Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 10:45, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныптарды оқыту барысында пәнаралық байланыстың тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері: бастауыш сыныптарды оқыту барысында пәнаралық байланыс арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.
- Оқушының өмірге, көзқарасының қалыптасуының негізі-оның дүниетанымы жайлы түсінік беру және өзіндік шығармашылық іс-әрекетін дамытуды жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірбиелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдістерін қолдану, өзіндік жұмыстарының түрлерін ұсынып нәтижесін көрсету. т.б.

Содержание

Кіріспе.
І Тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері.
1.2. Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық
байланысты жүзеге асыру жолдары.
ІІ Тарау. Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері.
2.1. Бастауыш сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты қалыптастыру ерекшеліктері.
2.2. 2 сыныпта пәнаралық байланыс негізінде жаңа технология элементтерін пайдалану түрлері.
2.3. Сабақ жоспарларының үлгілері.
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.
Қосымша.

Прикрепленные файлы: 1 файл

document.doc

— 296.50 Кб (Скачать документ)
  • жаңа пайдалы функцияны алу үшін жүйе элементтерінен қайта амал жасау;
  • бір немесе бірнеше элементтерді өзгерту;
  • пайдалы функцияны алу үшін жаңа элементті ендіру;
  • жүйе элементтерінің бірінен жаңа пайдалы функциясы бар өзінше жеке жүйе бөлу;
  • жаңа пайдалы функция алу үшін екі немесе бірнеше жүйені біріктіру (3).

Жүйені дамытудағы аталған тәсілдеріді оқушыларды жаңа оқу материалымен таныстыру кезінде пайдалану қажет.

Жалпы бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылардың сыныптар бойынша пәнаралық оқу іскерліктерін:

  • меңгерілуі тиіс бағдарламалық материалдың құраушысы ретінде;
  • шығармашылық бастаманың негізі ретінде қарастыру тиіс.

Сондай-ақ мұғалім оқушылардың пәнаралық байланыс оқу іскерліктерінің даму деңгейін анықтаумен, оқушыларды қажетті дамымаған пәнаралық  іскерліктерді дамыту үшін сабақ конспектілерінде педагогикалық тапсырмала көлемін реттеуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Сабақ жоспарларының  үлгілері.

 

Қазіргі таңда білімді интеграциялау, оның ғылыми деңгейін көтеру, оқушының танымдық қабілетіне орай дағдыларын да жан-жақты қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан бастауыш сыныпта-ақ пәндерді интеграциялап оқыту шәкірттердің ой-өрісін байытумен қатар олардың адамзат құндылықтарымен де молырақ сусындауларын қамтамасыз етеді. Өркениетті шетел мектептерінің көпшілігінде бастауыш мектеп бағдарламасы, міне, осыған негізделген. Мұнда оқу, ойлау, жазу, сөйлеу бір кеңістікте бір-бірімен үйлестіріле дамытылады.

Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде білімді кіріктіріп оқыту айтарлықтай анықтамаға ие бола қойған жоқ. Бұл мәселемен 80-жылдардың басында белгілі ұстаз-ғалым В. Н. Максимова айналысқан болатын. Ол пәнаралық байланысты дамытуды тереңдетудің тиімді жолы ретінде «кіріктіріпң оқыту әдісін ұсынған еді. Бір пәнге біріктірілген бірнеше пәндердің құрылымын мазмұнды хабарлама байланысы деп атаймыз. Бізді ішінара ана тілі – сурет, ана тілі - әуез, ана – тілі дүниетану сабақтарында қолданылып жүр.

Жалпы дидактикалық сабақтар шарттары:

  • пәнаралық сабақтың ең алдымен анық қалыптасқан оқу-танымдық мақсаты және оқушылардың жоғары білімділігі болуы шарт;
  • пәнаралық сабақ сондай-ақ, шәкірттердің дүниетанымдық көкжиегін кеңейтіп, ой қорытындысын қамтуы және алған білімдерінің ара қатынасын тануға қызығушылығын да оятуы қажет;
  • интеграцияланған сабақ оқушылар мен мұғалімнің берік ынтымақтастығының негізінде құрылуы қажет.

Енді өзімнің «Ана тілің сабағында пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асып жатқан интегративтік сабақ жоспарымен таныстырып өтейін.

Сабақ жоспары.

Сабақтың тақырыбы: Абай «Желсіз түнде жарық айң.

Сабақтың мақсаты: 1. Абай туралы білгендерін жинақтау.  өлеңді мәнерлеп оқуға және әнімен айтып үйренуіне төселдіру.  өлеңге сүйене отырып табиғат құбылысын суреттеу.

2.Оқушылардың сөздік қорын молайту.  Ой өрісін, қиялын дамыту.

3. Табиғат сұлулығын, өнерді түсіне  білуге үйрету.  Эстетикалық қызығушылығын  ояту.

Сабақтың түрі: интегративтік сабақ.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, ән-әуез, дүниетану, сурет.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімілеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілік құралдары: өлең желісі бойынша салынған пейзаж; Абайдың суреті; бейнетаспаға түсірілген өзен бейнесі; күй табаққа жазылған  «Желсіз түнде жарық айң әні.

Сабақтың барысы:

1. Оқушылардың Абай туралы, оның  еңбектерін бұрыннан білетіндерін сұраумен сабақты бастаймын.  Жаттаған 2 – 3 өлеңдерін оқытып, қандай тақырыпқа жазылғанына талдау жасаймын.

ІІ. Өлеңді мәнерлеп оқыту.

ІІІ. Сөздіктермен жұмыс жүргізу.  Таныс емес сөздердің қандай мағына білдіретінін сұрап, оқушыларға ой тастау.  Сол сөздерге байланыстырып сөйлем құрастыру.

ІҮ. Өлеңді қара сөзбен әңгімелеп (суретке қарап).

Ү. Күйтабақтан өлеңді әнімен орындата отырып, бейнефильм арқылы болып жатқан табиғат құрылысын көрсету. Табиғат сұлулығын әуенімен қоса тыңдата отырып көрсету, сүйсіндіру.

ҮІ. Әнді әуенімен қосып айтқызып үйрету.

ҮІІ. Сабақты қорыту.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: өлеңді әнімен жаттап келу, әңгімелеп айту.

Міне, мұндай интегративтік оқуды ұйымдастыру білім мазмұнының біртұтастығын қамтамасыз етіп қана қоймай, оқушы зердесіне қоршаған дүние оны танып – білудің әдіс-тәсілдерінен де қалыптастырады. Оқушының жалпы дамуына жағдай жасайды. Бастауыш сынып оқушыларының білімдерін интеграциялау білім жүйесін қалыптастыруға, балалардың дамуына тиімді әсер ете алады. Сонымен бірге бұл әдістің сапалы үйлесімділігі орташа және төменгі қабілетті оқушыларға оқу материалдарының мазмұнын түсінуге қолайлы жағдай жасайды.

Сабақ жоспары.

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш.

Сабақтың білімділік мақсаты: Баяндауыш және оның бастауышпен байланысы. Сөз таптарымен байланыстыру. Сөз таптарына талдау жасауға , мәтін құрай білуге, мәтінді ажыратуға және сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтауға үйрету. Сабақты халықтық педагогокаға негіздей отырып, ойын арқылы оқушылардың қабілетін дамыту, білімін тексеру. Сурет бойынша сөйлем құрауға дағдыландыру.

Дамытушылық мақсаты: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге, ізденуге үйрету. Сауатты сөйлеп, әдемі жаза білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Халқымыздың салт-дәстүрілерін жалғастырып, үйреніп, құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақтың ұлттық ат спортың ойыны, сюжетті суреттер, карточкалар, сөзжұмбақ.

Сабақтың түрі: Ойын, жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар беру.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, денешынықтыру пәнімен байланыстыра өткізу.

Сабақтың жүру барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Балалар, сендер қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер ме? Денешынықтыру сабағында ойнадыңдар.

  1. «Бәйгең жарысы.
  2. «Теңге ілуң ойыны.
  3. «Аударыспақң ойыны.
  4. «Көкпарң ойыны.
  5. «Жорғаң жарысы.
  6. «Қыз қууң ойыны.

Ана тілі сабағында «Өткен өмірң тарауынан көптеген батырлар туралы оқыдық. Олардың аттары болған. Сол аттар біздің сабағымызға жарысуға келіп отыр. Сабағымыздың мақсаты – халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеу. Сабақты ойын, жарыс түрінде өткіземіз. Үш топқа бөлінеміз.

1-топ. «Боз атң.

Топтың аты «Боз атң бұл,

Келдік біздер жарысқа.

Сөз табының сырларын,

Баяндаймыз сайыста.

2-топ. «Шұбар атң.

«Шұбарң атты тобымыз,

Көп нәрседен хабармыз.

Боз, Құлагер тобымен,

Сайысуға даярмыз.

3-топ. «Құлагер атң.

Топтың аты «Құлагерң,

Қазақ тілін мақтаймыз.

Ереженің барлығын,

Есімізге сақтаймыз.

(Топ жетекшілері өздерімен таныстырады).

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Бәйге жарысы (ұпай). Жеке жұмыс. 158-жаттығу. Сюжетті сурет салынған. Сурет бойынша, құрап жазған сөйлемдерін  үш топқа оқыту. Бастауышты жазған  сөйлемдерінен табу.

Айгүл әжесіне көмектесті, жіп иірді. Алаша әдемі болды.

2. «Теңге ілуң ойыны. Парақшамен жұмыс (ұпай).

1-парақша. Сөйлемнің қандай түрлерін білесің?

2-парақша. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?

3-парақша. Бастауыш туралы айт, мысал келтір.

4-парақша. Сөз таптары туралы айт.

Парақша артында «Қош келдіңіздерң.

ІІІ. Жаңа сабақты хабарлау.

3. Аударыспақ ойыны (ұпай). Аударыспақ  ойынында сөзжұмбақ арқылы жаңа  тақырыпты шешу.

 


                 1


       2


       3


         4

5


        


                 6

 


7

         8


        


                      9

 

1. Жазу жазып жалықпаған,

    Ертемен күнде сен 

    Жаза-жаза арықтаған. 

(Бор).

2. Жерде жатты ақ мамық. 

(Қар).

3. Аумаған қар,

    Қолы жоқ, сурет салады,

    Жаумаған қар,

    Тісі жоқ тістеп алады. 

(Аяз).

4. Күміс табақ дөңгелек.

    Аспанда жүрер дөңгелеп.

(Күн).

5. Ұзын мұртты сары бар,

    Қойнында наны бар. 

(Бидай).

6. Қолыңа сүйкесең,

    Кетіп кір-ласың,

    Тап-таза боласың. 

(Сабын).

7. Сәскеде жоқ

     Таңертең бар. 

(Қырау).

8. Шайнап-шайнап күнімен,

    Тауыса алмадым мұны  мен.

(Сағыз).

9. Басында екі таяғы бар,

    Төрт аяғы бар.

    Адам деуге болмайды,

    Бірақ та тағы сақалы  бар. 

(Ешкі).

Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «БАЯНДАУЫШң.

  • Үй жануарларына не жатады? Олар қалай дыбыстайды?

Түйе, қой, жылқы, сиыр, ешкі.

Үш топтан бір оқушыны шығарып, сахналық көрініс көрсетіп, сөйлем құрату.

Не істейді? Не істейді? Не істейді?

Түйе боздайды. Сиыр мөңірейді. Жылқы кісінейді.

Мысалдарды талдай отырып, кестедегі ережені шығардық. Ережені бекіту.

Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз. Баяндауышқа не істеді? неғылды? қайтті? сұрақтары қойылады.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс. Дәптерге жазу.

Ү. «Көкпарң ойыны (ұпай). Сурет бойынша сөйлем құрап жаздыру.

160-жаттығу. Жазған сөйлемдеріндегі  бастауышын астын бір, баяндауыштың  астын екі сыз.

1-топ. Үйрек жүзеді. Марат шомылады.

2-топ. Апам жіп иірді. Ақгүл көмектеседі.

3-топ. Құстар ұшады.  От жанады. (Сурет бойынша жазған сөйлемдерін тақтаға, дәптерге жаздыру).

ҮІ.  «Жорғаң жарысы (ұпай).

1. Балалар, жылдың мезгілі болады?

2. Қазір қандай мезгіл?

3. Күз айларын ата?

Табиғат календарын көрсете отырып,  159-жаттығуды орындату, өлеңді мәнерлеп оқу,  дәптерге көшіріп жазу.

Маусымдар.

Қыс құнар береді,

Көктем дән себеді.

Жаз баптап өсірсе,

Күз жинап тереді.                                                                                                           

Қарамен жазылған сөздердің астын сызу.  Оларға сұрақ қою, бастауышқа қатысын анықтау.

ҮІІ.Серігу сәті.

ҮІІІ.  «Қыз қууң ойыны арқылы сөзжұмбақты шешу. 162-жаттығу.

                              Маңырайды

                               Мияулайды

                                   Үреді

Жануарларды қатыстырып сөйлем қүрау. Бастауыш пен баянадауышты табу.

не?   не істеді?

1-топ.  Ешкі   маңырайды.

2-топ. Мысық   мияулайды.

3-топ. Ит   үреді.

ІХ. Топпен шығармашылық жұмыс.

1-топ. Мысыққа мінездеме беру.

2-топ. Баяндауышқа байланысты мақал-мәтел айту.

3-топ. Ешкіге байланысты, бастауыш пен баяндауышқа байланысты сөйлем құрау.

«Құстар қалай сайрайды?ң ойыны. Доп қағу арқылы баяндауышты айтады.

Бұлбұл сайрайды.

Торғай шырылдайды.

Шағала шаңқылдайды.

Х. Бекіту.

ХІ. Үйге тапсырма. Қорытынды.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

  • Міне, балалар, кемеңгер ғұлама ақын жазушылардың тілі – туған тіліміз – қазақ тілі сабағы аяқталды.

Сабақ жоспары.

Мақсаты: Оқушыларды Ыбырай Алтынсарин шығармашылығымен жақынырақ таныстыру. Балаларды әдеби шығармаларды сүйіп оқуға, өз оқығанын түсіне білуге, шығармадағы жақсы қасиеттерді өз бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден аулақ болуға үйрету.

Оқушылардың сөздік қорларын, мәнерлеп айта білулерін дамыту.

Информация о работе Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері