Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2014 в 18:14, курсовая работа
Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.
Бүгінгі таңда балалардың таңдаған мамандығына қарай, кәсіби білім саласына ерекше көңіл бөлінуде. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асырушы.Білімді, мәдениетті, кәсіби, білікті маман даярлауда ана тілінің атқарар ролі, яғни қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытудың маңызы зор.
Инновациялық технологияны пайдалану — өмір талабы.
Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті — білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім.
Жаңа нәтижеге бағытталған білім — инновациялық білім. Құзіреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын білім.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану — біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек .
Инновация дегеніміз
— жаңа мазмұнды ұйымдастыру,
жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің
бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған
мөлшердің шегінен шығатын
Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру.Ендеше,осы міндетті орындауда инновациялық технологияны қолдану — өмір талабы.
3.2.Білім беруді технологияландыру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек» деп атап көрсетілген. Сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетуі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Демек,заман талабына сай бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқушыларға қажетті білімді меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу-әр ұстаздың міндеті. Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын,өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек.Осыған байланысты әр түрлі әдістерді қолданудың қажеттігі туындайды.
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге ұмтылыс бар. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып
отыр: білім беру парадигмасы
өзгерді, білім берудің
Қазіргі ақпараттық қоғам барлық типті оқу орындарының,оның ішінде жалпы орта білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындары алдына мынадай міндеттер қойып отыр:
-қажетті білімді өз
бетінше ала отырып пайда
-дербес сыни тұрғыда
ойлай білуге,білім беру
-әр түрлі әлеуметтік
топтарда коммуникабелді,тез
-өз адамгершілік қасиеттерін,
Мұның өзі еліміздегі білім беру жүйесінің бұрынғы қалпында қала алмайтындығын,оның әлемдік тәжірибелерді негізге ала отырып даму қажеттігін көрсетеді. [18, 10-11 б.]
Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде жаңа адамды қалыптастыру бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Оның ең бастыларының бірі де бірегейі-білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре отырып білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. Сондықтан оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологияларды кең көлемде енгізу талап етіледі.
Қазақ мектебінің басты мақсаты-жас ұрпақтың терең білім алып,ой-өрісін өсіріп,шығармашылықпен жұмыс істей алуына жағдай туғызу, сөйтіп әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығуын қанағаттандыруына ынталандыру,бойындағы қабілетіне сай білімін ұштауына ықпал жасау.
Оқу үрдісінің өзін технологияландыруды «0қытуды технологияландыру» немесе «педагогикалық технология» деп атайды. Осы екінші мәселе бала оқыту үрдісінің жалпы заңдылықтарына сүйеніп,оның бірыңғай тиімді жүйесін құру, оқу және оқыту қызметтерін толық қамтамасыз ету жағдайларына байланысты педагогикалық зерттеу нысанасына айналып отыр.
Ғалым Г.Хайруллин «Педагогикалық технология-педагогикалық үрдісті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы» деген пікір айтады.
Оқытудың педагогикалық жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға бағытталған. Педагогикалық технологияларды тиімді қолдану адамның қайталанбайтындығын қолдаумен бірге тұлғаның дамуын алдын ала байқауға және болжауға бағытталуы тиіс.
Айтылған мәселелер бойынша оқытудың мазмұнына,мұғалімнің іс-әрекетіне, оқушының даму деңгейіне, оқушының оқу әрекетіне, т.б. ерекше назар аударылған. Қазіргі уақытта білім мазмұнын жаңарту мен сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында оқытудың педагогикалық технологиялары арқылы оқыту әдістерінің 50-ге жуық үлгілері ұсынылып,мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады. [20, 5-6 б.]
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан,олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі-теориялық негізде орындалуы, екіншісі-тәжірибемен жүзеге келуі.
Бүгінгі таңда таңда қазақстандық ғалымдарымыз Ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ж.Кобдикова. Ш.Таубаева, Қ.Қабдықайыров, С.Лактионов, М.М.Жанпейісова, Ә.Жүнісбек, Қ.Нағымжанова, С.Көшімбетова және т.б. ғалымдарымыздың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылды. Технологиялардың көп түрлілігі оны жүйеге келтіруді және топтастыруды талап етеді. Бұл мәселелерді А.Савельев, В.Безрукова, Г.Ксензова, Г.Селевко, В.Юдин және басқалар қарастырған.
Жоғарыда келтірілген ғалымдарымыздың еңбектерімен таныса отырып,оқытудың жаңа технологияларын бағыттарына қарай жіктеп, келесі жолмен топтастыруға болады. (Қосымша № 1)
Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге,көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқытушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық,техникалық құралдары пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек,оқыту технологиясы-педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп,жоспарлы түрде ұйымдастыру.
Білім беру тәсілдерін инновациялық технологиялар негізінде жетілдіру, оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру,ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып даралап,саралап оқыту арқылы оқушыны дамытуда білім,білік,дағдыны жетілдіруге негізделген білім беру педагогикада адамның өзін тануын және тұлғаның психикалық,физикалық саулығын қамтамасыз ету мәселелерін алға шығарып отыр. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту-бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі-оқу үрдісінің өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой емелдіктерін,өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. «Интерактивтік оқыту»1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай,көптеген ғалымдардың түсіндіруінше,интерактивті оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды.
Оқушының қай ортада болсын өзіндік әрекеттерді ұйымдастырып, оны басқарушы бола алатындай дәрежеге жеткізу үшін білім мазмұнын даму тенденциялары мен оқу үрдісін инновациялық технологиялар негізінде ұйымдастырып, сабақтың түрлері мен әдіс-тәсілдерін білімділік ұстанымы тұрғысында жетілдіру қажет.
«Инновациялық технологиялар» тіркесі бүгінгі күні педагогикада, оқу-тәрбие үрдісінде ең жиі қолданылатын ұғым болып отыр. Белгілі ғалым М.Поташник «Инновация – оқу бағдарламасын меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі» деген анықтама берсе, Н.Талызина «Инновациялық технологияларды қолданудағы негізгі міндет: сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді әдістерді таңдай білу» деп анықтайды. [11, 2-6 б.]
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау.
Педагогикалық технологиялардың түсініктемелері мен алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, барлық технологиялардың айрықша ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады:
Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының пайдасы өзім сабақ жүргізетін сыныптарда оңды нәтиже беруде. «Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау». Бағдарлама қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Қызығушылықты ояту бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Мағынаны тану – жаңа ақпаратпен танысады. Ой толғаныс – осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Толғануды тиімді пайдалануға «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу» стратегиялары қолданылады. Осы технологияны қолданған «Адам – табиғат перзенті» тақырыбында: «Ой шақыру – Табиғат деген не? топтау әдісі пайдаланылады. Ой толғаныс: «Өлі және тірі табиғатты» Венн диаграммасы арқылы салыстыру.Осы келтірілген мысалдар оқушылардың білім сапасының артуына зор ықпалы бар. (Қосымша № 2)
Осы келтірілген мысалдар оқушылардың білім сапасының артуына зор ықпалы бар.
2012-2013 оқу жылындағы 5 «Ә» сынып оқушыларының білім сапасының көрсеткіші:
Тоқсан |
% |
I тоқсан |
57% |
II тоқсан |
63% |
III тоқсан |
77% |
IV тоқсан |
82% |
3.3. «Білім туралы» жаңа Заң - қазіргі білім жүйесінің дамуының кепілдігі.
Білім – қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Мұның дəлелі – көпшілік елдер Ата заңында келтірілген əрбір адамның білім алуға болған құқығы. Бұл құқық əртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына сəйкестендірілген нақты дəуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Білім, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалық құндылықтарға ие.
Білімнің мемлекеттік тұрғыдан құндылықты болуының себебі- мемлекеттің адами-инабаттық, ақыл-парасаттық, ғылыми-техникалық, рухани-мəдени жəне экономикалық мүмкіндіктерінің негізі – білімде. Осыдан, білімді ел- мықты, мызғымас ел.
Білімнің қоғамдық құндылығы да жоғарыда аталған алғы шарттармен анықталады. Алайда, мемлекет жəне қоғам тарапынан болатын білім дамуына орай түсіністік пен ұмтылыс əрқашан сəйкес бола бермейді. Мысалы, осы күнгі ҚР он екі жылдық оқуға өту – мемлекет талабы, бірақ ол қоғам тарапынан түсінбеушілікке ұшырауда.
Жүйе ретінде білім – бұл өзара ұштасқан білімдену бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандартының жиынтығы əрі оларды іске асырушы білім мекемелері мен білімді басқару органдарының торабы.
Еліміздегі осы заманғы білімдену жүйесі Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған «Білім туралы заңына» сəйкес құрылады. Бұл Заң білім саласындағы келесідей мемлекеттік саясат принциптерін белгілеп берді. Олар:
құндылықтардың , адам өмірі
мен салауаттылығының, тұлғаның еркін
дамуы, азаматтық сезім жəне Отанға
деген сүйіспеншілік
арқылы көп ұлтты мемлекет жағдайында ұлттық мəдени құрылымдар мен аймақтық мəдени салт-дəстүрді қорғау принципі;
Информация о работе Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі курстық жұмыс