Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2015 в 19:03, курсовая работа
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет
алдьщдағы ата-аналардың борышы. Өкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауды. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерін, жас натуралистер стансияларының, ғылыми техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысының кеңейту: ананы, балалық шақты қорғау ерекше көңіл бәлуі: үйелмен мүшелерінің дем алуы үшін синаторилардің демалыс үйлерінің жүйесінің кеңейту: аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Кіріспе....................................................................................................................................5
I. Педагогика ғылымындағы сынып жетекші жұмысы туралы теориялық негіздер
І.І Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысы.........................................7
1.2.Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен түрлері................11
1.3. Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлау.....................................................15
II. Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата – аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны
2.1 Оқыту процесінде сынып жетекшісінің мұғалім және ата-аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстары...............................................................................................................18
2.2 Сынып оқушыларының тәрбиелік дағдысын қалыптастырудағы ережелерді ата-аналардың ынтымақтастық формаларды жүргізілуі...............................................................................................................24
Қорытынды...................................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................32
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
I. Педагогика ғылымындағы сынып жетекші жұмысы туралы теориялық негіздер
І.І Жалпы білім беретін мектептерде
тәрбие жұмысы........................
1.2.Мектептегі сынып жетекшісі жұмысының мазмұны мен түрлері................11
1.3. Сынып жетекшінің
тәрбие жұмысын жоспарлау......
II. Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата – аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны
2.1 Оқыту процесінде
сынып жетекшісінің мұғалім
2.2 Сынып оқушыларының тәрбиелік
дағдысын қалыптастырудағы ережелерді
ата-аналардың ынтымақтастық формаларды
жүргізілуі....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Республика экономикасының өркендеуі кезеңіндегі жалпы білім беретін мектептерінің педагогикалық проблемаларын айқындау, жас буынды оқыту және тәрбиелеу процестерін жетілдіру тәсілдерін көрсету, оны іске асыру аса маңызды педагогикалық проблема болып отыр.
Мектеп — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта ата-аналардың қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке дербес мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, мектептің тәрбиелік функциясы осында.
Мектептің тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру ролін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймай, сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз
етеді. Осы тұрғыдан мектеп оқушыларымен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жеке адамның дамуында және қалыптасуында класс жетекшісінің негізгі функциясы ата-аналардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы болып табылады.
Әрбір отбасы (жанұя) бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Жанұя, отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің ұзақтығы мұраладың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игерді. Сондықтан үйелмендік өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Сынып жетекшісінің жұмысы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет
алдьщдағы ата-аналардың борышы. Өкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауды. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерін, жас натуралистер стансияларының, ғылыми техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысының кеңейту: ананы, балалық шақты қорғау ерекше көңіл бәлуі: үйелмен мүшелерінің дем алуы үшін синаторилардің демалыс үйлерінің жүйесінің кеңейту: аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселердің бірі: баланың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн кестесі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата- аналардың, барлық жұртшылықты қатыстырады.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Сынып пен отбасының байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделікті өмір, еңбек демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі – сынып жетекшісінің оқушылар үйіне баруы. Мақсаты, оқушылардың үй жағдайымен, күнделікті өмірмен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарда ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.
Қазіргі кезде пайдаланылып жүрген мектеп бағдарламаларын жете зерттеудегі аса бір күрделі міндет педагогикалық жағынан дұрыс деп табылған ғылыми негіздерінің жетерліктей болуы мен ғылымилылығын үйлестіруді іске асыру болып отыр.
Дегенмен, сынып жетекшілер мен ата-аналардың арасындағы жұмыстар әліде болса өз деңгейінде педагогикалық талаптарға сәйкес жүргізілмейді. Клас жетекшілер көп жағдайда ата-аналар мен оқушылар арқылы немесе оқушы тарапынан бұзақылық жасаған уақытта кездеседі, жүйелі түрде ата-аналарға педагогикалық көмек беру сияқты тәрбие жұмысының комплексті түрде іске асырылу талабы сақталып отырылмайды. Сол себептен көптеген мектептерде оқушылар арасында нашақорлыққа, атыстарға душар болып жүрген оқушылар баршылық. Осындай мектептің, оның ішінде сынып жетекшілерінің жұмысындағы қарама-қайшылықтар мен кемшіліктер тәрбие жұмысының сапасын жақсарту міндетін барлық білім беру жүйесіне үлкен міндет артып отыр.
Жоғарыдағы мәселелерді талдай отырып біз курс жұмысымыздың тақырыбын «Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтастық формалары» деген тұжырымға келдік.
І . Педагогика ғылымындағы сынып жетекші жұмысы туралы теориялық негіздер
1.1 Жалпы білім
беретін мектептерде тәрбие
Сынып жетекшісі өте маңызды да әрі жауапты міндеттерді атқарады. Ол кластағы жұмыстарының ұйымдастырушы және оқушылардың ұстазы болып табылады.
Бұрынғы орта оқу орындарында оқушыларды тәрбиелеу міндеті ерлер гимназиясында үйретуші ұстаздарына, негізінен, гимназистердің тәртібі мен оқуына және жалпы саяси көзқарастарына бақылау жүктелген.
Жаңа мектептің құрылу жағдайында олардың бақылау фнкциялары саяси-әлеуметтік міндеттерге жауап бермеді де ондай қызметтер қысқартылды.
Совет мектептері өмір сүре бастаған алғашқы жылдарда сабақ үстіндегі және оқудан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу барлық мұғалімдерге жүктеліп, ол міндеттер жүзеге асырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көптеп саналады. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің жанұямен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс жұмыстары. Осы жұмыстардың барлығына мектепте сынып жетекшісі басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерінің қалыптастыруды, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше. Олардың ынтымақтастығын істейтін жұмыстарының негізгі бағыттары: педагогикалық ұжым, ата-аналар комитеті тәрбие жұмысының жоспары жасалып, оны басшылыққа алады.
Мектептерде сынып жетекшісі деген қызмет алғашқы кезде болмады. Өмір мұғалімдердің тәрбиешілік қызметін үйлестіруді және біріктіруді, әсіресе, оқушыларды сабақтан тыс уақыттарда тәрбиелеуді ұйымдастырудағы кемшілікті жоюды талап етті. Сондықтан көптеген мектептерде 20-жылдары стихия түрде тәрбие жұмыстарының жетекшілері пайда бола бастады. Олар оқу топтарына бекітіліп, топ жетекшілері деп аталды. Топ жетекшілері негізінен оқушылардың сабаққа қатысуымен үлгірімдеріне бақылау жасау міндеттерін атқарды.
Мамандардың аздығына байланысты жаңа мектептерге ескі мектеп мұғалімдері қабылданды. Әрине, олар жаңа идеологияны қабылдамаған болатын, сондықтан олар (мұғалімдер) консультанттар міндетін атқарды, мектептерде оқушылардың өзін-өзі басқару органы (оқушылар комитеті) болды. Біртіндеп оқушылармен өткізілетін сыныптан тыс тәрбие жұмыстары да дами бастады. Сыныпқа бекітілген мұғалімдердің қызметтері де, жаңа бағыттары да өзгере бастады.
1934 жылы топтар сыныптарға өзгертілгеннен кейін топ жетекшілері сынып жетекшілері деп аталды. Сынып жетекшісі туралы ережені 1934 ж. 26 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы ережемен бірге сынып жеткшісінің қызметі де бекітілді. 1934 ж. бастап сынып жетекшісінің қызметі енгізілді. Мектепте оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1966 ж. қаулымен сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қызметі енгізілді. Сынып жетекшісі оқушылар мен сынып активін мектеп көлеміндегі өтілетін кейбір жұмыстарды бірігіп ұйымдастырды.
Сынып жетекшісін тәжірибелі және беделді мұғалімдерден мектеп директоры тағайындайды.
Сынып жетекшісі өз жұмысын белгілі бір жүйемен жүзеге асырған жағдайда ғана өзінің мақсатына жетеді және ең жақсы нәтижелерге ие болады.
Жан – жақты тәрбиенің мақсаты мен міндеттерінен туындайтын өзара байланысты тәрбие іс-шараларының жиынтығы сынып жетекшісі жұмысының жүйесі деп аталады. Жүйе сынып жетекшісінің оқушылармен жүргізетін барлық жұмысының бағыттарын қамтиды (саяси-идеялық, адамгершілік, дене, эстетикалық, еңбек тәрбиесі т.б.).
Жүйеден сынып жетекшісінің негізгі жұмыстары белгіленеді: сынып жетекшісінің негізгі функциялары мен міндеттері «Орта білім беретін мектеп Уставында», «Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» методикалық хатта анықталды.
Тәрбие мәселесінің басты міндетін шешу үшін сынып жетекшісі оқушыларды зерттеп, оларды жақсы білу керек.
К.Д. Ушинский «Адам-тәрбие нысанасы» деген еңбегінде былай деп жазған: «Егер педагогика адамды жан-жақты етіп тәрбиелегісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек».
Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу үшін сынып жетекшісі оқушылардың мінезін, қабілетін білуі қажет. Балаларды зерттеп білу сынып жетекшісінің өз жұмысын ойдағыдай атқарудың басты шарты. Сондықтан, жеке шәкірттер жайлы сынып жетекшісі төмендегідей мәліметтерді білуі қажет:
Ата – ананың көрсетіліп отырған ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, олардың тәрбие барысында ескеру қажет.
Жанұяның өзіне тән ерекше функциялары бар. Ол халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі-қарай жалғастыру, қажетті шаруашылық функциясы, үйелмен мүшелерінің өзара және туған – туысқандарымен қатынас жасау функциясы.
Тәрбиенің проблемалары педагогикалық әдебиеттерде, А.С.Макаренконың, Н.К.Крупскаяның, В.А.Сухомлинскийдің және басқа да ғалымдардың еңбектерінде кең түрде баяндалған.
Тәрбие процесі бір қалыпты жағдайда іске асырылып отырмайды. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда жанұядағы тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының баеты себебі үлкен адамдардың педагогикалық көз қастарының қауқарсыздығынан болады.
Біздің халкымыздың жанұя жағдайында жас ұрпақ жетекші буын ата мен әже іс-әрекетінің төңірегіне шоғырланған. Себебі, жанұя әке мен шеше негізі иелері, жанұя қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз дәрежесінде даналық ақыл - ойдың орынды дүниетанымының, талғамының денсаулық бағбанының, орынды тәртібімен мінез - құлықтық мектебі болып табылады.
Сынып жетекшісі тек жеке оқушыларды зерттеп білу емес, сонымен қатар ол сынып коллективінің ұйымдасқандығын, оқушылардың коллективтегі өзара қарым-қатынасын зерттеп білуі қажет. Өйткені коллектив оқушыларды тәрбиелеуде басты роль атқарады.