Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2015 в 19:03, курсовая работа
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет
алдьщдағы ата-аналардың борышы. Өкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауды. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерін, жас натуралистер стансияларының, ғылыми техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысының кеңейту: ананы, балалық шақты қорғау ерекше көңіл бәлуі: үйелмен мүшелерінің дем алуы үшін синаторилардің демалыс үйлерінің жүйесінің кеңейту: аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Кіріспе....................................................................................................................................5
I. Педагогика ғылымындағы сынып жетекші жұмысы туралы теориялық негіздер
І.І Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысы.........................................7
1.2.Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен түрлері................11
1.3. Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлау.....................................................15
II. Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата – аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны
2.1 Оқыту процесінде сынып жетекшісінің мұғалім және ата-аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстары...............................................................................................................18
2.2 Сынып оқушыларының тәрбиелік дағдысын қалыптастырудағы ережелерді ата-аналардың ынтымақтастық формаларды жүргізілуі...............................................................................................................24
Қорытынды...................................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................32
I. Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы. Тәрбие жұмысының жоспары іс-әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін, ол мектеп оқушыларына тәрбиө берудегі нысаналықты, оны мектептің ортақ мақсатына бағындыруды қамтамасыз ететіндей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған болуы көрек. Барлық жёкелеген тәрбие міндеттері мектептің негізгі мақсатын шешуге оқушларды жан-жақты дамытуга, оларды өмірге дайындауға жәрдемдесетін болуы керек. Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыэ ету керек.
ІІ. Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы. Трәжірибелі сынып жетекшілері тәрбие жұмысының әртүрлі формалары мен әдістерін қолданады. Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы және қызықты етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шаралармен қатар оқушылардың қызығулары мен білімділіктерін ескере отырып, топтық және жеке-даралық жұмыстарды қарастыру керек. Соңғы жылдары оқулар түрлі лекторийлар, саяси хабарламашылардың семинары сияқты тәрбие формалары кең өріс алуда.
ІІІ. Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету. Бұл талапта әрбір келесі шаралар өзінен бұрынғылардың жалғасы болып табылады және тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне негізделеді. Жоспар өткен уақыт ішінде істелген істерді және жалпы мектептік жоспарда көрсетілген келешек міндеттерді ескере отырып жасалады. Егер қол жеткен нәтижеге сүйенбесе, істелген жұмыстың нәтижелерін баянды етуі мүмкін емес. Бірінші, екінші, үшінші тоқсанның жоспарларында күзгі, қысқы және көктемгі каникул кездерінде жүргізілетін, ал төртінші тоқсанның жартысында еңбек пен демалыс мәселелерін ұйымдастыру кезіндегі жұмыстар көрсетілуі тиіс. Оқу жұмысынан айырмашылығы – оқушыларды тәрбиелеуде үзіліс болмауы керек.
IV. Жоспардың нақтылы
болуы. Жоспар жасағанда
V. Жұмысты келісіп жоспарлау. Жоспарды жасамастан бұрын мектептің жоспарымен танысып, оқушылардың ұсыныстары мен тілектерін, сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен келісіп, олардың тілектерін ескеру керек.
- Сынып жетекшісінің
қызметін жоспарлаудың
Сынып жетекшісі жоспарының үлгілі құрылымы. Сынып жетекшісінің жоспары әдетте төмендегідей бөлімдерден тұрады:
Сынып жетекшісінің жұмыс есебін
жүргізуі. Тәрбие жұмысы нәтижелерінің
есебін жүргізу – күрделі іс. Сынып жетекшісі
жұмысының есебін жүргізудің маңызды
және қажетті түрі күнделік дәптері, күнделік
жүргізу міндеті емес, бірақ көп сынып
жетекшілерінің күнделіктері бар. Оны
тәрбие жұмысының нәтижелері ғана ескерілмейді.
Сонымен қатар жұмыстарда талданып
отырады, сыныптағы кемшіліктерді жоюдың
нақтылы жолдары көрсетіледі. Күнделікте
оқушылардың үлгірімі, қоғамдық тапсырмалар,
тізімі және тұрақты мекен-жайы жазылады.
Әрбір оқушыға бір-екі бет бөлінеді, онда
оқушылардың мінез-құлқына жасалған бақылаулар
нәтижелері жазылып, мінезінің ерекшеліктері,
қызығушылығы мен бейімділігі көрсетіледі.
Кейбір сынып жетекшілері тәрбие жұмысының
есебіне жүргізетін ашық күнделік дәптер
жүргізеді. Бұл сынып ұжымының шежіресі
сияқты болады. Онда жалпы сынып және жеке
мектеп оқушылары өміріндегі елеулі оқиғалар
жазылып отырады. Сыныптың ашық күнделігін
жүргізуге сынып жетекшісі оқушыларды,
әсіресе сынып белсенділіктерін тартады.
Бұл сыныптағы жүргізілген жұмыстың есебін
беруге, бағалап отыруға үйретеді және
сыныпта жақсы дәстүр қалыптастыруға
көмектеседі.
ІІ. Қазіргі мектептегі сынып жетекшісі мен ата-аналармен жүргізу жұмыс түрлері, мазмұны
2.1. Оқыту процесінде сынып жетекшісінің мұғалім және
ата-аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстары
Оқыту процестерінде ұғымдық непздерін дәиектілікпен жүзеге асыру өмір шындығын бейнелі түрде қабылдауға байланысты қалыптасатын түсініктердің ролін ешбір кемітпейді. Табиғат құбылыстары жөнінде, тарихи оқигалар туралы, қазіргі кездегі техника туралы, көркемөнер шығармалары туралы берілетін түсініктер сыныптардағы бағдарламалық материалдың елеулі бөлігін құрады.
Бағдарламалық материалды игеру деңгейі, демек, оқыту ісінің әсерлігі де көрнекіліктің әралуан құралдарын пайдаланып отыруға көп жағынан тәуелді келеді. Бұрынынырақ көрсетіп кеткеніміміздей, белгілі бір жағдайларда көрнекі құралдарды пайдаланып отыру оқушылардың абстрактілік ойын дамытуға емес, сонымен бірге оқушылар тарапынан аса маңызды ойлау маңызды операцияларының меңгеруіне септігін тигізеді.
Тәрбие мәселенің түйіні сол көрнекі құралдың сипатына тәуелді болады. Мұғалімнің сабақ үстінде қандай да бір кернекі құралдарға қандай роль жүктейтіндігінің де едәуір маңызы бар. Оқу процесінде әр түрлі информациялық деректерді, оның ішінде тәрбиелік мәні бар мұгалімнің өз сөзі бір- бірімен дұрыс ұштастырып отырудың мәні зор.
Көрнекі құралдарды оқушылардың оқу процесінде тәрбиелік роліне қарай екі үлкен топқа:- заттық бейнелік - көрнекі құралдармен таңбалы көрнекілікке бөлуге болады. Бірінші топтың көрнекі құралдары (картиналар, фотосуреттер, суреттер, диапазитивтер, диафильмдер, кино үзінділер, кино фильмдер,табиғи объектілер және т.б.) мұғалімге түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру кезінде эстетикалық сезімді қабылдауына оқушылардың арқа сүйеуіне жәрдем беріп отырады. Екінші жағдайдағы көрнекі құралдар (схемалық көлемді модельдер, схемалар, чертеждар, карталар т.с.с) оқылатын объектілердің күрделі байланыстарын, өзара тәуелділігін және қатысын, олардың нақтылы, бейнелі қабылдауға көндікпейтін ішкі құрылымын түсіндіру үшін керек.
Көрнекіліктің қандай түрінде болсын изоморфизм мен қарапайымдылық ұштастырылып отыруы керек.
Көрнекі құралдардың изомофизмі туралы айтқанымызда оқылып жатқан объектілердің құрылымы және қатыныстары көрнекі құралдар арқылы берілген кескіндемемен, ол кескіндеме қандай формада жүзеге асырылмасын, тепе-тең екендігін естен шығармау керек. Кабылдау қарапайымдылығы мәселесіне оралсақ көрнекі құралдар жасаған кезде оқылатын объекті тәрбиелік маңызы бар бөлшектері мен ұсақ түйек жақтары керексіз етіліп , ұғымдардың негізгі қасиеттерін немесе түсініктерін басты компоненттерін белгілейтін тек ең маңызды бөлшектері мен жақтарын ғана сақтау арқылы қол жеткізеді.
Көрнекіліктің әр құралы оның жоғары тәрбиелік әсерлілігін қамтамасыз ететін оқу процесінде өзі атқара алатын өзіне ғана тән ерекше қызметке ие болып отырады.
Оқыту процесіндегі әр алуан дидактикалық материалдар тәрбие мүмкіншіліктеріне байланысты олардың сабақ үстінде комплексті түрде оларды қолдану қажет. Тек осы жағдайда ғана сабақ алдына қойылатын тәрбиелік және танымдық міндетті шешу бағытында қанағаттанарлық әсерлікке қол жеткізуге болады.
Сынып жетекші тәрбие мәселесін комплексті түрде әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттігі оның сабақ үстінде әр алуан анализаторлардың бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ете алуына да байланысты.
Сонымен бірге көрнекілік
құралдарының әлденеше түрін тек
оқылып жатқан құбылыстың
әртүрлі жақтарын ашып беруге, ал оның
әрқайсысын көрнекіліктің тек белгілі
түрімен сенімді түрде және толық
бейнелей алуға болатын жағдайда ғана
пайдаланған
құралдарды іріктеу үстінде
олардың мүмкіндігін әрбір оқу пәнінің
өзіндік ерекшелігімен және әрбір сабақтың
мазмұнымен салыстырып
алу қажет. Бұл арада Ю.К.Бабанскийдің
«көрнекілікпен шектен тыс
айналысу тәрбиедегі өмір
шындығын, онсыз әсерлі түрде тану мүмкін
емес абстрактілі ойлауды тежеуге апарып
соғады. Көрнекілікті өте мол қолдану көп жағдайда окушылар
зейінін шашыратады, олардың зейінін
тақырыптың негізгі идеясын танудан басқаға
аударады, мұның өзі әсіресе ес қабілеті көрнекілік
образды қабылдаудан гөрі, сөздік логикалық қабылдауға бейім
балалармен айналысқанда орын алады»
дейтін пікірмен келіспеске болмайды.
Көрнекі құралдарды орынды қолдана білмеудің білім мен тәрбиені меңгеруге тигізетін кері әсерін Е.Н:Кабанова - Меллер де атап көрсетеді.
Оқу процесінде кернекі құралдарды пайдалану тиімділігі сабақтың тәрбиелік мәнімен лардың әртүрін педагогикалық жағынан орынды ұштастыра білуге ғана емес, сонымен бірге көрнекілік пен басқа да білім көздерінің, атап айтқанда мұғалім сөзінің арақатысына байланысты болады.
Көрнекі құралдар мен мұғалім сөзін ұштастыру проблемасы Л.В.Занковтың «Мұғалімнің сөздері мен көрнекі құралдардың оқыту ісіндегі ұштастығы» және «оқыту ісіндегі көрнекілік пен оқушылар белсенділігін көтеру» деген еңбектерінде анағұрлым толық қолданған. Л.В.Занковтің пікірінше, мұғалім сөзі мен көрнекі құралдарды ұштастырудың алты формасы бар: . . _
1-түрі: мүғалім сөздің көмегімен оқушылар жүргізетін бақылауға жетекшілік жасайды, объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары туралы бөлімді оқушылар бакылау процесшде көрнекі объектінің өзінен алады.
2-түрі: мұғалім сөздің көмегімен оқушылардың өздері кәрнекі объектілерге жасаған бақылаулары негізінде және олардың бұрынғы білетіндері негізінде балаларды құбылыстар арасындағы қабылдау процесінде көзге көріне қоймайтын байланыстарды саналы түрде ұғынуға және тұжырымдауға бастайды.
3-түрі: объектінің бейнесі
туралы, оның тікелей қабылданатын қаси
4-түрі: мектеп оқушыларының
көрнекі объектіге жасаған бақы
5-түрі: көрнекі түрде
көрсете отырып мұғалім
6-түрі: педагог сөздің жәрдемімен оқушыларға қолда бар объектілермен олар жасауға тиісті іс-әрекеттерді орындау әдістері жайында нүсқау береді, мұның өзінде мұғалімнің нұскауы қолма-қол көрсетіліп отырады.
Эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне анализ жасай келіп, мектеп оқушыларын нәрсенің сыртқы бейнесімен таныстырған кезде мұғалімнің сөзі мен көрінекі құралдарды ұштастырудың 1- түрінің аса тиімділігін және 3- түрінің басқалардан гөрі тиімділігі төмендігін көрсетіп отыр. Құбылыстардың байланысы мен тәуелдігін оқу қажет болған жағдайда 4- түрі емес, 2- түрі анағұрлым тиімді болатын көрінеді. Сонымен бірге эксперимент оқушылардың білімді мен тәрбиені баянды меңгеруі үшін мұғалімнің сөзі мен көрнекі құралдарды ұштастырудың 1 және 2- түрлерінің тиімділік әсерінің жоғары болатынын көрсетті.
Сонымен, көрнекі құралдар мен білім мен тәрбие беру кездерінің бірі ретінде пайдаланылмай, мұғалім сөзінің иллюстрациясы ретінде ғана қызмет атқарса, оларды қолданудың тиімділігі анағұрлым төмен болып шығады. Метеп тәжірибесінде мұғалімнің сөзі мен көрнекі құралдарды ұштастырудың дәл осы түрі әлі күнге дейін анағұрлым кеңірек етек алуда. Демек, оқу процесін жетілдіру міндеттерінің бірі сабақтарда көрнекі құралдарды мәлімет берудің дербес кездері ретінде кеңінен пайдалануда болып табылады. Бүл оқушылардың сабақ үстінде жеке дидактикалық материалдардың әр алуан түрлерімен өздігінен жұмыс істеп отыруын, зат сабақтарын, жеке тәжірибелер мен бақылаушылардың (табиғат тану және еңбек оқу сабақтарында) жүргізіп отыруды, демонстрациялық көрнекі құралдарды оқып үйренуге негізделген тапсырмаларды орындатуды және т.с.с. керек етеді.