Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 10:32, дипломная работа
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда.
Ақпараттық технологиялардың тиімділігі:
Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
Білім сапасына әсері зор;
Кіріспе........................................................................................................ 2-7 бет
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың теориялық негіздері
Қазіргі оқыту технологияларының педагогикалық – психологиялық негіздері 7 - 16 бет
Оқытудың көрнекілік принципін техникалық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асыру 17 - 31бет
ІІ тарау. Бастауыш сынып сабақтарында техникалық құралдары арқылы оқушы белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары мен жолдары.
2.1.Бастауыш сынып сабақтарында оқытудың техникалық құралдарын қолданудың оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпалы - 32 – 48бет
2.2.Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері. 48 – 52бет
Қорытынды 53 – 54 бет
Пайдаланылған әдебиеттер 55 – 56 бет
«Ақпарат дегеніміз – ақпаратты алушы
кісіге дйін қабылдау механизмінің қабылданды
– түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен
өткен нәрсе.»/3,14 Ақпарат сөзіне Қазақстан
Ұлттық энциклопедиясында мынандай түсінік
беріледі;
- ақпарат ( информация, лат.Informatio – түсіндіру,
баяндау, хабардар ету) – 1 ) істің
жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе
біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет
беру;
2) 20 ғасырдың ортасынан бастап адам мен адам, адам мен автомат, автомат пен автомат арасындағы деректер алмасуды, жануарлар мен өсәмдәктер арсындағы сигналдар алмасуды, тұқым қуалаушылық белгісін бір клеткадан басқа бір клеикаға, бір ағзадан ( организмнен ) екінші бір ағзаға жеткізуді қамтитын жалпы ғылыми ұғым;
3) кибернетиканың негізгі
ұғымдарының бірі. Ақпарат үздіксіз
( аналогты ) не үзілісті ( дискретті ) болуы
мүмкін. Ақпаратты жеткізу, қабылдау. Түрлендіру
және сақтаудың жалпы мәселелерімен ақпарат теориясы айналысады./4,20б/.
Ақпарат сөзі өте жиі кездеседі. Алайда
ақпарат деген не екенін ешкім дәл айта
алмайды. Өйткені ақпарат математикадағы
нүкте ұғымы сияқты анықтама берілмейтін
ұғым. Ақпарат – информатиканың негізгі
ұғымы. Адам ақпаратты үздікісз қабылдайды.
Біз не көреміз, оның барлығы – ақпарат.
Заттың дәмін татып,иісін иіскеп, саусағымызбен
сипалап көріп, ол зат туралы ақпарат аламыз.
Алынған ақпаратты адам
миы өңдейді. Біз түсінген және сақтаған
ақпараттың бәрі білімге айналады. Табиғаттағы
болып жатқан құбылыстардың барлығы біз
үшін ақпарат. Мысалы, күннің салқындауы,
жаңбырдың жаууы, құстардың ұшуы,уақыттың
өтуі, су тасқыны, топырақтың маңызы, жануарлар
мен өсімдіктердің тіршілігі, шаруашылықтар
мен қала, ауылдардағы өзгерістер. Қазіргі
кезде қошаған орта жөніндегі қандай да
бір сигналдар, мағлұматтар, құбылыстар
жиынтықтары ақпарат деп түсініледі.
Күнделікті оқылатын оқулықтар, газеттер
мен журналдар, түрлі радио және телехабарлар
әр түрлі ақпараттарға толы.
Ақпарат мәтін,сурет,схема,графике,сан,
Еліміздің экономикасы артып, мектептердің техникалық базасы нығайып, арнайы компьютерлік технологиялармен, оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталып, интернет, электрондық оқулық және т.б. кеңінен қамтамасыз етілуде. Осыған орай, жаңа заманның жас шәкірттерін тәрбиелеуде мұғалімдер жаңа талаптарға сәйкес компьютер мен оқытудың техникалық құралдарын пайдалана отырып сабақ өткен кезде оқушылар «Құлақ-ми» жүйесі бойынша секундына 50 бит ақпарат қабылдайды. Айналадағы қоршаған заттар туралы ақпараттың 90 %-ін көру арқылы қабылдайды, ал есту арқылы - 9%, сипап сезу аркылы - 1%. Көптеген оқушылардың есте сақтау қабілетінін ішіндегі көру қабілетінің рөлі ерекше. Бұдан адам баласы естіген ақпаратының 15 % есте сақтайды, көрген ақпараттың 25 %, ал есту және көру арқылы 65 % ақпаратты есте сақтайды екен. Сөйтіп оқушылар қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері көмегімен таниды. Ақпаратты қабылдаудың негізгі арналары болып есту және көру мүшелері болып табылады.
Сонымен адам баласының қабылдауын терең зерттеген физиологтардың еңбегіне сүйенген психолог-педагог мамандар адамның жоғары жүйке жүйесі қызметінің негізінде оқу үлгісінде қолданылатын компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдарын тиімді пайдалана отырып, мұғалім сөзі мен сабақтастырған жағдайда сабақты меңгеру жоғары дәрежеге жетеді деп есептейді.
Педагогикада
дидактика жөнінде былай
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.
Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Каменский (1592-1670). Оның «Великая дидактика» кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.
Қазіргі дидактикадағы көрнекілік принципі нақты пәндерге және оны бейнелеуге ғана қатысты емес, оның моделін жасауға байланысты болмақ. Оқытудың техникалық құралдарының ең маңызды дидактикалық ерекшелігі оның ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, сабақта оқушылардың ақпаратты қабылдау мүмкіндігінен ақпарат көлемін асырмау қажет. Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқылатын құбылыстар мен үрдістерге тереңірек бойлай аламыз. Компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдары көмегімен оқушыларға мектеп жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құбылыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық-дыбыстық құралдар көмегімен оқу материалын ғылыми акпараттық тұрғыдан бере аламыз.
Көрнекілік адамзат баласымен бірге сол сәттегі зат немесе құбылыстың бейнелеуден яғни ақпаратты беру қажеттілігінен пайда болған болуы мүмкін. Бұл туралы бізге дейін келіп жеткен тас үңгірлердегі, жартастардағы суреттер куә. Көрнекілікпен оқыту алғашқы мектептер пайда болғаннан бері басталады. Мектеп практикасында көрнекілікпеп оқыту элементтерін ең алғаш пайдаланған адам есімі тарихта сақталмаған. Адамдар көрнекілікпен оқытуды жазу пайда болғаннан бұрын бастаған. Ежелгі Египет, Ежелгі Рим, Ежелгі Греция мектептерінде көрнекілікпен оқыту кең қолданысқа ие болған.
Ауызша және жазбаша сөздің дамуы көрнекілікпен оқыту әдісінің таралуының бастамасына негіз болды. Кітапты жазу стилі де өзгерді, ол мағыналы және эмоциональды бола түсті. Қолжазба және басқа кітаптарда суреттер пайда болды. Мысалы, Томас Мордың "Утопия" атты кітабында Утопия аралында балаларды суретті кітаппен оқыту жайлы баяндалған. Бірақ, бұл кезде көрнекі оқыту деген термин әлі пайда болмаған, соңдай-ақ көрнекілікпен оқытудың қатаң теориялық негіздемесі жасалынбаған болатын. Көрнекі құралдар қолдану интуитивті таза көру түсініктерінен құралды. Көрнекілік принципінің негізін қалаушы, оны негіздеген чех педагогы Ян Амос Каменский. Я.А.Коменский көрнекілікке анықтама берді, оны біз "Дидактиканың алтын ережесі " дейміз. Дәл осы мектепті дамытудың ең маңызды жолдарының бірі болды, сөйтіп көптеген педагогикалық зерттеулердің баспалдағы болды.
Педагогикадағы дидактикалық принциптер:
1. Оқыту процесінің мақсаттылық принципі;
2. Оқытудың ғылымилық принципі;
3. Түсініктілік принципі;
4. Жүйелілік принципі;
5. Саналылық және белсенділік принципі;
6. Көрнекілік принципі;
7. Педагогикалық процестің бағыттылық принципі.
Осылардың ішіндегі көрнекілік принципі туралы: көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А.Каменский, К.Д.Ушинский т.б. осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды. К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік - балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Оқыту процесінде сөзбен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әртүрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді. Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше. Көрнекілік түрлері: Табиғи көрнекілікке коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т.б. жатады. Заттар және бейнелеу кернекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т.б. Символикалық көрнекілікке карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер.
Экранды – динамикалық көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары. Дыбысты техникалық көрнекілікке аудио дискілер, радиоқабылдағыштар жатады. Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін колданылады.
Енді оқытудың негізгі дидактикалық принциптері жайлы айтар болсақ:
1 .Ғылымилық принципі;
2. Пәнді оқытудағы көрнекілік принципі;
З. Оқытудағы саналылық және белсенділік принципі;
4. Оқытудағы жүйелілік және реттілік принципі;
5. Оқытудағы түсініктілік принципі
Осы принциптердің ішіндегі бастауыштағы күрделі пән-математиканы оқытудағы көрнекілік принципі, ол оқушылардың оқу материалын қабылдау, талдау және жалпылау үрдісінің мәнінен туындайды. Оқу барысының әр түрлі кезеңдерінде көрнекілік түрліше функциялар орындайды. Математиканы оқыту практикасы бұл принципті жүзеге асыруға бағытталған арнайы құрал жабдықтар жасауды қажет етеді (геометриялық фигуралардың модельдері, кестелер, оқу диафильмдері, кинофильмдер, теледидар, микрокалькуляторлар және т.б.).
Ескеретін бір нәрсе, көрнекілікті қалай болса солай қолдана бермей, тек қажетгілігіне, тиімділігіне карай пайдалана білудің маңызы зор. Мысалы, стереометриянын алғашқы сабақтарында фигуралардың әртүрлі моделін көрсету оқушылар үшін пайдалы болады да, кейінірек олардың кеңістік қиялын дамытуға кері әсер етуі мүмкін, яғни стереометрияны үйретуде нақты көрнекілік біртіндеп «абстрактылық көрнекілікке» (жазық сызбаларды қарастыру) орын беруі тиіс.
Оқытудың техникалық құралдарының ең маңызды дидактикалық ерекшелігі оның ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уакытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, сабақта оқушылардың ақпаратты қабылдау мүмкіндігінен ақпарат көлемін асырмау қажет. Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқылатын құбылыстар мен үрдістерге тереңірек бойлай аламыз. Компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдары көмегімен оқушыларға мектеп жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құбылыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық-дыбыстық құралдар көмегімен оқу материалын ғылыми ақпараттық тұрғыдан бере аламыз. Сонымен компьютер мен оқытудың техникалық құралдары төмендегі мәселелерді қамтиды:
1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттырады;
2. Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;
З. Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;
4. Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
5. Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
6. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Оқыту құралдарын белгілеріне қарай мынадай түрлерге жіктейміз:
1. Ондағы қолданылатын материалдарға байланысты (сөздік және бейнелік);
2. Қабылдау түрлеріне орай (көру, есту, көру-есту);
З. Материалды беру тәсіліне қарай (техникалық аппарат көмегімен немесе техника көмегінсіз, дайын кестелер, диакадр, кинотаспа);
Онымен жұмыс істеуді ұйымдастыру формасына қарай (демонстрациялық құрал негізінде фронтальді және үлестірмелі бейнелік материал негізінде жеке қолдануға арналған).
Оқытудың техникалық құралдарының ішінде қабылдауға арналғандары жиі қолданылады. Олар:
1. Оқытудың экрандық құралдары;
2. Оқытудың дыбыстық құралдары;
З. Оқытудың экрандық – дыбыстық құралдары.
Ал, компьютерлік техника (акпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдары) оқытудың басқа құралдарына қарағанда өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар, қолдану мүмкіндігі де кеңірек.
Экрандық оқу құралдарына диапозитив, транспаранттар, диафильмдер, эпиобъектілер, сондай-ақ үнсіз көрсетілетін киноүзінділер мен кинофильмдер жатады.
Оқу диапозитивтері — оқу және тәрбие мақсатына қолдануға арналған бейнелер топтамасы. Оларды фотографиялық тәсілмен түссіз материалға (шыны немесе таспаға) түсіреді. Сөйтіп, диапроектор көмегімен бейнені жазықтыққа (экранға) түсіріп көрсетеді.
Транспаранттар - полиграфиялык және фотографиялық жолмен түсірілген түссіз таспадағы бейнелер. Транспоранттарды графопроектор көмегімен демонстрациялап көрсетеді.
Эпиобъекті — экранға
жарық көмегімен проекцияланаты
Оқу диафильмдері - оқу ақпаратын алдын-ала тізбектей көрсету үшін кадр түрінде ені 35 мм түссіз таспаға фотографиялық жолмен әзірленген бейнелер топтамасы.
Оқытудың дыбыстық құралдары. Әртүрлі радиоқабылдағыштар мен дыбыстық жазбалар (магниттік жазбалар, грампластиналар). Оқытудың экрандық - дыбыстық құралдары оқу кинооқулықтар, оқу теледидар хабарлары, бейне жазбалар, дыбыстық диафильмдерін біріктіреді. Кинооқулық - бұл кинотаспадағы дыбыстық түрде берілетін жылжымалы объектілердің позитивтік фотографиялық бейнесі. Оқу кинооқулық қорына кинофильмдер, кино-үзінділер жатады. Бейнежазбалар - бұл арнайы магниттік таспа бейнемагнитофон ментеледидар камерасы көмегімен жазылған бейне және дыбыс. Теледидар экранда бейнелеу үшін қолданылады.
Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:
1) пассивті –
оқушы оқытудың «объектісі»
2) активті /белсенді/ оқушы оқытудың «субъектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс)
3) интерактивті
– inter (өзара), akt (әрекеттесу). Оқыту
процесі барлық оқушылардың
Интерактивті оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны /яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты/ ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі