Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 21:32, курсовая работа
Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу-танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерінөмірде пайдалану білуі болып табылады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы.
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының жетекші іс-әрекеті.........................7
1.2. Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық процестері және олардың көрініс беруі...........................................................................................13
2 тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері.
2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға қызығушылығының ерекшеліктері.........................................................................................................41
2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекеттерін зерттеу....................................................................................................................48
2.3. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға танымдық қызығушылы- ғын дамытуда мұғалімнің атқаратын жұмысы...................................................53
Қорытынды............................................................................................57
Пайдаланған әдебиеттер.................................................
Оқу –мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланыты.
Баланың оқу әрекеті-күрделі, жан –жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б, психикалық үрдістерімен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек.
Баланың ақыл-ой
еңбегін белгілі жүйемен
Егер бала әрбір оқу жұмысын ( тапсырмасын) не үшін қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе,онда оқушы әрекетінің саналығы артады.
Оқу жұмысының мақсат - міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс падалануға. өз әрекетін қадалауға (бақылауға) бағалауға қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор.
Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағыталған ойлаудың жалпы амал- тәсілдерін меңгерту. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болуға табылады. Оқу әрекетінін белгілі құрылымы мыналар:
1.Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар).
2.Оқу әрекеттері ( баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл амалдары ).
3.Бақылау ( оқушылардың өзін
– өзі қадағалап тексеріп
4.Бағалау ( мұғалімнің және оқушының өзіне өзі берген бағасы).
Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады.Ойлау - баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі.Ойлау – баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбыластардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды,заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау – нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау- белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен –өзі қалыптаспайды. Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет.
1.2. Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық процестері және олардың көрініс беруі
Мектепке бару-бала өміріндегі шешуші кезең. Ол өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-қатынастарға көшу болып табылады.
Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан
аттасымен-ақ оқушы болады.
Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерден үймен немесе балабақшамен салыстырған- да, әдеттен тыс жаңалықтар кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінін жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың кластағы .мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды. Тәжірибиелі ұзтаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар: баланың класқа келген алғашқы күнінен -ақ оған оқушының сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да нақты мағынада түсіндіру керек.
Балаға оның жаңа көзқарасының, міндеттерінің және правосының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету бірінші класс оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты болса, балалар өз өмірінің, жаңа кезеңінің ерекшеліктерін сезбейді, бұл лардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін
Баланың ішкі позициясының екінші жағы оның білім мен іскерлікті игеру процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде шын мәнінде ойын кезінде өзі қалған адам (ұшқыш аспаз,шофер) болуы үшін оқудың қажет екендігі туралы пікірге, оның мектепке дейін ақ бойы үйрене бастайды. Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердін нақтылы құрамын, әрине сезбейді. Оның білімге деген пайдақорлық-прагматикалық көзқарасы әлі болмайды. Ол жалпы білімге, қоғамдық және құнды деп ойлайтын білімдерге ұмтылады. Баланың айналасындағыларды білуге құмарлығы теориялық ықыласы осыдан көрінеді. Оқудың негізгі алғы шарты ретіндегі бұл ықылас баланың бойында оның ең өріс алған ойын әрекетін қамтитын мектепке дейінгі өмірінің барлық сәттерінде қалыптасады.
Алғашқы кезде оқушы нақтылы оқу пәндерінің мазмұны мен шын мәнінде әлі таныс емес. Олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы әзірге жоқ. Олар тек математиканы, грамматиканы және басқа пәндерді терендеп оқу кезінде қалыптасады. Әйтсе де бала алғашқы сабақтардан бастап-ақ тиісті мағұлматтар ала бастайды.бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы білім алуға деген ынтаға сүйенеді. Ынталықтың жеке дара көрінісі бұл жағдай математикада немесе граматикада байқалады. Мұғалімдер бұл ынталықты алғашқы сабақтарда дереу пайдаланады. Осының арқасында бала үшін сандардың тіркестілігі, әріптердің реттілігі және т.б.сияқты шын мәнінде ұзын-сонар, дерексіз жайлар туралы мағлұмат алу қажетті де маңызды бола бастайды.
Баланың
білім қазыналарын интуициялық
қабылдауын мектептегі оқудың
алғашқы күнінен бастап, ендігі
жерде математика, грамматика және
басқа пәндерінің өздерінің
Осылайша, мектеп
өмірінің алғашқы кезеңіне
Бірінші класс оқушыларының бастан кешіретін қиыншылықтары негізгі үш тиіпке бөлінеді. Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты (дер кезінде ояну және тұру керек,сабақты жіберуге болмайды барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т.б.). Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық – физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ат-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсініктіде айқын жеткізуі,олар дың орындалуын әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.
Бірінші класс оқушылары
бастан кешіретін қиыншылықтардың
екінші типі мұғаліммен,
кластағы жолдастарымен, отбасында болатын
қарым-қатынастардың сипатынан туындайды.
Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта
және мейірбан бола отырып, мұғалім
қайткенмен беделді де қатал
тәлімгер болып табылады,ол белгілі
бір мінез – құлық ережелерін ұсынып,
одан ауытқудың қандайын болса
да тоқтатып отырады. Ол үнемі
балалардың еңбегіне баға береді.
Мұғалімнің
позициясы мынадай: бала оның
алдында қандай да бір
Тәжірбиелі мұғалім барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр баланыңбұл талаптарды орындауының өзіндік жеке – дара ерекшеліктерін мұқият бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының “астарына” көз жүгіртіп, олардың шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі. Балаларды тек осындай арнайы зерттеудің негізінде ғана оларға әсер етудің белгілі бір нақтылы әдісін таңдап алуға болады, бұл әдістің мақсаты барлық бірінші класс оқушыларын сабақ үстінде тыныш, ұстамды болу мінез-құлық әдетіне, сабақтардың жалпы қарқынын сақтауға мұғалімнің ескертулеріне іскерлікпен жауап беруге тәрбиелеу болып табылады. Түптеп келгенде осының бәрі мұғалімге және оның іс-әрекетін сенуді тәрбиелеуге келіп саяды.
Мұғалім барлық балаларға бірдей қарап,бәріне бірдей талап қойғыш болғанда,нашар оқитындарды еңбек сүйгіштігі үшін мадақтап,жақсы оқитындарға өзіне тым көп сеніп кеткені үшін басу айтып отырғанда ғана кластағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы ойдағыдай болады. Бұл кластың ұжымдық жұмысына психологиялық жағынан жақсы жағдай жасайды. Мұғалім ықыластарының ортағы бойынша (олар маркалар жинайды,қуыршақ театрымен айналысады), сыртқы өмір жағдайларын ортақтығы бойынша (балалар бір үйде тұрады бір партада отырады) және т.б. бойынша балалардың достасуына қолдап отырады.Бала мектепке келгенне кейінгі алғашқы айлардағы тәрбие жұмысының маңызды мақсаты – класс содан соң мектеп оған бөтен адамдар тобы емес, қайта құрбыларының өзінен кіші әрі үлкен жолдастарының тілектес те қайырымды коллективі екендігін оның бойына дарыту.
Баланың мектепке
барумен оның отбасындағы жағдайы
өзгереді. Оның жаңа міндеттері
мен жаңа праволары пайда
Бала олармен санасып,үй іші істерінің жалпы ағымында өзінің мектептегі қақтығыстарын шамадан тыс көрсете бермеуі керек.
Қиыншылықтардың үшінші типін біоінші кластағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқы да олар сабақ басталардан көп бұрын мектепке қуана барды,кез келген жаттығуларға ықыласпен кірісті, мұғалімнің берген бағасына мақтанысты: олардың білімді игеруге жалпы даярлықтары сезіліп тұрады. Бірақ 1-інші класста оқу процесі әдетте балалар белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сақтап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасалған. Әдетте бұл білімдерге деген қажеттілік арнайы қарастырылмаған. Әрине мұндай жағдайларда баланың ақыл-ой ізденісінің өрісі тар,таным дербестігі айтарлықтай шектеулі болады. Осыған ұқсас сабақтарда оқу материал- дарының өзіне ықылас нашар қалыптасады.мектептің сыртқы атрибуттарына үйрену дәрежесіне қарай балада оқуға деген алғашқы құштарлық өте бастайды да осының осының нәтижесінде селқостық пен немқұрайдылыққа салынады. Мұғалімдер кейде материалға сырттай қызықты элемент енгізе отырып, оларды жеңуге тырысады.Бірақ бұл әдіс аз уақыт қана ықпал етеді.
Оқуға “тоюды”
болдырмаудың ең сенімді әдісі
балалардың сабақтарда
Мектепке келген
жаңа бала даралық сапаларымен
таңыла отырып, бір ортаға бейімделіп,
төселеу кезеңін бастан
Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері