Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 17:13, курсовая работа

Краткое описание

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген елбасы Н.Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нургазина.doc

— 433.00 Кб (Скачать документ)

І Қызығушылықты  ояту – жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрету процесі. Бұл өткен сабақ пен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұрады. Мысалы, тақырыптың атын, затын түсіндіруден бастаймын. Бұл процесс бойынша оқушы нені біледі,не айта алады, осы кезеңде «топтау», «миға шабуыл», «болжау» тәсілдерін пайдаланамын.

ІІ  Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кзеңде оқушы жаңа жаңалықпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейтді, әр түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы, V білемін, - білмеймін,  + мен үшін жаңалық, ? мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып, оны тобымен талқылайды.

      1. топ. Мәтінді түсініп, әңгімелеп, өз көзқарасыңды айт («Өмір сүргім келеді» авторы Баубек Бұлқышев ).
      2. Топ. Мәтінге байланысты сурет сал (соғыс жүріп жатқан кезең немесе жауынгер ерлігі).
      3. Топ «Ой толғау » деп аталады. «Өмір сүргім келеді» туындысын оқи отырып, Баубекке мінездеме береді.

«Бес  жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Кубизм» сияқты стратегиялар ерекшелігіне, ауыр – жеңілдігіне қарай қолданылады. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін :

-Оқушылардың ойлауына, ойын ашық айтуына рұқсат беру;

-Оқушылардың белсенді іс - әрекетін қолдану;

-Оқушының пікірін күлкіге айналдырмау;

-Оқушылардың бір – біріне жасаған сынның дәлелді, ашық болуын талап теу.

Оқушылар осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасауға, пікірді  тыңдауға, құрметтеуге, бар ынтасымен  оқуға беріледі, баланың танымдық белсенділігі артады, өз бетінше білім алады, шығармашылығ артады және ізденеді [40.44].

 

Сабақтың тақырыбы: Баубек Бұлқышев «Өмір сүргім келеді»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – жауынгер жазушы Баубек Бұлқышевтің «Өмір сүргім келеді» шығармасын талдай отырып, оның өмірі мен шығармаларын, шығармаларының тақырыбына тоқталып, жазуға мінездеме бере білуге дағдыландыру.

Дамытушылық – сөз мағынасын түсіне білу, оқу, жазу арқылы оқушының сын тұрғысынан ойлап, ой қорыта және қорғай білуіне қол жеткізу. Өз - өзіне баға беріп, өз-өзіне сын тұрғысынан қарай білуге үйрету.

Тәрбиелік – Отанды сүюге, Отан алдындағы борышы мен міндетін айқын сезінетін, асқақ арман, биік мұраттарға талпынатын патриот ұландар тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Б.Бұлқышев, Ә.Нұршайықов, Б.Момышұлы шығармалары. Пікір жазуға арналған әр түрлі фигуралар (мысалы, жұлдызша, мәңгі алу), сауалнама кестесі.

Сабақтың өту әдісі:

Сын тұрғысынан ойлап, талдау жасау және өз пікірін  қорғау.

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Сабақтың жоспары:

І Ой қозғау. Нені білеміз?

ІІ Нені білдік?

ІІІ Ой қорыту. Нені білгіміз келеді?

І бөлім бойынша  Баубек өмірін, оның шығармаларының тақырыптарына тоқталамыз. Алдымен үй тапсырмасы бойынша «Біз нені білеміз?» деген сұраққа жауап іздейік,-деп, үй тапсырмасын сұраймын, екі топтан екі оқушы берген жауаптарына байланысты тақтадағы ақ қағазға қысқаша тезис жасап отырады.

ІІ бөлім «Ой толғау» деп  аталады. «Өмір сүргім келеді»  туындысын оқи отырып, Баубекке мінездеме береді, яғни «Баубек қандай адам болған, оның бойындағы өмірге деген құлшыныс қайдан бастау алып жатыр, біз осы жөнінде не білдік? Осы жөнінде ой толғап көрейік» -деп алдын – ал дайындалған фигураларға өз пікірін жазуға 5 минут уақыт беріледі. Содан соң араларынан өздерінің ұйғаруымен 1 оқушы пікірін қорғайды. Әр оқушы өз аргументіне мәтіннен дәлелдер келтіре отырып, өз пікірін дәлелдепжазуы шарт.

- Біз Баубектің бұл арнау хатынан арман – мақсаты асқақ, қиялы жүйрік, оқығаны мен тоқығаны мол, Отаны мен елін сүйетін патриот, өмірді сүйген жан екенін білдік, - деп ІІ бөлімді қорытындылай отырып, осыншалық патриоттық ізгі ойлардың бастау көзі барша бейбітшілік сүйгіш адамзатты сүюге, гуманистік ниетте екенін тоқталдым. Оқушылардан патриот деп қандай адамды айтатынын сұрай отырып, қазақтың біртауар азаматы Бауыржан Момышұлының сөзін мысалға келтірдім:

«Патриотизм – Отаным, сені сүйем. Сен үшін құрбан болуға даярмын» деген    құрғақ сөзді гүмпілдете беру емес. Елді, жерді, Отанды сүйетіндей іспен дәлелде. Атан – анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруақор, әділ, адал болып өседі. Іс деген осы, патриотизм осыдан басталады» [41.117].

Сыныптағы оқушыларға Ұлы Жеңістің 60- жылдығына қарай қабырға газетін шығаруға және өздері пікір жазған фигураларды өз қиялдарына сай орналастыруға тапсырма бердім.

  • Отан қорғау - әркімнің жеке ісі емес, бұл үлкен борыш. Сол Отанның шетінде кімдер тұр қазір, - деп сұрақ қоя отырып, жауынгерге тән қандай қасиеттер қажет екенін өздеріне айтқызамын. Осы жерде тағы да Бауыржан Момышұлының жауынгерге берген анықтамасын мысалға келтіре отырып, Ата Заңымызға 10 жыл толатындығын ескерте отырып, Қазақстан Конституциясының 36- бабымен таныстырып өтемін.
  • ІІІ бөлім. «Нені білгіміз келеді?» Осы өзіміз атап көрсеткен қасиеттердің қайсысын бірінші орынға қояр едің? – деген сұрақ төңірегінде ойландыра отырып, пікірталас жүргіземін.

«Өзіңе - өзің баға бер» - деген сауалнама  бойынша оқушылар өз - өздеріне баға береді.

  1. Б.Бұлқышевтің өмірі
  2. Б.Бұлқышевтің шығармалары
  3. Баубек шығармаларының тақырыптары
  4. Баубек қандай адам болған?

Оқушылар  ой елегінен өткізе отырып: «жақсы білемін», «күмәнді», «білем», «білмеймін» деген  сөздердің шартты белгілерімен белгілейді.

«Бес  жолды өлең » әдісі бойынша  төмендегі карточкаларды оқушыларға толтыра отырып, сабақты «Ел ертеңі сен, жас ұрпақ!» деген Баубек сөзімен қорытындылаймын.

Жазу  арқылы сын тұрғысынан ойлауда мына мысалдарды алдым:

  1. Зат есім (1 сөз) Жауынгер.
  2. Сын есім (2сөз) Жалынды батыр
  3. Етістік (3сөз) оқыды, сүйді, соғысты.
  4. Пысықтауыш (4 сөз тіркесі) Алматыда оқыды. Фашистермен соғысты. Елін қорғады. Отынан сүйді.
  5. Түйін сөз (5сөзден құралған түйін сөз) Ол – Отанын сүйген патриот жауынгер.

Қорыта келгенде, жазушы өмірі  мен шығармалары, тақырыбы жөнінде  жауап ала отырып, оқушылардың  ғылыми тілмен сөйлеуге, әдеби талдауға, шығарма негізінде жатқан проблема жазушының басты ойы, тілі туралы оқушының өзіндік ой – түйініне қол жеткіздім. Ал топтастыру стратегиясы арқылы мәтінге сүйене отырып, оқушылар жалынды сөз шебері, патриот ақын, романтик, терең білімді жалынды жас жауынгерге мінездеме берілді. Бұл әдіс – тәсілдер арқылы оқушылар біріншіден, әрі ойлап, әрі жазып, өз ойларын сараласа, екіншіден, өзге оқушылардың пікірін тыңдап, білімдерін кеңейте түсті [22.53].

«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын басшылыққа ала отырып поэзиялық шығармалар арқылы оқушылардың өзіндік ұстанымын қалыптастыру.

Қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі –  оқушылардың көркем шығармаларды оқуға  қызығушылығын ояту. Бұл проблема кез келген әдебиет пәні мұғалімін  айналып өтпейтіні анық. «Мен де оқушыларды көркем әдебиетті оқуға үйрету» атты проблема төңірегінде бірнеше жылдан бері ізденіп жүрмін. Нәтижелеріммен ұлттық конференцияларда бөлістім. Бірақ мені бір нәрсе қатты мазалайды. Ол  оқушылардың поэзиялық шығармаларды оқуға құлықсыздығы.

  1. балалар неге өлең оқуға қызықпайды?
  2. бұл проблеманы қалай анықтай аламын?
  3. қандай әрекеттер жасауға болады?

Оқушылар  өздері оқыған көркем шығармалар жайлы  ой бөліскенде өлеңмен жазылған шығармалар жайлы сөз қозғамайды. Ал бағдарламалардағы  өлеңді оқу, талдау кезінде менің көмекші сұрақтарым мен жекелеген сөздерге  түсінік беруіме сүйенеді. Мен жұмысымды «Балалар неге өлең оқуға қызықпайды?» деген сұрақты анықтаудан бастадым. Ол үшін оқушылармен төмендегідей анкеталық сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргіздім.

  1. Әдебиеттің қай жанрын көбірек оқисың? Бұл сұраққа 18 оқушы проза, 4 оқушы поэзия деп жауап берді.
  2. Поэзиялық шығармаларды оқуда неден қиналасың? Бұл сұраққа мынадай жауаптар берілді:

-Негізгі ойды бірден анықтай алмаймын.

-Кейде түсінбеймін.

-өлеңде кейбір жекелеген сөздер қиын.

-Мәнерлеп оқи алмаймын.

  1. Өлеңді жеке оқыған жеңіл ме, топпен оқыған жеңіл ме? Бұл сұраққа 15 оқушы топпен, 7 оқушы жеке оқыған жеңіл деп жауап берді.
  2. өзіңе ерекше әсер еткен өлең, оның авторы есіңде бар ма? 4 оқушы оқыған өлеңдері мен авторларын жазған, қалғандары жауап жазуға қиналды.

Енді  не істеймін? Неден бастаймын? Бұл  сұрақтар төңірегінде көп ойландым. Не болса да алғашқы жұмысты сыныпта  бағдарламалық материалды оқудан бастайын деген ой келді. Біздің алдымызда  М.Жұмабаевтың шығармашылығы бойынша «Сүйемін», «Толқын» өлеңдерін оқу тұрды. Бұл өлеңдерді оқу үшін мынадай тапсырмалар бердім:

      1. жеке оқып, өзіңе қиын болған сөздер, сөз тіркест<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-family: 'Times New Roman', 'Arial'; font-size: 14pt;

Информация о работе Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы