Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 21:32, курсовая работа
Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу-танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерінөмірде пайдалану білуі болып табылады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы.
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының жетекші іс-әрекеті.........................7
1.2. Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық процестері және олардың көрініс беруі...........................................................................................13
2 тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері.
2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға қызығушылығының ерекшеліктері.........................................................................................................41
2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекеттерін зерттеу....................................................................................................................48
2.3. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға танымдық қызығушылы- ғын дамытуда мұғалімнің атқаратын жұмысы...................................................53
Қорытынды............................................................................................57
Пайдаланған әдебиеттер.................................................
2.3. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға танымдық
қызығушылығын дамытуда мұғалімнің атқаратын жұмысы
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшіуін әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызыуғушылығын арттыруды талап етеді. А.С.Макаренко оқушыларды сабаққа тарта білу,олардың оқуға қызушылығын арттырып, білімге құмарту керектігіне баса көңіл бөлді. Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды.
Жас бала не нәрсені болса да құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін іздестіру қажет.Қазіргі сабақтың түрлері сайыс, жарыс сабағы, концерт, аукцион,кіріктіру сабағы т.б. өз нәтижесін беріп жүр. Әсіресе, халықтық, педагогиканы пайдаланып, ата- бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттердің бойына дарыту мақсатында халық ауыз әдебиетін пайдалануға болады.Қазақ халқының мейірімділігі, кеңпейілдігі, сыпайылығы,көпшілдігі, сөзге беріктігі туралы әңгімелеу арқылы осы қасиеттерді шәкірт бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу,әдептілікті бйік ұстаусияқты әдет- ғұрыпты үйретуге болады. Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалы жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып кез келген, проблеманы шешуге үйренеді.
Дамыта оқудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан (оқу мақсаттарының қойылуы, оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы, шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі)тұрады. Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының, оқуға деген қызығушылығы артады.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Содықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.
Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Білім беру мекмелерінің
қазіргі жаңа құрлымы мен
Бастауыш сынып оқушыларының
қабілеттері екі түрлі
Екі әрекетте оқушылар – екі түрлі мүдделер көзделген әр түрлі мақсатты шешеді. Мысалы оқу әрекетінде белгілі дағдыны қалыптастыратын, белгілі бір ережені меңгеретін жаттығулар орындаса, шығармашылық әрекеттерде баланың іздену жұмысы басты нысана болады. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.Жаңа буын оқулықтары ұстаздардан шығармашылық пен ізденушілік,жаңашылдықты талап етеді. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру – әр ұзтаздың негізгі міндеті. Бастауыш сынып оқушыларының ой- өрісін дамытуда ойын әрекетінің маңызы зор. Ойын – балалардың негізгі іс- әрекеттерінің бір түрі. Ойын балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады. Сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап, ой- өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері болады. Баланың жас ерекшелігіне, сай ұымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез- құлқын, қалыптастырады және де сабаққа деген қызуғышылығын арттыру.
Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан-алуан. Бұл пікір педагогикалық әдебиеттерде көрсетіліп, нақтыланған әрі бірнеше ғалымдар пікірлеріне үндесіп отырады. Сондықтан қандай да бір пән болмасын, сол пәнге оқушының қызығушылығын, белсенділігін қалыптастыруды тудыру жолдары, шарттары мен қолданылатын жұмыс түрлерін жинақтап көрсетуге болады.
1. Берілетін білім мазмұны
мен оқушының жас ерекшелік
ақыл-ой даму деңгейінің
2.Берілетін білім мазмұнының
қызықты болуы.
3. Оқу әрекеті мотивінің,міндет мақсатының, айқындылығы
4 .Мұғалімнің кәсіби және
мәдени құзырлығының жоғары
5. Оқушылардың міне-құлық,
қабілет ерекшелігінің
6.Оқушылардың өз бетінше және шығармашылық жұмысының тиімді ұйымдастырылуы.
7.Оқытудың көрнекілікке, бақылау әрекетіне негізделе жүргізілуі.
8. Оқушының оқу мүмкіндігін, денсаулығын есепке ала оқыту
9.Проблемалық ситуация тудыра оқыту тиімділігі.
10. Ерік – жігері, жауапкершілік, борыштық сезімін тәрбиелеу.
Сабақта берілетін оқу материалдарын оқушыларға жеткізу үшін, әр – түрлі оқыту әдістерін қолдануға болады. Мектептегі ең кең тараған оқыту әдісі – ол мұғалімнің ауызша баяндауы. Бұл әдіс оқу процесінде жетекші рөл атқарады, барлық пәндерді оқытуда және сабақтың түрлі кезеңдерінде әсіресе жаңа материалды түсіндіруде кеңінен орын алады.
Мұғалім өзінің сөзін көрнекі бейнелермен байланыстырады. Мұғалімнің ауызша баяндауы, сұрақтарды анық және түсінікті етіп қоюы, проблемалы ситуация тудыратын етіп қоюы, баяндалатын материалдың ең маңызды жерлерін айырып беруі, хабарлаудың жүйелі және дәлелді болуы қажет. Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді сонымен қатар дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны жөн.
Қорытынды
Қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Оны қалыптастырудың негізгі жағдайлары:
- оқытудың мазмұны, ғылым
мен техниканың соңғы
- оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар:сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
– мұғалім мен
оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы
қарым-қатынасты сыйластық
1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу. (сөз жұмбақ, құрастырмалы ойындар)
4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру,мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т.б.)
5. Әңгіменің
ұқсастығын салыстыру
6. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.
7. Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру.
8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. ҚР «Білім туралы Заңы». 1999.
2. ҚР Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама // Е.К. -16 қазан, 2004.
3. Қ. Жарықбаев. Психология
негіздері: Алматы, 2005
126-132 б.
6. А.В. Петровскийдің
редакциялығымен Педогогиялық
және жас ерекшелігі психологиясы:
Алматы, 1987 68-90 б
7. А. Малдыбаева. Жеке тұлға диагностикасы:
Шымкент, 2005 52-60 б.
12. Б.С. Волков. Младший школьник.
Как помочь ему учиться-М, 2004,
13. Немов Р.С. Психология т.1:2:3. М, 1998.
14. А.Рысбекова.Оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыр: Алматы, Бастауыш мектеп 2004 №1 9-10 б.
15. А. Мустоятова. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру:
16. А. Қамалбекова. Оқушылардың
танымдық қызығушылығын ойын
әрекеті арқылы арттыру: Алматы,
Бастауыш мектеп 2005 №5 18-19 б.
18. В.И.Рогов Психология человека. М.2001.
19. Қ.Салпынова. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру: Алматы,Бастауыш мектеп 2005 №7 27 б.
20. З.Көкшеева. Оқушылардың
эстетикалық қызығушылығын
21. С.Елубаев.Оқушының танымдық қызығуын оятудың жолдары:Алматы, Бастауыш мектеп 2002 №8 7-9 б.
22. М. Абуова. Оқушының қызығушылығы
мен белсенділігін
23. А .Рысқұлбекова. Ойын-оқушы білімін беріп меңгерту құралы: Алматы, Бастауыш мектеп 2005 №9 19-21б.
24. Б.Дауымова,К.Жадкин Сапалы
білім берудегі проблемалар:Алматы,
25. С. Дүсебаев Жаңа
педагогиылық технология –
26. Г. Қаңтарбаева Оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту:
27. Ж. Күнпейіс. Оқушыларды шығармашылыққа қалыптастыру: Алматы, Бастауыш мектеп 2006 №2 32-36 б.
28. Божовия Л.И. Проблемы формирования личности. – Воронеж, 1995.
29. Дубровина И.В., Прихожан Л.И. Положение школьной психологической службе. – М.,1985.
30. Талызина Н.Ф. Формирование позновательной деятельности младших школьников: Кн.для учителя. – М.: Просвещение, 1988.
31. Эльконин Д.Б. Психология обучения младшего школьника. М.,
«Знание», 1974. 64с. Новое в жизни, науке, технике. Серия «Педагогика психология».
32. Гальперин П.Я. Методы
обучения и умственное
33. Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возросте. СПб.: СОЮЗ, 1997, 96с.
34. Макаренко А.С. Ұстаздық дастан. Педагогикалық шеберлік. – А., 1990.
35. Давыдов В.В. Научно-исслед.инт-т.
Общей и педагогической
36. Леонтьев А.А. «Научите человека фантазии…» (творчество и развивающие образование). // Вопросы психологии. 1998., N5.
37. Зак А.З. Развитие теоритического мышления у младших школьников. – М., 1984.
38. Валлон А.А. Психическое развитие ребенка. – М., 1967.
39. Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. – М., 1972.
40. Бастауыш мектеп журналы. 2000-2005 ж.
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Шымкент институты, Заң факультеті 46-14 оқу тобының студенті Лауланбекова Айкен Махаметәліқызының “Бастауыш мектеп оқушыларының оқу танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктері” тақырыбында дайындаған диплом жұмысына
ПІКІР
Қазіргі кезеңде жастар тәрбиесіне қойылып отырған талап, олардың жоғары қабілетті тұлға болып қалыптасуын қажет етеді. Бұл олардың бастауыш мектептен бастап оқу жүйесінде оқу танымдық қызығушылығын арттыру арқылы жүргізіледі.
Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері