Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 10:32, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда.
Ақпараттық технологиялардың тиімділігі:
Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
Білім сапасына әсері зор;

Содержание

Кіріспе........................................................................................................ 2-7 бет

І тарау. Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың теориялық негіздері

Қазіргі оқыту технологияларының педагогикалық – психологиялық негіздері 7 - 16 бет
Оқытудың көрнекілік принципін техникалық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асыру 17 - 31бет

ІІ тарау. Бастауыш сынып сабақтарында техникалық құралдары арқылы оқушы белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары мен жолдары.

2.1.Бастауыш сынып сабақтарында оқытудың техникалық құралдарын қолданудың оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпалы - 32 – 48бет
2.2.Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері. 48 – 52бет
Қорытынды 53 – 54 бет
Пайдаланылған әдебиеттер 55 – 56 бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш сын оқ техникалвық құрал t Word.doc

— 369.00 Кб (Скачать документ)

Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады:

- Оқушылардың өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, әсіресе құбылыстарды зерттеуге, басқаруға мүмкіндік береді;

.   - Басқа пәндерден алған білімін бекітуге көмектеседі;

-  Жалпы танымдық қабілетінің дамуына әсер етеді; 
- Материалды тез меңгеруге, онымен бірге уақыт үнемдеуге;

- Табиғи жағдайда көзге көрінбейтін кейбір құбылыстарды экранда көруге мүмкіндік береді.

     Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда. Ақпараттық технологиялардың тиімділігі:

Қашықтан  білім алу мүмкіндігінің туындауы;

Қажетті ақпаратты жедел түрде алу  мүмкіндігі;

Білім сапасына әсері зор;

Іс әрекет, қимылды  қажет ететін пәндер мен тaпсырмаларды оқып үйренуде мүмкіндік мол.

     Технология  сөзі біріншіден - өнер, шеберлік  деген ұғымның синонимі ретінде педагогикалық шеберлік деген ұғымды білдірсе, екіншіден, білім беру ісін технологияландыру арқылы жан-жақты дамыған, өзіне сенетін, өмірге икемді тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі мектеп пән мұғалімнің мақсаты, міндеті де осыған келіп тіреледі. Баланың ішкі мүмкіндіктерін тани білу, оның сыртқа шығуына түрткі жасау оңай процесс емес. Ақпараттық технологиядан іздену – осы мәселелердің шешімін іздеу деген сөз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ  тарау. Бастауыш сынып сабақтарында техникалық құралдары   арқылы оқушы белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары мен жолдары.

 

Бастауыш  сынып   сабақтарында оқытудың техникалық құралдарын қолданудың оқушылардың  белсенділігін арттыруға ықпалы

 

 

Интерактивті  тақта

 

Бүгінгі таңда көптеген мектептерде мұғалімдер компьютерлік файлдарды көрсететін кәдімгі ақ экранды электрондық проектормен  жұмыс жасауда. Интерактивті тақта  да сондай ақ экранды, айырмашылығы ол компьютерге қосылған, оны экраннан алыстамай басқаруға болады.

Қажетті файлдарды ашуда, интернетке қосылу немесе жазуды жазу үшін тақтаға қол тигізсеңіз болғаны  жетіп жатыр.

Интереактивті тақтамен жұмыс жасау үшін қандай да бір  арнайы жазба құралдары: бутафорскілі ластик және маркерлерге батарейкалар қажет емес. Сонымен бірге, тақтаға қолмен жазуға да болады: ол үшін сияның түсін таңдау қажет. Айта кетерлік бір жайт, тақта тікелей желіске қосылмайды және балаларға ешқандай қауіп туғызбайды.

Интерактивті тақта  кәдімгі маркерлік тақта сияқты. Оның да лотоктары бар, арнайы контейнерлер орналасқан, ластиктер мен маркерлердің түстеріне жауап беретін. Әрбір контейнерлерде оптикалық сенсорлар бар, қандай құралдардан сіз лотка алғаныңызды анықтайтын. Егер барлық маркерлер мен ластиктер орнында болса, тақтаға қолыңызды тигізгенде тышқанмен жұмыс жасағандай көрінеді, мысалы, қолыңызға маркер алсаңыз тақтаға жаза аласыз.

Интерактивті тақтада  компьютерде жасайтын жұмыстарды да жасай аласыз: мәтінді теріп және сақтай аласыз, фильмдер мен слайдтар көрсете аласыз, интернеттен қажетті ақпараттар іздестіре аласыз. Мұғалімнің берген сабағын оқушылар тақтадан анық көре алады, олар енді өзге жаққа алаңдамайды.

Интерактивті тақта  мұғалімнің сыныптағы әрбір оқушыға ақпаратты тиімді жеткізуіне көмектеседі. Әрине, барлық қажетті бағдарламалармен компьютерде отырып жұмыс жасауға болады, сондай-ақ, экранның көлемі жұмыс жасауда барлық оқушылардың қатысуына мүмкіншілік бермейді.,  Бірақ, сіз сол материладарды интерактивтік тақта арқылы көрсете отырып, сыныптағы оқушылардың зейінін аудара аласыз.

SMART тақтаны интерактивтік Sympodium планшетімен  толықтыруға болады, тыңдаушы кіші топтарды игергендей үлкен аудиторияларды да  игеруге болады. Мұғалім, кішігірім экранда жазу жазып, орнынан қозғалмай оқушыларға қарап тұрып, компьютерлік қосымшаларды, сонымен бірге оқушыладың үлкен экранда және интерактивтік тақтада берілген сол көріністі көретінін бақылай алады.

Мұғалімдердің жұмысын  жеңілдететін, тапсырмаларға үлкен интерактивті пен көрнекілік беретін, сондай-ақ, барлық мүмкіндіктегі тақырыптар мен пәндер бойынша анимациялық роликтер, үлкен коллекциялы суреттер ұсына отырып компания  SMART Teshnologies арнайы бағдарлама жасады. Сабақ барысында сіз веб-сайттар мен кез-келген қосымшалардан да жазу жаза алсыз, оларды да әрдайым сақтай да аласыз, олар сізге қажет болуы мүмкін.

SMART қамтамасыз етілген арнайы бағдарлама қолдан жазылған жазбаны, терілген жазба тексіне айналдыруға немесе экран клавиатурасының көмегімен жазбаны қосуға, аудио-видеожазбалармен, текстер мен объектілермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Көрнекілік материалдар  оқушыларға алған білімдерін ұғынуға  және қорытуға көмектеседі. Мұғалім SMART Ideas қамтамасыз еткен бағдарламаның көмегімен түсіндірмелі схемалар мен диаграммаларды оңай жасай алады, интерактивтік тақтада көрсетілген тартымды көріністерге зейіні ауған оқушылар да, сабақ барысындағы тапсырмаларға белсенді қатысады.

SMART Ideas қамтамасыз еткен бағдарламаны пайдалануда, балар да өздерінің ойларын өте жақсы жеткізе алады, бақылау барысында оладың ойларының өскенін байқауға болады.

Мұғалім оқушылардың  айтқан ұсыныстарының барлығын жаза отырып, сабағын «мыйға шабуыл» жасаудан бастауға болады, содан кейін, әр түрлі  фиргураларды қолдана және объектілердің  арасында байланыс туғыза отырып, ақпараттарды құрылымға келтіреді, одан кейін қажетті көшірмелер жасап түсініктемелерді қосуға болады.

Осы бағдарлама коллекциясының көмегімен 2000 суреттерден де    көбірек материалдарды тез жүйеге келтіруге, әңгіме сюжеттерін құрастыруға, ғылыми әдіс қосуға, табиғаттағы су айналымын схема түрінде көрсетуге немесе өлең жазуға болады. Схемалар да орналасқан суреттерді, тақтаның үстіне оңай ауыстырып орналастыруға болады, оладың бейнелеріне саусақпен тигізгенде оқушылар сағат тілін айналдыруы мүмкін, бұрыштарды өлшей немесе мүмкіндікті санай алады.

SMART Ideas бағдарламасы көпдеңгейлі схемалар жасауға сондай-ақ, видео көріністер және сілтеме жасалған файлдарға қосуға мүмкіндік береді. Материалдар нақты құрылғанда ғана, үлкен көлемді ақпараттар түсіну үшін қолайлы келеді.

Компьютерлік класстар үшін компания SMART Teshnologies арнайы SynshronEyes бағдарламасын ұсынады. Осы бағдарлама арқылы, мұғалім компьютердің алдында отырып, өз мониторінен барлық оқушылардың копьютерлерінің экрандарын көре отырып және олардың тапсырманы қалай орындағандарын бақылай алады.

Оқушылар енді мұғалімнің қастарына келуін күтпей-ақ, өз сұрақтарын орындарында отырып мұғалімнің компьютеріне жібере алады. Қажет болса мұғалім  оқушылардың компьютерлерінің клавиатурасын  және экранын,  сонымен қатар, Интернетке немесе белгілі қосымшаларға кіру қолайлылығын жеңіл бекітіп тастайды. Бұл бағдарлама сауалнамалар мен тестерді тез жасауды,  жіберуді  және тексеруді қамтамасыз етеді.

Интерактивті тақта SMART board мүмкіндіктен шектелген балалар үшін арналған. Ыңғайлы тірек тақтаны керекті деңгейге көтеруге және түсіруге қойылған, яғни, файл ашу үшін немесе оған жазу үшін қолыңның ұшын тигізсе болғаны.  Сонымен бірге, бұл құрылғы балалардың жалпы талқылау барысында өзара өздігінен әрекет етуіне және бірігіп жұмыс жасауына көмектеседі. Балалар қарым-қатынас жасаудан қорқуды қояды. Интерактивті тақта оқушыларға дәстүрлі шектеуліктен тысқа шығуына көмектеседі.

Интерактивті тақта  бұл ауыр паталогиялық және дамуда қиындықтары бар балалармен жұмыс  жасауда, психологиялық орталықтарда коррекциялық міндеттердің қажеттілігін, білім беру мәселесін шешуде тиімді құрал болып саналады.

Интерактивті тақтада  сенсорлы технология екі түрлі тәсілмен іске асады. Резистивті сенсорлы интерактивті тақта экран бетіндегі арнай белгілерді басу арқылы оның қызметін жүзеге асыратын екі жұқа қабатты тоқ жүйелерінен тұрады. Олардың қандай да бір бөлшектері не жоғалып, не сынып қалмайды және төзімді келгендіктен, осындай тақталар мектептерде өте қолайлы.

DVIT (Digital Vision Touch) технологиялары кішкентай сандық видеокамералармен қолданылады, оларға қол тигізуді есептейтін және экранның бұрыш-бұрыштарында орналасқан камералары бар.

Интерактивті тақтаның биіктігін оқушылардың бойына қарай  реттеуге болатындықтан, оқушылардың  жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

Бүгінгі таңда технологиялық  және инновациялық оқыту әдіс-тәсілдері бәріне қолайлы. 

Интерактивті  тақта не үшін қажет ?

Интерактивті тақта  әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы. 

Интерактивті тақта  – барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл визуалды ресурс мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы. 

Мұғалімдер қандай да бір материалдарды тартымды және динамикалы түрде жеткізу үшін тақтаны  пайдалана алады.

Тұжырымдарды және абстраксиялы идеяларды түсіндіруде мұғалімдер үшін таптырмайтын құрал ретінде  келетін, тақта оқушыларға жаңа материалдармен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Тақтада логикалық байланыстарды туғыза отырып, объектілерді қозғалтуға және ақпараттарды жеңіл ауыстыруға болады. Оқушылардың ойларын экранның өзіне жазып және бірте-бірте оқушылардың зейінін аудара отырып, тақтада мұғалімдер өз іс-әрекеттерін түсіндіре, дауыстап тақылай алады.

Зерттеу барысында оқушылар үшін, мұғалімдер үшін интерактивті тақталар тапсырмаларды тартымды ететінін, әр түрлі динамикалық ресурстарды  пайдалануға болатынын және ынтасын жақсартатынын байқауға болады. Онымен жұмыс жасауда оқушылардың білімін тексеруге де болады. Мұғалімнің дұрыс сұрақтары оқушыларға тақтада не көрсетілген, материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік бере, дискуссияны кеңейтеді.

Материалдарды пайдалануда шығармашылық подходта интерактивтік тақтамен жұмыс жасау қарапайым қарастырылған. Барлық материалдар даяр болған жағдайда, файлдар мен бет парақтарын (сабаққа қажетті) басқада бір ресурстарға қосуға болады. Бұл оқу ісін жоспарлауға және сабақты өткізуге өте қолайлы. Интерактивті тақтада объектілер мен жазуларды жеңіл қозғалтуға, мәтінге түсініктеме қосуға, суреттер мен диаграммаларды, бастау аймақтарды белгілеуге және түстерді қосуға болады. Сондай-ақ суреттерді немесе графиктерді, мәтіндерді жасыруға болады, сондан кейін қажетті уақытта көрсетуге болады. Мұғалімдер және оқушылар көпшілік назарын аудара отырып, осының барлығын тақтада сынып алдында жасайды.

Алдын-ала дайындалған  мәтіндер, кестелер, диаграммалар, суреттер, музыка, карталар, тематикалық CD-ROM-дар, сондай-ақ мультимедиалық файлдарға гиперсілтемелер және  интернет ресурстар сабақты құнарлы етеді. Сіз кәдімгі жай тақтаға мәтінді жазуға немесе экраннан пернетақтаға көшуге көп уақыт құртпайсыз. Перо құралын қолдана отырып, барлық ресурстарға экранның өзінде түсініктеме беруге және көшірмелерді келесі сабаққа сақтап қоюға болады. Өтілетін сабақ файлдарын әрқашанда ашуға және өткен материалдарды қайталауға болады.

Интерактивті SMART тақтасы  барлық жастағы балаларды оқыту  бағдарламасымен үйлесіп оқытудың әр түрлі стильдерін қолдануға мүмкіндік береді. Оқушылар визуалды материалдарды жақсы қабылдайды, карталарды үйренуде, суреттер мен схемалар – тақтадағы берілген көрініске кез-келген көшірме қоса отырып, жылжыта, көлемі мен формасын өзгерте осының барлығын тақтада көрсетуге болады. Интерактивті тақтаны пайдаланып сабақта жаңа мәселелерді бірігіп шешіп, талқылауға болады.

Әрине интерактивті SMART тақтасын тиімді пайдалану үшін оқытушыларға жағдай кеңінен жасай отырып және оқытушының сабаққа даярлануына, интерактивті тақтамен жұмыс істеуде өзара тәжірибелерді жинақтауға уақыт қажет.

Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың маңызды бөлімі сабақ беруді жоспарлаудан тұрады: интерактивті тақта материалдарды анық құру бағдарламасымен қамтылған. Сабақтарды сақтау, толықтыру оның қызметін жақсарта түседі. Оқытушылар сабақ барысын жақсы, тиімді, қызықты өткізуге толық мүмкіндік бар. Әрине ең алдымен оқытушылар арнайы бағдарламамен қамтылған интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін толық игеруі тиіс. Сонымен бірге интерактивті тақтамен жұмыс барысында пайдаланатын ресурстарды анықтай білуі маңызды.

SMART тақтасында сабақ  барысында дайындық материалдарды  толық бір жүйеге келтіруге,  этап бойынша логикалық подходта  жоспарлауды жеңілдетеді. Осы  аралықта бір файлдан екінші файлға сілтеме жасауға, (мысалы, аудио, видеофайлдарға немесе интернет парақтарына сілтеме жасауға) болады. Бұл қандайда бір материалдарды іздеуде уақытты үнемдеуге көмектеседі. Сонымен бірге, бұл интерактивті тақтаға аудио немесе видео құрылғыларын қосуға болады. Бұл әсіресе шет тілдерін оқып үйренуде тиімді және мұғалімдер оқушылар бір уақытта оқып, тыңдап үйренуін қалайды.

Сабақтан соң файлдарды (бастапқы немесе толықтырылған түрде) оқушылар желісінде сақтауға болады, сонда оқушылар қалаған кезінде оған кіре алады. Сондай-ақ, оларды оқушылардың білім деңгейін тексеру барысында келесі сабақтарда да пайдалануға болады.

Жоғарыда аталғандай интерактивті тақта компьютер дисплейі, яғни, компьютердегінің бәрін SMART тақтасында көрсетуге болады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі