революциялық жалықтардың ашылуы, оның соңынан ғылыми техникалық прогресс әлемдік алаңға жаңа мәселелері алып келді. Ақпарат пен білімнің жетілдірілуі техникалық дамуына және өндірістің әр түрлі технологиясын іске асыруға мүмкіндік туғызды. Техника, технология, өндірістің дамуы мен оларды адамзаттың қарқынды қолдануы экологиялық аппатқа әкелудің шегінде тұр. Адамзаттың негізгі тапсырмасы болып өзінің сапасын жетілдіру “адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда ” басты мақсат адамның өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Жалпы дамуды түсінудегі негізгі екпін адамның өз қажетін өтеуге бағытталады және оған қалай жете алады, ол арқылы қандай нәтижеге жетеді деген сұрақтарды қанағаттандырады. Тек қана даму арқылы адам сапасы мен адамдық қабілетіліктің өзгеруіне қол жеткізе аламыз. Яғни, даму барысында адамгершілік қасиеттермен адам бойында жеткілікті деңгейде қалыптастырылады. [4.23].   

Жеке адам еңбексіз дамымайды. Еңбек арқылы адамның дене бітімі, адамгершілік, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып, жетіледі. Кәсіби еңбектің әлеуметтік мәні және құндылығы арта түседі. Кәсіби еңбек процесінде өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды. Жеке адам өз күшінің шамасын және қабілетін, творчествалық қабілетін анықтайды. Неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызын терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының және отбасының бағыты толыса түседі.

Болашақ маманның еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері:

    1. психологиялық және практикалық тұрғыда даярлау;
    2. ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыру;
    3. еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту;
    4. ынтасын және қабілетін дамыту;
    5. өз бетімен өз еркін пайдаланып отыруға дағдыландыру.

Бұл процесс екі фактордың ықпалымен жүзеге асырылады: объективтік фактор қоғамның материалдық-техникалық базасын және жаңа қоғамдық қатынастарды жасау. Болашақ маманның еңбек мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құндылықпен қарау, өзінің инициативасын көрсете білу, дербестік, алдағы жұмысының кезеңдерін белгілей білу, еңбек процесін талдау және іс құжаттарын сауатты жасай білуі. Болашақ маман тәрбиесінің мақсат, міндеттерінің бірі халық шаруашылығында электрониканы, радиотехниканы, компьютерлерді, автоматтарды, роботтарды т.б. қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауттылықты талап етеді. Сондықтан мектепте оқыту және тәрбие жұмысының барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет. Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуындағы бағыттар – бұл әр түрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде білім мен қаруландыру. Кәсіптік білім берудің негізіг принципі оны өмірмен байланыстыру, былайша айтқанда, халық шаруашылығы оның салалары, мамандықтар туралы түсінігін еңбектен ұштастыру. Болашақ маман тұлғасын қалыптасытруда олардың бейімділігін, қабілетін психофизиологиялық қасиеттерін еске алу қажет. Мамандықты саналы таңдауда екі факторды еске алу:

Информация о работе Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру