Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 21:32, курсовая работа

Краткое описание

Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу-танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерінөмірде пайдалану білуі болып табылады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының жетекші іс-әрекеті.........................7
1.2. Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық процестері және олардың көрініс беруі...........................................................................................13
2 тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері.
2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға қызығушылығының ерекшеліктері.........................................................................................................41
2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекеттерін зерттеу....................................................................................................................48
2.3. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға танымдық қызығушылы- ғын дамытуда мұғалімнің атқаратын жұмысы...................................................53
Қорытынды............................................................................................57
Пайдаланған әдебиеттер.................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш мектеп окушылар туралы интернеттен.doc

— 304.50 Кб (Скачать документ)

   Шығарманың мәніне  қарай  бөліктерге бөлуге төменгі  сынып оқушыларының көпшілігінің қабілеті жетеді.Бірақ мұнда оқытатын мәтінніңсипаты және балалардың жас ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Шығарманың ең негізгі идеясын табу, оған өз бетінше  тақырыпша беру, үшінші сынып оқушыларында жап-жақсы дамитындығы байқалады. Бұл әдісті балаларға мұғалім  ғана үйрете алады. Оқушылардың  шығарманы  өткен  шығармамен байланыстыра білуге  машықтандыру,оқу материалдарын неғұрлым ұзақ мерзімге есте қалдыруға бағыт беру-мағыналы есті дамытудың басты әдістерінің бірі. Мұғалім балдардың сондай-ақ,балалардың есте қалдыру, қайта жаңғарту мүмкіндіктерін өздері қадағалай алуіына  үнемі жолбасшылы көрсетіп  отыруы . Адам сұрақ қою арқылы алатындылығы кедергені сезеді, оны  біртіндеп  жояды, сөйтіп,  өзінің әр түрлі тану қызығуларына жауап алады. Сұрақ қою,оны дәл тұжырымдау, мәселені «ойда ұстай білу» сұрақты талдай білу және  жинақтау , шығару   тәсілі  мен  амалдың орталық  түйінін табу, жорамалдар жасай білу т.б. ойлау процесіне  мәселелерді шешу үшін аса қажетті  жағдайлар  болып  табылады.

     Төменгі сынып  оқушыларында  тануға негізделген  тікелей түсінулер  байқалады. Бұл  тікелей түсінулер заттарды тікелей  қабылдаудан  туған тусінулер.  Егер  зат баланың өткен тәжірбиесінде  болмаған болса, оны бірден түсіну  қиынға соғады. Түсіну  үшін оны алдымен жан-жағына жақсылап қабылдап алу   қажет.   Жанама түсіну –жаңа затты,құбылысты белгілі ұғымға жанастыра  барып түсіну  деген сөз. Баланың сыртқы дүниенің сан қилы сырларын  түсіне алуы  жанама түсінулер арқылы ғана жүзеге асады.Бір нәрсенің мәніне түсіну   үшін жай тану   жеткіліксіз, оған қоса, оның себебін, яғни неліктен  осылай  болып тұрғанын білу керек. Мектеп жағдайында кейбір оқушылардың оқыған әңгімесін, грамматикалық  математикалық  ережелерді  дұрыс түсіне  алмайтын  фактілері жиі кездеседі. Мұғалімдер, көбінесе, баланың әр  жаңа материалды  не себеппен түсінбей қалатынын,кезінде талдау жасап отырмайды. Балалар ойлауы үнемі кедергісіз  жүріп отыратын процесс емес, ол кейде құбылыстарды  толық бейнелей алмайды,  тіпті қателіктерде жібереді бірде білмегенін екіншіде біледі. Міне, осы жайларды мұғалім  асқан байсалдылықпен  ескеріп отыруы тиіс. Сондықтан жаңа сабақты бірден түсіне алмай  қалған оқушыларды ұғымы төмен  деп кінәлаудың  өзі педагогиялық тұрғыдан дұрыс болмайды.  

Төменгі сынып оқушыларының ойлауы негізінде нақтылы келетіндіктен, олар көп нәрселерді  өз қалпында түсінугебой ұрады. Мәселен, бір зерттеуде үшінші сыныптвағылардың аллегориялық ұғымдардың мәнін жете түсінбейтіндігі анықталған. Олар: ”білімді” деген ұғымды  “оқитын адам”;  “дүние” ұғымын, “байлық”, ”ақша”; “жақсылық” ұғымын “жақсы нәрсе”; ”ер” “аттың ері” деп олардың  заттық бейнелік жақтарына көбірек көңіл аударады да, осы ұғымдардың мәнін  салыстыру, теңестіру арқылы түсіндіріп бере алмайды.

    Балалардың құбылыстары түсіне алуында олардың сөз байлығын, сөздік қорының өсіп отыруын қадағалау зор маңыз алады. Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндірудегі  методикалық  шеберлігінің (әр ұғымды өз мәнінде толық түсіндіру, сөйлемдердің қысқа, ықшам болып келуі, екі ұшты сөйлемеу т. б.) жоғары болуы бала түсінігінің  жақсы дамуына  қатысы бар факторлардың бірі. Мектеп –бала қиялын  дамытуда үлкен рол атқарады. Мұндағы оқылатын  сабақтардың мәніне    түсіну  қиялсыз  мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін, немесе қандайда болсын  оқиғаны  баяндайтын  бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы оқушылардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен “естігендей”күйге түседі. Көркем әдебиет шығармаларын талдағанда тарих сабақтарындағы әңгімелерде,оқушылардың түрлі ойындарында алғашқы кезде қиял процесі әр қырынан көрініп отырады. Төменгі сынып оқушыларында  алғашқы кезде қиялдың дамуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, бірінші сыныптағылар суретке не оқығанға қарап, өз бетімен жаңа бейне жасай алмайды. Өйткені осы жастағыларда синтездеу қабілеті жөнді дамымаған. Олар оқығанын  кездейсоқ, біріне-бірі байланыспаған  ассоциациялар  арқылы жаңғартып отырады. Баланың  қайта  жасау қиялын  дамыту үшін  алдымен олардың тәжірбиесін  қорландыра түскені дұрыс. Осы салада мұғалім  істейтін іс үшан-теніз. Мәселен, мұғалім балаларды  орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда оқушылар әрбір ағашты, өсімдік түрлерін  көздерімен көріп, қолдарымен ұстайды, білменгендерін бір –біріенен  сұрап не мұғалімнен біліп алады.   Ертеңіне  мұғалім (тайга, тундра, тропика т.б.)  туралы айтып беріңдер  десе, бұл олардың қиялын  тәрбиелеуге көп пайдасы тигізеді.Өмір тәжірбиесінің артуы, білім қорының  молая түсуі балалардың қиялын  дамыта түседі. Мәселен, үшінші сыныптағылар сурет   сабағында  алдында  тұрған  заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай  басқа  затпен  салыстырып  көреді. Бұл балада қайта жасау қиялының қалыптасып келе жатқандығын байқатады.

Бала қиялы әрекет үстінде  дамитындықтан не нәрсеге  болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын  дамытып отыру қажет. Мәселен  сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын  үйренбегенше, баланың осыған орай көрінетін қиялыда шарықтай алмайды.

    Төменгі сынып оқушыларының қиялын  дамыту олардың  эстетикалық  сезімдерін оятады. Мәселен көркем әдебиет  кітаптарын оқу, музейлер мен галерияларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тыңдау, бала қиялын  жаңа мазмұнға толтыра түседі. Шәкірт қиялын  дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс мұғалім де, оқушының ата-анасы да бұл жерге  ақыл ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп  отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған  балалармен дербес  жұмыс жүргізу, табиғатқа, өндіріс орындарына экскурсиялар  жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербес орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын  тәрбиелеудің түрлері болып табылады.

     Мектеп-бала  сезімдерін жүйелі әрі жоспарлы  түрде дамытып отыратын арнаулы  орын. Мұғалімнің осы саладағы  жүргізетін жұмыстарының  кейбірі  мына төмендегідей болмақ:

  1)    Бала эмоциалары  мен сезімдерін  тек құрғақ  сөз бен жалаң үгіт  арқылы  тәрбиелеуге  болмайды. Мүмкіндігінше бұл сезімдерді  бала өз басынан кешіретін болсын. Өзі  күйініп көрмеген  адамның біреудің қайғысына ортақтаса алмайтыны сияқты, бала өзінің және айналасындағылардың  табысына қуанып, сәтсіздігіне жаны күйзеліп отырмаса, сезім тәрбиесі өзінің пәрменділігі жояды. Мәселен, баланы Отанды сүю сезіміне тәрбиелеу ісі оның жас төлді күту, бау-бақша жұмыстарына қатысу,пайдалы еңбекке  қолғабыс тигізу сияқт нақтылы  іс-әрекетімен ұштастырылып отырлуы тиіс.

  1. Сынып, мектеп ұжымында берік орын алған  салт-дәстүрлер – бала эмоцияларын дамытып, тәрбиелеуде таптырмайтын құрал. А.С.Макаренко осындай дәстүрлердің зор тәрбиелік мәнін  көре білген “Дәстүрлер менің ұжымында өте көп еді-,деп жазды ол, -тіпті  жүздеп санауға болатын.Мен олардың бәрін біле  бермеуші ем,бірақ балалар  білетін және балалар білгенде бір жерге жазылған түрінде емес,өздерінің бір сезімімен білетін.
  2. Осылайша істеу керек десетін. Ал  неге  олай   істеу керек?. Үлкендер осылайша істейді. Үлкендердің тәрбиесін, үлкендердің логикасын құрметтеу, олардың коммуна  құру жөніндегі еңбегін құрметтеу және оның өкілдерінің құқықтарын құрметтеу –ұжымның аса маңызды қасиеті болып табылады және олар дәстүр арқылы сақталып отырады. Мұндай дәстүрлер, балалардың тұрмысына ажар беріп, гүлдендіріп отырады. Осындай дәстүрлердің арқасында өмір сүріп, өздерінің ұжымдық ерекше заңымен тұратындығын сезеді, ол заңды мақтаныш етіп, жақсартуға тырысады”.

Бастауыш сыныптарда осы әдіс кең өріс алған жөн. Мәселен, бірінші сынып  мұғалімдерінің әліппе кезеңін бітіргеннен кейін осы оқиғаның  құрметіне “Әліппе күнін”өткізуіне болады. Бұл балалар үшін үлкен қуаныш. Мұндай күнді олар жақсы оқу, үлгілі тәртіппен қарсы алуға тырысатыны сөзсіз.

      Сезімдерді  тәрбиелеудегі басты жолдардың  бірі балаларды өз эмоцияларын басқара алуға, өзінің аффектерін  тежей білімге дағдыландыру. Бұл көп жаттығуларды, машықтануды қажет етеді .Мұғалім  арнаулы жаттығулар  арқылы баланың оғаш мінезін де, сылбыр эмоциясын да қалыпқа келтіре алады. Оқушылардың жоғарғы сезімдерін  тәрбиелеу ісі оның  дүние танымы мен сенімін, жеке басын қалыптастыру ісімен қосарластыра жүргізілуі тиіс. Өйтпеген жағдайда мұғалімнің осы саладағы әрекеті пәрменді болмауы мүмкін. Бала сезімін  тәрбиелеушілердің де (ата-ана,  мұғалім т. б.) сезімдері өз дәрежесінде болуы тиіс. Олардың өміріеде, іс-әрекетінде шынайы жақсы  сезімдер орын тепсе, балаға да үлгі өнеге  болатыны табиғи нәрсе. Бала еліктеуге    жарарлық үлгі-өнеге кермесе, оның сезімдері де дұрыс дамымайтын болады.

Темперамент-жүйке жүйесінің тума қасиеттерін туындайтын адамның жеке өзгешіліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл қозғалысынан, жалпы белсенділігінен  жақсы байқалады.

Темперамент – организмнің  физиологиялық өзгешіліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.        Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен  де  (мәселен,біреу әжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады),  адамның  көңіл күйінің ерекшеліктерінен  де  (салмақты, тұрақты,  жеңіл,  тұрақсыз т. б.)жақсы   байқалып отырады.

  Әр түрлі темпераменттегі  баланың  ерекшеліктерін төмендегіше сипаттауға болады:

  1. Сангвиник  темпераменті  басым оқушылардың ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымрырылмайды, оптимист, өмір  сүйгіш, көтеріңкі көңілді,  басшылыққа  жетекшілікке құштар. Мұндай  бала  жылдам  және  тез қозғыш, көңіл күйі жйі өзгергіш  келеді, көп нәрсеге қызығады,  бәрін біліп алуға тырысады,  бірақ  біреу  бағыттап  отырмаса,  тез  суып  кетуі де ықтимал, Ақыл-ой  әркеті  белсенді  жүріп отырады.  Сыныпта мұғалімнің  айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ  қоюға  жаны  құмар. Оның сөзіжылдам, анық, түсінікті, паузалармен  интонацияларды  жақсы  сақтайды, сөзді мәнерлей айтуға  тырысады. Сөйлегенде ымишара  (мимика,  пантомимика) жағы  басым келеді, көбінесе эмоциялы,  қозу жағдайында тұрады. Осындай балалардың  мінез-құлқынан қажырылық,  белсенділік  сияқты  кейбір жақсы  қасиеттерді көруге болады. Сондықтан  да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге онтайлы, ширақ темперамент болып саналады.

2.  Флегматик  темпераменті  басым  оқушының  ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілей тін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик  темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып – саспайды.Сабақта тыныш отырады,жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай  балалардың сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол  оқушының дауыс екпіні  баяу келеді, аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі  ымишаралармен  ерекшеленіп тұрмайды. Флегматик темпераменттегі  балалардың  көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің  икемділіктерін жақсы көрсетеді.

3. Холерик темпераменті  басым оқушының ерекшеліктері. Бұл  ұшып-қоныа тұратын, күйгклек,тынымсыз  шамданғыш, қүйі және өзгеретін, қарым-қатынаста    аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді, пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл әрекетті сүйеді. Әдетте оның  қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына  әбден беріліп,  барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой әрекетінің  белсенділігі байқалады. Ой әрекетінің  белсенділігі оқу тапсырмаларын орыдауынан  да жақсы көрінеді.  Спорт, әсіресе, қозғалыс ойындарына бір ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын  да осылар. Мұндай балалардың көбінің мінездері  сотқар, шалдуар келеді.Өз эмоциялары мен қимыл - қозғалыстарын билей, алмай, қабынып “ күйіп –пісуге” дайын тұрады. Ашуы шапшаң, қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге  әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде дауысы қатты шығып кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик  темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез беріледі, ызақор ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір  көзінен,  тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.

4. Меланхолик  темпераменті  басым  оқушының ерекшеліктері. Сол нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенмен,  онысы терең және ұзақ  уақытқа  созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі оқиғалардың  бәрін үлкен әсермен  қабылдап, оларды көп ойлайды.  Мәселен, мұғалім оны тақтаға  шақырып  есеп шығартса,  мұның  өзі оған кейде әлдеқандай зор әсер етеді.  Ол кейде  қызарандап   ұялады, егер мұғалімнің тапсырғанын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін  бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім сыныптағы балалардың  көзінше оған ұрсатын болса ( бұлай ету әрине дұрыс емес), мұндайда бала төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын  жағдайға  ұшырайды.Ол  көпке дейін булығып, белсенді сөз айтудан қалады. Меланхолик  темпераментіндегі  оқушы,көбінесе, өз жолдастарының арасындай  көзге түспей, жай ғана  жүріп-тұрғанды ұнатады,”мен” деп ешқашан  ұмтылмайды. Ол  ұялшақ, тартыншақ, тұйық  болғандықтан, көпшіліктен аулақ тжүргенді жақсы көреді. Мектепте  осындай балаларды құрбы – құрдастары “қорқақ”, “сылбыр”, “үндемес”, ”маубас”т.б. деп келеке ететін кездері  де болады.  Ол  жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр, қисық келеді. Әр  адам сыртқы  дүниенің  сансыз  тітіргендігіштерше  өз әлінше  түрліше  жауап  қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын  көрсетумен қатар, біртіндеп  бике келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне  айналады. Сөйтіп, әр адамда әр – түрлі  мінез бітістерінін  болуы оның сыртқы  ортамен түрліше қарым –қатынас  жасауының нәтижесі болып табылады.

    Адамның сыртқы  ортамен  байланысуы  үшін  жасайтын  осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.

   Адамның үйреншікті  әдеті болып  қалыптасқан мінез  бітістерінің  кейде оның   сыртқы ортамен  жасайтын негізгін  қатынастарына  сәйкес келмейтін  кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тамыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез  қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің  жүйке  жүйесінің  тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен  әдеттерінің  жатуы ықтимал.

    Мінез – адамның  негізгі өмірлік бет алысын  және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын  сипаттайтын сапалы өзгешілік. Ол көп қасиеттің бірлігі,  түрлі өзгешеліктердің  қосындысы, сонымен қатар,  адамды әр қырынан көрсететін қасиет.  Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері  болып  табылғанмен, мұның кез – келгені  мінездің бітістері  болып саналмайды.

   Мінезді  даралық  өзгешіліктін  өзегі, адамның  негізгі  тіршілік  бағытының өрнеуге  деуге болады.  Мінезде  адамның  сыртқы  ортамен  қарым – қатынасының  тарихы  бейнеленеді. Мінез – кең мағыналы ұғым. Онда түрлі саналар   тоғысып  жатады. Мінездің  моральдық  жағынан  тәрбиелілігі,  бірқалыптылығы,  толықтығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы – оның  негізгі  сапалары болып  есептелінеді.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері