Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 10:45, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныптарды оқыту барысында пәнаралық байланыстың тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері: бастауыш сыныптарды оқыту барысында пәнаралық байланыс арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.
- Оқушының өмірге, көзқарасының қалыптасуының негізі-оның дүниетанымы жайлы түсінік беру және өзіндік шығармашылық іс-әрекетін дамытуды жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірбиелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдістерін қолдану, өзіндік жұмыстарының түрлерін ұсынып нәтижесін көрсету. т.б.

Содержание

Кіріспе.
І Тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері.
1.2. Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық
байланысты жүзеге асыру жолдары.
ІІ Тарау. Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері.
2.1. Бастауыш сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты қалыптастыру ерекшеліктері.
2.2. 2 сыныпта пәнаралық байланыс негізінде жаңа технология элементтерін пайдалану түрлері.
2.3. Сабақ жоспарларының үлгілері.
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.
Қосымша.

Прикрепленные файлы: 1 файл

document.doc

— 296.50 Кб (Скачать документ)

Бұл міндет саласында іргелі ғылымдарды тереңдетуді, оқытудың мазмұнын дифференциялау, интеграциялау, шығармашылық ойлармен еңбектің мәдениетін жаңа сапалық деңгейге көтерумен шешіледі.

Дүниежүзілік тәжірибеде көрсеткендей ғылыми дүниетанымды берік меңгеру, әлемдік құбылысты, деректерді қабылдау білім мазмұнын бөлшектенбеген жағдайда тұтас, жүйелі қалыптасуы нәтижесінде жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс қазіргі дидактиканың басты қоғамдағы екені бізге мәлім. Мектеп және мұғалім үшін бұл ең көкейтесті проблема болып отыр. Себебі пәнаралық байланыс білімдердің синтезі үшін қажет. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын айқындау, әсіресе өнер мен мәдениеттің басты міндеті деп түсінеміз. Сондықтан өзімнің күнделікті сабағымда пәнаралық байланысты оқыту процесінің өзегі деп есептеймін.

Қорыта келгенде классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп қазіргі педагогика ғылымының басты мәселесіне айналып отыр.

Адамзат баласының алдындағы негізгі міндеттерінің бірі –қол жеткен қоғамдық, рухани және материалдық құндылықтарды, өндіпрістік тәжірибені игерген тұлға даярлау. Осы міндетті жүзеге асыру негізінен білім беру жүесіне жүктелетіні белгілі.

Тұлға – бұл субъект ретіндегі нақты адам. Адам санасының белсенділігі оның танымына, әсерленуінде жүреді.

Адамның негізгі қасиеттерінің тобын кез келген педагогтің білуі шарт. Олар: бағыттылығы (сенімі, дүниетанымы, идеалы, қызығуы), тәжірибесі (адамның даярлығы, оның білімі, дағдысы, ептілігі мен әдеті), психикалық үрдістері (қабылдау, ойлау, түйсік, зейін, ес, ерік, сезім, эмоция, сенсомоторика), темпераменті (адамның жоғары жүйке қызметінің типологиялық негіздері, жеке тұлғаның жас және жыныстық қасиеттері мен патологиялық өзгерісі). Аталған негізгі қасиеттерді біле отырып, әр түрлі жастағы оқушы үшін оқу материалдарының мазмұнын іріктеу және соған сәйкес іс-әрекеттерді ұйымдастыру кез келген педагогтің білімі мен біліктілігіне, тұлғалық қасиеттеріне байдланысты.

Оқушының адам қасиеттеріне сәйкес бағыттылығы мен тәжірибесін негізінен мектеп қабырғасында дұрыс қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Адамның бағыттылығы мен тәжірибесіне негіз болатын құрушының бірі – оның білімі. Білімнің өзін мазмұндық және іс-әрекеттік тұрғыдан қарастыру көптеген зерттеулерде орын алған. Мазмұндық тұрғыдан оның өмір сүру формасы – оқу-әдістемелік әдебиеттерде тіркелуі.

Осыған сәйкес М. Скаткин жалпы білім беретін пәндерге қатысты өзара байланысты білімнің түрлерін: негізгі ұғымдар мен терминдер; әр түрлі нысандар мен болмыс құбылыстары арасындағы байланыстарды және қатынастарды ашатын күнделікті болмыстық және ғылыми фактілер; берілген пәндік саланың құбылыстарын түсіндіру және болжау нысандары мен әдістерінің жиынтығын анықтау жөніндегі ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теориялар; ғылыми және әлеуметтік идеялар; іс-әрекет тәсілдері, таным әдістері және білімді алу тарихы, ғылым тарихы жөніндегі білімдер; қоғамдағы белгіленген өмірлік әр түрлі құбылыстарға қатысты нормалар жөніндегі білімдер деп қарастырады.

Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интеллектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарасты қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен байланыстырудағы құралдардың бірі - пәнаралық байланыстар. Пәнаралық  байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген мәселенің бірі ретінде де қарастырылады. Зерттеулірдің нәтижесіне сәйкес пәнаралық байланыстар оқытудың қағидасы және білім берудегі міндетті элемент ретінде де айқындалады (В. Краевский, И. Лернер, А. Бейсенбаева,     И. Зверев, В. Максимова және т.б.).

И. Зверев пәнаралық байланыстарды толықтыру көлемде жүзеге асыру тәсілдерінің сипатынсыз олардың білім беру, дамыту және тірбиелеу функциясының өзара байланыстарын ашпайынша бұл мәселені елестету мүмкін еместігін айтады. Пәнаралық байланыстардың жалпы біім беретін функциялары оқушыларда материя қозғалысының әр түрлі формаларының өзара байланысын көрсететін әлем жөніндегі жалпы білімдер жүйесін қалыптастыруды қарастырады. Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу функциясы оқушыларда диалектикалық-материалистік дүниетанымды, өнегелік-эстетикалық идеяларды, жеке тұлғаның эмоционалдық-еріктік қасиеттерін қалыптастыруды көрсетеді. Пәнаралық байланыстардың дамытушылық функциясы салалас пәндерді зерделеу кезінде жалпы жаратылыстану-ғылыми және политехникалық ұғымдарды дамытуда, талдап қорытындыланған іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жүзеге асырылады.

Сондай-ақ пәнаралық байланыстар жастарды тәрбиелеу ісінде жасөспірім тұлғаны қалыптастыру функциясында едәуір мәнге ие. Еңбекке баулу мен ғылыми негіздерінің пәнаралық байланысты мектеп оқушысының белсенді өмірлік көзқарас үстанымында, объективтік ақиқакт құбылыстары мен фактілерінің ғылыми түсінуінде пайда болатын түсінуде пайда болатын дүниетанымды қалыптастыруға едәуір ықпал етеді. Ол сананың, сезім мен мінез-құлық әрекетінің жүзеге асуына мүмкіндік береді. Технология пәні мен ғылым негіздері пәндерінің байланысы политехникалық функцияны жүзеге асырады. бұл функция еңбек үрдістерінің жалпы ғылыми негіздерін, бірыңғай ұйымдастыру – экономикалық ұстанымдарын ашуға көмектеседі.

В. Скакун өз жұмысында пәнаралық байланыстарды: зерделейтін оқу материалдары мазмұны бойынша, оқушыларда қалыптастыратын жалпы оқу іскерліктері бойынша, оқыту әдістері мен құралдары бойынша, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдары бойынша деп ажыратады. Пәнаралық байланыстардың оқушы жеке тұлғасын дамыту міндеттерін шешудегі әлеуметтік-педагогикалық аспектісін ескеру қажеттігі туындайды.

В. Скакуннің пәнаралық байланыстарының түрі бойынша мұғалім мен оқушы тарапынан орындалатын іс-әрекеттер сипаты төменде беріліп отыр:

  • зерделенетін оқу материалдары мазмұны бойынша пәнаралық байланыстар. Бұл байланыс түрінде оқу материалдарын іріктеуден бастап пәнаралық байланыстарды белгілеу, басқа пәндерді зерделеу барысында өндірістік және өмірлік тәжірибеде алған білімдерді оқушылардың берілген пәнді зерделуі  үшін пайдалану, барлық пәндерде кездесетін терминді бірыңғай ғылыми көзқарас тұрғысынан пайдалану, әр түрлі пәндерді зерделеу барысында оқушылардың алған білім мен іскерліктерді кешенді пайдалану жүзеге асырылуы тиіс;
  • оқушылардың жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыру кезіндегі пәнаралық байланыстар. Бұл байланыс түрінің сипатына оқушылардың кітаппен жұмыс жасау іскерліктері, оқушыларда жоспарлау іскерліктерін қалыптастыру, пәнаралық сипаттағы интелектуалдық іскерлікті қалыптастыру, тәжірибелік және ұйымдастырушылық (жұмыстағы тәртіптілік, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, өзіндік бақылау, еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау) іскерліктерді қалыптастыру тән;
  • оқыту әдістері мен құүралдары бойынша пәнаралық байланыстар. Мұнда әр түрлі оқу материалдарын пайдаланып үй тапсырмасын орындау, пәнаралық сипаттағы білімдерді дамытуға әңгімелер өткізу, басқа пәндер бойынша деректі фильмдерді, үзінділерді, көрнекі құралдарды қолдану, сандық және танымдық тапсырмаларды, пәнаралық музыкадағы кроссвордтарды шешу, т.б. іс-әрекеттер жүзеге асырылуы тиіс;
  • оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдары бойынша пәнаралық байланыстар. Бұл байланыста әрбір пәннің дүниетанымдық идеясын ашу, қоғамдық құрылыстың өмірмен байланысы, еңбекке шығармашылық қатынасты, оқушылардың танымдық белсенділігін және өз бетінше жұмыс жасай алатынын дамыту, барлық педагогтер тарапынан оқушыларға қойылатын бірыңғай педагогикалық талап, оқушылардың ұжымшылдығын, өзара комектесулерін дамыту, педагогтің өзінің жеке үлгісін өнеге ретінде жүзеге асырылуы қажет.

М. Абдрасилов өз ғылыми зерттеуінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда мұғалімдердің 41 пайызының ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен жеткілікті қамтамасыз етілмегендігін, 28 пайыз оқушылардың аралас пәндер бойынша білімдердің әлсіздігінғ яғни төмендігін тілге тиек етеді, мұны мұғалімдердің 21 пайызының аралас пәндер мұғалімдерімен қатынасының жоқ себептерінен деп біледі.

А. Бейсенбаеваның зерттеуі бойынша пәнаралық байланысты үнемі жоспарлап, сабақ өткізетіні – 30%, анда-санда ғана жоспарлайтыны, мүлде жоспарламайтыны - 20%, жауап бермегендері - 15%. Педагог-ғалымның зерттеуі бойынша мұғалімдердің пәнаралық байланыс негізінде өткізетін сабақтарының түрлерінде қарастырылатыны, оның ішінде тақырыптық жастарда пәнаралық байланысты 38%, жеке сабақ жоспарында белгілейтіні - 32%, пәнаралық байланыс қа арналған арнайы жоспар жасайтыны - 20%, пәнаралық байланысты сабақ беруде мүлде ескермейтіні - 10% болғандығы сипатталады.

Кез келген пәнді зерделеудегі мақсат – нақтылы болмысты көрсететін ғылыми білімдер жүйесімен оқушыларды қаруалндыруға және қоршған ортаға адамның қатынасы негізінде жатқан жеке тұлғаның әр түрлі сапалық қасиеттерін, дүниетанымын, этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыруға қабілетті ету. Білімді игеру мен оларды тәжірибелік іс-әрекетте қолдануда ғана адам өз бетінше талқылау және әрекет ету іскерлігі мен дағдысын игереді.

Пәнаралық байланыс мәселесін шешуде оқу-тәрбие үрдісіндегі пәнаралық байланыстарды айқындау әдістері мен жүзеге асыру жолдарын іздеуді керек етеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың объективті және субъективті екі жағын бөліп көрсетуге болады. объективті жағы оқыту мазмұнын анықтау кезінде көрініс табады және оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын және т.б. әзірлеу кезінде ескеріледі. Субъективті жағы тікелей оқыту үрдісінде көрініс табады, яғни оқушыларға қатысты пәнаралық байланысты жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен әдістері қарастырылады.

Еліміздегі Білім беру жүйесінің 12 жылдық оқу мерзіміне өтуде, жаңаланған оқыту мазмұнын айқындауда пәнаралық байланыс түрлерін педагог-ғалымдарымыздың, әдіскерлеріміздің есте ұстағаны дұрыс деп білеміз.

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі бағыттарында: пән бойынша оқулықтарды, оқу құралдарын жазу кезінде; оқу жоспарларын және бағдарламаларды даярлауда; жеке әдістемелерді және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді жазуда; оқу орындарының түріне байланысты әдістемелік және оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізуде бұларды басты назарда ұстаған жөн. Сондай-ақ педагогика ғылымында белгіленген пәнаралық байланыстарды оқу материалдарының  уақыт критерийі (алдын ала, сәйкес және кейінгі); жекелеген пәндердегі оқу материалын фактілік, ұғымдық,  теориялық ақпараттық мәні; оқу пәндеріндегі білімдер мен іс-әрекет түрлері; мазмұндық ақпараттық, операциялық іс-әрекеттік, ұйымдастыру-әдістемелік сипатына тән талдап қорытындыланған түрі бойынша жүзеге асырғанымыз абзал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері.

 

2.1. Бастауыш сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты қалыптастыру ерекшеліктері.

 

Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер, шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда шешім қабылдай алатын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Оқушылардың шығармашылық тұлғасын дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелерінің бірі. Шығармашылық тұлға – бұл қызығушылықты білдіріп, қабілетті, белсенділікті танытады. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзіңді тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Тұлға бойындағы қабілеттерін дамытып олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болап табылады. Тұлға дарындылығының табиғаты, шығармашылық қабілеті, дамуының қайнар көзі,  шығармашылық мүмкіншіліктерінің психологиялық құрылымы. Мұның барлығы арнайы ізденісті қажет етеді. қазіргі психология, педагогика ғылымдарында осы мәселеге қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы: Я. А. Пономарев, Н. С. Лейтес, В. А. Крутецкий, Е. Е. Кравцова,        В. Т. Кудрявцев  сынды ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, қабілетті, дарынды шығармашылық тұлғаны дамыту жолдарын айқындауға болады. шығармашылық дарындылықтың өз табиғатына тән ерекшеліктері бар. Ғалымдар шығармашылық дарындылықтың туа біткен, сондай-ақ жүйе пайда болатын сипаты жөніндегі көзқарастарды қуаттайды. Қоршаған ортаның, тәрбиенің және дамудың әсерінің нәтижесінде оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың сипаты айқын көрінеді. Тұлғаның рухани өсуі және дамуы бойынша жүргізілетін ғылыми зерттеулер мен бақылаулар іс-әрекетке деген қызығушылық пайда болып, ынтасы артады, қажетті дағдылар қалыптасып отырады деген тұжырымдар жасаған. Оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда көптеген ғалымдар қиялдың дамуын жалпы психологиялық дамуымен байланыстырады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, қиялдың, қабілеттің сабақта және сабақтан тыс уақытта, пәнаралық байланыста дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Мысалы:

  1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
  2. Оқушының логикалық ойлауын дамытатын пікір талас тудыру.
  3. Ойлау, қиялдау арқылы суреттер салғызу.
  4. Тапсырманы түрлендіру арқылы жұмыс бағыттарын ұйымдастыру.
  5. Мәтін, әңгіме, ертегі шығармаларын пәнаралық байланыста қолдану.
  6. Әр түрлі тақырыптарда әңгіме өткізіп, мазмұндама, шығарма жазу.

Оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда сабақтан тыс уақытта мынадай жұмыс түрлерін пайдалануға болады.

  1. Мұражайларға апару.
  2. Кездесулер өткізу.
  3. Балаларға арналған журналдарды оқытып, талдау.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу арқылы да оқушының шығармашылық тұлғасын байытып, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге әсер етуге мүмкіндіктер бар. Оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда бастауыш сыныптың қай пәні болмасын сабаққа деген қызығушылығын оятып, оның, ынтасын дамыта түседі. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыруды, негізгі бір жолы - пәнаралық байланысты күшейту. Пәнаралық байланыстың міндетті түрде жүзеге асырылуы арқылы оқушыға берілетін білімнің тиянақтылығын қамтамасыз етуге болатындығын алғаш Я. А. Коменский айтқан. Одан кейінгі дәуірде осы пәнаралық байланыстың психологиялық негізін құрған орыс халқының ұлы педагогі К. Д. Ушинский болды. Кейінгі кезде совет педагогтері М. А. Данилов, В. В. Давыдов, Н. А. Лашкарева еңбектерінде де пәнаралық байланыс туралы тұжырымды пікірлер айтылды 1960 жылдардағы жалпыға бірдей орта білім беру мазмұнында біраз өзгеріс болып, оқушыларды тәрбиелеу, білім беру және дамыту міндетінде қойылды. Осы тұста да пәнаралық байланысқа үлкен мән берілді. Сондықтан да соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары мен әдіскерлері оқушыларды дамыту жолдарының бірі ретінде пәнаралық байланысқа көңіл бөліп зерттеуге үлес қосқан Н. Орасқанова, С. Мұсабеков, С. В. Иллорионов, А. А. Бисенбаевалар болды. Пәнаралық байланыс кезінде педагогикалық ситуациялар жасалып оқушыларының ой желісінің жалғасуына, ұғымды тиянақты меңгеруге, ойды сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалды.

М. Жұмабаев «...суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтай білуі ес деп аталадың - деген анықтама береді де еске сақтаудың білім алудағы өте жоғары  рөлін ашып көрсетеді. Ес болмаса, бүгін жаттағанын бүгін ұмытып тұрса, өмірінде адамның білімі артпас еді. ...Ес болғанда ғана адам білімді бола алады. Ес болса ғана тұлға дұрыс ойлай алады. Ес неғұрлым мол болса, ой да терең болады, - дейді.

Ал, Т. Тәжібаев есті ең күрделі психологиялық үрдіс ретінде қарап Ес бұрын тәжірибеде қабылданған нәрселерді мида қалдыратын, жаңғыртатын және оларды кейіннен танып, еске түсіретін психикалық функциялар екенін айтады. Бұл қағидаларды еске түсіргенміз - пәнаралық байланыстың қай түрі болса да, тұлға есінің тиянақтала түсуіне әсер ететіндігі.

Информация о работе Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері