Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 11:09, курсовая работа
Қоғамда болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзден бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық потенциалын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы біздің ойымызша, ел дамуының әдіснамалық тұжырымдамасы. Ал, бұл өз кезегінде мәртебелі, әдіснамалық мәдениетті жасаушылардан проблемаларды талдауды талап етеді. Осыған орай, бір жағынан алғанда, үздіксіз білім жүйесіні теориялық-әдіснамалық мәселелерін талдау «Қазақстан -2030» бағдарламасын жүзеге асыруды ғылыми тұрғыда қамтамасыз етудің көкейкесті міндеті болып отыр
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..............................................................................7
1.1.Оқыту әдістерін және оларды топтастыруға жалпы сипаттама.................7
1.2.Қазіргі мектептерде қолданыс тапқан жаңа әдістер.................................17
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ –ҰСТАЗ ШЕБЕРЛІГІ................................................................31
2.1.Дене шынықтыру сабағында тиімді әдістерді таңдай білу педагогикалық
шеберлікке апарар жол.......................................................................................31
2.2.Қазіргі мектептердегі оқыту үрдісінде әдістерді тиімді қолданудағы
іс-тәжірибелер.....................................................................................................40
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................48
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................52
Ал, адамның белсенді де дербес іс-әрекетінің шегі жоқ. Тұтас педагогикалық процесс мұғалім мен оқушы арасындағы өзара тығыз байланысты іс-әрекетпен сипатталады. Бұл жерде еске алатын нәрсе мұғалімнің қызметінің ерекшелігі өсіп-дамып келе жатқан жас адамның ішкі жан дүниесін үнемі сезе білуі. Сондықтан ешбір оқулық та, бағдарлама да мұғалім мен бала арасындағы жанды ынтымақтастықты алмастыра алмайды. Бұдан туындайтын ой: бүгінгі мектептегі педагогикалық үрдісте мұғалімді де, оқушыны да бірдей шығармашылық позицияға қоятын педагогикалық ситуация туғызу.
Кезінде көрнекті ғалым-педагог Б.П. Есипов мұғалімнің еңбегіне мән беріп, оқушылардың шығармашылық еңбегі бір нәрсені жасау, табумен ғана шектелмей, оның сол жаңаны табуға, жасауға жету жолында шеберлігін, әдісінде қамтитынын түсіндірген [5.78].
Педагогикалық-психологиялық және философиялық, социологиялық зерттеулерде әсіресе, соңғы жылдары дүниежүзілік іргелі ғылыми жаңалықтар негізінде білім беру жүйесіндегі білімдарлықпен қатар, мысалы, ғылым саласында Нобель сыйлығының лауреаттары басқа елдермен салыстырғанда сан жағынан АҚШ-та басым. Өйткені, АҚШ-тың білім беру жүйесінде шеберлік, шығармашылық жоғары сатыға қойылған. Мектеп тәжірибиесінде оқушылардың таланты мен қабілетінің дамуына, олардың ойлау іс-әрекеттері мен дербес идеяларының орындалуына оқу процесін ұйымдастыру барысында да, сабақтан тыс жұмыстарда да мұғалім тарапынан ешбір тежелу жасалынбайды. Ал, мұндай жағдай балалардың мектеп жасынан бастап-ақ қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік туғызады да, таланттардың шығуына жол ашады.
Сондықтан біздің
еліміздегі болып жатқан өзгерістер
барысында мұғалімдердің
Шеберлік, шығармашылық
– бұл белгілі қатынастар арқылы
өзара байланысқан және өзгеру жағдайында
педагогикалық міндеттерді
Педагогикалық шеберліктің іске асуы байқалатын тәжірибиені мақсатты да белсенді түрде пайдалануға байланысты. Шеберліктің ең жоғарғы деңгейіне жетудің жолы жан-жақтылық пен оның құрамына енетін педагогикалық әрекеттердің бір-біріне ауысуымен сипатталады.
Басқа мамандық иелеріне қарағанда мұғалімдердің өз білімдерін және жұмыс әдістерін жаңартып отыруы – мамандық заңдылығы. Сондықтан, мұғалім педагогикалық әрекеттерді іске асыру әдістерін меңгеруі тиіс.
Мұғалім өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашылықпен еңбек ететін, педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіретін маман.
Педагогикалық шеберлік – идеялық-саяси бағыттың, жалпы мәдениеттің, мамандық білім, іскерлік дағдының, ұстаздық тәжірибенің жиынтығы. Педагогикалық шеберлік- кейбіреулерге ғана табиғаттың таңдап берген сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құмарлығынан туындайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы [9.87].
Оқу- тәрбие негізгі сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс.
Сабақ – бұл логикалық аяқталған, толық белгілі уақытпен шектелген оқу-тәрбие процесінің бір бөлігі. Онда оқу-тәрбие процесінің барлық элементтері енгізілген: мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары, ұйымдастырылуы.
Сабақтың сапасы осы аталған эелементтердің әрқайсысының дұрыс пайдалануынан тұрады.
Сабақты жоспарлаған кезде тек қандай білім беру керектігі ескерілмей, қандай дәрежеде қабылдау керектігінде ескеру қажет.
Қазіргі сабақтарға төмендегідей талаптар қойылуы тиіс: