Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 10:32, дипломная работа
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда.
Ақпараттық технологиялардың тиімділігі:
Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
Білім сапасына әсері зор;
Кіріспе........................................................................................................ 2-7 бет
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың теориялық негіздері
Қазіргі оқыту технологияларының педагогикалық – психологиялық негіздері 7 - 16 бет
Оқытудың көрнекілік принципін техникалық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асыру 17 - 31бет
ІІ тарау. Бастауыш сынып сабақтарында техникалық құралдары арқылы оқушы белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары мен жолдары.
2.1.Бастауыш сынып сабақтарында оқытудың техникалық құралдарын қолданудың оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпалы - 32 – 48бет
2.2.Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері. 48 – 52бет
Қорытынды 53 – 54 бет
Пайдаланылған әдебиеттер 55 – 56 бет
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі
Мазмұны:
Кіріспе.......................
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың теориялық негіздері
ІІ тарау. Бастауыш сынып сабақтарында техникалық құралдары арқылы оқушы белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары мен жолдары.
2.1.Бастауыш сынып сабақтарында оқытудың техникалық құралдарын қолданудың оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпалы - 32 – 48бет
2.2.Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері. 48 – 52бет
Қорытынды 53 – 54 бет
Пайдаланылған
әдебиеттер
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Заман талабына сай оқыту мұғалімге байланысты. Оның негізгі қасиеті — ізденгіштігі. Оқытудың техникалық құралдарын оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламасының маңызы зор. Бұл бағдарламаның стратегияларын ұтымды пайдалана отырып, әр оқушының өз ойын ашық айтуына, пікір таластыруына, өз тобында жұмыс жасай алуына мүмкіндік алады.
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда.
Ақпараттық технологиялардың тиімділігі:
Қашықтан
білім алу мүмкіндігінің
Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
Білім сапасына әсері зор;
Іс әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тaпсырмаларды оқып үйренуде мүмкіндік мол.
Қазіргі уақыттағы озық
Бастауыш мектептің оқушысы қазіргі заман талабына сай технологиямен жабдықталған сыныптарды оқуды аңсайды. Бала компьютерде ойын ойнауды ғана емес, қызықты сурет салуды, жұмыс жасауды, сөздік ( ағылшын,орыс, қазақ тілі ) қорын молайтуды, электрондық оқулықпен жұмыс жасауды үйренгісі келеді, онымен етене жақындасуға, достасуға тырысады. Бастауыш мектепте компьютерлік сауаттылық элементтерін қалыптастыру керек екендігі айқын.
Осы бағыттағы жұмыстарды нақтылау жолдарын іздестіру зерттеу проблемасының «Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі» атты тақырыбын айқындайды.
Зерттеу мақсаты:
Бастауыш сынып сабақтарында техникалық құралдарды қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттырудың жолдарын ғылыми теориялық негіздеп, дидактикалық жолдарын, шарттарын анықтау.
Зерттеу нысаны:
Бастауыш сыныптарда оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні:
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда техникалық құралдарды қолдану .
Зерттеу міндеттері: 2) оқытуда техникалық құралдарды қолданудың тиімділігін тәжірибелік эксперимент барысында тексеру;
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш сыныпты оқыту барысында техникалық құралдарды жүйелі түрде қолданылып отырса, онда оқушылардың ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылығы артады, өз бетімен білім алуға ынталанады, өйткені, оқытудың техникалық құралдары арқылы оқушылардың дүниетанымын, техникалық практикасын жан – жақты дамытып, өз ойын тұжырымдап айта білуге, өз бетімен қойылған мақсатқа жетуге, сонымен өз бетімен ізденіс жасауға итермелейді.
Зерттеу әдістері:
- қарастырылып отырған мәселелерге байланысты психологиялық, педагогикалық, философиялық және әдістемелік еңбектермен оқып танысу және оларға талдау жасау;
- оқытуда техникалық құралдарды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибелермен танысу;
Зерттеу кезеңдері:
І - кезеңде (06.2009 - 05.2010) тақырып таңдау және оған материал жинақтау, түрлі әдебиеттермен танысу, іріктеу жұмыстары жүргізіледі. Эксперименттің мақсат – міндеттері белгіленеді, зерттеу болжамы жасалды. Теориялық әдістемелік әдебиеттерге шолу жасап, озат педагогикалық тәжірибеге талдау жасалды.
ІІ кезеңде (09.-11.2010) материалды жинақтауды жалғастырып эксперимент жұмысын жүргізу. Эксперимент жұмысы , 4- сыныптарда жүргізілді, нәтижелері талданып, қорытындыланды.
ІІІ – кезең (11.2010 – 04.2011) аралығында эксперимент жұмысы қорытындыланып, пікірлер мен ұсыныстар дайындалды.
Зерттеу базасы: Атырау қаласы № 5 мектебі.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар берілген.
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың теориялық негіздері
Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін - өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Жалпы адамның мектептегі білім алу кезеңі және тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жету үшін бастауыш сыныптардағы оқу – тәрбие үрдісі қазіргі заман талаптарына сай құрылуы шарт. Мектептегі кез келген жаңарулар бастауыш мектептен бастау алады. Сондықтан бастауыш мектеп мұғаліміне қойылар талап пен жауапкершілік те салмақты. Білімнің іргетасы да балаға бастауыш сыныптарда қаланады.
Қазақтың біртуар ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсынов «Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білімдер де сондай керекті», - деген болатын. Олай болса қатардағы қазақ азаматын болашақ ұлттық маманды даярлау осы бастауыш мектептен басталады. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында «білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттерімен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп, қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім – тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта отырып оқыту идеясы алынатындығы атап көрсетілген».
Біздің пікірімізше, мұғалімнің қазіргі кезеңдегі дамыта оқыту жағдайындағы басты міндетін айқындау мәселесі шұғыл түрде күн тәртібіне қойылуға тиіс, өйткені «мұғалім» деген терминнің өзі оның қазіргі кезең талаптарына сәйкес қызметінің мән мағынасын толығымен аша алмайтын сияқты. Бірінші кезекке оқушыны бұрынғыша пәндік білім, білік және дағдының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оның оқу – танымдық әрекеті негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу қойылып отырған қазіргі кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі оқушылардың оқу танымдық іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру және басқару болып табылады. Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, енгізілген жаңа буын оқулықтары көпдеңгейлі, интеграцияланған, дамыта оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестендірілгенімен ерекшеленеді. Интерактивтік оқу технологиясы (ИОТ) – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, инетеллектуалдық, эмоцияналдық және басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы қажет.
Оқытудың көрнекілік әдістері:-иллюстрация;-макет, жоба;-таблица, сызбалар; техникалық құралдар: аудио, видеотехника,т.б.тиімді болып табылады.
Нақты өмірде бұлар әрқашан іске аса бермейді. Неге десеңіз, мұғалім бір технологияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана парктикада қолдануға бейім тұрады. Бұл жағдайда интербелсенді оқытудың бүтіндік принципі бұзылады: бұл процесс әртүрлі технологиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, бүтін болғанда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болады.
Педагогикалық технология, оқыту технологиясы туралы мәселелер соңғы жылдары педагог – ғалымдардың назарын аударып, әр түрлі қырынан зерттелуде. Оқытудың жаңа технологиясының бастапқы бір формасы болып табылатын бағдарламалап оқыту мәселелері А.И.Берг, В.П.Беспалько, Б.С.Блум, М.В.Кларин, И.Я.Лернер, В.Оконь, Б.Скинлер, Н.Ф.Талызина және тағы басқалардың еңбектерінде көрініп дамыды.
Баланың кейінгі және болашақтағы білім бастауыш буындағы білімнің сапалылығына тікелей байланысты. Кіші мектеп жасындағы оқушының негізгі ерекшелігі – білімді қызығушылықпен алуы. Ол үшін сабақты бала талпынатындай және қызығатындай етіп ұйымдастыру керек. Алдына қойған мақсатқа жету үшін мұғалім кезкелген технологияны таңдауға ерікті.
Бастауыш саты – оқушы да, оның интелектісі дамуының іргетасы – оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылып отыр. Оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларының өздігінен шешіп орындаудан ортақ тәсілдерін оқу әрекетін бақылап – бағалауды нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында «білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысының белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әртүрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім – тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта отырып оқыту идеясы» алынатындығы атап көрсетілген.
А.В.Горячев, А.Л.Семенов, С.А.Бешенкова,
Ж.Қараев, А.Байдабекова, К.З.Халықова,
т.б. бастауыш мектептің оқыту үрдісінде
жаңа ақпараттық технологияны пайдалану
туралы құнды зерттеулер жүргізген.
« Ақпарат » термині латынның Informatio « түсіндіру
» « мазмұндама » деген сөзінен шыққан,
бір нәрсені жетілдіріп түсіндіру деген
мағынаны білідіреді. Ақпараттар алмастырылады,
сақталады, өңделеді және белгілі бір
тапсырманы шешу үшін қолданылады. Ақпаратты
тек қандай да бір мәліметтердің жиынтығы
деп түсінуге болмайды. Ақпарат белгілі
бір мәселелрді шешуге қажетті, ұғынықты
және белгілі бір дәрежедегі бағалылығы
танылған білім болып табылады.
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі