Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 10:32, дипломная работа
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда.
Ақпараттық технологиялардың тиімділігі:
Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
Білім сапасына әсері зор;
Кіріспе........................................................................................................ 2-7 бет
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың теориялық негіздері
Қазіргі оқыту технологияларының педагогикалық – психологиялық негіздері 7 - 16 бет
Оқытудың көрнекілік принципін техникалық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асыру 17 - 31бет
ІІ тарау. Бастауыш сынып сабақтарында техникалық құралдары арқылы оқушы белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары мен жолдары.
2.1.Бастауыш сынып сабақтарында оқытудың техникалық құралдарын қолданудың оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпалы - 32 – 48бет
2.2.Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері. 48 – 52бет
Қорытынды 53 – 54 бет
Пайдаланылған әдебиеттер 55 – 56 бет
Қазіргі заман талабына сай интерактивті оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі.
Интерактивтік – дегенді қазақша өзара белсенділік қатынас деп түсінуге болады.
Интерактивтік оқыту технологиясы - бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
«Интерактивті» деген сөз энциклопедиялық сөздікте көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма кезек өтуі.
Ғалым Т. Левандовский интеракцияны қарым-қатынас жасау үрдісінің синонимі ретінде сипаттайды. Бұл әдіс, әсіресе, сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бірігіп жұмыс істеуге үйретеді. Олардың ізденуін, шығармашылықпен әрекет етуін қамтамасыз етеді.
«Интеракция» термині әлеуметтік психологияда бар. Ендеше бұл термин ертеден бері қарастырылып келеді деуге болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, біріккен әрекет қоғам мүшелерінің өзара ой пікір, идея алмасуы арқылы жүзеге асатын болса, интеракцмя қарым-қатынас кезінде оқушылардың істі ұйымдастыра білу қабілеттері де көрінеді. Интерактивті әдіспен сабақ өткізу кезінде оқушы-кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып бірін-бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді.
Кездескен қиындықтарды жеңуге көмектеседі және әдет-дағдылары қалыптасады. Олар, мына әдет-дағдылар:
Интерактивті оқыту деген не?
Оқыту мен үйретудің арасындағы айырмашылық. Іскерлікке үйрету тренингтері, тәжірибемен өзара байланыс, оқушылардың білім ортасымен тікелей байланысы, шындыққа негізделген оқыту, оқушылар меңгерілетін тәжірибе саласын табады. Негізгі қызмет атқаратын оқушылардың тәжірибесі. Мұғалім белсенділігі оқушы белсенділігіне орын береді, мұғалім міндеті-оқушы белсенділігіне жағдай жасау.
Бұрынғы тәжірибені өзгерту, құрылым жасау, белгілі сипатымен құру, бұрынғы тәжірибемен жұмыс жасау-интерактивті оқытуға тән белгі. Оқушыларды түрлі тәсілдермен белсенді қылуға болады, бірақ оқушылар жай ғана көрермен немесе тыңдаушы болып қала беруі мүмкін. Сондықтан да үш белсенділік бір-бірімен байланыста болуы шарт.
-Физикалық белсенділігі: жұмыс орнын ауыстыру, сөйлеу, жазу, тыңдау, сурет салу т.б.
-Әлеуметтік белсенділік: сұрақ қою, сұраққа жауап беру, пікір алысу т.б.
-Танымдық белсенділік:
мұғалім сөзін толықтыру,
Бұл оқытуда оқушыға білім беру емес, оқушыны білім ала білуге үйрету, бағыт көрсету, әдіс-тәсілдерін үйрету, мұғалім бүкіл сұрақтың жауаптарын білуі міндетті емес, бірақ оларды талқылай білуі, жауапты қалай беру екенін білуі керек.
Интерактивті оқыту әдістері оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтан да олар сабақта ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да, жағымды психологиялық жағдай орнауына \мүмкіндік жасайды. Яғни, педагогикалық үрдісті демократизациялауға жол ашады. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір-бірімен байланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу нәтижесін бір-бірінің жауаптылығын сезінеді.
Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мынадай шарттар орын алулары тиіс. Мақсатты нақты белгілеу. Мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының мәнін, ережесін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болуы керек.
Интерактивті әдістерді қолдануда мұғалім кейбір ережелерді естен шығармауы абзал.
Бірінші ереже: жұмысқа сынып мүшелерін түгел қатыстыру. Өйткені бұл әдістің негізгі мәні де оқушыларды түгел танымға жұмылдыру.
Екінші ереже: оқушылардың осы әдіспен жұмыс жасауын психологиялық жағынан дайындау. Қатысушылар өздерін еркін сезіну үшін түрлі жаттығулар жасатып, сабақтағы қандай да болсын жетістіктерін жиі мадақтап, қолпаштап отырғаны дұрыс.
Үшінші ереже: әрбір қатысушы өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалу қажет.
Төртінші ереже: жұмыс жасайтын (сабақ өтетін бөлменің) орынның талапқа сай болуы. Яғни, оқушылар топ, жұп құру үшін орындарын ауыстырғанда еркін жүріп-тұруға жағдай жасалуы қарастырылады. Қатысушылар бір-бірін таңдау, тақта, көрнекілікпен жұмыс жасау үшін еркін, ыңғайлы қозғала алатындай жағдайды алдын ала қарастыру.
Бесінші ереже: оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау. Алғашқы кезеңде қатысушылардың өз еріктерінше бөлінуге жол беру.
Оқытушы мен оқушының арасында болатын интеракция әрекет жүйесін 5 сатыға бөлуге болады:
Интерактивті оқыту
«Өз
позицияңды ұстан»-деп
Интерактивті оқыту технологиясын қолданатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
1.Бағыттау.
Ойынға қатысушылар мен
2.Ойын-сабақты
өткізуге дайындық. Бұл ситуация,
нұсқаулар, қойылымдар мен
3.Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады.
4.Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі.
Жалпы
интерактивті оқыту теориялық
та, практикалық та тұрғыда
Осындай интерактивті
оқыту технологиясын жүйелі қол
Интерактивтік оқыту технологиясы.
1) Жұптасып жұмыс істеу.
2) Ротациялық (ауыспалы) үштік.
3) Карусель - Айналмақ.
4) Шағын топтармен жұмыс.
5) Аквариум.
6) Аяқталмаған сөйлем.
7) Миландыру /Мозговой штурм/.
8) Броундық қозғалыс.
9) Есептеу ағашы. /Дерево решений/
10) Өз атынан сот. /Суд от своего имени/
11) Азаматтық тыңдау.
12) Ролдік /іскерлік/ ойын.
13) Сығымдау методы. /Метод пресс/
14) Өз позицияңды ұстан.
15) Дискуссия.
16) Дебаттар.
Интерактивті оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі.
Интерактивтік оқыту формаларына нені жатқызуға болады? Бүгінгі күні әдіскерлер мен шығармашыл-ұстаздар топтық жұмыстың көптеген түрін жасап шығарды. Олардың ішіндегі кең таралғандары - «үлкен шеңбер», «аквариум», «миға шабуыл» (мозговой штурм), «дебаттар». Алдынғы сабақтардағы білімдері немесе өмірде алған тәжрибелері негізінде аздаған хабары бар қандайда бір мәселе толығымен талқыланатын болса ғана, интерактивтік оқыту формасының тиімділігі жоғары болады. Одан басқа, қарастырылатын тақырып жабық немесе тар мағыналы болмау керек. Мысалы, ұрлық үшін жауапкершілік қандай болу керек немесе салық мөлшері қанша болу керек деген сияқты сұрақтарды топ алдында талқылаудың мағынасы жоқ. Талқыланатын мәселенің деңгейі тар экономикалық (құқықтық, саяси, тарихи, т.б.) сұрақтардан мәселені кеңінен қоюға көшуге мүмкіндік жасайтындай болу керек
Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.
Мысалы; оқушыларға «Карусель» («Ішкі және сыртқы шеңбер»деп те, «Сократ шеңбері» деп те атап жүр) деп аталатын мынадай жұмыс түрі қатты ұнайды: Екі шеңбер жасалады. Ішкі және сыртқы сақиналар (шеңбер). Ішкі шеңбер– бұл қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы шеңбер – бұлар әрбір 30 секунд сайын ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығады және әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелесушінің көзін жеткізуге тырысады.
Аквариум технологиясының мәнісі сонда, бірнеше оқушы шеңбер ішінде ситуацияны жасырады /разыгрывают/, ал қалғандары оларды бақылап тұрып әрекеттеріне талдау жасайды.
Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.
Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.
«Өз позицияңды ұстан» - деп аталатын интеграцияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс.
Мұғалім мен оқушының интерактивтік шығармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан методикалық инновациялар оқытудың интерактивтік методымен байланыстырылған.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.
«Интерактивтің» негізгі сипаттамалары қандай? Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту тұрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (комфортный) шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге (рефлектировать) мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процесс өзара қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.
Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұысанды.
Интерактив
бір көзқарастың немесе бір ғана
сөйлеушінің басым болуы
ІІ тарау. Бастауыш сынып сабақтарында техникалық құралдары арқылы оқушы белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары мен жолдары.
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі