Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2014 в 18:14, курсовая работа
Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.
Кредиттік технологияға негізделген жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат-магистратура-
Әлемдік экономикалық дағдарыстың басты құрбандарының бірі – білім беру жүйесі. Тіпті, салыстырмалы түрде әлеуеті жоғары елдердің өзі оған төтеп бере алған жоқ. Ал Қазақстанда, керісінше, білім беру ғана емес, экономиканың барлық саласы ілгері қарай басып келеді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев төртінші шақырылған Парламенттің бесінші сессиясының ашылуы барысында, «Білім берудің құқықтық базасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажет. Бұл ретте білім беру мекемелерін жан басына қарай қаржыландыру, білім беру қызметі саласындағы мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаттары заңнамалық қамтылулары шарт. Білім берудің кепілдендірілген кредиттері жүйесін дамыту үшін құқықтық шарттарды қалыптастыру маңызды. «Білім беру туралы» заңда осындай өзгерістер қамтылатын болады», — деген болатын. Сонымен қатар, Президент зияткерлік меншік нарығын дамыту үшін заңнамалық базаны қалыптастырудың маңызын да атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл қазақстандық ғылымды жіті дамытуға маңызды жағдай [14, 1 – 2 б].
Давоста өткен форумға қатысушылардың бағалауынша, Қазақстан бұл жылдары ешбір елдің қысымына ұшырамай, бәсекелестікке қабілеттілік рейтингісінде бірден 21 орынға көтеріліп, бүкіл әлемді таң қалдырды. Оның басты себептерінің бірі – ғылыми-білім беру саласындағы қуатты серпіліс. Бұл ел ғылым мен білімге қаржыны аямайды. Білім беруге жұмсалған шығындар өзге елдерде қысқартылып жатқанда, Қазақстанда тек соңғы екі жылдың ішінде үштен екіге артқан. Қазақстан жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-білім беру саласында қарқынды дамып жатқан ел. Онда ТМД елдерінде, көбінесе әлемде енді талқыланып жатқан жобалар іске асырылып жатыр. Мысалға, Қазақстан ТМД елдері арасында алғаш болып жоғары білім берудегі "бакалавр – магистр –философия докторы" үш деңгейлі оқыту жүйесіне толығымен көшті [13, 8 -9 б].
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрімен бекітілген 2011 жылға арналған кредиттік оқу технологиясын жетілдіру жоспарында Болон үдерісін іске асыру аясында жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің академиялық ұтқырлығын дамытуға үлкен рөл жүктелген [1, 1б].
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында, отандық білім жүйесін бәсекеге бейімдеп құру жөніндегі нақты тапсырма беріп, ұлттың өресі білім нәрімен сусындағанда ғана өсетінін, білім сапасын халықаралық дәрежеге көтеру мен әлемдік білім тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін қадап айтты [15, 12 – 15 б.].
Бiлiм беру саласында қалыптаскан ахуал республиканы дамытудың қазiргi әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларына және жоғары дамыған елдердің прогресшiл тәжiрибесiне сәйкес келеңсiз құбылыстарды болдырмау, түбегейлi ұйымдық, құрылымдық қайта құрулар, бiлiм берудiң мазмұнын жаңарту және мамандар даярлаудың сапасын жетiлдiру қажет eкeнін көрсетеді.
Білім беру жүйесіндегі басты міндет халықтың барлық деңгейлер мен сатыларда сапалы білім алуына қол жетімдігін кеңейтумен айқындалды. Осыған байланысты білім саласындағы күш жігер оның сапасын қамтамасыз ету жүйесін құруға бағытталуы тиіс. Білім беру жүйесіндегі басты міндет пен іліспе мақсат үздіксіз білім беру принціпін еңгізу болып табылады. Сапа мынадай аспектіде қарастырылады: қазіргі кезде білім беру деңгейлерінің әрбірі өздері үшін тіршілік етіп жатқандай. Келесі онжылдықтың мақсаты, бір жағынан, адамның ілгершіл дамуын қамтамасыз ететін біріңғай ұлттық білім беру жүйесін құру, екінші жағынан, білім берудің ұлттық жүйесінің жалпы әлемдік жүйемен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. Алдағы 10 жыл ішінде білім беру жүйесін адамды біліммен ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге осы білімді білікті пайдалана білу және үздіксіз оқу дағдыларына баулу жүйесі етіп қайта құру күтіп тұр. Білім беру жүйесі экономикалық және әлеуметтік салалардан оқшау тіршілік етуін тоқтатуға тиіс. Оны үлкен әлеуметтік-экономикалық жүйенің бір бөлігі болу және ел экономикасын адам ресурстарымен қамтамасыз ету міндеттерін шешу күтіп тұр. [12, 1 – 4 б]
Қазақстандағы білім беру жүйесін дамытуда мына төмендегідей міндеттерді шешуді ұсынамыз:
Білім берудің әр түрлі деңгейлері үшін бағдарламаның үйлесімділігін қамтамасыз ету арқылы білім берудің мазмұнын жаңарту маңызды болып табылады. Оның үстіне он жыл ішінде оқу процесін ұйымдастыруды қатаң стандарттаудан ұдайы жетілдіруге бағдарланған, ақылға қонымды шекте реттеліп отырған нысанға көшіруді жүзеге асыру күтіп тұр. Осы орайда жаңарудың әрбір кезеңіне жеткілікті ресурстық қамтамасыз етумен қолдау көрсетілуге тиіс.
3 бөлім. Жоғары
білім беру жүйесін
3.1. Білім жүйесін дамытуда жаңа технологиялар енгізудің мәні.
Еліміздегі қоғам дамуының барлық саласындағы өзгерістерге орай білім саласы да жаңаруда. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы міндеттерді жүзеге асыруда басты нысана – білім сапасы. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор.
Оқытудың жаңа технологиясы — оқытудың тиімді әдіс — тәсілдерін қолдануды, оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы — оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады.
Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, дамыту міндеттерін көздейді. Оқытушының жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге және оқытудың мақсатына жетуге тиімді, әрі нақты жол ашады. Болашақ маман иелерінің бойында білімділік, біліктілік, саналылық, жауапкершілік қасиеттерін сіңіруде, яғни кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда жаңа технологияны қолданудың ролі зор. Сонымен қатар технологияны тиімді пайдалана білу оқытушының шеберлігі мен іскерлігін және кәсіби құзыреттілігін шыңдауға әсерін тигізеді.
Құзіреттілік – кәсіби әрекет тәсілдерді жан – жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Оған В.М. Соколов былай деп сипаттама береді: «Кәсіби құзіреттілік — дамушы тұлғаны әлеуметтендіру, ішкі жағдай жасау, құнды бағыт беру, табиғатта, қоғамда адамның рухани тәжірибесінде әлеуметтік іс — әрекеттер жүргізе білу.» Оқушының кәсіби мамандық игерде білім алуымен бірге өз білімін жетілдіру, үнемі ізденіспен шығармашылықпен айналыса отырып, кез – келген қиын жағдайларда шешім қабылдай білетін, қойылған мақсатқа жете білетін тұлға қалыптастыру құзыреттіліктің құрамы болып табылады.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі — оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады:
Жаңа педагогикалық технология – әдістемелер жиынтығы:
Жаңа педагогикалық технология – бұл оқу процесін ұйымдастыру және өткізу барысындағы оқушылар мен мұғалімдерге жайлы жағдай тудырудың, біріктірілген педагогикалық қарым – қатынастың барлық жағдайларды ойлап қарастырған моделі.
Технология дегеніміз — бір істегі шеберлік пен өнердегі әдіс жиынтығы.
Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатын ұйымдастыру, белгілі бір мақсатқа жұмылуда алдын ала ойластырудың ықпалы мен әсері және оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.
Ең алғаш ХХ ғ. 30 – жылдары мәдени – тарихи тұжырымдама негізінде педагогикалық технологияның ерекше идеясы қалыптасқан. Дамыта оқыту теориясы сонау Г.Песталоций, А.Дистерверг, К.Ушинскийден басталды. Бұл теорияны алғаш енгізген Л.С.Выгодский болса, кейінірек бұл теорияны Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Н.А. Менчинский және т.б ғалымдардың экспериментерінде күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді.
Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин,
В.В.Давыдов технологиялары –
танымдық қызығушылыққа, Г.К.
Өзіндік әдіс – тәсілдерімен ерекшеленіп жүрген, білім берудің жаңа педагогикалық технологиялары :
- білім беруді ізгілендіру ;
- дамыта оқыту технологиясы ;
- ойын арқылы оқыту технологиясы ;
- деңгейлік саралап оқыту технологиясы ;
- ақпараттық оқыту технологиясы ;
- тірек-сызба арқылы оқыту технологиясы ;
- модульдік оқыту технологиясы ;
- сын тұрғысынан ойлау технологиясы ;
- проблемалық оқыту технологиясы;
Дамыта оқыту технологиясының мақсаты мен мағынасы: жеке тұлғаны оқыта отырып, оның қабілеттерін дамыту. Тұлғаның барлық қасиеттерін тұтас, яғни әр жақты дамытуға негізделген.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы оқушыны адамгершілікке тәрбиелей отырып, оның жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру мен дамытуды мақсат етеді.
Ойын арқылы оқыту технологиясы ойын арқылы баланың қызығушылығын оятып, білімділік, танымдылық, шығармашылық қабілеттерін ашуды көздейді.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясының мақсаты: оқушының қабілеті мен мүмкіндігіне қарай оқыту. Балалардың жеке тұлғалық ерекшелігіне қарай тапсырманы бейімдеп, саралап беру.
Ақпараттық оқыту технологиясы оқушыларды ақпараттық қоғамға дайындау, комьютермен оқытуды жүзеге асырады.
Тірек – сызба арқылы оқыту технологиясы білім, білік, дағдыны қалаптыстыру, барлық баланы оқыту, оқытуды жеделдетуді мақсат етеді.
Модульдік оқыту технологиясы оқытудың тұтас технологиясын жобалайды.Үш құрылымды бөліктен тұрады: кіріспе, негізгі және қорытынды.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы білімнің болашаққа қажетке жарауын қалыптастырады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Балалар үйренгенін саралап, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізіп, қайта қарап, өзгерістер енгізеді.
Проблемалық оқыту технологиясының мақсаты : оқу материалына оқушыны қызықтыратындай мәселе тудырады.Оны шешуде оқушылар білімді белсене қабылдайды. [11, 5-6 б.]
Бұл технологиялардың бәрі де оқушының білімді меңгеруін ғана емес, оқу ақпаратын және білімді өңдеу амалын игеруін, олардың танымдық күштері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды маңызды деп есептейді.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай туғызу қажет» — деп атап көрсеткендей, қазіргі кезде білім беру үрдісінің талаптары оқушыларға мемлекеттік тілді кәсіби бағытты оқытуды көздейді. Кәсіби бағытта оқытудың басты мақсаты – қазақ тілінен және өзі алатын мамандықтары бойынша алған білімдерін толықтыра отырып, сөздік қорларын кәсіптеріне қатысты жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен байыту.
Информация о работе Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі курстық жұмыс