Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 21:32, курсовая работа
Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу-танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерінөмірде пайдалану білуі болып табылады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы.
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының жетекші іс-әрекеті.........................7
1.2. Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық процестері және олардың көрініс беруі...........................................................................................13
2 тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері.
2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға қызығушылығының ерекшеліктері.........................................................................................................41
2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекеттерін зерттеу....................................................................................................................48
2.3. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға танымдық қызығушылы- ғын дамытуда мұғалімнің атқаратын жұмысы...................................................53
Қорытынды............................................................................................57
Пайдаланған әдебиеттер.................................................
Мектеп – бала мінезінің жақсы жақтарын жүйелі түрдедамытып отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез – құлқының қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Оқушылардың мінезін тәрбиелеудегі басты міндет – олардың жан – жақты болып өсуін, мінез –құлқының әлеуметтік мәнге ие болу жағын кездестіру. Бұл үшін мұғалім жас ұрпақтың адамгершілік идеалын (мұрат) баяндайтын нманшарт принциптерін басшылыққа алып, тәрбие жұмысының жоспарын сонда көтерілген мәселелердің төңірегіне құруы тиіс. Иманшарт мінезді қалыптастырудың да тамаша программасы. Осында көрсетілген моральдық қасиеттерді бала жанына егіп, оны мінез –құлықтың үйреншікті әдетіне айналдыру – мұғалімдер мен ата –аналар үшін абыройлы іс Мінез тәрбиесі... жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз (М.Жұмабаев).
Адамның мінез бітістерінің түрлері қанша көп болса, бұларды тәрбиелеудің жолдары менәдістері де сан алуан.
Мінез бітістерін тәрбиелеу әдістерін бірнеше топқа бөлінеді. Осындай әдістердің біріне адамдардың санасына әсер ету, яғни сөзбен ұғындыру әдісі жатады.Осы әдіс арқылы адамға қажетті мінез – бітістерінің қандай болатындығы, бұларды қалайша тәрбиелеу қажетігі түсіндіріледі. Оқушылардың санасына сөзбен ұғындыру арқылы оқушылардың дүниетанымы мен сенімін, талғамы мен мұраты қалыптастыруға мүмкіндік туады. Ол үшін көркемдік әдебиет, газет – журнал шығармаларын, радио, кино, телевизор тағы басқаларды ретімен пайдаланып отыру – мінез тәрбиесі үшін таптырмайтын құралдар. Бала мінезін тәрбиелеуде отбасының, ұжымның ұлы адамдардың өнегесінің алатын орны да ерекше. Осы әдістердің ішінен бастылары мына төмендегілер:
1) Халқымыздың әр заманда ғұмыр кешкен ардагер перзенттерінің (Әл Фараби, Асан – Қайғы, Қабанбай, Бөгембай ,Абылай, Төле би,
Қазыбек би, Әйтеке би, Амангелді т.б.) үлгі - өне–елеріне тәрбиелеу – осындай әдістердің негізгілерінің бірі. Бұлардың өмір жолы, моральдық тұлғасы – жоғары идеалдықтың, батылдық пен ерліктің, табандылық пен ұстамдылықтың, халық ісіне қалтықсыз берілгендіктің тендесі жоқ өнегелері.
2) Балалар ұжымы (“Атамекен” т. б.) оқушы мінез бітістерін дамытатын және оны тереңдете түсетін шешуші фактор. Белгілі дәстүрі, жұмыс стилі бар ұжымы өзінің әрбір мүшесіне түрлі талаптар қояды, олардың орындауын үнемі қадағалап отырады. Келе –келе ұжымның жеке адамға қоятын талабы сол адамның өзіне – өзі қоятын талап – тілегіне де айналатын болады.
Ұжым адамның алдына мақсат қоя білуді, сондай – ақ, ол мақсатты қалай орындау жолдарын да үйретеді. Ұжым адамға жол көрсетіп қана қоймайды, оны теріс қылықтан да сақтандырады, түрлі қйыншылықтарды жеңуге жәрдемдеседі. Ұжымда өмір сүре білу, бір жағынан іс – әрекетін жеңілдетіп, оны өрге бастырса, екінші жағынан, оның өз күшіне сене білу мүмкіншілігін де қалыптастырады. Жалғыз адам еш уақытта да алдындағы қиыншылықтар мен кедергілерді жеңе алмайды. Сондықтан ол өз мақсатына жетуге үнемі ұжымның көмегіне сүйеніп отыруы қажет.
А.С. Макаренко кезінде жақсы ұжым ұйымдастыра алды. Мұнда ол әрбір тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына ұжым ішінен тиісті орын тауып беретін. Сонымен қоса, ұжымның пікірімен санасып, осы арқылы жеке тәрбиеленушілерге ықпал жасап отырады. А.С. Макаренко адам мінезінің кемшілік жақтарын әділ бағалайтын ең негізгі төреші – қоғамдық пікір деп тұжырымдады. Ұжым ішіндегі тәрбиеде түрлі әдістерді өте шебер пайдаланып, жарамсыз қылық жасағандарды ұжым талқысына салды. Тентектік жасаған балалармен жеке, не ұжым ішінде әңгімелесу, не күні бұрын белгіленген әңгімеге шақыру т.б. неше түрлі әдістерді жүргізіп отырған. А.С.Макаренконың шәкірт мінезін тәрбиелеудегі шебер әдістерін талап етеді. Ұжымдық сезім жеті – сегіз жасар балада онша дами қоймайды. Бұлар “біз” деудің орнына “мен” деп айтқанды жақсы көреді. Мәселен, мектеп есігін тұңғыш ашқан бала мұғалімнің бүкіл сыныпқа жасаған ескертуін өзіне қатысы жоқ деп есептейді. Балаларға “біздікі ” деген ұғымды үйретудің өзі мұғалімнің үлкен шеберлігін қажет етеді. Мұндайда мұғалім барлық нәрселердің жалпы жұртқа ортақтығына баса назар аударады. Мәселен, балалардың тұратын үйі, мектеп, емхана, транспорт т.б. нәрселердің бәрімізге ортақ екендігін айтып түсіндіреді. Мектеп айналасына басқа балалармен бірлесіп гүл егетін болса, енді оны “біздің гүліміз” деп үйрету қажет. Осындай алғашқы тәрбиелік істер қайталана берсе, біртіндеп баланың мінез бітісі қалыптасады үшінші, төртінші сынып оқушылары мектеп жұмысына белсене араласа бастайды. Сондықтан да олардың ұжымдық қасиеті анағұрлым жоғарылай түседі.
3) Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде еңбектің алатын орны ерекше.
Еңбек үстінде адам өзіне қажетті материалдық игіліктерді өндіру мен бірге өзінің психологиялық қасиеттерін де дамытып отырады. Еңбек арқылы адамның өзіне – өзі қызмет етуіне практикалық және психологиялық жағынан әзір болуы, адамның істегі дербестілігі, ынтасы, тапқырлығы, инициативасы қалыптасады.
Адам еңбек етпесе, моральдық жағынан азғындап бұзылады, пасық істерге барады. Еңбек әрекетінің болмауы жалқаулыққа әкеліп соғады, ондай адамның өмір сүруі мақсатсыз болады да бұдан надандық, топастық, арамдық, зұлымдық сияқты небір жағымсыз қасиеттер келіп шығады. Тек, қажырлы творчестволық еңбек қана адамды осы кемшіліктердің бәрінен сақтандырады, оның моральдық жағынан кіршіксіз таза болуына жағдай жасайды.
Адам тек еңбек ету арқылы ғана өзінің алдындағы мақсатын айқын сезіне алады және оған жете алатынына сенімі мол болады.
4) Оқушыларға талап қоя білу, оның нәтижесін қадағалау.
Оқушыларға талап қойып отыру, оның нәтижесін қадағалау баланың мінезін тәрбиелеудегі басты әдістердің бірі. Өйткені адамға тиісті талап қойылмаса, тапсырылған іс қадағаланбаса, берекесіздік туады. Адамға, тіпті, кішкентай кезінен бастап түрлі талаптар қойып, міндеттер жүктеп отыру оны жауапкершілікке, өзінің борышын түсіне білуге тәрбиелейді. Талап қою, міндет жүктеу бала оқуға түскеннен кейін ерекше байқалатын болады. Мәселен, жеті жасар бала мұғалімнің тапсырмаларын орындауға дағдыланады, оның талап – тілектерін орындау оқушы үшін заң. Міндет алу, басқа адамның талабын мүлтіксіз орындап шығу – үлкен жауапты іс. Осы айтқандарға орай, баланың психикасы да күот өзгере бастайды. Өйткені мектепке дейінгі тәрбиеде шын мәнісіндегі талап қоюшылық – міндет алушылық болмайды. Міндет алу, талаптарды орындау оңай емес.Талап қоюдың түрлі әдістерін адамның дара ерекшеліктеріне қарай әр жағдайда түрліше пайдаланып отыру қажет. Талап қоюдың қарапайым түрі балаға өз міндеті туралы жайлап ескерту, ал мұның жоғары түрі кесімді түрде бұйыру. Адам талап қою, оны бір нәрседен сақтандыру тыйым салу түрінде де болып отырады. Дұрыс талап қоя білудің тиімділігі, тәрбиелік мәні ұстаздың байыптылығына да байланысты.
Талап қоя білу – үлкен өнер. Оқушыларға жөндеп талап қоя алмайтын, қойса да оны орындауды аяғына дейін қадағаламайтын , тіпті оған қалай болса солай қарайтын мұғалімдер де кездеседі. Дұрыс талап қоя алмайтын мұғалімнің сынып ұжымын ынтымақтыққа, бір ауыздылыққа тәрбиелеу алуы да қиын. Балаға дұрыс талап қоя білумен қатар, оның іс – әрекеттерін қадағалап отыру да қажет. Баақылау жүргізу оқу іске жауапкершілігін арттырады, өзіне деген сенімін күшейтеді, әрекетінің қоғамдық маңызын аңғара білуге, сөз бен істің арасындағы алшақтықты жойып отыруға мүмкіндік береді.
Оқушыларға талап қоюмен олардың іс – әрекетіне бақылау жүргізуде мұғалім мына төмендегілерді ескеріп отырады. Біріншіден, әр уақытта күмәнсіз орындалатын нәрселерге ғана талап қойылуы қажет. Балаға ауыр талап қою, оның шамасы келетін – келмейтінін ескермеу әрқашанда да жақсы нәтиже бермейді. Сондықтан талап дәл, анық, нақтылы, болып, одан қайшы пікірлер орын алмауы тиіс.Екіншіден, талап ықшам сөздермен қойылып, оның орындалу жолын бала жақсы түсінсе ғана нәтижелі болып орындалады.Үшіншіден, талап баланың ожданын сыйлау жағдайында қойылғаны жөн. Осы айтылғандар ретіне қарай жүзеге асырып отыру,мұғалім мен ат – ананың шеберлігін қажет етеді.
5) Оқушының мінез бітістерінің қалыптасуында дене шынықтыру жаттығулар мен тұрақты күндік режимнің де тигізетін пайдасы мол.Дене шынықтыру жаттығулары адамдарды ерлік пен батылдыққа табандылық пен өз күштеріне сене білуге тәрбиелейді.Жүзу, суға қарғу, жарысу, секіру, жаяу және шаңғы жорықтарына шығу тағы басқалары адамдардың мақсатқа ұмтылушылығын, жүректілігін, шыдамдылығын, өзіне – өзі меңгеру алу қабілетін, бір сөзбен айтқанда, ден күшіне түсетін барлық қиыншылықтарды жеңе білу шеберлігін қалыптастырады, аса қиын жағдайларда да шыдамдылық көрсетуге, төзе білуге машықтандырады. Үнемі спортпен айналысатын адамдардың жұмыс қабілеті де күшті болады. Олар күш – қуатының молдылығымен, үнемі шат көңілділігімен көзге түседі.
Дене шынықтыру мен спорт жаттығулар біздің күнделікті әдетімізге сіңсе ғана адамға қажетті жақсы мінез бітістерінің қалыптасуына жәрдемін тигізеді. Ал онымен оқта – текте айналысу, ерік – жігерінді жасытып, мұқалтып жіберуге себепші болады.Олай болса, мұндай жаттығуларды адам өзінің күндік режимінің тұрақты бір бөлегі етіп, онымен өмір бойы шұғылданып отыруы қажет.
Бұл жерде мұғалім ұлы адамдардың өмірін оқушыларға үлгі – өнеге етіп отыруы тиіс. Көрнекті қайраткерлер Л.Толстой, И.П.Павлов, К.А.Тимирязов, Қ.Сәтпаев, С.Әуезов, т.б. жас күндеріне бастап дне шынықтыру жаттығулармен күндік режимге ерекше көңіл бөлген. Бұл айтылғандарды олар үнемі қатаң сақтап, мұқиятылықпен орындап отырған. Мәселен, Л.Толстой өле – өлгенше гимнастика жасап келген. Ол 82- жасында атқа жақсы шапқан, күніне қатарына 10 сағат жұмыс істесе де, өмірінде шаршау дегенді білмеген .
Мұғалімдер дене шынықтыру сабақтарында түрлі кедергілерді жеңе білуге сенімін арттырып, жаттығу сабақтарын методикалық шеберлікпен өткізіп отыруы тиіс. Оқушының үнемі жеңіске жету рухын да тәрбиелеу, бастаған ісін аяғына дейін апаруға машықтандыру, оныңи ден шынықтыру мен спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру – бұл бір жағынан баланы күшті ерік пен жақсы мінезге тәрбиелеп отырудың и жолы екенін мұғалім есінен ешқашан да шығармайтын болсын.
Бала мінезін тәрбиелеу мұғалімнің жаңашылдығы мен шығармашылығын үнемі қажет ететін, бұл жолда ылғи жалықпай, қажымай әрекет етпейінше, тиісті нәтиже шықпайтын өте жауапты жұмыс болып табылады.Мінезді шынықтырып тізге салатын амал – тәсілдер де аз емес. Мәселе бұларды әр адамның жеке дара өзгешіліктері мен нақтылы өмір сүру жағдайларына орайластыра пайдалана білуде.Осындай әдіс – тәсілдерінің қатарына ата – ана мен ұстаз атаулының жеке өнегесі, кісінің ұстаған бағыты, сөзі мен ісінің, танымы мен сенімінің бірлігі, жас өркеннің өзін – өзі тәрбиелеуі, әртүрлі мінез міндетін (жалқаулық, осалдық,, жасқаншылық. Жасықтық, езбелік т.б.) бойға ұялтпау – мінез тәрбиесіне байланысты жүргізілетін іс – шаралардың бір тобы.
Күнделікті ауызекі сөзде ”қабілет” деген атауды жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады. Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық , екіншісінің – музыкалық, үшіншісінің – суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеті бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс – әрекетті орындау үстінде, әсіресе, оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолға алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимылдап әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші дамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр. Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың қабілет саласында тең емес екенін дәлелдейді.
Бастауыш сыныптарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына кең жол ашады.Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының ыждағаты мен бейімділігін. Оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге орайластыра жүргізгені дұрыс.
Кейбір мұғалімдер баланың қабілеттілігін оның оқу материалдарын тез ұға алушылығымен ғана байланыстырады. Бұл жерде мұғалімнің аса сезімталдығы қажет, өйткені нерф жүйесінің, тума қасиеттеріне байланысты табиғатынан баяу (флегматиктер мен меланхоликтер) болып келетін балаларда аз емес .Осындай баяу ойланып жауап беретін балалар қабілетсіздер қатарына қосылатын болса, бұл педагогикалық тұрғыдан өрескел қате болып есептеледі.
Бала қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан. Бұларды нақты жағдайларға байланысты (оқушылардың жас, дара ерекшеліктері, тұрған жері, отбасы жағдайы,т.б.) жүргізе білу әрбір мұғалімнің жеке творчестволық ісі.Мәселен, мұғалім жүргізетін осындай жұмыстардың бірі – оқушылардың оқу әрекетін тартымды мазмұнды, қызғылықты етіп ұйымдастыру.Әсіресе, төменгі сынып оқушыларының бейімделіктерін, қызығуларын көре білумен қатар, оларды барынша көтермеліп, белсенділігін үнемі арттырып отырған жөн. Мәселен, мұғалім жақсы үлгіретін оқушыларға таланты көбірек қойып, қосымша тапсырмалар беретін болса, “орташа” қабілеті бар балаларды да бақылаудан тыс қалдырмаған дұрыс. Кей жағдайларда осындай балалардың табиғи мүмкіндіктері жеткілікті болғанымен, мұғалімнің назарынан тыс қалып қояды да,”орташа” оқушы болып кете береді. Сондықтан да оқушының келешегіне зор үмітпен қарау керек. Мұғалім оқушылардың практикалық қабілеттерін дамытып отыруды да ұмытпауы тиіс. Бұл үшін ол оқушыларға қоғамдық тапсырма береді, оның орындау сапасын тексереді, сондай – ақ баланың ыждағаттылығын, ұқыптылығын қадағалап, оның қабілетінің дами түсуіне бағыт көрсетіп отырады.Баланың практикалық қабілеттерін дамытуда мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы, еңбек, ден шынықтыру, айтыс, диспут, ән – күй сабақтары таптырмайтын шаралар болып табылады.
Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері