Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 10:32, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда.
Ақпараттық технологиялардың тиімділігі:
Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
Білім сапасына әсері зор;

Содержание

Кіріспе........................................................................................................ 2-7 бет

І тарау. Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың теориялық негіздері

Қазіргі оқыту технологияларының педагогикалық – психологиялық негіздері 7 - 16 бет
Оқытудың көрнекілік принципін техникалық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асыру 17 - 31бет

ІІ тарау. Бастауыш сынып сабақтарында техникалық құралдары арқылы оқушы белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары мен жолдары.

2.1.Бастауыш сынып сабақтарында оқытудың техникалық құралдарын қолданудың оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпалы - 32 – 48бет
2.2.Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері. 48 – 52бет
Қорытынды 53 – 54 бет
Пайдаланылған әдебиеттер 55 – 56 бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш сын оқ техникалвық құрал t Word.doc

— 369.00 Кб (Скачать документ)

Бұл мұғалімдерге оқытудың көлемді ресурс спектрлерін пайдалануға жол ашады. Атап айтқанда:

  • презентациялық бағдарламамен қамтамасыз ету;
  • мәтін редакторлары;
  • CD-ROM-дар;
  • Интернет;
  • көріністер (экрандағы көріністер, диаграммалар, суреттер,фотолар);
  • видеофайлдар (теледидарлық бағдарламалардан көрініс, VHS видеокассеталар немесе сандық видеокөріністер);
  • дыбыстық файлдар (басқада мұғалімдер немесе оқушылар жасаған көшірмелер, кассетадан немесе радиодан үзінді). Тақтаға колонка қосылса CD-ROM-дағы немесе интернет-парақтарындағы кез-келген дыбыс естіледі.
  • интерактивті тақтаны бағдарламамен қамтамасыз ету;
  • әр түрлі пәндерге қатысты бағдарламамен қамтамасыз ету.

Сабақ беруде көптеген ресурстарды  пайдалануға болады, бірақ мұғалім  қажетті ресурстарды өзі таңдап алады. Компьютердегі мүмкіндіктерді пайдаланып, жоғарыда атап көрсетілген түсі, қозғалысы, дыбысы және былайғы сабақтарда қолданылмайтын басқада ресурстарды пайдалануға болады.

Интерактивті тақтаның мұғалім сабақ барысында қолдана  алатын анықталған құралдар жинағы бар. Олар оқушыларға жұмысқа деген шығармашылық тұрғыда барынша көп әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Мұғалімдерге экранда  қажетті ақпараттарды белгілеуге және зейіндерін аударуға, барлық идеяларды  байланыстырып немесе олардың айырмашылықтарын ойластырып талқылауда, әр түрлі түстер интерактивті тақтаға қолайлы. Мысалға, географиялық картамен жұмыс істеуде немесе адам ағзасындағы асқорыту жүйесінің схемасын көрсетуде.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

   Интерактивті  тақтамен жаттығулар орындау  барысында оқушының білім меңгеруі  барысында маңызды орын алады,  өйткені жаттығулар қандай да бір қызметтің, іс-әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау қажет.

    Оқушылардың тілі дамыған сайын мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық етеді. Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс.

       «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы» деген кітапта:  «Түрлі жаттығулар жүйесін үзбей жүргізу нәтижесінде оқушылардың қазақ тілінен алған білімі жетілдіріледі, өздігінен жұмыс істеудің машықтары қалыптасады» деп көрсетіледі.

     Жаттығулар оқушының білім меңгеруі барысында маңызды орын алады, өйткені жаттығулар қандай да бір қызметтің, іс-әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау керек.

    Жаңа тақырып түсіндірілгеннен кейін жаттығу жұмыстары орындалады.Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады.Оқушының білімін нақтылайды, әрі нығайтады; әрі өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады. Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларда мынадай талап қамтылуы керек.

Қазіргі таңда электрондық - есептеу техникаларын кеңінен пайдалану сол немесе өзге елдердің экономикасы мен технологиясын дамыту көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Компьютерлік техниканың үдемелі, қарқынды дамуына байланысты қоғамның ақпараттану процесі дамудың материалдық, энергетикалық қөздеріне қарағанда маңызды факторға айналуда. Сондықтан, мектеп алдына оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің қайта қаралуын талап ететін жаңа міндеттер қойылады: ол өсер ұрпақты қоғамның толық комьютеризациялау шартындағы жұмысқа, өмірге дайындау.

     Бастауыш мектептің білім саласындағы комьютеризация мәселесі біріншіден, комьютерлік оқудың тиісті материалдық базасын, яғни техникалық күрделіліктерден хабары жоқ пайдаланушыға қажетті операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін сенімді, кеңінен таралған комьютерлерді жасау, екіншіден, оқушыларды информатика мен есептеу техникалары негіздерімен таныстыру, үшіншіден, компьютерді оқу процесінде қолданудың бағдарламалық, оқу-әдістемелік және ұйымдық қамтамасыз етілуін әзірлеу және пайдалану болып табылады.

      Оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылау үшін интерактивті тақтаны пайдалану бақылаудың дәстүрлі әдістері мен құралдарында табылатын көптеген кемшіліктерді жояды. Бұл компьютердің бақылаулық дәстүрлі құралдарының алдында келесі артықшылықтары негізінде мүмкін болып табылады:

  1. Ол оқу ақпаратының ұсыну мүмкіндігін елеулі түрде кеңейтеді. Түстерді, графикаларды, мультипликацияларды, дыбысты, бейнетехниканың барлық заманауи құралдарын қолдану қызметтің іс жүзіндегі жағдаятын жасауға мүмкіндік береді.
  2. Компьютер оқу мотивациясын күшейтуге мүмкіндік береді. Дұрыс шешімдерін кеңейтіп, сонымен қатар педагогтардың оқушыға жиі қолданатын насихаты мен сөгіс жариялауын қолданбай отырып, оқу есептерінің ұсыныстарын реттеуге мүмкіндік береді.
  3. Оқу материалдарын ұсынумен бірге жауаптарды тіркеп қана қоймай, оқушылардың жауаптары мен сұраныстарын талдау мүмкіндігі;
  4. Жұмыс барысында  оқушылар тарапынан жасалатын қателерге диагностика жүргізу мүмкіндігімен  кері байланыстың болуы- оқытудың дәстүрлі түрлерінің  негізгі  кемшіліктерінің бірі мұғалімнің  оқу  қызметінің аса маңызды сәттерін бақылауға алуына  мүмкіндіктерінің жоқтығынан болады.

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» жаңа Заңында «Жастардың жалпы орта білімін одан әрі жетілдіру  және жалпы білім беретін мектептің  жұмыс жағдайын жақсарту туралы» қаулысында «Бастауыш мектеп балаларды жан-жақты дамытудың негізін қалауға: шапшаң түсініп, мәнерлеп оқудың, есептей білудің, сауатты жазудың, жақсы сөйлеудің, мәдениетті мінез-құлықтың берік дағдыларының қалыптастырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Ол оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке адал көзқараспен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге тиіс» делінген.

    Олардың білім негізі бастауыш сыныптарда қалыптасатыны барша жұртқа аян. Сол үшін бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие жұмысына аса күшті назар аударуымыз керек. Оқу процесін жетілдіріп, сабақ сапасын арттырудың әдіс-тәсілдері көп.

     Интерактивті тақтамен жұмыс істеу - ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.

    Ұлы Абай: «Адам баласы.... көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілімен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» деген даналығы педагог классиктердің пікірлерімен ұштасады. Сонымен қатар, қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсарин шәкірттердің барлық сезім мүшелері- көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру баланың барлық қабілетін көрнекілік арқылы, жаттығулар арқылы жұмыс істеу керектігі жайында әдістемелік нұсқау береді.

    Сонымен, интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың негізгі тапсырмаларын білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар өтетін тақырыппен жұмыс жасауға әуес, ынталы келеді. Сондықтан да, интерактивті тақтамен жұмыс жасау оқушылардың белсенділігін дамытуға әсер етеді, олардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады.  Білімді игеру үстінде оқушының ақыл-ойын дамытуға, ғылыми білімді игертуге, деректерді есте сақтауға әрбір сабақ үстінде интерактивті тақтаны пайдалану қажет-ақ. Өйткені, берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға қызықты, жалықтырмай игеруге септігін тигізеді.

    1.   Сабақта интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі

 

 

    1. Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқушылардың  белсенділігін арттыру бағытында жасалған  тәжірибе   нәтижелері.

   Сөйтіп, оқуда  интерактивті тақтаны пайдалану  арқылы оқушылардың білімі, нанымы  молаяды. Сонымен қатар интерактивті  тақтамен орындалатын жаттығулар оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.

 

  1. Белгілі бір жаттығуларды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы жөн.
  2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруға тиіс.
  3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі, ұсынылуы қажет.
  4. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы қажет.

      Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге асырылады.

     Интерактивті тақтада орындалатын тапсырмалар бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді. Ол әрекеттер тілдік және ой операциясының күрделенуіне байланысты болады.

     Дамыта оқыту жүйесіндегі қай деңгейдегі жаттығу болса да, оның орындалу логикасы мынадай қадамдардан тұрады:

  1. оқушы өзі танып – білуі тиіс болып отырған таным нысанын басқалардан айқын ажыратып алады;
  2. оқушы өзінің танып-білуі тиіс таным объектісінің сыртқы белгілермен саналы түрде танысады;
  3. оқушы нақты қандай заңдылықты «ашу» қажеттігін оқу міндеті ретінде өзіне дұрыс белгілеп алады.

      Оқу тапсырмаларының негізінен, жазба түрде орындалуын қажет ететін логикалық тілдік жаттығулардың арқалайтын «жүгі» салмақты, өйткені бұл жаттығулар арқылы оқушы қазақ тілі тақырыптарын грамматикалық ерекшелігін танудың нық әрі сенімді баспалдағын қалайды және оқушы үшін маңызды болып табылатын жазу, орфография ережелерін меңгереді.

     Оқушыға орындайтын грамматикалық-тілдік жаттығулардан кейбір үлгілер көрсетейік.

    1-жаттығу. Бірінші бағанға кім? деген сұраққа, екінші бағанға не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жаз.

     Үлгі:             дәрігер               қалам

                           ...                       ...

   2-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

1. Алдияр далаға шықты.  2. Күн бұлттанды.

3. Ағаштың жапырақтары сарғайды. 4.  Айсұлу сабаққа дайындалды. 5. Темірлан мектепке ерте барды.

 

  3-жаттығу. Бірінші бағанға у дауысты болатындай, екінші бағанға дауыссыз болатындай сөздер жаз.

    Үлгі:          қурай                   тауық

                       ..........                   ..........                                    

  Буындар  тақырыбын  өткен кезде мынадай  тапсырмалар беруге болады.

 

  4-жаттығу. Берілген буындардан сөз құрастырып жаз.

Ар -…, өк -…, қа -…, жа -…, ү -…,  … - кі, … -рек, … - лат.

 

  5-жаттығу. У – ұ  әріптерінің тиістісін қойып, 3 сөйлем құра.

Б…ын, қ…лақ, жа…ын, ш…ақ, сә…ір, …ршық.

  6-жаттығу. Жұмбақтарды шеш. Көп нүктенің орнына  й,и әріптерінің  тиістісін қойып жаз.

         1)      Т   десем,  тимеді,

                  Тиме  десем   теді. 

         2)      Аттан     бік,

                  Қодан    аласа.

    7-жаттығу. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастырып  жаз.

  1. атама,  тақия,  мен,   сыйладым.
  2. қияр, тұздады,  Мадина.
  3. түнде,  болады,  бүгін,  аяз.
  4. бұзуға,  құстардың,  болмайды,  ұясын.

8-жаттығу.

Аталған тақырып  және тірек сөздерді пайдаланып, мәтін  құрастырып жаз.

   Тақырыбы: «Су  -  тіршілік көзі».

Тірек сөздер: Сусыз –  тіршілік жоқ,  судың пайдасы, суды үнемдеу.

  9-жаттығу. Бас әріппен жазылған сөздердің астын сыз. Неліктен бас әріппен жазылғанын  түсіндір.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі