Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2014 в 18:14, курсовая работа
Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.
Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру тетіктерінің тағы бір маңызды тұсы студенттердің теориялық білімімен қатар, тәжірибелік біліктілігін шыңдау мәселесі. Ол үшін бұрынғы өндірістік-тәжірибелік базаларды қалпына келтіріп, кәсіби машықтарын жетілдіруге мүмкіндік жасауды жоспарлап отырмыз. Яғни, студенттеріміз біліммен қатар тәжірибені меңгеріп шығуы керек. Мысалы, Американың Лэндгранд ауыл шаруашылығы университеттерінде (Бұл оқу орнының құрамында бірнеше ірі ғылыми институттар бар.) студенттер алғашқы 2 жылында теориялық білім алып, қалған 2 жылда олар өндіріс орындарында, ғылыми зертханаларда тәжірибе жинақтаумен айналысады. Әрбір студенттің ғылыми жетекшісі болады. Жалпы алғанда, батыс елдерінің бір ерекшелігі олар әрбір адамның, тұлғаның генетикалық мүмкіндігін ашуға жағдай жасайды. Әрбір адамның өзінің талантын ашады. Бұлардың бағыты соған арналған. Біздің де негізгі көздегеніміз осы бағыттағы жетістіктерді қабылдай отырып, өзіміздің үлгімізді қалыптастыру.[2, 1 – 5 б.].
Соңғы 10-15 жылда шетел мемлекеттерінің білім жүйесінде жоғары деңгейдегі қарыштық даму жағдайы жүзеге асып жатқаны бәрімізге белгілі. Әрбір мемлекеттің қоғам өмірінде ғылыми, мәдени, экономикалық, саяси жүйелеріндегі қалыптасқан ескі көзқарастар түбегейлі өзгеріске ұшырады. [3, 11-12 б.];
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндетi – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделуде. [7, 8-9 б.].
Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі айқын көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Қазіргі таңда әлемнің дамыған мемлекеттерінің ЖОО кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім береді. Кеңес Одағының ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы жаңа білім жүйесінің дамуындағы ізденістерге әкелді. Әлемде танылған батыс елдерінің экономикалық, әлеуметтік прогрестері Қазақстан үшін үлкен бағдар болды. Әрине, оқу бітіруші түлектер бәсекелестік қабілеттілігімен білім беру кеңестігінің таңдауында оқушыға дербестік беру, оқытудың деңгейін көтеру, еңбек сұранысына бағдарланған, оқу бағдарламаларының жоспарлауын икемді ғана болуы мүмкін, әлемдік білім беру көрсеткендей казіргі білім талаптарына кредиттік оқыту технологиясы сай келді. [4, 19-20 б.].
Біздің республикамыздың жоғары оқу орындарында кредиттік жүйені енгізуде шетел мемлекеттерінің тәжірибесі мен халықаралық тәжіриебенің маңызы өте зор. Солай болғандықтан, осы технология Қазақстанның жоғары оқу орындарында белсенді жұмыс еткендіктен отандық тәжірибені оқу мәнді болады, одан басқа да аймақтық жоғары оқу орындарының жинақталған тәжіриебесін есепке ала отырып, консультация және әдістемелік көмек көрсету қажет [5, 17-18 б.].
Қазақстан Республикасында кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан біртіндеп қалыптаса бастады. Елімізде 2007 жылы 15 тамызда «Білім туралы» жаңа заң қабылданды. Осы заңның 11 бабында білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік, дистанциялық, ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге мүмкіндік туғызатыны атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында №66-шы «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген. Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу болып табылады [6, 15-16 б.].
1999 жылы 19 маусымда жоғары білімнің бірыңғай құрылымын енгізу үшін Болон декларациясы қабылданған болатын. Оған 29 ел қол қойды. Барлық ұлттық жүйелерде, жоғары білім жүйесінің сынақтық бірлігін енгізу үшін European Credit Transfer Sustem (ESTS) немесе басқа, ESTS жүйесімен бірігіп, қайта сынақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жинақтаушы қызметін, және де академиялық оқу кепілдігін шет елде тану туралы шешім қабылдану (1999 ж. ESTS 1062 европалық жоғары оқу орындарына енгізілді)
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:
– ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
– бiлiм берудi
ақпараттандыру бойынша
– оқу-тәрбие үдерісіне
жаңа ақпараттық технологияны
енгiзудi қамтамасыз ету
– пәндер бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;
– бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн бағдарламалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық бағдарламаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;
– педагог кадрларды
жаңа ақпараттық технологияны
өз қызметтерiне еркiн
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екендігі даусыз. Педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру, қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану, педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Адамзат өркениеті жер бетінде орныққалы бері одан өз орнын ойып тұрып алып келе жатқан мемлекеттердің жөні ерекше. Олар: Сингапур, Малайзия мемлекеттері. Халқының басына күн туып, тағдырдың тәлкегіне түсіп, мемлекеттің келешегі қыл үстінде тұрған кезде де жоқтан бар жасап, артта қалған мемлекетті әлемнің алдыңғы қатарына шығарған көшбасшыларды тарих ұмытпайды. Соның ішінде Азияның Ли Куан Ю (Сингапур), Махатхир Мохамад (Малайзия) секілді данышпан көшбасшылардың басынан кешіргені таңғаларлық жағдай. Ұлыбританияның әскери базаларына әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тәуелді болған Сингапур, Қытай мен Үндістан саудагерлері мен қолөнершілерінің қолына қарап отырған Малайзия данышпан көшбасшыларының саясаты арқасында 30-40 жылдың ішінде әлем мойындайтын деңгейге көтерілді.
Ал, біздің еліміз – аталған елдерге қарағанда халқы анағұрлым сауатты, көзі ашық, көкірегі ояу, тарихы терең, жері мен табиғаты бай мемлекет. Сондықтан, Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы Қазақстанның тиімді және әлеуметтік даму жолында екендігінің нақты белгісі болып табылады. Сонымен қатар, әрбір ЖОО-ды тамамдаған жас маман еңбекке тартылып, жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруді өзіне жат нәрсе деп тауып, халқым үшін, — деп қызмет етсе, қазақ елінің Сингапур мен Малайзияның тәжірибесін әлемге қайта танытуына толық мүмкіндігі бар [8, 2-3 б.].
Президентіміздің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге, қоғамдағы әділетсіздік пен теңсіздікті жоюға бағытталған. Сонымен қатар, бұл мақала қоғам мен мемлекеттің келешегін ойлаған мыңдаған ғалымдардың көңілінен шықты және біздерге, яғни ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамына да нақты іс-қимылдар бағытын айқындап отыр.
Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Жаңа заман жаңа көзқарас тудырып, іргелі жаңғыртулар жасау мен білімді дамытудың жаңа сапалық деңгейін қажет етіп отырған кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз назарында ұстап отыруының орны ерекше.
2.2. Білім жүйесінде
ұлттық құндылықтарды
Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады.
Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар мемлекетіміздің болашағына салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей апарар жол – сол елдің білімінің дамуы болып табылады. Олай болса еліміздің болашағы үшін ұлттық білім жүйемізді дамыту заман талабы, — деп айтуымызға болады.
Тәуелсіз жиырма жыл ішінде Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің мазмұны да, бағыты да, маңызы да өзгеріп, жаңа сипатқа ие болды. Егемен ел атанған Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі осы жиырма жыл ішінде реформалаудың бірнеше кезеңдерінен өтті. [1, 1б.]
Бүгінгі күні мемлекетімізде білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарын жақсартуға ерекше мән берілуде. Білім берудің жаңа моделі жасалынып, білім жүйесінде жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Сонымен қатар, білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде қолданысқа ие болуда.
Қазақстан жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді.
Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетіміздің білім беру жүйесі мынадай екі түрлі маңызды процесті жүзеге асыруға бағытталған:
Қазір білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның жүйесінің негізгі принциптері «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілген.
Қазақстан 2030 жылға дейінгі
Даму стратегиясы білім беру жүйесінің
алдына білім беру кеңістігіне интеграциялау
мақсатын қойған болатын. Бұл мақсатқа
қол жеткізу Қазақстан
Бүгінгі таңда білім беру жағдайы жаңа кезеңге жол ашпақ. Білімділік деңгейін көтеру халық өмірінің сапасын арттырудың неғұрлым маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң, елдiң экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздігiнiң өлшемдерi ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң, адам ресурстарының рөлi мен маңызы арта түседi.
Білім берудi дамыту Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 3аңына, "Fылым туралы" Қазақстан Республикасының 3аңына, "Қазақстан-2030" стратегиясына, «Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi индустриалдық инновациялық даму стратегиясына", "Бiлiм" мемлекеттiк бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы конвенцияға, Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жөнiндегi конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғары бiлiмге қатысты бiлiктiлiктi тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары бiлiм жөнiндегi бүкiл дүниежүзiлiк конференцияның декларациясына, Болоньядағы Еуропа елдері бiлiм кеңесінің, Тәуелсiз мемлекеттер достастығына катысушы мемлекеттер бiлiм министрлерiнiң және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім бсру саласындағы ынтымақтастығы жөнiндегi кеңeciнің, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінiң жанындағы бiлiм, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы жөнiндегi кеңестің конференцияларының ұсынымдарына сәйкес әзipленген. [2, 1б.]
Информация о работе Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі курстық жұмыс