Қазіргі мектептердегі оқыту үрдісінде әдістерді тиімді қолданудағы іс-тәжірибелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 11:09, курсовая работа

Краткое описание

Қоғамда болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзден бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық потенциалын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы біздің ойымызша, ел дамуының әдіснамалық тұжырымдамасы. Ал, бұл өз кезегінде мәртебелі, әдіснамалық мәдениетті жасаушылардан проблемаларды талдауды талап етеді. Осыған орай, бір жағынан алғанда, үздіксіз білім жүйесіні теориялық-әдіснамалық мәселелерін талдау «Қазақстан -2030» бағдарламасын жүзеге асыруды ғылыми тұрғыда қамтамасыз етудің көкейкесті міндеті болып отыр

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..............................................................................7
1.1.Оқыту әдістерін және оларды топтастыруға жалпы сипаттама.................7
1.2.Қазіргі мектептерде қолданыс тапқан жаңа әдістер.................................17
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ –ҰСТАЗ ШЕБЕРЛІГІ................................................................31
2.1.Дене шынықтыру сабағында тиімді әдістерді таңдай білу педагогикалық
шеберлікке апарар жол.......................................................................................31
2.2.Қазіргі мектептердегі оқыту үрдісінде әдістерді тиімді қолданудағы
іс-тәжірибелер.....................................................................................................40
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................48
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................52

Прикрепленные файлы: 1 файл

смагулов дипл.раб..doc

— 528.00 Кб (Скачать документ)

 

ІІІ. Қорытынды  бөлім.

    Құрметті қауым!Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).

 

Уа, халқым, назар  аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең  бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да – дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.

 

Сабақ: Дене шынықтыру пәні ерекше әдіспен өткізілуде

 

      Мектептердің бірінде дене шынықтыру сабағы ерекше әдіспен өтіп жатыр. Мұндай бірегей тәсіл ұлттық ойындарды жан­дандыру және оқушылардың дене шынықтыру сабағына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолға алыныпты. Бұл үшін педагог арнайы аттың бейнесіндегі костюм тіктірткен. Енді орыс мектебінде білім алып жатқан оқушылар қыз қуу, теңге алу, аударыспақ сынды ат үстіндегі ойын түрлерін тәжірибе жүзінде үйреніп білуде.

     Дайын конструкцияны педагог арнайы ательеге апарып, сыртқы пішінін тіктірткен. Осылайша кәдімгі аттың бейнесі жасалды. Енді ұлттық ойындарға арнап бөлінген сабақ уақытында ұстаздар ойын түрлерін оқушыларға түсіндіріп әуре болмайды. Соның дәлелі ретінде оқушылар жасанды ат арқылы қыз қуу ойынын ойнап көрді. Ойын шарты бойынша жігіт қызды қуады. Жетіп алса, қыздың бетінен сүюі керек. Бірақ ойын шартына біраз өзгеріс енгізді. Беттен сүюдің орнына, арқасынан қағуы керек. Ал егер жігіт жете алмаса, қыз оны қуып жүріп қамшының астына алады.

     Оқушылардын айтуынша, дене шынықтыру сабағы бұрынғыға қарағанда өте қызықты өтетін болыпты. «Жасанды ат болғанымен, мен кәдімгі шын атқа отырған сияқты болдым. Ең қызықтысы, жігіттің артынан қуып жүріп, оны қамшымен ұрасың», – дейді.

     Осылайша, мектеп оқушылары оларға берілген уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей де қалды. Тәжірибе жүзінде қолға алған бірегей әдіс осылайша қазір өз жемісін бере бастады. Әсіресе дене шынықтыру сабағын ұната бермейтін оқушылар үшін бұл әдіс таптырмас тәсіл болды. Ал идея авторы алдағы күндері жасанды атты тағы да әсемдемек ниетте. Ол кезде аттың әбзелдері қазақи ою-өрнекпен көмкеріліп, ерекше көрікке ие болмақ.

     Дене шынықтыру  пәнінің ұстаздары былай дейді:

– Бұл ойын оқушыларға үлкен  әсер қалдыруда. Басты мақсат – балалардың дене шы­нықтыру пәніне деген қызығушылығын арттыру. Бұл орыс мектебі болғанымен, оқушылардың 70 пайызы – қазақ балалары. Көбі ұлттық ойындарды біле бермейді. Кейбірі атқа мүлде жақындап көрмеген. Бұл оқушылар өскеннен кейін атқа емес, бірден қымбат көліктерге мініп жатады. Дегенмен ұлттық құндылықтарымызды біліп жүргені абзал. Сон­дықтан да осындай идеяны қолға алуды жөн көрдім. Басында осындай аттар болса сатып алайын деп ойлағанмын. Бірақ қаладан таппадым. Содан ойымды технология пәнінің мұғаліміне айттым. Ол кісі маған конструкциясын жасап берді. Ательеге барып сыртқы пішінін жасаттым. Қазір балалар осы жасанды ат арқылы ұлттық ойындарды ойнап көріп жатыр. Дегенмен осы ұлттық ойын түрлеріне сағат аз бөлінген. Осылай болғанымен, оқушылар біраз дүниені меңгерсін деген оймен тәжірибе жүзінде жүзеге асырып жатырмыз.

  

Оқытудың әдістерінің келесі бір түрі: Дене шынықтыру тәрбиесінің физиологиялық-гигиеналық негіздері

      

      Еліміздегі балалар мен жасөспірімдер гигиенасында, денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты - қандай да бір спорттық нәтижелерге жету емес, жоғары деңгейдегі денсаулық көрсеткішіне жету. болып табылады. Бұл мақсат жеке адамдармен қатар, жалпы қоғамның мүддесіне де сәйкес келеді. Көпшілік қауым баланың чемпион титулына талаптануына тиым сала алмайды, бірақ оны денсаулығына әсер ететін қауіптен қорғауға міндетті.

     Көрсетілген мақсатқа жету үшін, денешынықтыру тәрбиесінің міндеттері оның жетістіктеріне байланысты біршама өзгертілді және әлі де өзгертілуде. Жастардың әлеуметтік іс-әрекеттерге жарамдылығы негізінде жүргізілген есептеулер бойынша бұл өзгертулердің тиімділігі өте көптеген факторларға байланысты.

     Денешынықтыру тәрбиесінің негізгі міндеттеріне: денсаулықты нығайту, функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімі дамуының үйлесімділігін жетілдіру; қимыл-қозғалыс дағдыларын, бұлшық ет күшін дамыту; жылдамдық, төзімділік, ептіліктің негіздерін құрып, жетілдіру; еркіндік пен тәртіп саласын дамыту; гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу; т.с.с. жатады.

      Денешынықтыру тәрбиесін салауттандырудың тиімділігін төмендегі жағдайлардан көруге болады: организмнің қоршаған ортаның әсеріне төзімділігі артады; өсу мен даму процесстерінің жақсаруына жағдай жасайды; жылуреттеуші механизмдер жетіледі; организмнің салқын тигеннен пайда болатын ауруларға қарсы төзімділігі жоғарылайды т.б.;

      Адам эволюциясы қимыл-қозғалыс белсенділігімен үзбей байланыста болады. Қимыл-қозғалыс тіршіліктің белгісі және организмнің биологиялық қажеттілігін қамтамасыз етудің, әлемді танып, білудің құралы. Қимыл-қозғалыс белсенділігі дегеніміз - белгілі уақыт аралығындағы дене қозғалыстарының жиынтығы.

     Қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік, баланың өмірге алғаш келген күнінен бастап пайда болады, бірақ, ол әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Тіршілік жағдайы мен тәрбие жүйесі тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігін шұғыл төмендетіп, не болмаса, жоғарылатып жіберуі мүмкін. Ол ерте жаста биологиялық (генетикалық) механизммен ал одан кейінірек, ересек жастарда әлеуметтік механизм бойынша реттеледі.

     Бірақ казіргі кезде денешынықтыру тәрбиесінің өсіп келе жатқан жастардың тілегі мен мүмкіндіктерін ескеретін, көптеген жаңа түрлері пайда болып жатыр. Бұлар, спорт-тық билер, ырғақты гимнастикалар "аэробика", қытай гимнастикасы "ушу" және т.б. Олардың көбі, өзінің жаңалығымен, қолайлылығымен арнаулы бөлмелер мен арнаулы құралдарды қажет етпейді. Сондықтан денешынықтыру тәрбиесінің қосымша түріне қатал регламентация сақталмаса да болатын сияқты. Олардың негізі еркін таңдау, қолайлылық және формалды түрде болмауы керек.

     Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінде оқытудың үш тәсілі кеңінен қолданылып жүр: қатал регламентация тәсілі, ойындар және жарыстар өткізу.

     Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінің әрбір жас топтарына және мекемелердің типтеріне қарай бөлінген мемлекеттік бағдарламасы бар. Бағдарламалар балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің төменде көрсетілген типтеріне арнап өңделген: балалар бақшасы; жалпы білім беретін мектеп; кәсіпттік - техникалық білім беретін мекеме; балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебі.

     Санитарлық дәрігер мектеп жасына дейінгі балалардың денешынықтыру тәрбиесіне баға беру үшін төмендегі үлгі бойынша тексеру жүргізеді:

-Балалардың жасына, денсаулығына және дайындығына байланысты денешынықтыру тәрбиесінің құралдары мен түрлері;

-Денешынықтыру сабағының бүтіндей және жеке бөлімдерінің ұзақтығы, моторлы тығыздығы, сабақ жүргізу жағдайы, құралдары);

-Таңертеңгілік гимнастика (реттілігі, орны, жағдайы, киімдері);

-Қимыл-қозғалыс ойындары мен көңіл көтеру уақыттары (күн тәртібіндегі уақыты, ойынның сипаты, жабдықтары, құралдары);

-Серуендер мен экскурсиялардың ұйымдастырылуы (ара қашықтығы, ұзақтығы, өткізу орны, киімдері);

-Балалардың денсаулық жағдайының мәліметі (аурушаңдығы, дене бітімінің дамуы).

     Санитарлық дәрігер, мектептегі денешеынықтыру тәрбиесінің ұйымдастырылуына төменде көрсетілген үлгі бойынша гигиеналық баға береді:

-Медициналық тексерудің қорытынды жинағы (дұрыс, уақытында өткізілгендігі, денсаулық топтары, оның динамикасы);

-Денешынықтыру сабағының мазмұны (сабаққа қатынасуы, сабақ босатудың себептері, сабақтың ұзақтығы, құрылысы, моторлы тығыздығы);

-Денешы-нықтыру салауаттандыру шаралары (толықтығы, дұрыстығы, реттілігі, сабақ жүргізу жағдайы);

-Сыныптан тыс спорттық-қоғамдық жұмыстар (секциялардың және спортпен шұғылданатындардың саны, экскурссиялар мен жорықтар, денсаулық және спорт күндерінің реттілігі);

-Денешынықтыру сабағы өткізілетін орынның гигиеналық жағдайы;

-Сабақтың жабдықталуы;

-Денешынықтыру тәрбиесінің ұйымдастырылуына талдау жасау;

-Денешынықтыру сабағының тиімділігі туралы қорытынды және орындау уақыты көрсетілген нақты ұсыныстар беру.

    Кәсіптік-техникалық білім беру орындарында жүргізілетін денешынықтыру тәрбиесінің өз ерекшеліктері бар. Мұндағы денешынықтыру тәрбиесінің бағдарламасы мектептегіге ұқсас келеді, ерекшелігі - денешынықтыру сабағының кешенді және арнайыландырылған деп бөлінуінде. Жасөспірімдердің арнайы спорт мектептеріндегі денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты - кәсіпкер спорт шеберлерін даярлау болып саналады. Спорттық мектеп - интернаттар, спорттың жеке түрлерінен жоғары спорт шеберлерін даярлауға арналған.

     Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдісінің қарқыны білім беру

жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол – өз жұмыс орнында және бүкіл  техникалық тізбекте оқыту әдісінің үздіксіз өзгерістерне, жаңалықтарына  бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру.

     Білім берудегі жаңа әдісінің түрлері АҚШ, Жапония; Ұлыбритания сияқты мемлекеттерде 1940-шы жылдары пайда болған. Казіргі дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс тәсілдерін іздестіру жүріп жатыр. Солардың бірі – үздіксіз білім беру мектепке дейінгі, мектептен тыс үйірме жұмыстары. Жоғары оқу орны диплом алғанан кейінгі кезеңді қамтиды.

Адамдардың  өз бетінше шығармашылықпен қызмет етіп, тез өзгеретін өмірге бейімделуіне жағдай жасау.

Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибелерінде өзін ақтаған жаңа білім түрлерін дамытуда көптеген педагогикалық, инновациялық әдістердің ішінде деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы АҚШ – да бастауыш сыныптардан, ал Жапония мен Франция елдерінде ортанғы және жоғары сыныптарда жүзеге асырылуы.

Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту әдісі  оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгеруді талап етеді. Бұл оқыту әдісінде бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады. Деңгейлеп-саралап оқыту әдісі үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан  тұрады.

1-ші  деңгей: Репродуктивтік деңгей:

    • Жаттап алуға лайықталған анықтамалар, ережелер, аксиома, теорема т.б.
    • Алдынғы сабақты жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауға арналған сұрақтар.
    • Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірімен байланысты болу керек.

2-ші деңгей: Алгоритмдік деңгей елеулі белгілерді есте сақтау дағдысына жасалады:

    • Өтіп кеткен матералдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, бірақ оларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп, тереңдете пайдалануды қажет етеді.
    • Логикалық есептер, тапсырмалар сарамандық жұмыстар, зертханалық жұмыс.

3-ші деңгей: Эвристикалық танымдық-іздену түрінде орындалатын тапсырмалар:

    • Анализ бен синтез, салыстыру арқылы тақырыптағы негізгі білімді анықтау, қорытындылау, әр түрлі әдіс-тәсілдермен есептер шешу, өздігінен есептер, ребустар, кроссвордтар құрастыру, диограмма графигін салу, өлшем жасау, проблемалық жағдайларды шешу, дағды қалыптастыруға арналған сұрақтар.

4-ші деңгей: Шығармашылық

    • Олимпиадалық тапсырмаларды орындау қажет.

Деңгейлеп саралап оқыту  әдісінің екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүесінде қолданылатын рейтинг – ұпай жинау әдісін баулу. Деңгейлік тапсырмалар рейтинг- ұпай-балл жинау әдісімен бағаланады.

Мысалы:

1 деңгейде 5 сұрақ х  2 ұпай – 10 ұпай

2 деңгейде 4 сұрақ х  3 ұпай – 12 ұпай

3 деңгейде 3 сұрақ х  5 ұпай  - 15 ұпай

4 деңгейде 1 сұрақ х  10 ұпай 

10 ұпай оқушылардың  жинаған ұпайларына қарай баға  мониторингі белгіленеді.

Мысалы:

1 деңгейде 8 -10 ұпай жиналса,  “3ˮ деген баға.

1-2 деңгейде 11-12 ұпайға,“4ˮдеген  баға

1-2-3 деңгейде 23-37 ұпайға,“5ˮ  деген баға.

4- олимпиадалық деңгейге  қосымша жұмыстың орындалу дәрежесіне  қарай “4ˮ немесе “5ˮ - деген  бағалар қойылады.

Сонымен қорыта айтқанда, деңгейлеп – саралап оқыту әдісі:

    • Оқушының өз қаблетіне, болашағына сенуіне;
    • Оқушыны ынталандыруға;
    • Оқушы мен оқушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
    • Оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
    • Баға әділдігіне;
    • Білім көрсетудің әділ сайысына;
    • Дүниежүзілік рейтинг жүйесіне;
    • Дүниежүзілік “Балалар құқықтарының Конвенциясы“ қағидаларын сақтауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Дене шынықтыру сабағын оқыту әдістерін тиімді қолдану – ұстаз шеберлігі

2.1 Дене шынықтыру сабағында тиімді әдістерді таңдай білу педагогикалық шеберлікке апарар жол.

     Қазіргі жағдайда білім берудің басты міндеттерінің бірі- білім сапасын арттыру. Сондықтан мұғалімнің білімділігі, интеллектуалдық мүмкіндігі жоғары болған сайын оның шәкірттерінің білімге, ғылымға деген қызығушылығының артуына ықпал күшейе түседі. Сөйтіп, мұғалім өз заманының ең білімді, мәдениетті адамы бола отырып, оқушыны оқи білуіге, білім алуға шеберлікпен үйретеді.

  Педагогикалық  энциклопедияда: «шеберлік дегеніміз  – адамның белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы» - деп анықтама берілген [19.11].

Информация о работе Қазіргі мектептердегі оқыту үрдісінде әдістерді тиімді қолданудағы іс-тәжірибелер