Қазіргі мектептердегі оқыту үрдісінде әдістерді тиімді қолданудағы іс-тәжірибелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 11:09, курсовая работа

Краткое описание

Қоғамда болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзден бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық потенциалын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы біздің ойымызша, ел дамуының әдіснамалық тұжырымдамасы. Ал, бұл өз кезегінде мәртебелі, әдіснамалық мәдениетті жасаушылардан проблемаларды талдауды талап етеді. Осыған орай, бір жағынан алғанда, үздіксіз білім жүйесіні теориялық-әдіснамалық мәселелерін талдау «Қазақстан -2030» бағдарламасын жүзеге асыруды ғылыми тұрғыда қамтамасыз етудің көкейкесті міндеті болып отыр

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..............................................................................7
1.1.Оқыту әдістерін және оларды топтастыруға жалпы сипаттама.................7
1.2.Қазіргі мектептерде қолданыс тапқан жаңа әдістер.................................17
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ –ҰСТАЗ ШЕБЕРЛІГІ................................................................31
2.1.Дене шынықтыру сабағында тиімді әдістерді таңдай білу педагогикалық
шеберлікке апарар жол.......................................................................................31
2.2.Қазіргі мектептердегі оқыту үрдісінде әдістерді тиімді қолданудағы
іс-тәжірибелер.....................................................................................................40
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................48
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................52

Прикрепленные файлы: 1 файл

смагулов дипл.раб..doc

— 528.00 Кб (Скачать документ)

     Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы  болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ  уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке  дайындауға қызмет етеді.

     Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына байланысты  жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы,  оларды дайындаудағы білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби  даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейкесті мәселе болып  отыр.

     Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты.   Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін   шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық   деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене- қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін- өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.

      Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін  жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсібидайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.

     Оқушыларға дене шынықтыру сабақтарында жаңа технологияны пайдалану оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы заңдылықтарды көрсететін  жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан-  жақтылық, саналылық пен белсенділік, бірте-бірте жасалатын әрекет, қайталамалық, көрнекілік,  жеке даралық.

     Оқу үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан:

а) оқу-тәрбие үдерісі  көп жылғы және жыл бойындағы  сипатқа ие болуы тиіс;

ә) сабақ барысында  әрбір келесі сабақтың әсері алдыңғы  сабақтың ізінше қатпарлы әсер

қалдыруы тиіс, себебі жас оқушының ағзасында алдыңғы  сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле түсуі қажет;

б) демалыс жұмыс  қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті болуы тиіс.

     Дене жүктемелерін бірте-бірте және жоғары деңгейге арттыру ұстанымы олардың көлемі  мен қарқындылығының, оқушыны дайындауға қойылатын талаптардың бірте-бірте күрделенуінің  үздіксіз арта түсуімен байланысты болып келеді.

      Сабақтарды бір-бірте күрделендіру оқушыны дайындаудың мүмкіндіктері мен деңгейлеріне  сәйкес келіп, олардың спорттық жетістіктерінің үздіксіз арта түсуін қамтамасыз етуі тиіс.  Дене жүктемелерінің толқынды түрде өзгеру ұстанымы олардың динамикасының толқынды  сипатын көрсетеді, себебі ол салыстырмалы алғанда оқу – тәрбие үдерісінің кіші-гірім үзіндісіне,  немесе сабақтардың кезеңдері мен тұтас бір дәуіріне де тән болуы мүмкін.

     Спорттық техника мен оны жаңа тұрғыда жетілдіруге үйрету әдістерінің кез-келген түрінің  жағымды жақтары бар, бірақ ол жеке қалпында шапшаң әрі тиімді үйретуді толық қамтамасыз ете  алмайды, сондықтан спорттық техниканы меңгеру барысында барлық әдістер бірін-бірі  толықтыратын түрде қолданылады. Олар жиірек бір уақытта пайдаланылады.

     Қимыл-қозғалыстарды белгілі реттілікте игеру. Атап айтқанда: дайындалып жүрген оқушылардың оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру; қозғалыс қимылының мәні туралы  білімді қалыптастыру; әрбір спорт түрлері бойынша үйренетін қозғалыстар туралы толық түсінікті   қалыптастыру; үйренетін қозғалыс қимылын тұтастай игеру. Сөйтіп, қимылға үйрету дегеніміз - бұл білім алу, қозғалыс икемділігін қалыптастыру және тиісті дене жағынан қалыптасудың   қасиеттерін тәрбиелеу.

    Талдау, жалпы білім беру мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен басқаруға  білім беру мен спорттық мекемелерге тән құрылымдар - мақсат, жалпы және арнайы (арнайылық)  міндеттер, әдістер мен қағидалар, оқу кеңістігінде жүзеге асатын, нақты бағыттылығы бар, оқу  материалының теориялық және тәжірибелік мазмұны кіретінін көрсетті. Оқушы-спортшының осы білім беру кеңістігіндегі таңдаған жолының басы, мектептегі оқу мерзіміндегі бастапқы кезеңнің  де нақты құрылымы немесе мазмұны болады.

     Дене тәрбиесі сабағында оқытудың дәстүрлі емес құралдарын қолдану барсында оқушылардың дене тәрбиесін дамыту технологияларын жетілдіруге; дене тәрбиесі сабақтарында  оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге, дене тәрбиесі арқылы жеке тұлғаның психофизиологиясын өзгеруге: өзін-өзі реттеуін қалыптастыру; дене тәрбиесі сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы жетілдіру; дене қабілетін рухани құндылықтар арқылы дамыту;

релаксация  арқылы жеке тұлғаның психофизиологиялық қабілеттерін дамыту; психикалық қуат  мүмкіндіктері мен дене тәрбиесін сабақтастырып дамытуға т.б. қол жеткізуге болады.

Түсіндіру –  оқу материалын мұғалімнің логикалық  тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяндауы. Оның себебі, түрлі заңдылықтар мен  ережелерді түсіндіру белгілі дәрежеде логикалық жүйелілікті қажет  етеді.

Түсіндіру әдісінің мақсаты: заттардың елеулі белгілерін ашып көрсету, фактілер мен құбылыстарды талқылау. Сондықтан мұғалімнің оқу материалын түсіндіруінде әрқашан пайымдау, қорыту, дәлелдеу көп болады.

Түсіндіру әдісінің ең маңызды мәселелері – оқушылардың алдына жаңа айқын, ашық етіп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап шығу. Түсіндіру әдісінің табысы болуы мұғалімнің нақтылы деректерлі қаншама сәтті қолдана білгендігіне де байланысты. Түсіндіру әрқашанда заттар мен фактілердің, құбылыстардың мәнін ашу, қағидаларды түсіндіру, осылардың негізінде оқушыларға жаңа білімді баяндауда оны терең және түсінікті ұғынуларына мүмкіндік туғызады.  Бірақ ол оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сынып және пән ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады.

Әңгіме –  мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы тәсілі болып табылады. Сөйтіп, оқушыларға жаңа білімді түсіндірудің неғұрлым қарапайым және түсінікті түрі.

Әңгіме барысында  мұғалім құбылыстарды бірізділікпен  көркем суреттей отыра, өз сөзін әртүрлі көркем шығармалар картина, фотосурет мен көрнекі құралдарды қолдану арқылы жалғастырып отырады. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың фактілер мен құбылыстарды жақсы түсініп ұғынцына көмектеседі.

Бұл әдісті қолдану  барсында мұғалім мен оқушылар арасында диалог пайда болады. Әңгіме оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағытталады: жаңа білімді хабарлау, оны бекіту мақсатында қолданылатын әңгіме; өткен матералды жаңамен байланыстыру, өткенді қайталау, оны тексеру және бағалау үшін қолданылатын әңгіме.

Әңгіме әдісі көбнесе бастауыш немесе орта буын сыныптарында көбіне қолданылады.

Мұғалімнің  дене шынықтыру сабағында  әңгіме әдісін қолдану ұзақтығы, берілетін  оқу материалының сипатына байланысты болып келеді.

Әңгімелесу  – мұғалім мен оқушылар арасында жаңа білімдерді  хабарлау, пысықтау, қортындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ –жауап тәсілінде қолданылады. Сондықтан әңгімелесу оқытудың аса күрделі әдісі болып есептелінеді. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану мұғалімдер тарапынан өте мұқият дайындықты талап етеді. Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың жеке басының қаблетін, зейінін (т.б. психикалық процестерін), таным ерекшеліктерін танып біледі, баяндалып отырған немесе өтілген материалын олардың қалай ұғынғанын анықтайды.

Әңгімелесуде  баяндау, талдау, қорытынды жасау тәсілдері қолданылады.

Бұл әдіс, сонымеееннн  қатар, сұрақ-жауап тәсілі арқылы да іске асады. Ол үшін мұғалімнің сұрақтар дәл, жинақы, оқушының оын оятуға, дамытуға бағытталған болуы тиіс.

Дәрісбаян –  сөзге негізделген оқыту  әдісі  ретіндеол өзінің құрылымы, баяндалатын оқу материалының дәлдігі және сабақтың өн бойындатыңдаушыларының ойлау қаблетін белсенді ету жағынанбасқа әдістерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.

Дәрісбаян әдетте жоғары сынып оқушлары арасында көптеп қолданылатын әдісінің бірі. Дәрісбаян барысында оқушылар жаңа оқу материалын тыңдайды, қабылдайды. Ұғынады, мұғалім сөзін зейін қоя тыңдайды, мазмұнын қадағалап отырады.

Дәрісбаянның  басқа ауызша баяндау әдістерінен  тағы бір ерекшелігі, мұғалімнен жаңа білімді баяндамас бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажетті әдебиеттер тізімімен таныстыруын қажет етеді. Оқушылардың лекция жоспарымен алдын-ала таныстыру, оның мазмұнын баяндауда мұғалімнің ойын жақсы ұғынуға көмектеседі.

Ол үшін лекция мақсатының идеялық бағыты, оның нақтылығы, берілетін білімнің оқушыларға түсінікті болуы мұғалімдер тарапынан үлкен шеберлікті қажет етеді.

Дәрісбаян барысында  баяндалған оқу материалының мазмұнын оқушылардың қысқаша жазып отыруы, оны өз беттерінше қайталап оқуы, дағдылануды  да қажеттілік болып табылады.

Дәрісбаян және әңгіме әдістері оқу материалына  жұмсалатын уақытты үнемдеу жағынан  тиімді болғанымен де, оқушылардың  өз ойын, пікірін айтып, кеңес алуға  қолайлы жағдай туғыза алмайды. Бұл  турасында әңгімелесу әдісінің мүмкіндігі мол.[6.145]

Мұғалім дәрісбаянға дайындалу барысында оның мазмұнына, амал-тәсілдеріне және құрылымына назар аударады. Дәрісбаянның мазмұнын ол оқу бағдарламасы, оқулық және оқу құралдарына байланысты анықтайды. Бірақ, бағдарламада көрсетілген барлық мәселелерді айырып, ғылымның соңғы жаңалықтары мен табыстарын озат тәжірибемен байланыстырып, материалдың белгілі бір бөлігін оқушыларға оқулықтан, басқа әдебиеттерден өздігінен оқып алуға тапсырмалар беріп отыруды оқытушы мұқият ойластыруы қажет. Сонымен, лекцияның мазмұны, баяндалу формасы,оқытушының шеберлігі лекцияның тиімділігін арттырудың кепілі.

Сондықтан қазіргі  таңда мұғалімге, басшыларға кең  көлемді жаңа инновациялық технологиялар, әдіс-тәсілдер, ойлар, мектептер мен  бағыттарға бейімделу кеғрек. Оқыту  әдісчтерінің жаңа технологияларын үйреніп білусіз-бүгінгі күні сауатты педагог маман бола алмайды.

 

         

 

 

 

 

1.2.Қазіргі   мектептерде қолданыс тапқан  жаңа әдістер.

 

Оқытудың қолданыс тапқан әдістері жөнінде әртүрлі  тұжырымдамалары бар, олар:

Оқыту әдісі-бұл:

  1. Оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үрдісін суреттеу.(И.П.Волков)
  2. Оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасы(В.П.Беспалько)
  3. Өнер, шеберлік,білімділік, жағдайды өзгерту, қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы.(В.М.Шепель) және т.б.[5.4]

Оқыту әдісі  ғылымда оқытудың тиімді жолдарын зерттеуші және оқытуда пайдаланылатын әдістердің, принциптердің жүйесі, сондай-ақ оқытудың нақты үрдісі ретінде қызмет атқарады.

Оқыту әдістерінің құрылымы:

  1. Тұжырымдамалық негізі.
  2. Оқытудың мазмұнды бөлімі.
  3. Оқытудың жалпы және нақты мақсаты.
  4. Оқытудың материалдық мазмұны.
  5. Білім беру үрдісін ұйымдастыру.
  6. Мектеп оқушыларының оқу қызметінің әдістері мен тәсілдері.
  7. Мұғалімдердің жұмыс жүргізу әдістері мен формалары.
  8. Білім беру және оны меңгерту үрдісіндегі мұғалімнің басқарушылық қызметі.
  9. Білім беру үрдісін диагностикалау.

Білім беру технологиясында  негізгі объект және субъект баланың  жеке басы.

 

Жеке  бас қасиетінің құрылымдық деңгейлері төмендегіше:

1.Темпераменттік деңгей

2.Психологиялық ерекшелік деңгейі

3.Жеке басының бағыттылық деңгейі.

Оқыту әәдістерін енгізу жолдары:

1.Оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастыру.

2.Ақыл-ойын дамыту

3.Жеке бастың эстетикалық-өнегелік ортасын қалыптастыру.

4.Жеке бастың өзіндік басқару механизмін қалыптастыру.

5.Жеке бастың практикалық-әрекет ортасын қалыптастыру.

 В.Ф.Шаталовтың оқыту әдісі:

-үздіксіз қайталау, кезеңдік бақылау, ірі блоктар  бойынша оқыту, тірек сигналдарын  пайдалану, әрекет негізіне бағыттау;

-жекелей әрекет  жасау;

-ізгіліктілік;

-күш түсірмей  оқыту;

-түзету, жетістікке  жетелеу, болашағын ашу, өсуге ұйымдастыру;

Информация о работе Қазіргі мектептердегі оқыту үрдісінде әдістерді тиімді қолданудағы іс-тәжірибелер