Қазіргі мектептердегі оқыту үрдісінде әдістерді тиімді қолданудағы іс-тәжірибелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 11:09, курсовая работа

Краткое описание

Қоғамда болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзден бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық потенциалын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы біздің ойымызша, ел дамуының әдіснамалық тұжырымдамасы. Ал, бұл өз кезегінде мәртебелі, әдіснамалық мәдениетті жасаушылардан проблемаларды талдауды талап етеді. Осыған орай, бір жағынан алғанда, үздіксіз білім жүйесіні теориялық-әдіснамалық мәселелерін талдау «Қазақстан -2030» бағдарламасын жүзеге асыруды ғылыми тұрғыда қамтамасыз етудің көкейкесті міндеті болып отыр

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..............................................................................7
1.1.Оқыту әдістерін және оларды топтастыруға жалпы сипаттама.................7
1.2.Қазіргі мектептерде қолданыс тапқан жаңа әдістер.................................17
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ –ҰСТАЗ ШЕБЕРЛІГІ................................................................31
2.1.Дене шынықтыру сабағында тиімді әдістерді таңдай білу педагогикалық
шеберлікке апарар жол.......................................................................................31
2.2.Қазіргі мектептердегі оқыту үрдісінде әдістерді тиімді қолданудағы
іс-тәжірибелер.....................................................................................................40
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................48
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................52

Прикрепленные файлы: 1 файл

смагулов дипл.раб..doc

— 528.00 Кб (Скачать документ)

-жетістіктің  жариялылығы;

-тәрбие мен  оқытуды байланыстыру;

 

Мақсаты:

1.Білім,білік,дағдыны қалыптастыру;

2.Жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балаларды оқыту;

3.Жеделдете оқыту.

 

Бұл оқыту әдісінің ерекшелігі:

1.Материалдар ірілендіріліп беріледі;

2.Блоктық түрде беріледі;

3.Оқу материалын тірек сызбалары-конспектілеу арқылы беру

4.Берілетін ақпаратты, ойды айқын бейнелейтін тірек конспетісі.

Оқыту үрдісінің  технологиялық тұрғыда жүргізілу  үлгісі:

Теориялық блок[5.12].

 

     Практикалық жұмыс(жаттығу)-Практикалық жұмыс(есептер шығару, жаттығу жұмысы)-НӘТИЖЕ:білім, білік, дағды және өзіндік басқару, әрекет, нақты жүйе.

1.Теориялық білімді сыныпта беру:тақтада баяндау, сызбалар арқылы түсіндіру, өз конспектісі бойынша жұмыс жүргізу.

2.Үйге өзіндік жұмыс:тірек конспектісі, оқулық, ата-аналардың көмегі.

1-ші қайталау:барлық  оқушылар конспектігідегіні жатқа  меңгеруі, жаппай бақылау, бір  мезгілде таспа бойынша сұраққа  жауап алу. Жазба жұмысынан  соң ауызша дауыстап сұрау.

 2-ші қайталау: жинақтау және жүйелеу; өзара бақылау сабағы; алдын ала сынақ сұрақтарының тізімін әзірлеу, дайындық жүргізу, бақылау жұмысының барлық түрін пайдалану, өзара сұрау және өзара көмек,ойын элементтерін пайдалану.

Бұл оқыту әдісінің тәрбиелік мәні:

1.Еріктілік

2.Еңбексүйгіштік

3.Өз күшіне сену

4.Қабілеттілік

5.Жауапкершілік

6.Адалдылық

7.Жолдастық қасиеттер қалыптасады.

 

     Оқытудың ұжымдық әдісі

Мақсаты:

     Әр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Өзін-өзі басқаруға, байқампаздыққа жетелеу.

Ерекшелігі:

1.Жекелей оқыту

2.Жұптық оқыту

3.Топтық оқыту

4.Ұжымдық оқыту

 

Оқушы-оқушы

Оқушы-оқытушы

Оқушы-үйретуші міндеттерін атқарады.

Талаптары:

-Әр оқушының  еңбегі пайдалы болу керек.

-Өзінің ғана  емес басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау.

-Өзі оқи отырып  өзгені оқыту

-Түсінбегенді  түсіндіру, меңгергенше меңгерту.

Оқыту әдісінің жүргізілу кезеңдері:

 

1.Тапсырмаларды даярлау кезеңі :

-берілген  тапсырмамен  танысу;

-шағын бөлімдерге  бөлу;

-әр бөлімдерге ат қою;

-жоспар құру;

-жоспарға сүйене  отырып, текст мазмұын меңгеру;

-тексеру сұрақтарын  даярлау;

 

2.Тапсырманы  екінші оқушыға түсіндіру кезеңі:

-тақырыптың  мақсаты не?

-жоспармен таныстыру;

-мазмұнын түсіндіру;

-бақылау сұрақтары  бойынша түсінгенін зерттеу;

3. Өз бетінше жаттығу  жазу, тәжірибе жасау, есеп шығару, шығарма жазу, түсінгенін баяндау  кезеңі;

 

Оқыту әдісінің тәрбиелік  мәні:

  1. Өзін-өзі басқару ;
  2. Өзін- өзі қызмет ету;
  3. Жауапкершілікті сезіну;
  4. Басқаның еңбегін бағалай білу;
  5. Ұқыптылық;
  6. Белсенділік;
  7. Адалдылық;
  8. Байқампаздық;
  9. Зейінділік;
  10. Ынтымақтастық;
  11. Ұжымдық;
  12. Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін принципінің орындалуы.

 

Оқытудың білім  беруді ізгілендіру әдісі (Ш.А.Амонашвили бойынша)

Мақсаты:

     Баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу.

Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдылық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасау.

 

Ерекшеліктері:

    1. Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдамалады;
    2. Бала психакасы дамуға, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру;
    3. Әсемдікті, әдемілікті сезіну,қабылдау;
    4. Рухани жетілдіру;
    5. Ізгілікті, жеке қарым-қатнас жасау;
    6. Ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;
    7. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі.

 

Оқытудың дидактикалық бірліктерді ірілендіру әдісі

Мақсаты:

Матиматикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін құру.

 

Ерекшелігі:

    1. Өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру;
    2. Есеп шығару, құрастыру үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету;
    3. Тура есептерді кері есептерге айналдыру;
    4. Жүйелі де, тиянақты білім беру [6.15]

Әдістемесі:

    1. Бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгерту;
    2. Өзара қарама-қайшы ұғымдарды салыстыру;
    3. Тұтас және қарама-қайшы ұғымдарды сәйкестендіру;
    4. Амалдардың орындалу тәртібін реттеу. Тірек сигналдарын пайдалана отырып, перспективалық – жеделдете оқыту әдісі.

Мақсаты:

Білім, білік, дағдыны  қалыптастыру, стандартқа бағыттау. Оқушылардың  барлығын табысты оқыту.

 

Ерекшелігі:

    1. Педагогикалық ынтымақтыстық;
    2. Тұлғалық қарым-қатынас;
    3. Оқу материалдарының мазмұнының жүйелілігі;
    4. Материалдың сабақтастығы;
    5. Саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі;
    6. Білетін оқушы арқылы білмейтін оқушыны оқыту;
    7. Түсінбегенді қайта түсіндіру;
    8. Қателесуден қорықпау.

Әдістемелік ерекшелігі:

  -Үйге тапсырма жаңа матералдарбойынша тек әркімнің өзіндік жұмыс орындау үшін тиімділігіне қарай беріледі.

- Ережелерді  түсінбей жаттауға оқушыларды  дағдыландырмау.

- Ата-аналардың  өзара әрекет жасауы.

-Оқу жылдарының  аралық байланысы

- Мұғалімге  оқушыны үйретуге, ал оқушының  үйренуіне мүмкіндік берілуі.

Тәрбиелік мәні:

    • Мейірімділік
    • Өзара көмек
    • Ұйымшылдық
    • Табысқа жетуге ұмтылу
    • Толық дербестілік.

Сатылай комплексті талдау әдісі(Н.А. Оразақынова) [5.68].

 

Мақсаты:

  1. Пәндік материалдарды оқушының жас ерекшелігін ескере отырып ғылыми негізде меңгерту;
  2. Әр сөйлемнің, сөздің, дыбыстың табиғатын таныту арқылы сөзді таңдап –талдап қолдана білуге дағдыландыру;
  3. Қазақ тілінің сөз байлығын терең игерту арқылы әр сөздің ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін, сөз сырына бойлату арқылы танымдық дүниесін қалыптастыру;
  4. Кез келген шаршы топта өз ойын шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол арқылы әр оқушының өз ана тілінің құдіретін басқаларға таныта, бағалай білуге баулу.
  5. Жазба жұмыстарын сауатты, жоғар деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төсілдіру.

 

Сатылай комплексті талдау әдісінің басты ерекшелігі төмендегідей болып сараланады:

    • Оқу материалының жүйелілігі, бірізділігі:
    • Табиғилылығы;
    • Дағдыға басым бағыт беруі;
    • Білімінің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
    • Оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;
    • Оқушыларға берілетін білімнің саралануы;
    • Оқушылардың өз мүмкіндігіне қарай тек міндетті деңгейде кем емес білім алуға еріктілігі;
    • Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

 

Оқытудың деңгейлеп, саралап оқыту  әдісі [5.65].

 

Мақсаты:

Әр оқушыны оның қаблеті мен  мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту. Оқытуды оқушының әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.

         

 Ерекшелігі:

  1. Таланттылар өздерінің қаблеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
  2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
  3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.

          Саралап оқыту әдісі.

 Саралап оқыту –  бұл: 

      Оқу үрдісінде мұғалімдердің оқушылардың білімдерін есепке ала отырып жұмыс істеуі.

     Әр түрлі топтарды оқыту үрдісіндегі жалпы дидактикалық жүйенің бөлімі.

 

Когнетивтік ерекшеліктерін есепке алу  мақсатында әр түрлі мектептер мен сыныптар, топтар үшін оқытудың жағадайларын құру. Сипаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

    • Жас ерекшелігі бойынша;
    • Жынысына байланысты;
    • Қызығушылығы бойынша;
    • Ақыл-ой деңгейінің дамуы бойынша;
    • Тұлғалық-психологиялық типтері бойынша;
    • Денсаулық дейгейі бойынша.

          Оқыту әдісінің мақсаты:

Әркімді мүмкіндігіне сай оқыту. Әр түлі топтағы оқушыларды ерекшелігі бойынша оқуға бейімдеу.

 

Ерекшелігі:

    • Үлгерімі жақсы оқушыға көңіл бөлініп, нашар оқушыларға көмектесу мүмкіндігі туады;
    • Қиын балалармен тиімді жұмыс жүргізу мүмкіндігі болады;
    • Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
    • Оқушылар қабілеті артады;
    • Әлсіздер оқу мүмкіндігіне ие болады;
    • Деңгейлері бірдей оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қиындық кездеспейді.

 

 

Оқытудың әдістерін  сабақта қалай қолданылып жүргенін білу мақсатына мен өзім оқыған мектептің  дене тәрбиесі пенінің мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, бақылау жасадым. Сабақ: «Намыс дода»

Мақсаты:

А) дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып,ерік – жігерін қалыптастыру, кіші қызметкерлер мен мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты, өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту.

Ә) Қатысушыларды  бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке  баулып, қимыл – әрекетке жаттықтыру.

Б) Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге ойынды жетілдіруге               тәрбиелеу.

Түрі: жарыс  түрінде.

Қатысатын командалар: «Қыран» және «Сұңқар»

Барысы:

І. Ұйымдастыру  бөлімі.

ІІ. Негізгі  бөлім.

 

      Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді «Намыс – дода » атты спорттық жарысқа шақырамыз!

      Халқымыз байырғы заманнан бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұрпақтарын болашағына балаған. Салауатты өмір салтын ұстану осы іс – шараның алғашқы баспалдағы. Сондықтан еңкейген кәріден, бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғам да, мекемелер мен мектептер де жағдай жасап, денсаулықты сақтауға, нығайтуға ат салысу керек.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

 

Жарысқа қатысып, 2 тобымыз алдарыңызда бақтарын сынамақшы.

 

Жарыс заңы ежелден  – 

Жеңімпазды  анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста

Біреу артта  қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге  жарады.

Сабырлы да, салмақты

Білімді де, өнерлі

Білікті де, жүректі

Жұптарды шақырып,

 

     Сіздерге жеңіс тілейік, – дей отырып, ортаға сайыскер тобымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

 Жарыстың шарттары:

Допты жоғарыдан  беру

Допты аяқ астынан  өткізу

Допты берде  отыра қал.

Шар жару

Гимнастикалық доппен секіру

Допты жылдам жүргіз

Секіртпемен секіру

Балабақшаға асыққан  ата-ана

Құтқарушылар  сайысы

Көкіністер  науқаны

 

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт – сапар!

Информация о работе Қазіргі мектептердегі оқыту үрдісінде әдістерді тиімді қолданудағы іс-тәжірибелер