Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 10:45, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныптарды оқыту барысында пәнаралық байланыстың тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері: бастауыш сыныптарды оқыту барысында пәнаралық байланыс арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.
- Оқушының өмірге, көзқарасының қалыптасуының негізі-оның дүниетанымы жайлы түсінік беру және өзіндік шығармашылық іс-әрекетін дамытуды жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірбиелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдістерін қолдану, өзіндік жұмыстарының түрлерін ұсынып нәтижесін көрсету. т.б.

Содержание

Кіріспе.
І Тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері.
1.2. Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық
байланысты жүзеге асыру жолдары.
ІІ Тарау. Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері.
2.1. Бастауыш сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты қалыптастыру ерекшеліктері.
2.2. 2 сыныпта пәнаралық байланыс негізінде жаңа технология элементтерін пайдалану түрлері.
2.3. Сабақ жоспарларының үлгілері.
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.
Қосымша.

Прикрепленные файлы: 1 файл

document.doc

— 296.50 Кб (Скачать документ)

Дегенмен түрлі зерттеушілердің И. Д. Зверев, В. Н. Максимова, Г. И. Беленьский,  П. Г. Кулагин, Н. Ф. Лошкараева, т.б. пәнаралық байланыстың мәніне көзқарастары бірдей емес. Мәселен Г. И. Беленьский пәнаралық байланыс жалпы пәндердің мазмұнын құрылымдық бөліктерінің мақсат бірлігін көрсетеді десе Н. А. Сарокин пәнаралық байланыстар идеясын дидактикалық қағидаларды жүзеге асырудың қажетті шарты деп есептейді.

В. Н. Максимова ұсынған классификация бойынша мынадай топтар бар екендігін көрсетеміз: мазмұн-хабарлық, операциялық-қажеттік, ұйымдық-әдістемелік. Бірінші топтың байланыстар ағарту жұмысы міндеттерін тәуірірек шешуге, екіншісіндегілері – оқушылардың практикалық жұмысын ұйымдастыруға, үшінші топтағылары – ұйымдастыру жағынан айқындықты, тиімділікті қамтамасыз етуге бағыт-бағдар ұстауға көмектеседі.

П. Г. Кулагин пәнаралық байланысқа мұғаліммен оқушылар жасайтын жүйесі деген анықтама береді де бағдарламалардың материалдарын неғұрлым тиянақты меңгеріп алу мақсатында, білімдердің, игерілу процесінде ұқсас пәндердің мазмұны пайдаланылады да қамтылады дейді.

Г. Ф. Федорецтің зерттеу еңбектерінде біз сөз етіп отырған проблема мынадай түсінік береді.

- пәнаралық байланыс дегеніміз  шындық өмірдің объектілері, құбылыстары  және процестері арасындағы синтездеуге, интеграциялауға ұшырайтын қарым-қатынасты  бейнелейтін педагогикалық катергория. Ал олар оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, формалары мен тәсілдерінен көрінеді және тәрбиелеу қызметін атқарады.

Н. А. Лошкараева «Пәнаралық байланысң деп аталатын ұғымға берілетін мәні жағынан түрлі-түрлі анықтамалар негізгі екі нәрсеге саюға болады: пәнаралық байланыс дегеніміз оқу-тәрбие процесінде объективті шындық өмірді баяндауын диалектикалық формасы мен педагогикалық талап принципі.

Зерттеушілердің пәнаралық байланыс жөніндегі оның жаңа қызметінің қырларын көрсететін анықтамаларға басқа тұрғыдан келушіліктер байқалады. Мысалы В. И. Янсен пәнаралық байланысты білім берудің құрамды бір бөлігі деп қарайды да, бұл бөлік оқу қызметінде түрліше көрінеді дейді. И. Ф. Боисенко пәнаралық, ғылымаралық ұғымдардың дидактикалық баламасы деп түсіндіреді.

Бүгінгі қоғамның тереңдеп келе жатқан процесі мектептегі ғылымдар негізінен білім беруді ғылымдардың алуан салаларының өзара байланысымен интеграциясының жаңа дәрежеге көтерілуі негізінде құруды талап етіп отыр.

Осыған орай пәнаралық байланыстың философиялық, психологилық, жалпы ғылымдық және арнайы дидактикалық негіздері анықталуы тиіс.

Пәнаралық байланыстың философиялық негізінде дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады.

Объективті дүние белгілі заңдылықпен ұйымдасқан жүйе болғандықтан, оны танып білуде де ғылымдар арасындағы байланыстар қажет.

Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен толар бір-бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті өзара байланыстылықты танып білу.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға негіз болатын өткен жылдардағы мектептегі қоғамтану пәні еді. Онда оқушылар табиғаттың, қоғамның, адам ойының даму заңдылығын диалектикалық және тарихи материализм негізінде қабылдап теориялық танымдық біліммен қаруланатын еді.

Соңғы жылдардағы блоктық жүйемен алынған курстар оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеп отыр. Бұл бағыт жеке тұлғаның интелектуалдық потенциалын дамытады және дүниетанымын қалыптастыруды жүзеге асыруға көмектеседі.

Ең бастысы қазіргі кезде өздігінен білім алудың, оқытудың өзекті мақсаты етіп бірінші орынға диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыруды қою керек. бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілуі мүмкін емес. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоюмен шектелмеуі керек. ол материалдың өзара байланысын бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ негізгі тенденцияларын, әлеуметтік-экономикалық, рухани ортақ белгілерін, топтастыру, бір-бірімен сабақтастыру, ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс.

Жоғарыдағы айтылған ойларды мектеп тәжірибесінде айқындау үшін әрбір мұғалім өзінің пәнін оқыту барысында қандай дүниетанымдық міндеттерді шешуді, жеке тарауларды, мәселереді өтуде, қайсысы ең басты идея, шешуші проблема болатынын бөліп алдын-ала ойластыруы керек. сол идеяға оқушылардың назарын аудара білу, олардың материалды меңгеруін, ұйымдастыру және басқара білу қажет. Оқушылардың ол меңгерген білімдері сайып келгенде әрбір шәкірттің жеке тұлғалық көзқарасына, сеніміне өмірлік құндылық бағдарына, мінез-құлықтың қағидасына айналу керек.

Пәнаралық байланыстың психологиялық негізі. Пәнаралық байланысты анықтау психологиялық физиологиялық заңдылықтарға негізделген. Жүйелік адам миының арнайы қызметі.

И. П. Павлов мидың аналитикалық-синтетикалық қызметін зерттеп, оны үздіксіз дамуда, өзгерісте болатынын анықтайды. Мида сыртқы дүниеден қабылданатын көптеген тітіркендіргіштер реттеліп жүйеге келетінін түсіндіріледі.

Сондықтан ойлау нерв процестерінің күрделі динамикалық жүйесі болғандықтан, ол мидың анализ синтез қызметімен орындалады. Бұл жүйеге әр пәннің өз ішіндегі және пәнаралық бірлестіктеріндегі бөлімдер жүйесі сәйкес келеді.

Қорыта айтқанда пәнаралық байланыстың физиологиялық, психологиялық негізінің нәтижесі білімдер жүйесінің мида орнаасуы адамның үнемі алға ұмтылушылығына жағдай туғызады да оның шығармашылық іс-әрекетіне дайын бола алатындығын дәлелдейді.

Пәнаралық байланыстың негізі. Ғылыми әдебиеттерде пәнаралық байланыстың дидактикалық негізінде оқу пәндері алынған. Ғылымдардың гуманитарлық, табиғаттану және техникалық болып дәстүрлі топтастырылуы, олардың зерттейтін объектілерінің ортақтылығында, пәндік қатынастардың бірлігіне негізделген. Олар қоғам, табиғат, еңбек салалары бойынша біріктіріледі де, әр пән өз ішінде білім іскерліктерге арналған материалды және оқушылардың жалпы таным объектілерінің бір жүйеге келтірілуі.

Сонымен пәнаралық байланыстың маңызына мыналар жатады:

  1. Оқу пәндер арасындағы өзара байланыстың болуы – ғылымдар негізін меңгерудің және білім жүйесінің дамуының қажетті шарты.
  2. Диалектикалық көзқарастың қалыптасуы білім мазмұнының барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.
  3. Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын комплексті жүзеге асыруға ықпал жасайды.
  4. Пәнаралық байланыс педагогикалық еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.
  5. Педагогикалық ұжымның барлық іс-әрекетінің бір-бірімен келісімді және демократиялық негізге жүріп отыруына әсер етеді.

Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары. Әр нақтылы міндетті оқу-тәрбие процесі арқылы жүзеге асырылады. Пәнаралық байланыс оқытудың мазмұны, әдістері, оқытудың ұйымдастыру түрлерімен ғана шектелмейді. Ол оқушы мен мұғалімнің оқу-таным іс-әрекетінің бір бөлігі болып саналады.

Оқу материалының мазмұнымен, ана тілі, дүниетану, еңбек пәндерін бейнелеу өнерімен байланыстыра оқытудың ғылыми-әдістемелік жолдарын мектеп тәжірибесі негізінде ашып көрсетуге болады.

Біз оқушыларға ана тілінен білім беру дегенді кең түсінеміз. Өйткені тіл – оқушыларды дүние тануға баулитын қоғамдық құрал. Тілсіз қоғам жоқ, тілсіз ғылым жоқ. Адамдар өзінің қоғамын қашан да тіл арқылы дамытып отырады.

Тіл шындықтың, ғылымның және ол жөніндегі ақыл-ойдың танылуы немесе олардың адамдар ұғымынан орын алып, жүйеге келуі. Олай болса, өмір шындығынсыз мидың қызметі болуы мүмкін емес, сол сияқты мидың қызметінсіз тіл немесе тілдегі ой мен ұғым болуы мүмкін емес. Ондай жүйеге келген ғылымдар мектебімізде ең алдымен сол өзінің ана тілінде оқытылады.

Мектеп тәрбиесінде ана тілі пәнінің мұғалімдері пәнаралық байланыс негізінде сабақ өткізу барысында «Абай өлеңдеріндегі түсініксіз сөздерң мысалы «Қысң-деген өлеңінде, «жидемң-деген сөз балаларға түсініксіз болады. мұғалім балаларға бұл сөздің мағынасын ашып түсіндіру барысында еңбек пәнімен байланысы арқылы жүргізеді. Сондай-ақ А. С. Пушкиннің  «Қысқы кешң-өлеңінде жазушы өзінің тіл байлығымен балаларды сол өлеңді оқи отырып көз алдына елестеген суретті қағаз бетіне түсіруі арқылы ана тілінен бейнелеу өнерін байланыстыра жүргізу арқылы оқушылардың зейінін, байқағыштығын, ойлау қабілеттерін арттыруға болады.

Оқушыларға барлық пәннен білім беретін мұғалімдеріміз өздерінің мамандығын, оның ғылыми жүйесімен бағытына ана тілі арқылы үйретеді.

Сонымен қатар біздің мектептеріміздегі тәжірибелі мұғалімдеріміз қазақ тілін оқыту жұмыстарын табиғат құбылыстарымен ұдайы байланыстырып жүргізіп отырады.

Табиғат құбылыстарымен тілді оқыту жұмыстарын практика жүзінде ұштастыра жүргізіп отырудың алуан түрлі тәсіл амалдары бар. Оқытушылардың ең алдымен сол тәсіл-амалдары және оны практикада қолдана білудің жолдарын меңгереді. Мысалы, оқытушы белгілі бір тілдік тақырыпты өткенде, оқушылардың табиған құбылыстарына байланысты сөз байлықтарын толықтырып дүниетануын күшейту мақсатында табиғат байлықтарын суреттеп көркем жазылған шығармалар мен өлеңдерден үзінділер алады.

Табиғат құбылыстарын суреттейтін ана тілінен алынған текстерді алдымен оқушылардың ұққанын әңгімелетіп айтқызады немесе өздеріне мазмұндатып жаздырады.

Сонымен ғалымдардың дәлелдеуінше: тіл қоғамды біліп, дамытудың құралы, ендеше тіл адамның ақыл-ойының көрінісі, әдет-ғұрпының байлығы, өнер-білім қазынасын меңгертудің құралы.

Жоғарыда келтірілген мысалдар арқылы оны

  • мұғалімдердің пәнаралық байланысты практикалық қызметінде пайдалануы;
  • сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың пәнаралық байланыс бағыттылығын күшейте түсу. Бұл міндетті шешу озық тәжірибелерді жинақтауды, жұмыстың неғұрлым тиімді түрлерін практикада пайдалануды қажет етеді.
  • мұғалімдердің оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім мен тәрбие беру дайындығын және қандай жағдайда екендігін білу.

Сонымен пәнаралық байланыс өзінің мәні жағынан көпмағыналы педагогикалық табиғаты бар проблема. Қазіргі педагогика ғылымының жан-жақты қарастырылатын, зерттейтін мәселесінің бірі. Демек, пәнаралық байланыс білім беру мәселесінің бірі ретінде мазмұнды әдістер жүйесін және ұйымдастыру жұмыстарының түрлерін сапалылық жағынан қайта бұруға жетелейді. Нәтижесінде оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейеді.

Бұдан біз пәнаралық байланыс идеясы білім мазмұнын айқындаудың негізінде алынуы керек деп есептейміз.

Білім мазмұнын анықтауға ғылымдардың саралануы (дифференциялану) және кіріктірілу (интеграциялануы) қағидалары негізге алынады.

Ғылымдардың ішкі табиғи байланыстарын ашу табиғат, қоғам, адам ойының даму заңдылықтарының методологиялық негізін білу қазіргі мектептің білім мазмұнын бағытын жасауға тірек болады.

Әрбір ғылым негізінде жеке пәндер адам ақыл-ой дамуының оның танымдық жемісі болғандықтан жалпы адамзаттық құндылықтар білім мазмұнына алынуы керек.

Қазіргі ғылым мазмұнындағы негізгі бағыт жалпы білімнің гуманитралық бірлікте болуы көздерінеді. Білім мазмұнының жаңа құрылымы Республиканың мәдени, рухани потенциалының жаңа сапалық деңгейіне көтерілуінің бірден-бір тілін оқытуда бірнеше ғылымдар саласымен байланыстырудың педагогикалық-әдістемелік мол мүмкіндіктері бар екенін тәжірибесінде көріп аламыз.

Мектеп тәжірибесінде біртіндеп қолданылып келе жатқан пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылып, кейбір сабақтарға, кластан тыс жұмыстарға тоқталу керек.

Пәнаралық іскерлік. Оқушының бір пәннен меңгерген білім іскерлік дағдыларын, екінші жақын пәндерді меңгеруді пайдалана білу қабілеттерінен көрінеді. Мәселен қазақ тілі пәніне меңгерілген кітапты пайдалану іскерлігі, ана тілі, дүниетану, математика т.б. пәндерді оқып-үйренуге қолданылады. Сол сияқты оқушының бір пәннен үйренген еңбек іскерліктері, екінші пәнді терең жан-жақты меңгеруге ықпал жасайды.

Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – ол оқыту процесінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып табылады.

Қазіргі мектептердің жалпы білім беру мазмұны, оның ішінде оқу жоспарлары пәнаралық байланыс негізінде жетілдіріліп келеді. Осыған орай, ғалым зерттеушілердің шығармашылық еңбек етуші мұғалімдердің ізденістері интеграцияланған, жүйеленген қорытындыланған жаңа курстардың оқу-тәрбие процесінде қажет екендігін дәлелдеп отыр.

Білім және тәрбие берудің аса маңызды құрылымының бірі пәнаралық байланыс екендігі біздің зерттеу жұмысымызда дәлелденеді.

Міндеттері мыналар:

  • оқушылардың оқыту процесіндегі пәнаралық байланысты түсінуін, саналы қабылдауын, танымдық беленділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.
  • оқу пәндерінің оқушыларға біліммен тәрбие беру және  пәнаралық байланыс орнату мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта мектептің оқу жоспарымен бағдарламаларында тыңғылықты таңдау жасау басты шарты болып табылады. осыған байланысты білім мазмұнына қазіргі заман ғылымының серпінді бағыты жалпы білім беретін мектептердің жаңаруына, жеке тұлғаның шығармашылық ойлауымен еңбек ету дағдысының қалыптасу процесінде көрініс табады.

Республикада мемлекеттік құбылыс түбегейлі түрде өзгеріп, жаңа түрдегі қоғамдық қарым-қатынастар біртіндеп орын алып экономикалық-әлеуметтік проблемалар туындап отырған жағдайда, білімнің беделін көтеруде жаңа көзқарас қалыптастыру қажет.

Информация о работе Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері