Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2014 в 18:14, курсовая работа
Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.
Гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беретін оқу орны.
Лицейлердің ең басты ерекшеліктері – ақыл-ой қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын біріңғай элитарлық мектеп болуында. Лицейге жастарды қабылдау ең алдымен олардың табиғи мүмкіндіктерін, интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде жүргізіледі, кейін де бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу сатыларынан өткізеді. Ал оны аяқтаған жастар жоғары оқу орнында білім алу құқығына ие болады. Бұл оқу орындарының басты принципі баланы дәл болашақ мамандығына сәйкес қабілетіне қарай іріктеу және сол мамандықты жоғары деңгейде меңгеруіне көмектесетіндей бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан өткізу болып табылады.
Кәсіптік мектепте оқу мерзімі – 2-3 жыл, кәсіптік лицейде – 3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін- 4 жылға дейін болады.
Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады. Және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі – 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады. Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. [23, 9-13 б.]
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.
Жоғары кәсіби білім беру құрылымы үш сатыдан тұрады:
Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен прфессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Жұмысшылар мен мамандардың, басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім беру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.
1.3. Білім жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері.
Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық.Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. XXI ғасыр деңгейінде білім беру және кәсіптік даярлау жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауында « Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Әр оқушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажеттігін, оқу жоспарларына жаратылыстану бейініндегі арнаулы сыныптар құруды қарастырған жөн» екендігі атап көрсетілген болатын. Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы әзірлей білу. Жасөспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын оның тек сабақтарға жалпы қатынасы және оның қажеттілігі мен мұқтаждығы ғана емес, сондай-ақ білімді тәжірибелік іскерліктерді қабылдау мен меңгеру үрдісінің өзі де анықтайды. Оның ішінде таңдау курстары – шығармашылық ізденістің алғашқы баспалдығы. Қандай да бір таңдау курсына қатысқан оқушының өзіндік талпынысы, ізденісі болары анық.
Белгілі педагог-ғалым А.Құсайынов алдыңғы қатарлы дамыған елдердің (Америка, Германия, Жапония, Франция, Нидерландия, Англия, Канада) жалпы білім беру жүйесіне талдау жасай келіп, «бұл елдерде 7-сыныптан бастап дифференциялап (саралап) білім беру іске асырылып, оқушылардың өздеріне таңдау мүмкіндігі беріледі. Әрбір оқушы өз қабілеті мен қызығушылығына қарай өзінің білімін дамыту жобасын жасайды. 10-сыныптан бастап міндетті пәндер көлемі азайып, профилдік және оқушылардың өздері таңдаған пәндер көлемі көбейеді» дейді. Демек, олелдерде жоғары дамуға негіз болып отырған, бірбіріне соншалықты жақын әрі қатаң бірыңғай кәсіби бағдарлы білім беру жүзеге асырылады.
Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. [11, 42-45 б.]
Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жанжақты дамытумен бірге жеке және жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет – баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” занының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында Елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамытуды өзекті мәселелер етіп енгізіп отырғаны белгілі. Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы – ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты екендігінде. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
2006-2007 оқу жылында Қазақстан мектептерінде жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын біртіндеп енгізудің маңызды кезеңі басталды – бейіндік оқытуға көшу, «оқытуды даралау мен оқушылардың әлеуметтенуіне бағытталған, жалпы білім беру мекемесінің жоғарғы сыныбы оқушыларын арнайы дайындау жүйесі» құрылды.
Бейіндік оқыту бір немесе екі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- жаратылыстану-математикалық;
- әлеуметтік-гуманитарлық.
Бейіндік оқытуды жүзеге асыру үшін мұғалімнің келесі кәсіби білімі мен іскерлігі болуы керек:
- оқытудың тұлғалық-бағдарлық, жеке-даралық құзырлығының әдістемелік негізі мен оларды жүзеге асырудың механизмін;
- базалық және бейіндік деңгейіндегі пән бойынша білім мазмұның,
- элективтік курстарды әзірлеу мен ұйымдастырудың әдістемесін;
- оқушылардың жобалық, ғылыми-зерттеушілік қызметін ұйымдастырудың әдістемесін білуі керек;
- өзінің білімін жетілдірумен айналасу керек:
1. Педагогиқалық әдебиетердің жаңалықтарын, оқытатын пән бойынша қосымша ғылыми материалдарды оқып-қарастыру.
2. Жаңа бағдарламалар мен оқулықтарды қарастыру, оның талаптары мен ерекшеліктерін аңықтау.
3. Жұмыс дағдыларын компьютерде қолдану, сабақта оқытудың техникалық құралдарын пайдалану.
4. Ғылыми-зерттеу тақырыбында жұмыс істеу.
Педагогтер мен оқушыларды базистік оқу жоспарының бейінді компоненті бойынша қазіргі оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету бейіндік оқытуға көшудің өзекті және тез шешуді талап ететін мәселесі болып табылады. Бейінді компонент мазмұны мен білім беру стандартының талаптар жүйесіне сәйкес келетін курстар, оқу пәндері, модульдер, оқытылатын элективтік курстар жиынтығынан тұрады. [9, 15-22 б.]
Элективтік курстарды оқытудың мақсаты – оқытуды дараландыру мен оқушының әлеуметтенуіне бағдарлану, өзінің болашақ кәсіби қызметін таңдауға жауапты және саналы түрде дайындалу. Элективтік курстар әр түрлі функциялар орындай алады: қазіргі уақыттың негізгі мәселерін зерттеу, болашақ кәсіби қызметінің ерекшелігіне бағдарлану, «кәсіби сынама», танымдық, ұйымдастырушылық қызметінің дағдыларын жетілдіруге бағдарлану, базалық пәндік білімнің терендетілуі, бейіндік пәнді оқытудың кемшіліктерінің орнын толтыру. Көрсетілген функциялардың әрбірі негізгі рөл атқаруы мүмкін, алайда, элективтік курс оларды кешенді түрде орындау керек.
2 бөлім. Қоғамның
даму тенденциясына сай
2.1. Осы заманғы білім берудің сапасын арттыру тәсілдері.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басым бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында мемлекетіміздің барлық салаларына қатысты мәселелер жан-жақты қамтылып, жүзеге асырылуға тиісті он нақты міндеттерді айқындап берді.
Осы жолдаудағы маңызды мәселелердің бірі жетінші бөлімдегі білім беру мен денсаулық сақтау саласы. Дәл қазіргі жаһандану заманында білім беру жүйесін одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев осы жолдауда айқындап берді. Атап айтар болсақ, бұл жолдауда Президент Н.Ә.Назарбаев былдай деген болатын:
«Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.
технологияларды енгізу. Бүгінде
халықаралық стандарттар
Арқаулық педогогтық білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.
Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.
Үкіметке үстіміздегі жылы қанатқақты режімде салалық ассоциациялар арқауында 1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бектіу орталықтарын құруды тапсырамын», -деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев [1, 1].
Биылғы жылдан бастап базалық педогогикалық білім стандарттары мен біліктілікті арттыруға қойылатын талаптарды күшейту бойынша көптеген ұйымдастыру шаралары қолға алынғалы отыр. Сондай-ақ педогогтардың біліктілігін растайтын тәуелсіз мекемелер қызметіне жүгінетін боламыз. Қысқаша айтқанда, кадр сапасын сараптау міндетін сол кадрды даярлаған ЖОО-дан өзге бейтарап мекеме атқарғаны өте дұрыс, — деп ойлаймын.
Мемлекетіміздегі жастардың еңбектен ажырамай, қалаған мамандығын игеруге мүмкіндік алуын жаһандық дағдарыс кезеңінде оларға жасалған зор қамқорлық деп, бағалаған жөн болар. Қазақстандық ғылымды өркендатуге байланысты ойлардың өткен 2011 жылғы Жолдаумен сабақтастықта өрбігені байқалады.
Елбасы Жолдауында студенттердің тоқырап қалмай, көп тілді білуін, шетелде білім алып, білімін одан әрі көтеруге, мәдениетін арттыруға, алған білімімен елдің дамуына үлес қосуға мүмкіндік жасап отыр. Бұл жерде әрбір педагогтың, әрбір ғалымның, әрбір жетекшінің, министрліктер мен мекемелердің ауқымды жұмыс атқаруына үлкен мүмкіндіктер бар. Елбасымызды толғандырған өзекті мәселелердің бірі елімізді инновациялық тұрғыда дамыту жолына түсіру. [7, 36-38 б.]
Информация о работе Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі курстық жұмыс