Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2015 в 19:03, курсовая работа
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет
алдьщдағы ата-аналардың борышы. Өкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауды. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерін, жас натуралистер стансияларының, ғылыми техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысының кеңейту: ананы, балалық шақты қорғау ерекше көңіл бәлуі: үйелмен мүшелерінің дем алуы үшін синаторилардің демалыс үйлерінің жүйесінің кеңейту: аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Кіріспе....................................................................................................................................5
I. Педагогика ғылымындағы сынып жетекші жұмысы туралы теориялық негіздер
І.І Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысы.........................................7
1.2.Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен түрлері................11
1.3. Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлау.....................................................15
II. Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата – аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны
2.1 Оқыту процесінде сынып жетекшісінің мұғалім және ата-аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстары...............................................................................................................18
2.2 Сынып оқушыларының тәрбиелік дағдысын қалыптастырудағы ережелерді ата-аналардың ынтымақтастық формаларды жүргізілуі...............................................................................................................24
Қорытынды...................................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................32
Оқушыларды зерттеп білудің тәсілдері. Оқушыларды зерттеп білуде сынып жетекшісі әр түрлі тәсілдерді қолданады:
Зерттеуге қойылатын талаптар:
Оқушыларды зерттеу нәтижелері педагогикалық мінездемелерде жинақталады. Мінездеме де сынып жетекшісі оқушының жалпы дамуын көрсетеді. Оның оқу ісін, еңбек және қоғамдық белсенділігін, мінез-құлқының негізгі белгілерін бағалайды.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін сынып жетекшілері барлық сыныптарда оқушыға мінездеме жазады. Мінездеме нәтижелерін қорытуға көмектеседі және тәрбие жұмысын жеңілдетеді.
Сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдерінің жұмысын үйлестіру.
Сыныптағы тәрбие жұмыстарын сынып жетекшісі пән мұғалімдерімен бірлесе отырып жүргізеді. Мұғалімдердің оқыту-тәрбиелеу жұмыстарының ерекшеліктерін байқайды, олардың талаптары мен оқушылармен қарым-қатынастарын, әрбір оқушылар жайында пікір алысады, және оларға ықпал жасаудың тәсілдерімен келіседі. Себебі әрбір пән мұғалімі тек сабақ беруші ғана емес, сонымен қатар оқушылардың моральдық бейнесін, көзқарастарын қалыптастыратын тәрбиеші де.
Сынып жетекшісі оқушыларды мектептің жастар ұйымдарымен бірлесе отырып тәрбиелейді.
Бастауыш сыныптарының мұғалімі өз сыныбының ұжымы мен күнделікті методикалық көмек көрсетіп, олардың барлық істерінің ұйымдастырушысы, сынып коллективінің дербес органы болуы үшін талпынып отырады. Сынып жетекшісі оқушылардың бойында жан-жақты қызығулар мен шеберліктерді қалыптастыру үшін, тәрбие жұмысының кең қоғамдық саяси бағыты үшін де үнемі қамқорлық жасайды.
1.2. Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен түрлері.
Сынып жетекшісінің бірінші міндеті жұмыс мазмұнына байланысты. Бір мақсатқа ұмтылған, ынтымақты оқушылар коллективін топтастыру сынып жетекшісі қызметіндегі басты және негізгі коллективін топтастыру сынып жетекшісі қызметіндегі басты және негізгі бөлім болып табылады. Коллективті топтастыру жұмысы актив арқылы, түрлі комиссияларды, штабтарды құру арқылы және коллективті түрде, жұмылып атқаратын жұмыстарды ұйымдастыру арқылы іске асырылады. Оқушыларды топтастыра отырып, сынып жетекшісі оқу-тәрбие міндеттерін шешуге жақсы жағдай жасайды. Сынып жетекшісі тек өзінің беделімен ғана емес сонымен қатар қоғамдық пікірді қалыптастыру жолдарымен де оқушыларға ықпал жасайды.
Балалар коллективін құру мен топтастыру – мұғалімдердің және, ең алдымен, сынып жетекшілерінің маңызды міндеті. Егер коллектив құрылса кез келген тәрбие міндеттерін шешу әлде қайда жеңіл болады. Оқушылар коллективін тәрбиелей отырып, сынып жетекшілері әр оқушының жеке басын қалыптастырады. Сынып жетекшісі оқушылардың өз әрекеттілігі мен инициативасына сүйенеді. Тәрбиеші беделі қаншама жоғары болса да, ол әрбір дұрыс ұйыммдастырылған коллективтің ықпалын ауыстыра алмайды. Табысты тәрбие жұмысынсыз коллективті топтастыру мүмкін емес. Тек коллектив арқылы сынып жетекшісі мектеп оқушыларының оқу міндеттеріне, қоғамдық пайдалы еңбекке, көзқарастарына ықпал етеді. Жақсы ұйымдасқан және топтасқан коллективтің әсерімен оқушылар саяси, адамгершілік және мәдени жағынан өседі.
Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-аналардың барлық жұртшылықты қатыстырады.
Мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Сынып жетекшінің ата-аналармен байланысының басты формасы сыныптың ата-аналар жиналысы. Жиналысты көптеген мәселелер қаралады, мысалы, күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі – педагогикалардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: Оқушылардың үй жағдайымен, күнделікті өмірмен тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарда ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.
Сынып жетекшінің ата-аналармен ынтымақтастығының тағы бір формасы – педагогикалық насихат, яғни, ата-аналарға педагогикалық білім беру.
Педагогикада жан-жақты үйлесімді дамыған, адамды тек коллективте ғана тәрбиелеуге болады дейді. Баланың жеке басы тек коллективте ғана соншалықты толық және жан-жақты дами алады. Коллектив баланың өзіндік ерекшелігін жойып жібермейтіндігі, қайта тәрбиенің сапасына, оның мазмұнына ықпал жасайды.
Ұжым – тәрбие жұмысының ең баты формасы дұрыс тәрбие бірлігі мол, күшті, әсерлі, мықты ұжым құру арқылы ұйымдастырылады. Ұжымдағы тәрбиенің негізгі принциптерінің бірі. Ол мектепте қалыптасқан жаңа тәрбиелік қатынастарды бейнелейді.
Тәрбиенің теориялық жеке адамның қалыптасуы, ең алдымен, ол қызметте және басқа адамдармен араласу процесіндегі қатынастарға байланысты дегенді басшылыққа алады. Мектептегі алғашқы ұжымның негізгі түрі – сынып ұйымы, оқушылардың өндірістік бригадалары, сыныптан тыс үйірмелер, спорт коллективтері.
Бастауыш ұжымның ерекшелігі – ондағы барлық мүшелердің жеке байланысы, олардың арасындағы күнделікті істер және жолдастық өзара қарым-қатынас. Жалпы мектептік ұжымда оқушылардың тікелей қарым-қатынаста болуы әрқашан мүмкін бола бермейді. Кейде олар бір-бірін білмейді де. Педагогикалық ұжымның мектеп оқушыларына тәрбие ықпалы, оқушының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы сынып жетекшісі арқылы жүргізіледі. Бұл ықпалдың тиімділігі көбіне сыныптың топтасқандығына, онда ұжымдық қызметті ұйымдастыруға байланысты. Оқу жылының басынан сынып жетекшісі сынып өміріне араласып, оның белсенді мүшесіне айналуы, әсіресе ұжымды құруды алғашқы көздерінде оқушылармен бірге көбірек болуы қажет. Сонда ғана ол сыныптың жұмысына жақсы бағыт беріп, оны басқара алады, ал оқушылар оны ең жақын адамы санайтын болады.
Ұжымды ұйымдастыру жұмыстарын оқушыларын жасып, дамуы мен тәрбиелік дәрежесін есепке алып, олардың белсенділігін және осы сынып үшін тән бірқатар басқа жағдайларды ескере отырып жүргізу керек. Тек осы жағдайда ғана оқушыларды мақсатты ұжымға топтастыруға, оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытуға болады.
Ұжымдық істі ұйымдастыруда (оқу ісін тиімді ұйымдастыру, өнімді еңбекпен қоғамдық жұмысқа қатыстыру, түрлі қоғамдық тапсырмалар, ұжымдық ойын-сауықтарды ұйымдастыру т.б.):
Білімнің жоғары дәрежесі – оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың ең маңызды көрсеткіші. Сынып жетекшісі оқушылардың білім сапасын көтеруге қамқорлық көрсетеді, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып нашар оқуда бермеуге әрекет жасайды. «Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» методикалық нұсқау мектеп оқушыларының таным ынтасын, мүмкіндіктерін дамыту, әр оқушының психологиялық ерекшелікерін ескере отырып, мамандықты таңдату, балалардың денсаулығын қорғауға қамқорлық сынып жетекшісінің маңызды қызметі ретінде анықталған. Ал соның ішінде аталған міндетті жүзеге асыру тек педагогикалық ұжымның ғана емес, сонымен қатар сынып жетекшілерінің де күш-жігеріне негізделуі тиіс. Білімге деген құштарлықты және сүйіспеншілікті оятуда, оқу сапасын арттыруды қамтамасыз етуде сынып жетекшісі көп нәрсе істей алады. Оның күнделікті назары, талабы және барысын бақылауды – үлгерімді арттырудың маңыздың шарты.
- Оқу процесінде саналы
- Сабақта үлгермеушілікті
- Үйге берілген тапсырманы
- Оқу жұмысында өзара көмек
ұйымдастыруға сынып
- Оқу-тәрбие жұмысының
Қазіргі кезде пайдаланылып жүрген тәрбие бағдарламаларын жете
зерттеудегі аса бір күрделі міндет педагогикалықжағынан дұрыс деп табылған ғылым негіздерінің әрбір оқушылар мен сынып жетекшісінің қол жетерліктей болуы мен ғылымилылығын үлестіруді іске асыру болып отыр.
Тәрбиелік ғылымилылық принципі нәтижесінде мектеп оқушыларды ғылым, техника және мәдениет дамуының қазіргі заманғы деңгейіне сай біліммен қаруландыруды қолға алып отыр. Алайда, қазір пайдаланып жүрген бағдарламаны жасау үстінде оқу пәндерінің тәрбиелік мәні бойынша комиссия мына пікірді бір ауыздан қолдады, «орта мектеп оқушыларының қолы жеткен дайындык пен даму деңгейі жағдайында, мектепте тәрбие беру мазмұнына психологиялық, педагогикалық және мәдениеттің маңызды жетістіктерінің өзін тура енгізуге мүмкін емес». Жаңа бағдарлама жобасының бірінші вариантын талқылау кезінде, оның кемшілігі әлі белгілі дәрежеде орныққан деп немесе мектеп оқушыларының оның меңгеруі қажет деп есептеуге болмайтын, қазіргі заманғы ғылымның осындай бөлімдерінің бағдарламаға енгізгендігі болып табылатындығы атап өтілді. Сынып оқушыларының қазіргі ғылым жетістіктері мен танысуын өзін-өзі ақтаған, көкейтесті деп тіпті де қабылдауға болмайды. Мұнымен бірге оқушыларға жеткізілген теориялық мәліметтер, олар оқып үйренетін ереже оның дамуының қазіргі деңгейіндегі ғылыми біліміне қарама-қайшы келмеуін талап ету орынды.
Тәрбие принципінің осы аспектісі бағдарламалар мен оқулықтардың мазмұндарына қатаң сақталған, оны әрбір сынып жетекшісі күнделікті тәжірибесінде басшылыққа алуы тиіс.
тәжірибесінде басшылыққа алуы тиіс.
Тәрбие мен оқытуды бұлайша құру мектептің жоғары сыныптарына ауысу дәрежесіне қарай оқушылардың қайта межеге және қажеттілігін болдырмайды.
а) Ғылыми негіздерінің мектептік курсының бір мақсатқа бағытталған құрылымы. Классикалық ғылымның негізгі қағидалары мен қазіргі заманғы ғылыми теориялардың дұрыс арақатынасын белгілеу талап етіледі. Мектепте тәрбие берудің мазмұнында дәстүрлі мәселерді ескермеу, оларды жаңа және ең жаңа ғылыми негіздерінің көптеген курстарын төменгі сынып оқушыларының саналы оқып үйренуіне мүмкіндік жасамағандық және, екіншіден, оқушыларды адамзат баласы жасаған байлықтардан тұратын білімдермен қаруландыруға бағытталған мектептің, білім беру тәрбие қызметіне шек қойғандық болар еді. Пайдаланып жүрген бағдарламаның негізіне алынған, төмендегідей проблеманы шешу неғүрлым дәлелденген болып шықты : «Ғылым негіздерін оқытудың ғылыми-теориялық дәрежесін көтеру әрбір оқу пәнінің жетекші идеясын анықтау жолымен жүзеге асады, мұнан келіп тәрбиенің нақтылы мазмұны ашылуы тиіс.
1.3. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспарьі –педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындауындағы жауапкершлігін сынып жетекшісіне жүктеледі. «Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» методикалың хатта тәрбие жұмысы бір жылға, жарты жылға немесө бір оқу тоқсанына жоспарланады деп көрсетілген. Сынып жетекшісінің жоспары тарбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға дөген комплексті көзқарасты қамтамасыэ етеді. Онда тәрбие мазмұнын негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушыларына жан-жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік т.б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет. Жоспар жасағанда сынып жеткяшісінің окушылардың жас өрекшеліктерін, қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн.
- Жоспарды қандай мерзімге жасаған жөн? Мектөп тәжірибесі көрсеткендей жарты жылға арнап, іске асырылатын жоспар жасау өте қиын, ал бір жылға жасау одан да қиын. Оның үстіне бұл жоспарларының түрі өте көлемді болады. Сондықтан да тәрбие жұмысын тоқсан бойынша жоспарлаған жөн. Аталған басқа сынып жетекшілерінің тәжірибесінде апталық жұмыс жоспарлары да кездеседі. Олар негізгі жоспарларды нақтылауға мүмкіндік беріп, тәрбие жұмысын ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз етеді. Оқу жылы басталар алдында сынып жетекшісі жоспарды мектеп директорының бектуіне береді. Одан әрі жоспардың қандай мерзімге жасалғанына қарай, тоқсан сайын немесе жарты жылдың бойында бекітіліп отырады. Орта мектептерде жоспарды бекітуді директор оқу тәрбие жұмысы жөніндөгі орынбасарына немесе сыныптан тыс тарбие жұмысын үйымдастырушыға тапсыруы мүмкін. Жоспар бекітілген соң онымен сыныптың барлық оқушыларын таныстыру керек. Жоспарды жүзеге асыру үшін сынып активін тартады. - Жоспар қаидай болуы керек, оган қандай талаптар қойылады? Жоспар пәрмеңді құжат болуы үшін, сыныпта тәрбиө жұмысының тиімділігін арттыру үшін ол бірқатар педагогикалық талаптарға жауап беруі керек.